Даркенбаев А. И. з.ғ. к., халықаралық құқық кафедрасының доцент м а



жүктеу 142,84 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.05.2022
өлшемі142,84 Kb.
#38453
Даркенбаев А. И. Бүкіларалық ақпарат



Даркенбаев А.И. з.ғ.к., халықаралық  

құқық кафедрасының доцент м.а. 

Дауренбекова А.А. халықаралық  

құқық кафедрасының магистранты  

  

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 

 

Халықаралық  құқықтағы  өзекті мәселелері

 

Қазіргі  заман  ақпараттық  технологиялардың  жетік  дамыған  дәуірі. 



Ақпаратты жинап, өңдеп және онышартарапқа таратудың түрлі әдістері мен 

технологиялары адамзаттың секунд сайын жаңа ақпарат алуына, ақпаратпен 

алмасуына  үлкен  мүмкіндік  тудыруда.  Осыған  сәйкестрансшекаралық 

деңгейде  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдаланудың  құқықтық  негізін 

реттейтін  халықаралық-құқықтық  нормаларды  бөліп  қарастыру  мәселесі 

туындайды. «Ақпараттық кеңістіктің құқықтық жағдайын, жеке адамдардың 

оны  қолдану  тәртібін  реттейтін  халықаралық-құқықтық  принциптер  мен 

нормалар шартты түрде 



халықаралық ақпараттық құқық 

деген терминге ие 

кешендік институт болып табылады»1[1].

 

Бұқаралық  ақпарат  құралдарына  түсінік  берерден  бұрын  не  дегенде, 



оның қатарына телекөрсетілімдер мен радиохабарларын тарату, тираждалған 

баспа,  дыбыс  және  визуалды  өнімдері  (  мысалы:  газет-журнал,  кітаптар, 

компакт-дискілер мен бейне-, магнитофон пленкалары, т.б.) жататынын айта 

кеткен  жөн.  Ғаламтордың  даму  заманында  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

санатына  интернетті  де  жатқызуға  болады.  Дегенмен,  дәл  солай  деуге, 

жаһандық ақпарат алмасу желісін пайдалануға нақты бекітілген заңды негіз 

жоқ.  Тіпті,  ғаламторды  журналистика  катарына  қосу  немесе  қоспау 

мәселесіжурналистика  саласының  өзінде  де  әлі  күнге  дейін  түрлі  пікір 

тудыруда. 

 

Бұқаралық 



ақпарат 

құралдары 

саласындағы 

халықаралық 

ынтымақтастықты  реттеу  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдаланудың 

техникалық  шарттары,халықаралық  ақпарат  алмасу,  таратылатын  ақпарат 

мазмұны  сияқты  негізгі  мәселелерге  тәуелді.  Атап  айтқанда,  өзара  ақаулар 

тудырмас  мақсатында  радиожиіліктерді  пайдалануды  келісу,  қоғамдық 

пікірді  қалыптастыруға  ықпал  ететін  теріс  пиғылдағы  ойларға  тыйым  салу 

немесежағымды 

ойларды 

қолдау, 


мемлекеттердің 

идеологиялық 

                                                           

1[1]С.Ж.Айдарбаев, В.М.Шумилов. Международное публичное право. Алматы, 2012. 285 

б. 



мүдделері.Аталған  мәселелер  екі  жақты  және  көп  жақты  негізде  де  жүзеге 

асырылады. 

 

Мемлекеттер  арасындағы  ақпараттық  мәселелерді  шешуге  екіжақты 



келісімдер  ықпал  еткен.  Өзара  байланыс  саласындағы  мұндай  екіжақты 

келісімнің  алғашқысы  ретінде  1849  жылы  жасалған  телеграф  желісін  қосу 

туралы  Австрия-Пруссия  келісімін  атауға  болар.  Әрине,  телеграф  желісі 

қалың бұқара халыққа арналған ақпараттарды таратпағандықтан, бұл уақытта 

да, бұл келісімде де бұқараға ақпарат таратудың мәселелері қарастырылмаған 

болатын.  Бұл  құжатхабарды  кең  ауқымда  тарату  техникасы  пайда  болмай 

тұрып қабылданған болатын. Ал уақыт өте келе кең көлемде хабар тарататын 

техниканың  пайда  болуымен  қатар,  таратылатын  ақпараттың  мазмұны 

туралы  мәселелерді,  радиожиіліктерді  пайдалану  сияқты  техникалық 

мәселелерді халықаралық-құқықтық реттеу қажеттілігі туындады. 

 

Әсіресе,  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  әлем  бойынша  белең  ала  бастаған 



көтеріліске  деген  ұрандардың,  соғысқа  деген  насихаттың  көбеюі 

халықаралық  құқықтық  реттеуді  қажет  етті.  Шешуін  іздеген  мәселелер: 

төңкеріске  шақыратын  ойлар  мен  ұрандардың  таратылуын  шектеу  және 

соғысты  насихаттауды  тоқтату  болатын.  Себебі,  сол  кездің  өзінде  өзге 

мемлекеттің рұқсатынсыз  сол  елдің  халқына  тиісті  ақпарат  таратудың  түрлі 

техникалық  әдіс-тәсілдері  болған.  Осы  жәйттерді  ескере  мемлекеттер  бірте-

бірте  шетелдік  насихатты  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  шектей 

бастады.  Оның  дәлелі  ретінде  1923  ж.  Танжерде  қабылданған  испандық-

франко-британдық  келісімді  айтуға  болады.  Бұл  келісім  Француздық  және 

испандық  Мароккодағы  тәртіпке  қайшы  келетін  Танжерден  төнген 

насихаттқа  тыйым  салды.  Сол  сияқты  1928  ж.  Испания,  Англия, 

Франция,Италия  арасындағы  келісімді,  1938  жылғы  Англия  мен  Италия 

арасындағы  араздыққа  әкеп  соқтыратын  насихат  жұмыстарын  тоқтататын 

келісімді  айтамыз.Осы  жылы  Литва  мен  Польша  да  баспа  бетінде 

жауласпауды уағдаласып тиісті келісімге отырады. Кеңес Үкіметі де халықты 

ақпаратпен  қамту  барысында  теріс  пікір  қалыптастыратын  насихат 

жұмыстарын  болдырмауды  көздеп,  мемлекеттер  мүддесін  сыйлау  саясатын 

ұстанды.  Нақтыласақ,  өзге  елдің  үкіметіне  қарсы  бағытталған  насихаттан 

теңқұқылық  негізде  бас  тартты.  Бұл  принциптер  1918  ж.  Брест  келісімінде, 

1921  ж.  Англиямен,  Польшамен,  Италиямен,  Норвегиямен  арадағы 

келісімдерде бекітілген еді. 1933 ж. КСРО мен АҚШ арасындағы келісімде де 

аталған принциптер орын алды. 

 

Бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы  насихат  жұмыстарын 



халықаралық-құқықтық реттеумен қатар өзара ақпарат алмасу жағы да тиісті 

келісімдер  негізінде  реттеліп  отырды.  Қазіргі  таңда  қоғамдық  ұйымдар 

арқылы  мекемелер  мен  жеке  адамдар  арасында  ақпараттық  өнімдермен 

алмасу  үкіметаралық  ақпарат  алмасумен  қатар  жүріп  жатыр.  Ақпарат 




алмасудың 

аса 


маңызды 

мәселелері 

саяси 

мәселелермен 



қатар 

мемлекетаралық деңгейде талқыланып, шешіледі. 

 

Халықаралық  ақпарат  алмасуға  халықаралық  құқықтың  жалпы 



императивті  принциптері  ықпал  етеді.  Ал  арнайы  принциптер  императивті 

принциптерді  толықтырып  тұрады.  «Арнайы  принциптерді  жекелесек, 

халықаралық  қауымдастықтың  мініне  ұшыраған  ой-пікірлерді  мемлекеттер 

тоқтатуға  міндетті;  мемлекеттердің  өздерінің  саяси,  экономикалық,  мәдени 

мақсат-мүдделерін жүзеге асыруда ақпараттық инфрақұрылымдарын дамыту 

құқығы; 


мемлекеттердің 

телекөрсетілімдері 

мен 

радиохабарларды 



трансшекаралық  таратуды  жүзеге  асыру  немесе  бекіту  құқығы; 

тұрғындардың ақпарат алуға еркіндігін мемлекет қамтамасыз етуге міндетті; 

ұлттық  ақпарат  құралдарының өзге  елдің ішкі  саясаты  мен  ісіне араласуын, 

шетелдік теріс насихат жүргізуін мемлекет болдырмауға, тоқтатуға міндетті; 

өз аумағында халықаралық қауымдастықтың тыйым салған және мемлекеттік 

қауіпсіздік  пен  қоғамдық  тәртіпке,  халықтың  денсаулығы  мен  санасына 

қауіпті ой-пікірлерді таратуға қарсы тұруға мемлекет құқылы»2[2].

 

 



Журналистика  саласында  шетелдік  ақпаратты  жинап,  өңдеп,  оны 

таратушы,  сонымен  қатар  халықаралық  ақпараттың  маңызды    ақпарат  көзі 

ақпараттық 

агенттіктердің 

қызметкерлері.Еуропаның 

біршама 


мемлекеттерінде  шетел  журналистері  кәсіби  журналист  екенін  айғақтайтын 

баспагерінің хаты негізінде үкіметтік ақпараттық мекемелерінде тіркеледі.ҚР 

Сыртқы  iстер  министрлiгiҚазақстан  Республикасы  аумағында  шетелдік 

бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн 

аккредиттеуді  жүргiзедi.Сонымен  қатар,  Қазақстанда  шетелдік  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өкілдіктері  мен  оның  журналистерінің  қызметі 

туралы  «Бұқаралық  ақпарат  құралдары  туралы»  ҚРЗаңында  (24-  баптың  2- 

тармағында)  бекітілген:  «Қазақстан  Республикасында  аккредиттелген  шетел 

журналистерiнің  және  басқа  да  шетелдік  бұқаралық  ақпарат  құралдары 

өкiлдерiнiң  құқықтық  жағдайы  мен  кәсiптiк  қызметi  Қазақстан 

Республикасының  заңдарымен  және  Қазақстан  Республикасы  бекiткен 

халықаралық  шарттармен  реттеледi»3[3].  Мемлекетіміздің  Конституциясын 

және  «БАҚ  туралы»  Заңның  нормаларын бұзған болса,  шетелдiк  бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өнiмiн  таратуға  сот  тәртiбiмен  тыйым  салынады,  ал 

интернет-ресурстар  болып  табылатын  шетелдік  бұқаралық  ақпарат 

құралдары  үшін  –  Қазақстан  аумағында  көрсетілген  интернет-ресурстарға 

қол  жеткізуді  тоқтата  тұру  көзделеді. Бұл  дегеніміз,  жекелеген  мемлекеттер 

мен  жалпы  халықаралық  қауымдастықтың  ақпараттық  қауіпсіздігіне  қатер 

төнген шақта көкейкесті мәселе болып табылады.  

 

                                                           



2[2]Ермичева Е.В. Международно-правовые аспекты деятельности средств массовых 

информации: Дисс.к.ю.н. М.: Дип. Академия МИД РФ, 2003. 177 с. 

3[3]ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы. Астана, 1999. 



 

Ақпараттық  саладағы  халықаралық  ынтымақтастықтың  көптеген 

мәселелері мемлекеттер арасындағы көпжақты келісімдер арқылы шешіледі. 

Соның  ішінде  алғашқы  халықаралық  конвенция  Телеграф  байланысы 

мәселелеріне арналған болатын. Ол 1865 ж. Парижде, ал 1875 ж. Петерборда 

қабылданған  еді.  1906  жылғы  Берлин  конференциясында  Халықаралық 

телеграф  одағы  құрылған  еді.  Ал  Мадридте  1932  ж.  өткен  конференцияда 

Халықаралық электробайланыс одағы (ХЭО) құрылған болатын. Бұл Одақ әлі 

күнге  дейін  қызмет  етіп  келеді  және  БҰҰ  арнайы  мекемесі  болып 

табылады.Бірнеше  рет  өзгеріске  ұшыраған  ХЭО-ның  қазіргі  конвенциясы 

1998  ж.  Миннеаполисте  бекітілген  болатын.  Оның  қатарында  150-ге 

жуықмүше-мемлекеттер  бар.  Ғалым  Ю.М.Колосовтың  айтуынша,  ХЭО 

Конвенциясының  талаптары  ақпаратты  таратудың  мәселелерін  ғана 

реттемейді,  негізінен  ХЭО  жиіліктерді  пайдалану  мәселесін,  яғни  ақпарат 

таратудың техникалық  мәселелерін қамтуы тиіс.

 

 



1936  ж.  Женевада  бейбітшілік  мақсатта  радиохабарларын  тарату 

туралы  халықаралық конференция өткізіліп, әлі де маңыздылығын жоғалта 

қоймаған  конвенция  қабылдады.  Қатарына  КСРО-мен  бірге  37  ел  мүше 

болған конференция нәтижесінде Радиохабар таратуды бейбітшілік мақсатта 

пайдалану  туралы  конвенция  қабылдап,  оған 22  мемлекет қол  қойды.    БҰҰ 

Бас  Ассамблеясының  1954  ж.  сессиясыаталған  Конвенция  ақпарат  еркіндігі 

саласындағы маңызды фактор болғандығын мойындап, №841 (IX)қарарында 

бекітті.


 

БҰҰ  БА  1947ж.  3  қарашадағы  №110  (II)  қарары  бейбітшілікке  қауіп 

төндіретін,  бейбітшілікті  бұзатын  немесе  басқыншылық  әрекеттерін  мақсат 

ететін  насихатты  қатаң  сынға  алады.  Осы  сияқты  және  БҰҰ  БА  бұқаралық 

ақпарат құралдарын пайдалану туралы басқа да қарарлары,  мемлекеттердің 

бұқаралық  ақпараттар  таратуда  нұсқауға  алуы  тиіс  принциптер  тізбегін 

құрайды. 

 

Әрбір  мемлекет  бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалануда  арнайы 



нормалар меноларды халықаралық-құқықтық реттеудің принциптерін құрды. 

Бұқаралық  ақпараттардың  мазмұны,  қайнар  көздері  келесідей  халықаралық-

құқықтық актілерден тұратын нормалармен айқындалады:

 

o



       

БҰҰБА 1946ж. №59 қарары (ақпарат еркіндігі мен оны теріс пайдаланбау 

туралы);

 

o



       

БҰҰ  БА  1947ж.  №110  қарары  (бейбітшілікке  қауіп  төндіретін, 

бейбітшілікті  бұзатын  немесе  басқыншылық  әрекеттерін  мақсат  ететін 

насихатты қатаң сынайды);

 

o

       



БҰҰ БА 1947 №127 қарары (мемлекеттер достастығына кері әсер ететін 

жалған немесе бұрмаланған ақпар таратумен күресу мүмкіндігін берді);

 



o

       


1948ж. Жалпығаортақ адам құқығы декларациясы (мемлекет шекарасына 

тәуелсіз адамның ақпаратқа деген құқығы);

 

o

       



1966ж.  Азаматтық  және  саяси  құқықтар  туралы  халықаралық  келісім 

(мемлекет қауіпсіздігін, тұрғындар денсаулығы мен адамгершілігін қорғау 

үшін ақпарат еркіндігі шектелуі мүмкін);

 

o



       

1978ж.  ЮНЕСКО  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бейбітшілікті  және 

халықаралық  өзаратүсіністіктінығайтуға,  адам  құқығын  дамыту  мен 

нәсілшілдікке,  апартеидке  және  соғысқа  арандатушылықпен  күреске 

қосқан үлесіне қатысты негізгі принциптер туралы декларациясы;

 

o



       

БҰҰ  БА  1982ж.  №37/92  «Тікелей  телекөрсетілімдерін  тарату  үшін 

мемлекеттердің  жасанды  Жер  серіктерін  пайдалануын  реттейтін 

принциптер».

 

Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  трансшекаралық  пайдаланудың 



техникалық  және  коммерциялық  мәселелері  келесі  құқықтық  актілермен 

реттеледі:

 

o

       



1906ж. Халықаралық радиотелеграф одағын құрған Берлин конвенциясы;

 

o



       

1923ж.  Порнография  басылымдарына  және  оларды  сатуға  жол  бермеу 

туралы халықаралық конвенция;

 

o



       

1936ж.  Радиохабар  таратуды  бейбітшілік  мақсатта  пайдалану  туралы 

Женева конвенциясы;

 

o



       

1949ж.Оқу,  ғылыми  және  мәдени  сипаттағы  бейне,  дыбыс 

материалдарымен халықаралық алмасуды жеңілдету туралы келісім;

 

o



       

1952ж. Халықаралық теріске шығару құқығытуралы конвенция;

 

o

       



1958ж.  Ресми  басылымдар  мен  үкіметтік  құжаттармен  халықаралық 

алмасу конвенциясы;

 

o

       



1965ж.  Станциядан  ұлттық  аумақтан  тыс  жерде  хабар  таратуды  тоқтату 

туралы келісім;

 

o

       



1974ж. Жер серігі арқылы жеткізілетін бағдарламалы сигналдарды тарату 

туралы Брюссель конвенциясы;

 

o

       



1989ж. Трансшекаралық телевидение туралы Еуропа конвенциясы;

 

o



       

1992ж.  ХЭО  Жарғысы  мен  Конвенциясы  және  міндетті  сипаттағы  ХЭО 

тәртіптері.

 



Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Жарғысына сәйкес бірлескен қызмет 

қатарына  байланыс  жүйесін  дамытудағы  ынтымақтастық,  ортақ  ақпараттық 

кеңістікті  дамытудағы  ықпалдастық  та  жатады.  Ең  бастысы,  ТМД  құру 

туралы келісімде мүше-мемлекеттер арасында ақпарат беру, тарату еркіндігі 

қамтылған. 

 

 



Ақпарат  алуға,  оны  өңдеп,  таратуғаәрбір  адам  құқылы-ақ,  бірақ 

қоғамдық  пікірді  оң  немесе  теріс  бағытта  қалыптастыру  құралы  болып 

табылатындықтан,ақпаратқа  еркіндік  беріліп,  шектеу  де  қойылуы  заңды 

құбылыс.  Әрбір  ақпарат  идеологиялық  мүддеге  негізделген  өнім  және  оны 

тұтынушылар  дұрыс-бұрыстығын  білместен  түрлі  жағдайда  қабылдауы 

моральдық  тұрғыда  зиян  келтіруі  ықтимал.  Алайда  таратылатын  ақпардың 

қайсысы  хабар,  қайсысы  насихат  екенін  айыра  жіліктейтін  арнайы 

механизмдер,  құралдар  жоқтың  қасы.  Сонымен  бірге,  қоғам  сынына 

ұшыраған  белгілі  ой-пікірлердің  насихатталғаны  үшін  жүктелетін 

жауапкершілік  те  қатаң  болуы  тиіс.  Халықаралық  ақпараттық  құқықтың 

басты міндеттерінің де бірі осы мәселе болып табылады.

 

1.



  

С.Ж.Айдарбаев, В.М.Шумилов. Международное публичное право. Алматы, 2012. 

285 б. 

2.

  



Ермичева Е.В. Международно-правовые аспекты деятельности средств массовых 

информации: Дисс.к.ю.н. М.: Дип. Академия МИД РФ, 2003. 177 с. 

3.

  

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңы. Астана, 1999. 



4.

  

Устав Организации Объединенных Наций и Статут Международного Суда. Сб. 



Действующее международное право в 3-х тт. - М: МНИМП, 1996. Т. 1. 

5.

  



Конвенция Содружества Независимых Государств о правах и основных свободах 

человека (от 26.05.1995 г.). //Собрание законодательства Российской Федерации 

№ 45, 1995. 

6.

  



Конвенция и Устав Международного союза электросвязи (от 22.12.1992 г.). Право 

и этика в работе журналиста: Сборник документов. Екатеринбург, 1993. 

7.

  

Декларации "О средствах массовой информации и правах человека" (от23 января 



1970 г.) Консультативная Ассамблея Совета Европы. 

8.

 



Свобода доступа к информации. НПО Артикуль 19. 

 

 



 

 

жүктеу 142,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау