Дарынды талантты балаларды анықтаудың принциптері мен әдістері Дарынды талантты бала тұлғасының ерекшеліктері Дарындылықтың белгілері


МЕКТЕП ПРАКТИКАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ДАРЫНДЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ



жүктеу 49,77 Kb.
бет8/11
Дата20.01.2022
өлшемі49,77 Kb.
#33831
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
aza-tl-sabaynda-daryndy-talantty-balalarmen-zhrgzletn-zhmys-trler

МЕКТЕП ПРАКТИКАСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН ДАРЫНДЫЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ

  1. Жалпы дарындылық деңгейлері бойынша жоғары көрсеткіш танытқандар.

  2. Әрекеттің нақты бір саласында жетістікке қол жеткізгендер: музыкант, суретші, математик, спортсмен. Бұларды көбінесе таланттылар деп атаймыз.

  3. Мектепте үздік оқитындар, яғни академиялық дарындылар.

Жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, Дарынды - талантты балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:



    1. түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан жақты бағалаудың кешендік сипатты;

    2. баланы танып – білу мен зерттеудің ұзақтығы (баланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);

    3. баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру);

    4. баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;

    5. баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін есепке ала отырып бағалау.

Сонымен қатар балада танымдық ынталану жоғалғанда немесе тіптен болмаған жағдайда оның жасырын дарындарын диагностикалауға көмегін тигізеді.

Осылайша, сауалнамалар бала бойындағы қандай да бір дарынды анықтауда пайдаланылатын әдістердің бірі ретіне қолданылады. Алынған ұпайдың артында не тұрғанын және сауалнама жүргізу мен оның берілгендерін өңдеу барысындағы болар-болмас өзгерістерді түсіну мен зерделеу үшін білікті мамандардың бақылауымен өтетін теориялық және тәжірибелік дайындық қажет. Сондықтан да сауалнаманы тиянақты дайындықтан өткен психологтар жүргізуі тиіс.

Дарынды - талантты балаларды анықтауда кешенді қадам жасау ұтымдырақ болатыны сөзсіз. Бұл тұста кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:


  • баланың отбасылық жағдайы, оның ерте балалық шағынан бергі жетілуі туралы ақпараттарды жинаудағы түрлі әдістер (ата-аналармен әңгіме, сауалнама алу, балалар шығармалары, күнделік жазбалары және т.б.);

  • арнайы психодиагностикалық тренингтер;

  • арнайы бағдарламалар бойынша “байқау” сабақтарын өткізу, балаларды арнайы ойын және пәндік-бейімделген сабақтарға қатыстыру;

  • арнайы бағдарлама жасау және білікті мамандардың қатысуы;

  • баланың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелеріне (суреттер, өлеңдер, техникалық модельдер, т.б.) мамандар тарапынан сараптау.

Оқушының дамуы мен тәрбиелілік деңгейін диагностикалаудың барлық түрлері сияқты бала дарынын анықтауда бала оқитын сыныпқа сабақ беретін мұғалімдердің, сондай-ақ мектеп кітапханашысы мен дәрігерінің пікірлерін ескеріп, мүмкіндігінше педагогикалық кеңестер жүргізген дұрыс. Сондықтан диагностикалық әдістер де кешенді сипатқа ие.

Демек, Дарынды - талантты балаларды анықтау-арнайы бағдарлама мен білікті мамандардың қатысуын қажет ететін өте күрделі мәселе және Дарынды - талантты балалармен жұмыс істеудегі қажетті кезең болып табылады.




Дарындылықтың ынталандырушылық (мотивациялық) саласы мынадай сипатта болады:

  • танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;

  • өз бетімен жүргізетін шығармашылық – зерттеу жұмыстарына деген ұмтылыс пен қызығушылық;

  • өзіндік қабілеттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс;

  • өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы.

Танымдық компонентінің сипатты:

  • жоғары танымдық мүмкіндіктің болуы, айқын қабілеттер мен шығармашылық қабілеттердің болуы;

  • жеке жауапкершілікті түсіну, ішкі басқару тұтқасының болуы.

Субьектінің процессуалдық компонентінің сипаттары:

  • жаңалық ашуға деген мақсаттылық, ілкімді, жылдам, ілеспелі және шығармашылық ой өрісінің кеңдігі, зерттеушілік және шығармашылық ізденісте жүру;

  • жалпы оқу дағдылары мен қабілеттері жоғары деңгейде, танымдық қажеттілігі мақсатты әрі саналы сипатқа ие, мәселенің маңыздылығын зерделей алады;

  • өз жұмысының нәтижесіне болжам жасай отырып, өз ойының түпкі өнімін жоспарлай алады;

  • жоғары белсенділік, ойлаудағы еркіндік, алынған ақпараттарды оңай үйлестіре білу.

Бірқалыпсыздық ішкі (әлеуметтік) және сыртқы деңгейде байқалады. Әрине, кез келген адам сияқты,кез келген Дарынды - талантты бала да өз алдында ерекше болып келеді. Әйтсе де біз оқушылар дарындылығының дамуын аса дарынды және дарынды деген екі түрге бөліп отырамыз.

Аса Дарынды - талантты балалар деңгейіне жатқызылған оқушылар ерте жастан танып-білуге құштарлық, таңғажайыптарға деген қызығушылық танытады және оларға адамның табиғи қасиеті ретінде зерттеушілік мінез-құлық тән. Қоршаған ортаны танып-білуге деген қызығушылық біртіндеп тұрақты танымдық сұранысқа айналып, үлкен жасөспірімдік және бозбалалық жасқа келе қандай да бір білім саласындағы басымдылыққа ие болады.

Бұл жастағы балалар өзінің дарындылығын жеке өмірінің қалыптасуында маңызды екенін ғана емес,сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалының дамуында да маңызды рөл атқаратындығын түсінеді.

Қандай да бір білім беру мен қызмет саласындағы анық байқалатын қабілеті бар оқушы өзін-өзі жүзеге асыруға деген қажеттілікті сезіне біледі.

Осылайша, біздің бақылауларымыздың Дарынды - талантты балалармен әңгімелесу мен ой эксперименттерінің негізінде аса дарындылық деңгейінің көрсеткіштері 90-100%-ға сәйкес келуі керек.

Ал Дарынды - талантты балалар ақпарат көздерімен жақсы жұмыс істей алады, академиялық үлгерімі өте жақсы. Оқу тапсырмаларын орындауда дәстүрлі емес шешімдер ойлап табады. Мұғалімнің жетекшілігімен зерттеу жұмыстарын жүргізеді, оның мазмұнына шығармашылық элементтерін енгізеді. Оларда қалыптасқан рефлекс элементтері болғанымен, толық зерделей алмайды. Дарынды - талантты балалар барлық көрсеткіштерін 75% дан кем көрсетпеуі тиіс.

Ресей ғалымдарының пайымдауынша, жасырын Дарынды - талантты балалар болады. Олар өз қабілеттерін түрлі психологиялық кедергілерге байланысты ашық көрсете алмайды.



жүктеу 49,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау