Даму болжамы



жүктеу 0,5 Mb.
Pdf просмотр
бет5/19
Дата30.05.2018
өлшемі0,5 Mb.
#18435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

12 

ІІІ Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен шаралары

 

 

1. Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету 

1.1 Ақша-кредит саясаты 

Ақша-кредит  саясаты  бағаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  және 

инфляция  бойынша  нысаналы  дәлізді  2017  жылғы  6,0-8,0  %-дан  орта  мерзімді 

перспективада 3,0-4,0 %-ға дейін төмендетуге бағытталады. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметі  мен  Ұлттық  Банкткің  бірлесіп  күш 

жұмсауы  арқылы  инфляцияны  төмендету  жүзеге  асырылатын  болады  және  ол 

теңгерімді  сипатта  болады.  Баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған 

шаралар  тұрақты,  ұзақ  мерзімді  экономикалық  өсуге  қажетті  жағдай  жасауға 

ықпал етеді. 

Инфляцияның нысаналы деңгейіне қол жеткізу үшін Ұлттық Банк теңгенің 

құбылмалы айырбас бағамы режиміндегі пайыздық саясатқа ерекеше көңіл аудара 

отырып, ақша-кредит саясаты құралдарының жүйесін құруда. 

Ұлттық  Банктің  пайыздық  саясаты  инфляциялық  күтулер  мен  айырбас 

бағамына қатысты күтулерді неғұрлым тиімді реттеу нарықтық мөлшерлемелерді 

базалық  мөлшерлеменің  пайыздық  дәлізінің  шегінде  ұстап  тұруға  бағытталатын 

болады,  ол  ақша  нарығындағы  құбылмалылықты  шектеуге  және  ұзақ  мерзімді 

пайыздық  мөлшерлемелердің  қалыптасуына  ықпал  етеді.

 

Ақша  нарығындағы 



қысқа  мерзімді    өтімділікті  реттеуде  негізгі  рөл  атқаратын  ашық  нарық 

құралдарына ерекше назар аударылады. 

Экономиканың түрлі сегменттерінде ақшаның құнын теңестіру мақсатында 

2017  жылғы  1  сәуірден  бастап  қайта  қаржыландырудың  ресми  мөлшерлемесі 

базалық  мөлшерлеменің  мәніне  теңестіріледі.  Бұдан  әрі  базалық  мөлшерлемені 

өзгерту  ресми  қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесінің  автоматты  түрде  және 

синхронды өзгеруіне әкеліп соғады. 

Ақша-кредит  саясатының  шараларын  іске  асыру  инфляциялық  таргеттеу 

режимі шеңберінде ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруға бағытталады. 

Бұл  ретте  Ұлттық  Банк  ұзақ  мерзімді  экономикалық  өсуге  инфляция  бойынша  

мақсат  пен  макроэномикалық  тұрақтылық  арасындағы  ұтымды  тепе-тендік 

іздестіру арқылы жағдай жасайды. 



Инфляция  деңгейін  ұстап  тұру.  Үкімет  пен  Ұлттық  Банк  инфляцияның 

өсуіне  жол  бермеу  және  оны  жоспарланған  нысаналы  дәлізде  ұстап  тұру  үшін 

ішкі  нарықта  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  жөніндегі  шараларды 

іске асыру жалғасатын болады. 

Тұтыну нарығындағы бағалардың өзгеруіне ықпал ететін сыртқы және ішкі 

факторлар  жедел  түрде  қадағаланатын  болады.  Бәсекелес  ішкі  нарықтардың 

дамуына,  бағалық  ымыраласу  мен  жосықсыз  бәсекелестікке  қарсы  күресуге 

жағдайлар  жасау  үшін  азық-түлік  тауарлары  мен  отын  бағаларын  ұстап  тұруға 

бағытталған шаралар қабылданатын болады. 

Азық-түлік  нарықтарына  тікелей  қол  жеткізуді  қамтамасыз  ету  және 

2021 жылдың  соңына  дейін  ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндірушілер  өз 



13 

өнімдерін  сатудағы  делдалдарды  жою  мақсатында  АӨК  дамыту  бағдарламасы 

шеңберінде 

барлық 


облыс 

орталықтарында 

қолданыстағы 

қойма 


сыйымдылықтары көтерме-тарату орталығына (бұдан әрі – КТО) салынады және 

жаңғыртылады (қайта жарақталады). 

Желілік  азық-түлік  ритейлді  дамытуға  ден  қоя  отырып,  «Қызмет  көрсету 

саласын  дамыту  2020»  бағдарламасына  толықтырулар  пакеті  дайындалатын 

болады. 

Экономикалық  жағдай  мен  әлеуметтік  маңызы  бар  азық-түлік  тауарлары 

(бұдан әрі – ӘМАТ) бағасының арттыруы үрдісін ескере отырып  олардың шекті 

мәндері  мен  рұқсат  етілген  бөлшек  сауда  бағаларының  мөлшерін  бекіту 

сақталатын болады.  

Қолданыстағы шекті және рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларын белгілеу 

әдістемесін  жетілдіруге  ӘМАТ  бағасын  реттеу  жөніндегі  заңнамаға  өзгерістер 

енгізілетін  болады.  Мәселен,

 

баға  белгілеуді  бақылау  тиімділігін  арттыру  үшін 



ӘМАТ шекті бағаларын белгілеудің «триггерлік» тетігі енгізілетін болады; ӘМАТ 

шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту өкілеттігі жергілікті атқарушы 

органдарға (бұдан әрі – ЖАО) беріледі; бағаның жеңілдетілген мониторингі үшін 

ӘМАТ тізбесі қысқартылды және баға белгілеу шығасылдарын азайту үшін сауда 

желілерінің сыйақылар (ретро-бонустар) өндіріп алуы шектелген. 

Қаржы  секторын  реттеу  және  оның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету 

саласындағы  саясат.  Ұлттық  Банктің  қаржылық  тұрақтылықты  ұстап  тұруы 

қаржы  институттарының  қауіпсіздігі  мен  саулығының  қажетті  деңгейін  ұстап 

тұруға  бағытталған  пруденциалдық  реттеу,  қадағалау  және  тексеру  әдістері 

арқылы  қамтамасыз  етіледі.  Банктердің  тұрақтылығын  арттыру  мақсатында 

есептіліктің  анықтығы  мен  олардың  капиталының  сапасы  бойынша  талаптарды 

арттыру бұл қызметтің маңызды бағыты болады. 

Ұлттық  Банк  2019  жылы  Базельдің  капитал  жеткіліктілігі  бойынша 

ұсынымдарын  кезең-кезеңмен  енгізуді  аяқтайды.  Жүйе  құрушы  банктер  үшін 

қосымша талаптар, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйелері бойынша талаптар 

көзделетін болады. 

2016 жылы Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің ұсынымдарына 

(Базель  III)  сәйкес  Ұлттық  Банк  өтімділікті  жабудың  (Liquidity  Coverage  Ratio) 

және  таза  тұрақты  қорландырудың  (Net  Stable  Funding  Ratio)  жаңа 

коэффициенттерін  енгізді.  2017  жылдың  екінші  жартысынан  бастап  өтімділікті 

жабу коэффициенті 2021 жылға қарай 100% нысаналы деңгейге біртіндеп жеткізе 

отырып,  бастапқы  60%  мәні  бар  пруденциялық  деңгейде  белгіленеді.  Таза 

тұрақты  қорландыру  коэффициентін  2018  жылдан  бастап  енгізу  жоспарланып 

отыр.  


Орта  мерзімді  перспективада  Базель  III  екінші  құрауышын  –  қадағалау 

процесін енгізу бойынша тәсілдер қосымша әзірленеді, ол банктің бизнес моделі 

мен  стратегиясын,  тәуекелдерді  басқару  және  ішкі  бақылау  жүйелерін, 

капиталдың жеткіліктілігі мен өтімділігін бағалауға негізделеді.  

Бастапқы  кезеңде  уақтылы  диагностика  және  жеткіліксіз  капиталдандыру 



жүктеу 0,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау