Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет2/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Қаржылық  тұрақтылық  көрсеткіштерін  алдын-ала  бағалау  бойынша, 

2016 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы ЖІӨ-ге қатысты 1,6% құрады, 

мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 26%-нан асқан жоқ, Ұлттық қордан кепілдендірілген 

трансферт  2110,0  млрд.  теңгені  құрады,  бұл  жоспарланған  сомадан  369,7  млрд. 

теңгеге аз. 

Сыртқы  сауда  серпінінде  жақсару  байқалады.  Сыртқы  сауда  айналымы 

2016 жылдың  I  жартыжылдығында  30,4  млрд.  АҚШ  долларына  қарағанда 

2016 жылы  62,0  млрд.  АҚШ  долларын  құрады.  Сыртқы  сауда  балансының  оң 

сальдосы 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады. 

2016  жылы  экономиканы  кредиттеудің  тұрақсыз  серпіні  байқалады,  бірақ, 

сонымен  қатар,  бір  жыл  ішінде  екінші  деңгейдегі  банктердің  экономика 

салаларындағы  кредиттері  заңды  тұлғаларға  берілген  кредиттердің  3,6%-ға 

8 816,9  млрд.  теңгеге  дейін  өсуі  есебінен  1,5%-ға  өсіп,  12 859,1  млрд.  теңгені 

құрады. 

Депозиттер  13,7%-ға  өсіп,  18 163,8  млрд.  теңгеге  жетті,  оның  ішінде  жеке 

тұлғалардың  депозиттері  –  15,4%-ға  7 837,1  млрд.  теңгеге  дейін.  Ұлттық 

валютадағы депозиттер үлесі 31%-дан 45,4%-ға дейін өсті. 

Елдің  халықаралық  резервтері  2017  жылғы  1  қаңтардағы  жағдай  бойынша 

90,7 млрд.  АҚШ  долл.  құрады  және  бір  жыл  ішінде  0,6%-ға  қысқарды,  оның 

ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) шетел 

валютасындағы активтері 2016 жылдың басынан бастап 3,4%-ға 61,2 млрд. АҚШ 

долл. дейін төмендеді. Ұлттық Банктің алтын-валюта активтері 29,5 млрд. АҚШ 

долл. құрап, 6,0%-ға өсті. 

Инфляция  жылдың  қорытындысы  бойынша  8,5%-ды  құрады,  бұл 

2015 жылдың  қорытындыларынан  5,1  пайыздық  тармаққа  төмен.  Инфляцияға 

салынған  негізгі  үлес  –  3,6  пайыздық  тармақ  азық-түлік  тауарларының  9,7%-ға 

қымбаттауына алып келді. Азық-түлік емес тауарлардың бағалары 9,5%-ға (үлесі 

– 3,0 пайыздық тармақ), ақылы қызметтер – 6,1%-ға (үлесі – 1,9 пайыздық тармақ) 

өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады. 

Орташа  айлық  номиналды  жалақы  бағалау  бойынша  140,7  мың  теңгені 

құрады  және  номиналды  мәнінде  11,8%-ға  ұлғайды,  нақты  мәнінде  –  2,4%-ға 

төмендеді. 

Қол  жеткізілген  нәтижелерге  қарамастан,  әлемдік  экономикадағы 

жағдайдың  нашарлауы  экономиканың  тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ету  бойынша  

міндеттерді  орындауға  қатерін  тигізуі  мүмкін.  2017  жылға  халықаралық  қаржы 

ұйымдары әлемдік экономиканың дамуын 2016 жылғы 2,8%-бен салыстырғанда, 

бірақ жоғары тәуекелдерге жол бере отырып, 3,1%-ға (консенсус – болжам) дейін 

жеделдетуді болжап отыр. 

Ағымдағы 

жылы 

Қазақстан 



Республикасы 

Ұлттық 


экономика 

министрлігінің  бағалауы  бойынша  экономиканың  өсуі  2,5%-дық  деңгейде 

болжанып отыр. 

Сыртқы  және  ішкі  жағдайлардың  біртіндеп  жақсаруын  ескере  отырып, 

өсудің 

негізгі 


драйверлері 

Индустриялық-инновациялық 

дамытудың  



2015  –  2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының  (бұдан  әрі  – 

ИИДМБ)  жобаларын  іске  қосу  және  «Нұрлы  жол»  мемлекеттік  бағдарламасын 

іске  асыруды  жалғастыру  және  «Цифрлық  Қазақстан»  жаңа  мемлекеттік 

бағдарлама  шеңберінде  цифрлық  технология  базасында  перспективті  салаларын 

дамыту есебінен дәстүрлі жүйе құраушы салалары болады. 

Жаңа  2017-2021  жылдарға  арналған  агроөнеркәсіп  кешенін  дамыту 

мемлекеттік  бағдарламасын  (бұдан  әрі  –  АӨК  дамыту  бағдарламасы)  іске  асыру 

жолымен  ауыл  шаруашылығын  дамытудың  тұрақты  серпіні  сақталатын,  

сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы 

жер»  бағдарламасы)  шеңберінде  жаппай  тұрғын  үй  құрылысы  қамтамасыз 

етілетін болады. 

 

2 Даму перспективалары және сценарийлік болжамдар 

2017  жылғы  сәуірде  жарияланған  Халықаралық  Валюта  Қорының  

(бұдан  әрі  –  ХВҚ)  баяндамасында  өткен  дағдарыстан  кейінгі  жылды  сипаттаған 

төмен өсу көрсеткіштерінен кейін 2017-2018 жылдары әлемдік экономиканың өсу 

қарқыны 3,5% және 3,6%-ға дейін біршама жеделдеуі болжанып отыр. 

1-сурет 


 

ХВҚ  баяндамасына  сәйкес  әлемдік  экономиканың  өсу  қарқынына  

2017-2018  жылдары  биржалық  тауарлар  бағасының  төмен  деңгейі,  әлемдік 

саудадағы  әлсіз  көрсеткіші  мен  капитал  ағымының  қысқаруы  сақталып  келе 

жатқан  экономикасы  дамыған  елдердегі  әлсіз  экономикалық  өсу  ықпал  ететін 

болады.  2017-2018  жылдары  экономикасы  дамыған  елдерде  өсу  2,0  %-ға  дейін 

болмашы артады деп күтіліп отыр. 

Нарығы  қалыптасып  келе  жатқан  елдер  мен  дамып  келе  жатқан  елдердегі 

өсу биржалық тауарлар бағаларының қалыпты өсуі жағдайында 2017 жылы 4,5% 

деңгейінен 2018 жылы 4,8% деңгейіне дейін одан әрі ұлғаюымен болжанып отыр. 

2016  жылы  іс  жүзінде  төмен  өсуден  (0,3  %)  кейін,  биржалық  тауарлар 

бағаларының  біртіндеп  қалпына  келуі  және  Ресей  мен  Бразилиядағы  екі  жылғы 

құлдыраудан кейінгі өсудің жаңғыру жағдайларында 2017-2018 жылдары нарығы 



қалыптасып  келе  жатқан  биржалық  тауарларды  экспорттаушы  елдердегі  өсу 

сәйкесінше 2,3-3,0% деңгейінде күтіліп отыр. 

Бұған  қарағанда,  нарығы  қалыптасып  келе  жатқан  және  биржалық 

тауарларды  импорттаушы  болып  табылатын  дамып  келе  жатқан  елдердегі  өсу 

2017-2018 жылдары сәйкесінше 5,6-5,7 % деңгейінде болжанып отыр. 

 

2-сурет 


 

 

Еуроаймақ.  Дефляциялық  процестерді  қоспағанда,  Еуроаймақ  елдерінде 

жалғасып келе жатқан оң үрдістер жалпы іскерлік белсенділік пен экономиканың 

өсуін ынталандыруға бағытталып, жүргізіліп жатқан ақша-несие және фискалдық 

саясат аясында 2017 жылы да жалғасатын болады. 

Оң өзгеріс халық тарапынан ішкі сұраныстың ұлғаюы болып табылады, бұл 

2017  жылы  өсуді  1,7  %  деңгейінде  тұрақтандырады.  Дегенімен  2018  жылы  

2017 жылмен салыстырғанда өсу қарқынының 0,1%-ға, яғни 1,6%-ға дейін елеусіз 

бәсеңдеуі күтіліп отыр. 

Өңірдегі экономикалық жанданудың жаңаруына негізгі қауіп жұмыссыздық 

болып  табылады.  Дегенмен,  жұмыссыздық  көрсеткіші  2016  жылдың 

қорытындысы бойынша 2015 жылғы 10,4 %-дан төмендеп, 9,6 %-ды құрады. 



АҚШ.  АҚШ-тағы  макроэкономикалық  жағдай  2016  жылы  қолайлы 

трендтердің сақталуымен сипатталды. Макроэкономикалық жағдайдың жандануы 

еңбек  нарығындағы  жағдайдың  жақсаруымен,  іскерлік  белсенділіктің  артуымен, 

мұнай қорының ұлғаюымен және тұтыну секторының өсуімен байланысты. 

Қазіргі  уақытта  АҚШ  экономикасында  оң  үрдістер  басым.  ХВҚ 

сарапшыларының  болжамына  сәйкес  экономикалық  өсу  2017  жылы  2,3  %-ды 

және  2018  жылы  2,5  %-ды  құрайды.  Экономикалық  белсенділіктің  артуы  өңдеу 

өнеркәсібі  мен  инвестицияның  өсуімен,  сондай-ақ  бюджет  саясатында 

шығыстардың өсуіне бағытталуымен негізделеді деп күтілуде. 

Қытай.  ХВҚ  бағалауы  бойынша  Қытай  ЖІӨ  өсуі  2016  жылы  6,7  %-ды 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау