«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен



жүктеу 1,23 Mb.
бет49/112
Дата09.01.2022
өлшемі1,23 Mb.
#32118
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   112
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен

Тексеру сұрақтары:

  1. Дефектология пәні дегеніміз не

  2. Дефектологияның негізгі міндеттерін ата.

  3. Дефектологияның қандай салалары бар

Ұсынылған әдебиеттер:

1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000.3-17б.

2.Настольная книга педагога- дефектолога /Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006.

3.Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии, М.-1990.8-17б.

4.Дефектология: словарь – справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996.

5.Выготский Л.С. Собрание сочинений в 6-ти томах, М., 1983.

2 дәріс

Тақырып:Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясы және практикасының дамуы.

Дәріс мазмұны:

1.Арнайы оқыту мен тәрбиелеу теориясының дамуы

2. Дефектологияның даму мәселелері.

Кеңестік революцияға дейін оқу орындары саны өте аз мөлшерде приюттік типте болды.Дене және ақыл -ойы жағынан ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік жүйедегі білім беру саласына енгізілді.Ұлы қазан жеңісінен кейін кеңестік мемлекет ақаулығы бар балаларға аса ерекше түрде көңіл бөлуді қолға алды.1918 жылы ақаулығы бар балаларға жекелей қайырымдылық сипаттағы балалар мекемесі болып, ол жалпы мемлекеттік жүйедегі білім білім беру саласына қосылды.1919 жылы Халық комиссариаты кеңесі саңырау, соқыр, ақыл- ойы кеміс, психикалық жағынан ауру балаларды емдеу, оқыту және тәрбиелеу ісі жөнінде жұмысты қолға алды. Сол кезде мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету ісіне мемлекеттік қоғам қайраткерлері А.И.Ульянова –Елизарова,А.В.Луначарский, А.М.Горький араласты.Осыдан бастап біртіндеп ақаулығы бар балаларға оқыту және тәрбиелеу ісі ғылыми негізілікте дами түсті. Психология, медицина, педагогика салаларындағы В.М.Бехтерев, Л.С.Выготский, В.Н.Мясищев,Г.И.Россолимо,Ф.А.Роу,В.М.Кащенко,Н.М.Лаговский, Н.А.Гроборов мүмкіндігі шектелген балаларға өз қызығушылықтарын танытып, өз үлестерін қосты.1920 ж. өткен съезд және конференцияларда «Балаларды қорғау және балалар кемшілігін қорғау» бойынша арнайы білім беру жүйесінде дефектология өздігінен дербес білім аймағына айналды.1929 ж. елімізде 1-ші рет ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбекке әзірлеу мәселесін зерттеу жөнінде ғылыми орталықтың құрылуы аса үлкен жаңалық болды. Бұл экспериментальдық дефектологиялық институтқа (ЭДИ) көрнекті кеңес ғалымы И.И.Данюшевский (директор), Л.С.Выготский (ғылыми қызметкер) қызмет етті. Біртіндеп жылдан жылға ақаулығы бар балаларға қоғам ,мемлекет тарапынан көмек ету және оларды үйлесімді жағдаймен қамтамасыз ету қарқынды дами түсті.1971 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымында «Ақыл- ойы кеміс тұлғалар құқығы» Деклорациясы, 1971 жылы «Мүгедектер құқығы» туралы Деклорация қабылданды. Еліміздің ірі қалаларында арнайы мектептер кеңінен ұйымдастырыла түсті Қазіргі кезде де ақаулығы бар балаларға арнайы көмек беру, олардың түзелуіне жағдай жасаумен қамтамасыз ету қоғам және мемлекет тарапынан белсенді түрде іске асырылуда. Әрбір арнайы мектептер жұмысы арнайы бағдарламалар бойынша, әдістемелік бағытта, оқу және көрнекі құралдар арқылы іске асырылды. Көмекші және арнайы мектептер Ғылыми зерттеу институтымен тығыз байланыста жүргізіліп дами түсуде.Балалардың ақаулықтарын дер кезінде анықтау, ерте медициналық зерттеу, психологиялық- педагогикалық диагностика жұмысын жүргізу, олардың ақаулықтарын дұрыс және нақты анықтай отырып медициналық- педагогикалық-психологиялық көмек беру істері де қарастылуда.

Біздің елімізде ақаулығы бар балаларды есепке алу және оларды қамтамасыз ету денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелер қызмет етеді.

Денсаулық сақтау мекемесі:



  • әртүрлі ақаулық дамуына қарай оларды жаппай белсенді түрде зерттеу;

  • нәрестелік, сәби, мектепке дейінгі, кіші шәкірттік, жасөспірім шактардағы дамудың түрлі бұзылыстарын ерте анықтау;

  • жүйелі түрде дәрігерлік бақылау, қажетті әдістер негізінде терең түрде диагностика жүргізу, бұған психолог, дефектолог және медициналық мамандарді тарту;

  • арнайы емделу орындарында және емхана жағдайларында ауруды емдеу;

  • медициналық іс-шараларды жүйелі жүргізу;

  • ақаулықтың алдын алу бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын ата-аналармен бірлесе жүргізу; бала дамуының әр кезені бойынша мәселелерді шешу;

  • ақаулықтың ауыр түрлеріне дәрігерлік-еңбектік жедел комиссия мен әлеуметтік қорғау мекемелеріне жолдама беру;

  • ақаулығы бар балаларды есепке ала отырып оларға көмек беру;

  • ақаулық сипаты жөнінде статистикалық мәліметтер жинақтау және іс -қағаздар жүргізу.

Білім беру мекемесі:

Ақаулығы бар балалар мен жасөспірімдердің дамуына педагогикалық түзету жолында 3 жастан 18 жасқа дейінгі аралықта оларды оқыту мен тәрбиелеу және оларды еңбек пен кәсіби даярлауды қамтиды.



  • ақаулығы бар балаларға психологиялық- педагогикалық диагностика жүргізу;

  • психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру;

  • ақаулығы бар балаларға арналған статистикалық есеп жүргізу;

  • арнайы және көмекші оқу орындарында оларды топтастыру;

Әлеуметтік қорғау мекемесі:

Мүгедек балаларға арналған есеп әлеуметтік қорғау мекемесінде қаралады. Әлеуметтік қорғау мекемесі комиссиясының шешімі негізінде мүгедектік зейнетақымен (төлем ақы) қамтамасыз етіліп, мүгедектерге арналған интернаттарға жолдама беріледі.Интернаттарға 3 жасқа толғаннан кейін, кезекті қозғалыс тәртібімен қамтамасыз етіледі.

3 дәріс


жүктеу 1,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   112




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау