«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі есебі



жүктеу 293,13 Kb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата22.05.2018
өлшемі293,13 Kb.
#16287
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 



Жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін сақтауға бағытталған басым 

шартсыз  принциппен  қатар  «Даму»  қоры  өзінің  қызметі  ықпал  ететін  алуан  түрлі 

мүдделі  тараптардың  –  инвесторлардың,  серіктестердің,  қарыз  алушылардың, 

қызметкерлердің,  жеткізушілердің,  бизнес-қауымдастықтардың,  мемлекеттік 

басқару органдарының және жалпақ жұрттың алдындағы әлеуметтік жауапкершілік 

жөніндегі ерікті міндеттемелерді өзіне жүктейді.  

Мүдделі  тараптармен  өзара  әрекет  еткен  кезде  «Даму»  қоры  корпоративтік 

әлеуметтік жауапкершіліктің келесі негізгі принциптерін басшылыққа алады:  

1.  Ашықтық  принципі.  «Даму»  қоры  компания,  оның  кәсіпкерлікті  қолдауға 

арналған  бағдарламалары,  өз  қызметінің  жетістіктері  және  нәтижелері  жөніндегі 

ақпараттың  барынша  ашық  және  сенімді  болуын  қамтамасыз  етуге  ұмтылады. 

Сонымен  қатар  «Даму»  қоры  коммерциялық  құпияны  және  заңның  негізінде 

қорғалатын  басқа  да  құпияны  құрайтын  мәліметтердің  жария  етілмеуін 

қадағалайды.  

2.  Серіктестік  принципі.  «Даму»  қорының  басшылары  мен  қызметкерлері 

өздері  өзара  қызметтесетін  мүдделі  тараптардың  мүдделерін,  үміттерін  және 

күмәндарын  зерттейді  әрі  бағалайды,  сондай-ақ  жаңа  серіктестік  қатынастар 

орнатуға және бұрыннан бар қатынастарды нығайтуға ұмтылады.  

3. Бейімделушілік принципі. «Даму» қоры мүдделі тараптардың ниеттері мен 

сұратуларына, сондай-ақ нарықтағы жағдайдың өзгеруіне жедел әрекет етеді және 

өз  қызметіне  қажетті  түзетулер  енгізеді  әрі  кәсіпкерлікті  қолдау  құралдарын 

қолданады.  

4.  Кешенді  тәсілдеме  принципі.  «Даму»  қоры  кәсіпкерлікке  және  мүдделі 

тараптарға  барынша  пайдасын  тигізетін  жобаларға  бағдарланады,  яғни  олардың 

қызметінің экономика мен қоғамның дамуына қандай әсер тигізетінін ескереді.  

5.  Қызметкерлердің  алдындағы  жауапкершілік  принципі.  «Даму»  қоры  еңбек 

ақысының деңгейі бәсекеге қабілетті болатын жұмыс орындарын және әлеуметтік 

кепілдіктерді  беруге,  сондай-ақ  еңбек  етудің  қауіпсіз  және  жайлы  жағдайларын 

қамтамасыз  етуге  ұмтылады.  Өз  қызметінде  «Даму»  қоры  әлеуметтік-еңбек 

қатынастары  саласындағы  нормалардың  шартсыз  сақталуын  қамтамасыз  етеді, 

сондай-ақ  қызметкерлердің  кәсіби  тұрғыдан  жан-жақты  дамуына  және  оқуына 

жәрдемдеседі.  

Корпоративтік 

сайтта 


«Даму» 

қорының 


корпоративтік 

әлеуметтік 

жауапкершілік  саласында  жүргізетін  жұмысына  жеке  бір  бет  арналған.  Онда 

бекітілген принциптер және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік жөніндегі жыл 

сайынғы есептер орналастырылған.  

 

2.1. 



Әлеуметтік  бағдарламалар  және  әлеуметтік  сала  нысандары 

бойынша көрсеткіштер  

«Даму»  қорының  корпоративтік  басқаруына  жүргізілген  диагностиканың 

нәтижелері  бойынша  жасалған,  KPMG  халықаралық  компаниясы  дайындаған 

корпоративтік басқару деңгейінің үздік әлемдік тәжірибеге сәйкестігі туралы есепте 

Қордың  корпоративтік  әлеуметтік  жауапкершілік  аясында  жүргізетін  жұмысының 

бірқатар  оң  жақтары  атап  өтілді.  Атап  айтқанда,  жағымды  жақтарға  төменде 

аталғандар жатады:  

1. 


«Даму» қоры қызметінің негізгі көрсеткіштерінің әлеуметтік сипаты бар.  

2. 


«Даму»  қорының  басшылығы  қызметтің  әлеуметтік  сипаттағы  негізгі 

көрсеткіштерін үнемі қадағалайды.  




 

 



3. 

«Даму»  қоры  басшылығы  жұмысының  нәтижелерін  бағалаған  кезде  Қор 

қызметінің  әлеуметтік  сипаттағы  негізгі  көрсеткіштері  ескеріледі.  Мысал  ретінде 

«Бизнес-кеңесші»  бағдарламасы  бойынша  қамтылған  кәсіпкерлердің  санын, 

шағын  бизнес  субъектілерінің  қайта  қаржыландырылған  қарыздарының  санын 

және т.б. айтуға болады.  

4. 

«Даму»  қорының  әлеуметтік  сипаттағы  қызметі  нақты  құрылымдалған. 



Қорда  Субсидиялау  және  кепілдендіру  департаменті,  Бағдарламалық  қарыздар 

департаменті,  Қаржылық  емес  бағдарламалар  департаменті  құрылды,  олардың 

қызмет функцияларының ішінде әлеуметтік функция да бар.  

5. 


«Даму» қорында Еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық бекітілген.  

6. 


«Даму»  қорында  қызметкерлерді  басқару  мәселелерін  регламенттейтін 

бірқатар  құжаттар,  атап  айтқанда  Қызметкерлерді  іріктеу  жөніндегі  ережелер, 

Аймақтық 

филиалдарда 

бос 

лауазымдар 



байқауын 

өткізу 


ережелері, 

Қызметкерлерді  қабылдау,  аудару  және  жұмыстан  шығару  тәртібі  жөніндегі 

ережелер,  Қызметкерлер  еңбегінің  ақысын  төлеу  ережелері,  Қызметкерлерге 

әлеуметтік  қолдау  көрсету  ережелері,  Қызметкерлерді  аттестациялауды  жүргізу 

ережелері және т.б. бекітілген.  

7. 


Аталған саясаттар олардың мақсаттарын,  міндеттерін,  принциптерін және 

негізгі талаптарын айқындайды.  

8. 

«Даму»  қоры  іске  асыратын  негізгі  жобалар  мен  бағдарламалардың 



әлеуметтік тұрғыдан пайдалы функциясы бар.  

9. 


Әлеуметтік  сипаттағы  әр  жобада  немесе  бағдарламада  бекітілген 

мақсаттар, іске асыру мерзімі және бюджет бар.  

10. 

Әлеуметтік  сипаттағы  әр  жоба  немесе  бағдарлама  қол  жеткізілген 



мақсаттарға  қол  жеткізу  және  қызметтің  негізгі  көрсеткіштеріне  тигізген  әсері 

тұрғысынан бағаланады.  

2009 жылдың маусым айында «Даму» қорының Директорлар кеңесі «Бизнес-

кеңесші»  атты  тренинг-оқыту  бағдарламасын  бекітті.  Бағдарламаны  әзірлеген 

кезде «Даму» қоры төменде жазылғандарға көңіл бөлді:  

 



Қазақстанның барлық аймақтарының толықтай қамтылуы;  

 



оқу курсының практикаға бағдарлануы және қолжетімділігі;  

 



шығасылардың төмен болуы;  

 



тегін таратылатын материалдар және ақысыз оқу.  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  «Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  

кейбір  шешімдеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  31.12.2010 

жылғы  №  1520  Қаулысына  сай  «Бизнес  жол  картасы  2020»  бағдарламасы 

«Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» атты 4-ші бағытпен толықтырылды.  

4-

ші  бағыттың  аясында  жаңадан  бастап  келе  жатқан  кәсіпкерлерге  қолдау 



көрсету  (старт-ап  жобалар),  соның  ішінде  кәсіпкерлер  мен  халыққа  кәсіпкерлік 

қызметтің  негіздерін  қысқа  мерзімде  оқыту  («Бизнес-кеңесші»  жобасы)  арқылы 

қолдау көрсету көзделеді.  

Мүмкіндіктері  шектеулі  кәсіпкерлер  мен  тұрғындарды  қолдау  мақсатында 

«Даму» қоры «Даму-Көмек» бағдарламасын әзірледі.  

«Даму» қоры қаржыландыру бермейді, ол мүмкіндіктері шектеулі кәсіпкерлер 

мен ықтимал демеушілер мен несиегерлердің арасындағы байланыстырушы буын 



жүктеу 293,13 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау