Дарындылық типі, түрі, деңгейлері



жүктеу 129,33 Kb.
Дата10.02.2018
өлшемі129,33 Kb.
#9151

Дарынды балалармен жұмыс жолдары.

Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл-ұстаз парызы.

Дарындылық деген не? Балалар дарындылығы аумағындағы белгілі ғылым Н.С. Лейтестің анықтауы бойынша педагогика тәжірибесінде дарындылықты үш топқа бөлген:

IQ жоғары балалар, белгілі бір бағытта жоғары нәтижеге жеткен балалар және креативтілігі жоғары балалар.

Дарынды балалардың танымдық әрекетінің даму ерекшелігі төмендегідей:


  1. Білуге деген құштарлығы

  2. Ойлау қабілетінің жоғарылығы

  3. Терең ойлауы

  4. Жаңа ой тудыру қабілеттілігі

  5. Ассоциоцияға жеңілділігі

  6. Болжамдылық қабілеті

  7. Зейінінің жоғарылығы

  8. Өте жоғары есте сақтау мүмкіндігі

  9. Қызығушылығы мен қабілеттілігі

Қазіргі кезде «дарындылық» ұғымы өте кең көлемде қамтылған. Соның ішінде ең жаңашыл концепция американ ғалымы ДЖ.Рензулидің концепциясы бойынша дарындылық негізі үш бағыттан тұрады:

  • интеллектуалдық қабілеті (орта деңгейден доғары);

  • креативтілік;

  • табандылық (белгілі бір міндетке бағытталған).

Сонымен бірге Рензуллидің үлгісінде тәжірибе негізінде білімі және қоршаған орта қарастырылған. Осыған байланысты төмендегідей үлгісі қарасытырлады:

  • Дарындылық факторлары: интеллектуалдық қабілеттілігі, креативтілігі, әлеуметтік компоненттілігі, психомоторлық қабілеттілігі.

  • Орта факторлары: жанұядағы микроклимат, сыныптағы микроклимат, өмірдегі төтенше жағдайлар.

  • Жеке бас қасиеттері: стрессті жеңе білуі, белгілі бір дәрежеге жету түрткісі, оқу стратегиясы, өзіне-өзі, өзгеге баға бере білуі.

  • Жететін дәрежелер: спорт, тіл, жаратылыстану ғылымдары, өнер (музыка, сурет өнері т.б.), техника, математика, қоғамдық қатынастар.

2. Дарындылықты анықтау ұстанымдары.

Баланың қызығушылығы мен бейімділігін анықтау- басқа да психодиагностикалық жұмыстар секілді күрделі үрдіс. Баланың қызығушылығын, бейімділігін зерттеу барысында мұғалім төменгі сынып оқушылары жайлы алғашқы мағлұматтарды алады. Бұл өз кезегіндегі дарынды баланы анықтауға, оның бейімділігіне нақты баға беруге мүмкіндік ашады.

Төменгі сынып оқушыларының қызығушылық бағытын зерттеу кезінде , олардың осы жастағы қызығушылығы тұрақсыз. Болатындығына байланысты дамыту жаттығулары жүргізіледі. Бұл кезеңде баланың танымдық әрекетін дамытуға байланысты әртүрлі жаттығулар жүргізіледі. Бұл жұмыс жалпы оқу-тәрбие үрдісінде үздіксіз жүргізіліп отырады.

Танымдық әрекеті мен психологиялық ерекшеліктері нақтылана түскеннен кейін , әр баланың жеке бас қасиеті диагностика арқылы анықталып, олардың дарындылық факторында қандай қызығушылығы мен бейімділігі басым екендігі көрсетіледі. 3-4 сыныптарда әр баланың қызығушылығы мен бейімділігіне байланысты жеке жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар сыныптан тыс жұмыстарда, үйірмелерде, қосымша сабақтарда, тәрбие сағаттарында жүзеге асырылады.

Дарындылықты анықтау диагностикасында «интеллектуалдық портрет» әдістемесі балалардың ойлау қабілеті туралы толық мағлұмат бере алады. Беріліп отырған параметрлер дарынды балаларға тән негізгі ойлау операциялары мен мінездемелерін көрсетеді.

«Интеллектуалды портрет» әдістемесі.

Жалпы сипаттама.

Әдіс педагогтарға арналған. Ол оқушылардың ақыл-ой мүмкіндіктерін жүйелеуге бағытталған. Баға жүргізілетін нұсқалар баламен қарым-қатынас барысындағы негізгі ой операциялары мен ойлау сипаттарын анықтайды.

Берілген әдістеме педагогтар мен ата-аналарға арналған дарындылық диагностикасы сияқты классикалық психодиагностикалық әдістерді қолдану мүмкіндігінен айырмайды, керісінше, психологпен психодиагностикалық әдіс комплекті ретінде қарастырылуы керек.

Танымдық сфера.

Ой ұшқырлығы- жаңаны табу, ерекше ойларды, жалпыға бірдей, атақты, белгілілерден ерекшеленетін ойлау мүмкіндігі. Бұл баланың сыныптастары және үлкендермен қарым-қатынастағы ойлауы мен тәртібінен, оның барлық шығармашылығынан (өз бетінше сурет салу, шығарма жазуда, құрастыруда) көрінеді.

Ой жылдамдығы- тапсырманың шешімін оңай табу, салыстырмалы байланыстар орнату және мазмұны бойынша алшақ бір класс құбылысынан келесісіне көшу (ойлау мен тәрбиеде) мүмкіндігі. Проблемаларды шешуде альтернативті стратегияны табуда, проблеманы шешудің бағытын нақты өзгертуде көрінеді.

Ойдың продуктивтілігі немесе жан-жақтылығы, әдетте, ойдың көп мөлшерінің реттелу мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Әртүрлі проблемаларды шешудің нұсқалар санымен және шығармашылықтың продуктивтілігімен (сурет жобалары, шығармалар және т.б.) бағаланады. Аализ бен синтезге икемділігі. Анализ-сызықтық, ілеспелі, ақпараттың нақты логикалық өңделуі. Синтез, керісінше, оның бір жүйеге біріктірілуі. Көбінесе бұл мүмкіндік баланың әр шығармашылығында және логикалық тапсырмалар мен проблемаларды шешуде анық көрінеді.

Жіктелу және деңгейлену- объектілерді классқа, топ, категорияға біріктіруді ұсынатын, жаңа ақпаратты құрастыруда маңызды орын алатын психикалық процесстер. Балалардың түрлі шығармашылық түріне байланысты арнайы логикалық тапсырмаларды шешуде, мысалы, коллекция жасауға ұмтылу, алынған материалды жүйелеуде көрінеді.

Зейіннің жоғары концентрациясы- әдетте психиканың екі ерекшелігімен сипатталады: алынған мақсатқа қатысты ақпаратты қабылдаудың сәтті құрылым мүмкіндігі және тапсырмаға берілудің жоғары деңгейі. Сонымен қатар, қиын және көп уақыттық сабаққа берілуден көрінеді.

Ес- баланың дәлел, әрекет, абстрактілік символдарды, түрлі белгілерді есте сақтау- дарындылықтың маңызды индикаторы. Бірақ, кімнің ес көлемі жоғары сол шығармашыл емес, тек есіне керекті ақпаратты тез түсіре алатын адам шығармашыл болатындығын есте сақтаған жөн. Естің әр түрінің байқалуын (ұзақ уақыттық және қысқа уақыттық, мағыналы және механикалық, образды және символикалық және т.б.) баламен қарым-қатынастарынан көруге болады.
Жекелік даму сферасы.

Тапсырма мазмұнына қызығу. Көптеген зерттеушілер бұл сапаны дарындылықтың жетекші сипаты деп есептейді. Шығармашылық жауапкершілік парызынжа, марапатқа ие болуда, конкурстарда жеңуге байланысты емес, бірінші кезекте-мазмұнына қызығушылықта ғана мүмкіндікті дамытудың тиімді әдісі болады. Шығармашылықта және бала тәртібінен көрінеді. Басыңқы мотивация бақылау мен әңгімеден көрінуі мүмкін.



Перфекционизм өз жұмысын өте жоғары деңгейге сәйкес орындаумен сипатталады. Мамандар көрсеткендей, аса дарынды балалар өз жұмысын өте жоғары деңгейде орындамаса қанағаттанбайды. Шығармашылықтың көптеген түрлерінен көрініп, істеуге құлшыныс және ең жоғарғы жеке стандартқа сай орындауға ниеттілікпен сипатталады.

Әлеуметтік автономдылық- көпшіліктің пікіріне қарсы тұруға ұмтылыс пен мүмкіншілік. Баланың мектепке дейінгі және кіші мектеп жасында бұл сапа балалық еріктілік пен тәуелсіздікті сипаттайды, бұл қасиеттер ересектік және жасөспірімдік кезеңге өте қажет. Сонымен қатар көпшіліктің пікіріне қарсы тұрғанда өз көзқарасында қалудан, әрекет етуге, дәстүрлі емес, дәл жасауға ұмтылыстан көрінеді.

Лидерлік деп тұлғааралық қарым-қатынастағы, бала ойыны мен бірлескен істердегі басымдылықты айтады. Бұл балаға әр шығармашылық әрекетке қажетті алғашқы шешім қабылдау мүмкіндігін береді. Әрдайым емес, бірақ жиі интеллектуалдылықтың нәтижесі болып келеді. Бала басқа адамдар арасында өзіне деген сенімін сақтайды, басқа балалармен және үлкендермен жеңіл қарым-қатынас жасайды; өз жасындағылармен қарым-қатынаста белсенділік танытады, өзіне жауапкершілікті жүктейді.

Жарыспалылық- қарым-қатынастағы бәсекелестік формасына еліктегіштік. Нәтижесінде жеңіске жету және әсіресе, жоғары деңгейлік-жекелік дамудың, мінез бітісінің маңызды факторы. Қарым-қатынастағы бәсекелестік формаға сай шығармашылыққа қатысуға ниет білдіруден көрінеді.

Қызығушылықтың кеңдігі. Көпжақты және сонымен қатар тұрақты қызығушылығы баланың тек дарындылығын ғана емес, оның тәрбиелік жұмысының күтілген нәтижесі болып табылады. Аса дарындылардың маңызды сапасы болып үлкен мүмкіндіктер мен универсализм саналады. Қызығушылықтың кеңдігі- көпжақты икемділіктің негізі. Әртүрлі, бір-біріне ұқсамайтын шығармашылықпен айналысуда, әртүрлі сферада өз үшін сынап көруге деген құштарлықтан көрінеді.

Көңілділік (юмор). Мүмкіндіксіз күлкіліні, әртүрлі ситуациялардан қызықты тауып отырудан шығармашыл адамды елестетуге болады. Бұл қасиет балалық шақтан бастап жүйеленіп, көрініп отырады. Бұл дарындылықтың көрінісі және психологиялық қорғаныштың тиімді механизмі болып табылады. Көңілділіктің өзі өмір сияқты көпжақты, оның шынайылығын, жалғандығын жеңіл байқауға болады.
Қалай бағалайды.
Бағалау үшін полярлық ұпай әдісін қолданамыз. Баланың потенцталдық сипатын бес ұпайлық шкаламен бағалаймыз.
5- бағаланушы сапа жоғары дамыған, нақты көрінген, шығармашылықтың және тәртіптің әртүрлерінде көрінеді.
4- қасиет байқарлықтай көрінген, бірақ жиі байқала бермейді, сонымен қатар оған қарсы түрде өте сирек көрінеді.
3- бағаланушы және қарама-қарсы қасиет анық көрінбейді, аз байқалады, тәртіп пен шығармашылықта бір-бірін басады.
2- неғұрлым анық көрінген және бағалауға қарсы жеке тұлға әрекеттерінен жиі көрінеді.
1- анық көрінеді және бағалауға қарсы жекелік қасиетінен жиі байқалады, ол тәртіп пен шығармашылықтың әр түрінен байқалады.
0- берілген сапа мүлде жоқ.
Нәтижелердің өңделуі.

Белгілерді таблицаға енгізіңіз. Экспертті баға әдісі, яғни басқа педагогтар мен бұл балаларды жақсы білетіндердің бағаларын қолдансақ, нәтиже неғұрлым тиімді болады. Қойылған белгіні (не бірнеше педагогтардың берген баға нәтижелерінде пайда болған ортаарифметикалық көрсеткіштер) график түрінде көрсетуге болады. Нақты нәтиже екі дұрыс 7 бұрыш. Бірақ шынайы балада ортақ бағалауда әдетте қиын фигуралықтың жұлдызшасы пайда болады. График ақпаратты неғұрлым шынайыландырады, ары қарай қай бағытта жұмыс істеуді көрсетеді.

Сонымен қатар оқушының дарындылығын анықтауда төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолданамыз:

-баланың отбасы жағдайын зерттеу;

- шығармашылық қабілетін анықтау;

- психодиагностикалық тренингтерді өткізу;

- ата-анасымен әңгімелесу;

- пәндік олимпиадаларға , ғылыми жоба жарыстарына, пікір сайыс ойындарына қатыстыру; дарынды оқушыларды жан-жақты дамыту ісінде әлі күнге дейін шешілмей келе жатқан кейбір мәселелерді де ортаға салғымыз келеді.

Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, әлі күнге дейін базистік оқу жоспары жасалмаған. Білім беру мазмұнында да дарынды баллаардың ерекшеліктері ескерілмеген. Бұл проблема оқулықтар мазмұнында да кездеседі.

Еліміздің ертеңгі болашағы ұрпақ тәрбиесіне байланысты екені баршаға белгілі.



3. Дарынды оқушылармен жұмыс әдістемесі.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты – олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырады.

Дарынды оқушымен жұмыс барысында мұғалім маңызды орын алады. Оқушының болашақтағы мамандығы, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Дарынды баланы анықтау, дамыту, оған қолдау көрсету қазіргі уақытта білім жүйесіндегі қолдданылып жатқан өзекті мәселе екеніне қарамастан, еліміздегі жоғары оқу орындарында дарынды оқушылармен жұмыс істейтін мұғалімдердері даярлау мәселелерін нақты қарастырмаған. Дарынды оқушыны анықтау , дамыту, және оқытуға арналған ғылыми-әдістемелік оқулықтар тапшы. Сондықтан әрбір мұғалім өзінің жинақтаған және семинарларда алған тәжірибесі деңгейінде ғана оқушымен жұмыс жасайды.

Ал бұл дарындылық дәрежесін шешуге қиындық туғызады. Сондықтан арнайы дайындықсыз мұғалімдер дарынды оқушымен жұмыс жасаған кезде мынадай келеңсіз жағдайларға душар болады:

-көптеген жағдайда олар дарынды оқушыға немқұрайлы қарайды және олардың ішкі дүниесіне үңіле алмайды;

-тіпті дарынды оқушыларды жақтырмайтын да жағдайлар кездеседі, себебі олар оның беделіне қауіп төндіреді;

-дарынды оқушының ерекшелігін, қажеттіліктерін және онымен жұмыс жасаудың кещенді диагностикалық әдістемелерін білмегендіктен дарынды оқушыны анықтауда төмен нәтижелер көрсетеді;

- олар дарынды оқушылармен жекелей, арнайы жұмыстар жүргізбейді, ал жұмыс жасағанның өзінде оған тапсырма берген кезде оның қиындығынан, яғни сапасынан гөрі көптігіне көңіл бөлу арқылы қателіктер жібереді;

- дарынды оқушы дарындылығын дамытудағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қажеттілігін сезінбейді.

Дарынды оқушымен жұмыс сітейтін мұғалімге қойылатын педагогика-психологиялық талаптарды мынадай кезеңдерге бөлуге болады.



    1. Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптары:

-дарынды оқушымен жұмыстың әлеуметтік-қажеттілігін сезінуі;

- оқушыны жақсы көруі және қабілеті жоғары оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуы;

- дарынды оқушымен жұмысқа тұрақты қызығу танытуы және нәтижелі әдіс-тәсілдерді талмай іздеуі;

-дарынды оқушының ата-анасымен тығыз байланыс орнатуы;

-дарынды оқушымен жұмыс кезінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылуы;

2. Мұғалімнің біліміне қойылатын талаптар:

- өзінің сабақ беретін пәнін мемлекеттік стандарт деңгейінен жоғары деңгейде білуі;

- қызмет нысанын, яғин бірыңғай педагогикалық үрдісті білуі;

- оқушы дарындылығының моделін білуі;

- жеке тұлға теориясын, оны қалыптастырудың әдіс-тәсілін білуі;

- дарынды оқушыны анықтаудың психодиагностикалық әдіс-тәсілін білуі;

- қазіргі заманға сай оқытудың жаңа технологияларын білуі;

- дарынды оқушыны оқыту, тәрбиелеу үрдісінде үлгерімге ғана көңіл бөлмей, оның басқа көрсеткіштерімен байланысына да көңіл бөлуі.



Мұғалімнің іскерлігіне қойылатын талаптар:

- дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс жасай алу;



  • дарынды оқушыларды оқытуға арналған тереңдетілген бағдарлама құрастырып, сонымен тұрақты жұмыс жасай білу;

  • оқушы дарындылығын дамытуға қажетті зерттеу жұмыстарын жүргізе алуы;

  • дарынды оқушыны зерттеуге психодиагностикалық күнделік жүргізуі;

  • оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыдан сауатты орната білуі;

  • дарынды оқушыны оқытудың нәтижесін нақты бағалай білуі;

  • дарынды оқушының ғылыми-ізденіс жұмыстарымен айналысуына жетекшілік етуі.

Демек, дарынды балаларды анықтау- арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және дарынды балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.

Дарынды баламен жұмыс сыныпта сабақ берумен шектелмеуі керек. Ол жұмыс- мұғалімнің қажырлы еңбегін көп уақытын, педагогикалық шеберлігін қажет етеді.



4. Дарынды оқушыға берілетін мінездемелер, пікірлер.
Дарынды балаларды анықтау жұмыстары жан-жақты жүргізіліп болғаннан кейін, әр дарынды балаға мінездеме беріледі.

Оқушыға мінездеме.

Әдістеменің жалпы сипаттамасы.

Берілген әдістеме АҚШ-та өңделіп, дарынды балаларға арналған мектепте қолданылады. Ол мұғалімге баланың дамуының түрлі жақтарының жекелігін жүйелеуге көмек ретінде құрастырылған. Берілген мұғалімдік бағалау нәтижесі сөзсіз мектеп психологы мен мұғалімді де қызықтырады.


Оқушы ___________________________________________________________

Күні______________________________________________________________

Сыныбы__________________________________________________________

Мұғалім__________________________________________________________

Мектеп___________________________________________________________
Оқу, мотивациялық, шығармашылық және лидерлік мінездеме.

Оқушының тәртібін сипаттай отырып, бос орынға «ия» немесе «жоқ» деп жауап жазыңыз.



  1. Үлкен сөздік қоры бар _____________

  2. Ақпараттың үлкен көлемін меңгереді және әртүрлі тақырыпты еркін талқылайды _________________

  3. Адам әрекеті мен заттардың мағынасы мен себебін түсінеді ___________

  4. Мықты бақылаушы, әңгімеден, кинодан немесе қандай да бір шығармашылықтан «көп байқайды немесе көп мағлұмат алады» ________

  5. Бұл сыныпқа осы сыныптан жоғары деңгейдегі оқу қабілетімен келді______________

  6. Арифметиканы түсінудің тездігін көрсетті_____________

Мотивациялық мінездеме

  1. Тапсырманы шешуде тыңғылықты ____________

  2. Қызықсыз тапсырма мен істерде тез жалығады___________

  3. Әдетте, басқалардың сөзін бөледі __________

  4. Әрекеттің бітуіне көп күш жұмсайды_________

  5. Ұстаздар тарапынан аз шешімді қажет етеді __________

  6. Өз пікірінен артта қалуды ұнатпайды__________

  7. Өзгелердің пікіріне құлақ асады__________

  8. Дұрыс және бұрысқа, жақсы және жаманға, әділдікке бей-жай қарамайды, адамдарды, затты, оқиғаны талқыға салады __________

  9. Өзгелерге әсер етуге бейім, өзгелерді жиі басқарады, лидер бола алады_________

Шығармашылық мінездеме

  1. Қызығушылығы жоғары, көп сұрақ қояды_________

  2. Интеллектуалды ойынға, фантазияға қызығушылық танытады_________

  3. Жиі ерекше жауап беріп, оқиғаны жоғары қабылдаумен, қиялмен жеткізеді___________

  4. Басқаларға жаңа нәрсе туралы айтуға құлшынысы жоғары__________

  5. Көтеріңкі көңіл-күйді көрсетіп, өзгелерге күлкілі емес оқиғадан күлкіліні көріп, ойын мен сөзден ләззат алады__________

  6. «Арнайы шешім қабылдауда» тез сенбейді, нақты дәлел мен дәйекті талап етеді___________

  7. Нормативті реті бұзылса да, алаңдаушылығын көрсетпейді_________

Лидерлік мінездеме

  1. Өзіне жауапкершілікті жүктейді ________

  2. Оны сыныптастары жақсы көреді ________

  3. Шығармашылықтың бірнеше түрінен лидер________


Нәтиженің өңделуі

Тәжірибелік жұмыс үшін ешқандай қосымшаның қажеті жоқ. Нәтиже анық көрініп тұр. Егер сіз зерттеу жұмысын бір немесе бірнеше сыныпқа жүргізсеңіз, онда математикалық есепті талап етуі мүмкін, бірақ бұл арнайы жұмыс, біз мұнда мұндай қиындыққа баомаймыз. Сіз толтырған мінездеме бала туралы көп нәрсені айтады. Ол мұғалімдерге, мысалы, баланы бастауыштан орта топқа, орта топтан жоғары топқа көшіруде көмектеседі. Бұл ақпарат басшылыққа (директор, меңгерушілер, әдіскерлерге және т.б.) қызықты.
жүктеу 129,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау