Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет23/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   363

47 

 

• Тиімді орынды таңдау 



• әзілді сезіну 

• ұрыс – керістен сақтану сияқты 

Сонымен қатар ата - аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты 

екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін; 

• Сиқырлы сөздер айту; 

• Баласының жетістігін айту 

• Сенімді болу 

• Көңіл - күйіне қарау 

• Намысына тимеу 

• Материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б) 

• Қарапайымдылық 

• Пікірін сыйлау 

Ата - аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары 

* Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата  - ана болғысы келеді; 

*  Барлық  отбасы  көмекті  қажет  етеді,  көмек  түрі  отбасының  нақты  қажеттіліктеріне 

байланысты болады; 

* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата - ананы,  яғни отбасын тәуелді ету 

емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу; 

* Баланың дамуы туралы ақпарат ата - аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға 

ықпал етеді; 

*  Әрбір  отбасы  көрсетілген  көмектің  тиімділігіне  көзі  жеткенде  ғана,  қоғамдық 

жұмыстарға белсене араласады; 

* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді; 

* Ата - анамен баланың ортақ қарым - қатынастары жөнінде кеңес беру; 

Ұйым ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты – отбасымен қарым-

қатынастың  тиімді,  оңтайлы  түрлері  арқылы  отбасын  мекеме  жұмысына  белсендіре 

араластыру,  бала  тәрбиесіне  деген  қызығушылықтарын  арттыру  болып  табылады.  Осыған 

байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс түрлері жоспарлануы мүмкін: 

Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация); 

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар; 

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті арнауға болады); 

Педагогикалық әңгімелер 

Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы түрде); 

Жиналыстар (оқу жылында  3-4 рет); 

 «Дөңгелек үстелдер» (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті тақырыптар төңірегінде 

әңгімелесу); 

Ата-аналарға  арналған  конференция  (ата-аналар,  шектеулі  мамандар,  тәрбиешілер 

өмірлік  жағдаяттарды  моделдейді,  тақырыптар  аналарға  арналған  «Анам  жайлы 

әңмелесейікші», әкелерге арналған «Мен үшін ең қымбат жан» т.с.с.); 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету; 

Көрнекі насихаттық жұмыстар. 

Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында жүргізіледі. 

Бұл  жұмыстың  негізгі  мақсаты  ата-аналарды  балалардың  білім  алу  және  тәрбиелену 

ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар өмір сүріп отырған ортаның 

материалдық-техникалық  базасымен  және  осы  ортаның  оқу-әдістемелік  қамтамасыздану 

дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен, мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың 

оң көзқарастарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру. 

Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін, даму деңгейін 

ғана  көрсетіп  қоймайды,  сонымен  қатар  топ  ішінде  сабақтардың  ұйымдастырылу 

ерекшеліктерімен  де  таныстырады.  Сондай-ақ  балабақшада  балалар  тек  ойын  әрекетімен 

айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды. 



48 

 

Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы мүмкін. Бұл 



кеңесті  әсіресе  оқу  жылының  басында  өткізген  ыңғайлы.  Көбіне  бұл  бала  тәрбиесінде 

кездесетін өзекті мәселелерге арналады. 

Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және кешке әкеткенде 

тәрбиешінің  ата-анамен  әңгімелесуінен  бастау  алады,  тәрбиеші  оларға  бала  тәрбиесіне 

қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып, ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да 

өткізуге болады. 

Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін. Бұл кеңестерді 

тәрбиеші,  дәрігер,  шектеулі  мамандар  бере  алады.  Тақырыптар  жиі  кездесетін  сұрақтар 

төңірегінде таңдалады. 

Жиналыстар  –  оқу  жылында  бірнеше  рет  ұйымдастырылады.  Баланың  жетістіктері 

жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі мәселелері шешіледі. 

Дөңгелек  үстелдер  –  еркін  түрде  ұйымдастырылып,  еркін  ашық  әңгімелесуге 

бағытталған.  Бұл  ата-аналардың  ашылып  әңгімелесулеріне  мүмкіндік  береді.  Тақырыптар 

тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың сұранысымен таңдалуы мүмкін. 

Конференция  –  түрлі  жағдаяттарды  моделдеу  арқылы  ата-аналарға  балабақшаның 

тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады. 

Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз ету – бұл 

ата-аналарға  бала  дамуындағы  ерекшеліктер  туралы  кәсіби  кеңестер  беру.  Арнайы 

педагогикалық  немесе  медециналық  мамандықтары  жоқ  ата-аналар  кей  кездері 

қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден мүмкін. Осыған байланысты 

мұндай кеңестердің маңызы өте зор. 

Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер бұрышы, мәзір 

т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек. Көрнекі ақпараттар ата-аналарға 

өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл жұмыс түріне аса бір шығармашылықпен қарған жөн. 

Осыған орай мынадай қызықты жұмыстарды жүргізуге болды: 

«Біз  кішкентай  болғанда»  -  ата-аналардың  өз  балаларының  кішірек  кезі  жайындағы 

қысқаша әңгімелері. 

«Мен  үйренген  нәрсе»  -  әр  баланың  жетістігі  туралы  тәрбиеші  тарапынан  жасалатын 

ақпарат. 

«Бала тілімен» - балалардың тосын айтқан қызықты әңгімелері. 

«Мен  не  туралы  ойлаймын»  -  баланың  қандайда  бір  адамға  байланысты,  құбылысқа 

байланысты айтқан қызықты ойларының жазбасы. 

«Өзім  жайлы»  -  әр  бала  туралы  қысқаша  таныстыру  ақпараты.  Бұл  парақтар  топқа 

әкелетін  дәліз  бойымен  қабырғаға  ілінуі  немесе  топтық  қабылдау  бөлмесінің  қабырғасына 

ілінуі мүмкін. 

«Эстафеталық  кітапша»  -  ата-аналар  бала  тәрбиесінде  кездесіп  жүрген 

қиыншылықтарымен бөлісетін арнайы кітапша. Бұл сұрақтарға ата-аналар да, тәрбиешілер де 

өз ойларын жазып білдірулері мүмкін. Жұмыстың бұл түрі отбасымен тығыз қарым-қатынас 

жасауға, достық қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. 

Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты  – оларды 

ата-аналармен  және  отбасы  мүшелерімен  мәдени  қарым-қатынас  жасауға  үйрету.  Аталған 

бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі: 

Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша әдістемелік 

көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау; 

Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді қамтамасыз ету; 

Отбасы  мүшелірімен  қарым-қатынас  жасау  мәдениеті  бойынша  психолог  тарапынан 

кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау; 

Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-шарттың мазмұнын 

нақты білулерін қамтамасыз ету; 

Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары; 

Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз ету; 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау