454
Дошкольники обучаются в процессе различных видов деятельности. Подбор различных
заданий игр и игровых упражнений создает условия для накопления пассивного словаря и
дальнейшей его трансформации в активный словарь. Разнообразный характер предлагаемых
детям заданий позволяет избегать переутомления дошкольников. Широкий спектр игр,
игровых упражнений способствует решению различных образовательных задач: закрепление
и расширение знаний об окружающем, навыков счета, формирование умения ориентироваться
во времени и пространстве, развитие логического мышления, внимания, памяти и т.д.
Презентация по формированию триязычия у детей дошкольного возраста является
практическим приложением к рабочим тетрадям. Она способна заменить весь наглядно-
демонстрационный материал, содержит яркие красочные картинки и задания по всем темам,
способствует поддержанию интереса детей на протяжении всего занятия, относится к
современным информационно- коммуникативным технологиям.
Для самостоятельной творческой деятельности детей в детском саду создана предметно
развивающая среда, с целью погружения их в языковое пространство, которое включает в
себя:
музыкальный видео-, аудиоматериал на кассетах, дисках, иных носителях;
словесные настольно- печатные игры, пособия книги;
ситуативные, ролевые, театрализованные игры с лексическим содержанием;
утренники, развлечения, праздники, конкурсы чтецов, на которых дети могут
показать свои достижения в инсценировке сказок и декламации стихов.
Мы надеемся, что вся проводимая нами работа будет способствовать формированию
высокоинтеллектуальной
полиязычной
личности,
в
совершенстве
владеющей
государственном языком, грамотно и красиво говорящей по- русски, стремящейся изучить
английский язык.
Используемая литература:
1. Богуш А. М. Методика обучения русскому языку в дошкольных учереждениях. Киев.1990г.
2. Жүсіпова Д.З. , Исхакова Ф.Қ., Омарғалиева Т.Ж., Ноғайбекова Б.Ж. Тіл дамытудың
ғажайып әлемі. Аруна баспасы.
3. Королевство трех языков «Нұрсәуле- Лучик» серия – Шымкент : «Шикула и К» ЖШС
2009г.
4. Протасова Е.Ю, Родина Н.М. Русский язык для дошкольников . Злотоуст. 2001г.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ
САҚТАУ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мукашева Д.М., Елышева Н.А.
«№6 «Алданыш» б/б КМҚК
Қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және
экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең
ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Осы ретте, елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан – 2030» бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Мемлекетіміздегі
азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында
денешынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Бүгінгі
таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта білім беретін мекемелерде жан-
455
жақты, дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан жеке тұлғаларды
тәрбиелеу басты талап етіп қойылған, [1.3б.].
«Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» дейді халқымыз. Ата-
бабаларымыздың бұл дана ой-пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған
шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер
жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты,
мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып
іс-әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік-жігер қажет, әрі ұзақ денсаулықты
сақтау қиын. Балалардың салауатты өмір сүруін отбасынан, балабақшадан бастап, одан кейін
мектептерде жалғасын тапса. Мектепке дейінгі кіші топтардан бастап сауықтыру іс-шаралары
ұйымдастырылуы арқылы біз өзіміздің денешынықтыру сауықтыру және сауықтыру ем- шара
жұмыстар жүйелі түрде дамытып келеміз. Ұйқыдан соң сауықтыру жаттығуларын, тыныс алу
жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты денеге әсер ететін жаттығулар жасап
отырамыз. Шынықтыру жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене
дамуы ескеріледі. Баланың ойын ойнау арқылы өзін-өзі тануына достарын бағалай білуге
құрметтеуге, ренжітпеуге, есте сақтау қабілеттерінің дамуына, денсаулығын сақтау
құзіреттілігін қлыптастыруға ат салысамыз.
Адамның бала кезінде ойнаған ойындары өмір бойы ұмытылмай сақталып қалуы және
жасы ұлғайған сайын аңсауы ойын әсерінің күштілігінің белгісі. Ұлттық ойындар арқылы
салауатты өмір салтына баулу мүмкіншілігі жоғары бағалауға болады және тәрбиелік әсерінің
төмендегідей бағыттарын басшылыққа алып қарастырылды:
- қазақтың ұлттық ойындары – халық мәдениетінің бір тармағы ретінде;
- ұлттық ойындар негізінде баланың денесін шынықтыру және болашақ еңбек
дағдыларына қажетті дене қозғалыстарына баулу;
- ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары арқылы балалар жерін, елін сүйетін патриоттыққа
тәрбиелеу;
- ұлттық ойындар салауатты өмір салтына қалыптастырады және көптеген оқу
құралдары арқылы ізденуге болады, [2. 6-7б.].
Ойынның ұлттық деп атауының астарында түрлі мағына жатыр. Олай болатыны ұлт
ойындары әртүрлі ерекшелігін даралап көрсететін ұлтқа тән қасиеттерді ашып айтып көрсете
алатындығымен ерекшеленеді. Екіншіден, ұлттық ойындар, ұлттық әдет-ғұрыптарды, салт-
сананы, дәстүрді өз ойына жақсы сіңірген, сол арқылы жас ұрпақ ана сүтімен ұлтқа тән
қасиеттерді ойын барысында еркін меңгеріп бойына жастайынан дамытуға мүмкіншілік
алады. Наурыз айында «Қыз қуу», «Ат жарыс», «Тоғыз құмалақ» сияқты ойындар, ересек
топтарда денешынықтыру ойын-сауықтары жүргізіледі, [4.56-57б.]. Спорттық жарыстар
мен түрлі ойын-сауықтар балалардың ой-санасының қалыптасуына, өзін еркін ұстап және жан-
жақты жетілуіне әсер етеді. Дене тәрбиесіне байланысты балабақшада жылына төрт рет
Денсаулық күні өтеді. Соның бірі балабақшамызда өткен «Әкем, шешем және мен»
тақырыбында жанұялық жарыс өтті. «Көңілді жарыстар», «Біз демалатын ауа», «Бәрімен
бірдей жаса, бәрінен күшті жаса», «Біздер спортшылырмыз», Биік ағаштар», «Тазалық еліне
саяхат» атты спорттық шынықтыру шаралары өтті, [3.8-9б.].
Денсаулықтың мықты болуы – адамның өзіне байланысты, бірақ біріншіден,
табиғатынан да денсаулығы мықты адамдар кездеседі. Әдетте, денсаулықтың қадірін адам
ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықты сақтаудың бірден-бір жолы – зиянды, жат
қылықтардан бойын аулақ салып, салауатты өмір салтын ұстанып өмір сүру. Ауырып ем
іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу әлдеқайда тиімдірек. Егер әр адам ақылға салып,
табиғаттың өзіне сыйлаған мүмкіндіктерін орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай
жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді. Бала күннен қалыптасқан
жеке бастың тазалығын сақтау әдеті болашақта да өз денсаулығына зор қамқорлықпен қарауға
үйретеді. Балалардың сымбатты тұлғасын қалыптастыру үшін денені тік ұстауға көмектесетін
бұлшық еттерін үнемі шынықтыру қажет. Сондықтан, мектепке дейінгі денешынықтыру
нұсқаушылары балаларға осы мәселелерді жете түсіндіру үшін, алдымен өздері жаттығуларды