Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет165/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   363

338 

 

 Балабақша  тәрбиеленушілерінің  ата-аналармен  тығыз  қарым-қатынаста  болу  үшін, 



отбасы мен балабақша арасындағы әріптестікті, ауызбіршілікті қолдау мақсатында дөңгелек 

үстел,  тренингтер  ұйымдастырылды.  «Наурыз  –  жыл  басы»  атты  дөңгелек  үстелде  ата-

аналардың  Наурыз  мейрамы  туралы  түсініктері  толықтырылып,  олардың  грамматикалық 

тұрғыда  жүйелі  сөйлеу  дағдылары  қалыптастырылып,  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  туралы 

әңгіме, сұхбат жасалды. «Қазақ тілінде сөйлейік» тренингі өткізіліп, олармен әртүрлі ойын-

жаттығулар  арқылы  қазақ  тілінен  білімдері  тексеріліп,  арттырылды.    Сонымен  қатар,  ата-

аналарға отбасында баламен қазақ тілінен алған білімдерін бекітіп, одан әрі дамытуға қатысты  

тапсырмалар берілді.  

Жыл сайын ата-аналар балаларымен бірге «Біз және қазақ тілі» , «Қазақ тілін үйренейік», 

«Қазақ  тілін  сүйемін»  атты  викториналарға    белсене  қатысып,    онда  олар  қазақ  тілінен 

білімдерін көрсетеді. Викторина барысында әртүрлі қызықты дидатикалық ойындар, сюжеттік 

ойындар,  сөздік  ойындар  ұйымдастырылып,  балалардың  да,  ата-аналардың  да  қазақ  тіліне 

деген  қызығушылықтары  артады.  Ата-аналар  балаларының  тілді  меңгеруде,  өзара  қарым-

қатынасқа түсуде  қиналысқа түсетін тұстарын бақылап, осы бағытта көп жұмыс жасайды.  

Ата-аналарға арналған бұрышта қазақ тілінен өтілген материалдарды үйде бекітіп отыру 

үшін  тапсырмалар  беріледі.  Бұл  балалардың  отбасында  да  «тілдік  ортасын»  құруға,  сөзік 

қорларын  арттыруға,  меңгерген  сөздер  мен  сөз  тіркестерін,  сөйлемдерді,  ересектермен,  өз 

құрбыластарымен күнделікті өмірде қолдануына себеп болады.  

Қазақ тілінен меңгерген білімдері мен іскерліктерін бекітудің тиімді жолдарының бірі – 

балаларымен бірге ертеңгіліктерге, ермек ойындарына, байқауларға қатысу болып табылады. 

Аталған ісшараларда қазақ тілінде ән салып, тақпақтар оқып, әртүрлі қойылымдар қояды. Ата-

аналармен  жүргізілген  осындай  үздіксіз  жұмыстар  тәрбиеленушілердің  «Қазақшаң    қалай, 

балақай» қалалық байқауына қатысып, нәтижесінде Алғыс хаттармен, ІІІ дәрежелі дипломмен 

марапатталуына мүмкіндік берді. Байқау барысында тіл тазалығы, мәнерлілігі жөнінен ерекше 

көзге  түскен  байқауға  қатысушы  балалар  Сертификаттармен  марапатталды.  Бұның  бәрі 

отбасы мен балабақшаның тығыз байланысы мен өзара әріптестігінің нәтижесі екендігі сөзсіз.  

Осындай  әртүрлі  ісшараларды,  жұмыстарды    жан-жақты  ұйымдастыру  кезінде  «тіл 

ортасын  тану»,  оның  жетіспеушілігін  толтыру  және  сол  сияқты  мектеп  жасына  дейінгі 

балаларға қазақ тілін үйретудің тиімділігі жоғарлайды.    

 

 



Қолданылған әдебиеттер: 

1.  ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан газеті 

2012 ж. 

2.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуғаарналған  «Зерек  бала»,  «Біз 

мектепке барамыз» бағдарламалары.// Астана 2010 ж. 

3. «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журнал //  №5,2013ж. 

 

 

 



ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ- ДЕНІ САУ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ 

НЕГІЗГІ ЖОЛЫ 

 

 

Конырова Г.К. 

«№40 Негізгі мектебі»КММ, «Балбөбек»шағын орталығы 

 

 



Адам баласының басты байлығы – денсаулық екені баршамызға аян. Денсаулығымыз – 

байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы 

болу  үшін  салауатты  өмір  салтын  қалыптастырудың  маңызы  зор.  Тәуелсіз  мемлекетіміздің 



339 

 

тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет 



етері 

даусыз. 


Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаевтың 

Қазақстан 

халқына 


жолдауында 

айтылғандай,“Салауатты  өмір  салтын”  үстау  қазіргі  таңда  өзекті  мәселелердің  бірі  болып 

отыр.  

Балабақшамыздың  да  негізі  мақсаты  болашақта  жас  ұрпақты  халқына  қалаулы,  ата-



ананың  мақтанышы,  дені  сау,сымбатты,  шыныққан  адамгершілігі  мол  азамат  етіп  өсіріп 

тәрбиелеу.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыруда  біздің  қолданатын  технологиямыз    -  денсаулық 

сақтау технологиясы 

  Денсаулық    сақтау  технологиясы  –  бұл  бала  мен  педагог,  бала  мен  ата-ана,  бала  мен 

дәрігер  қарым-қатынасының  үрдісі  кезінде  жүзеге  асырылатын  тәрбиелеу-шынықтырудың, 

коррекциялық,  профилактикалық  әрекеттердің  тұтас  жүйесі.  Денсаулықты  сақтау 

технологиясының  мақсаты  –  мектепке  дейінгі  жастағы  балаға  денсаулығын  сақтауды 

қамтамасыз  ету,  салауатты  өмір  салты  бойынша  керекті  білімділік,  біліктіліктерді 

қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға үйрету.   

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала 

отырып,  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным»,  «Шығармашылық»,  «Әлеуметтік  орта»  атты  

білім  беру  салаларына  байланысты  мектепке  дейінгі  баланың  жас  ерекшелігіне  сай  оқу  іс-

әрекетін шығармашылық, ізденіс негізінде жүзеге асыруда. 

Денсаулық  кепілі  дене  шынықтыру  жаттығуларымен  ғана  дамиды.  Мектепке  дейінгі 

жаста  адамның  денсаулығының  өмір  бойы  қалыптасуы  орындалады.  Бұл  жаста  дене 

тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы  дамуына әсерін тигізеді. Осы жас 

аралығында  баланың  өзіндік  қасиеттері,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттеріне 

қызығушылығы  және  баланың  қабілеттері  ашыла  бастайды.    Кіші  мектепке  дейінгі  жас 

топтарында  әртүрлі  сауықтыру  іс-шаралары  ұйымдастырылуы  арқылы  біз  өзіміздің  дене 

шынықтыру  -  сауықтыру  және  профилактикалық  жұмыстар  жасай  отырып,  жүйелі  түрде 

дамытып  келеміз.  Ауруларды  алдын-алу  жұмыстарында  ұйқыдан  соң  сауықтыру 

жаттығуларын,  тыныс  алу  жаттығуларын  өткізуіміз  керек.  Жас  ерекшелігіне  байланысты 

жаттығу  түрлерінің  кешені  ойластырылды  және  олар  күрделі  түрде  топтастырылды. 

Шынықтыру  жаттығуларын  өткізбес  бұрын,  олардың  жас  ерекшеліктері  мен  дене  дамуы 

ескеріледі.  Сауықтыру іс -шараларында бір қалыпта сөйлеу ырғағы, мәнерлеп, дауыс ырғағын 

қойып  оқу  және  дауыс  аппаратын  қабылдауды  дамытуда  жұмыс  істелінеді.  Сондықтан 

денсаулықты  нығайту  технологиясы  жауапкершілікпен,  жаттығулар  мен  денсаулық 

жолдарының  жаттығулары  (өлең  шумақтарын,  үзінділері,  бала  әндеріне)  қаралады.    Дене 

шынықтыруды  нығайтуды  оқыту  технологиясы  баланың  жинақтылығын,  зейінін,  ойлау 

белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.  Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде 

балалардың  ойлау  қабілеттерін  ,  рухани  эстетикалық  талғамдарын,  өз  денсаулығын,  алға 

қойған  мақсаттарын,  ұйымдастырушылық  және  ақкөңілдік  қасиеттері  қалыптасады. 

Балалардың  барлығы  тәрбие  үрдісінде  денсаулықтарын  нығайтуға  және  жеке  жан-жақты 

дамуына  үлесін  қосады.  Спорттық  жарыстар  мен  түрлі  ойын  –  сауықтар  балалардың  ой 

санасының  қалыптасуына,  өзін  еркін  ұстап  және  жан  –  жақты  жетілуіне  әсер  етеді.  Дене 

тәрбиесіне  байланысты  шағын  орталықта  жыл  басында  «Денсаулық  апталығы»  өтті. 

«Денсаулық фестивалі-2014» «Әкем, шешем және мен» тақырыбында жанұялық жарыс өтті. 

Ата-  аналардың  қатысуымен  өткізіліетін  ойындар  мен  эстафеталық  жарыстардың  мақсаты 

баланың денсаулығын жақсарту, спорттық ойынға деген қызығушылығын ояту, балалардың 

бір-бірімен  қарым  –қатынасын  нығайтып  азамат  болуға  тәрбиелеу,  дене,  аяқ-  қол  бұлшық 

еттерін  шынықтыру,  спортты  сүюге  тәрбиелеу.  Яғни  күнделікті  сауықтыру-шынықтыру 

шараларының қарапайым түрлерін тереңдетіп күрделендіре отырып жүзеге асырылуда. 

Сабақ  барысында  оқушылардың  шаршауын  болдырмау  мүмкін  емес.Әйтсе 

де,мұғалімнің  міндеті-  сабақ  барысында  оқушыны  шаршататын  әсерлерді  азайту,  сабақты 

ұйымдастыруда  денсаулыққа  зияны,  әсері  тимейтін  әдістерді,  технологияларды  қолдану. 

Жалпы денсаулыққа зиянды әсер ететін факторлар: 

- дұрыс тамақтанбау; 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау