Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет230/363
Дата21.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#27131
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   363

471 

 

бірінің ешқандай айырмашылығы жок. Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-



шатпақ  болып  көрінеді.  Сол  сияқты  Браиль  шрифтары  да  біздерге  түсініксіз.  Бұл  ретте 

мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне 

байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына да байланысты. 

Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты 

ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес /3, с. 78/.  

Саңырау  мұндай  тәсілді  пайдаланып  «көзімен  естуді»  үйренеді.  Мұңдай  ерекшелік 

көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-

қозғалысына  қарап,  оны  әрбір  затпен  салыстыра  отырып  оқуына  икемділігінде.  Мұндай 

процестердін  барлығы  И.П.Павлоп  пен  В.М.Бехтерев  негіздеген  шартты  рефлекс  пен  оның 

жасау  механизмімен  ұштасты.  Бір  мезгілде  екі  түрлі  тітіркендіргіштің  әсер  етуінен  белгілі 

дыбыс  пен  нүктелердің  өзара  қисындасуы  сан  рет  қайталану  нәтижесінде  сол  нүктелерде 

өздігінен  уақыттың  тоғысуына  орай  тітіркену  тудырып  отырады.  Жаңадан  пайда  болатын 

сипау  сезімі  бұрынғы  дыбыс  тітіркендіргіштеріне  ұқсас  түрде  бір  мезгілде  қайталанып 

отырады. Соған орай нүктелерді неғұрлым шапшаң ажырата білу тежелу заңдылығына сәйкес 

шартты рефлекстің жасалуыи қамтамасыз етеді.  

Жалпы  психологаялық  жағынан  кемістік  –  әлеуметгік  мінез-құлықты  өзгертуге  ықпал 

етеді.  Тірі  организмнің  мінез-құлқындағы  ерекшеліктер  өмірмен  байланысты  болудың 

нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың 

қайта  құрылуына  және  оның  өзгеруіне  әкеліп  соғады.  Кемтар  баланың  психологиялық 

ерекшеліктерінің  негізі  биологиялық  фактор  емес,  әлеуметтік  фактор  екендігін  көрсетеді. 

Психологиялық тұрғыдан алып қарағаңда соқырлардың әлеуметгік ортадағы жағдайы түрліше 

болады.  Соқырлық  америка  фермерінің  қызы  мен  украин  помещигінің  ұлы  үшін,  неміс 

герцогінің әйелі меи орыс шаруасының және Швеция пролетариаты үшін әр қилы фактілер 

сипатында болады. Олардың бұл жайында ұнымдары да түрліше болады.  

Сондықтан кемтар балалардың тәрбие мәселесін әлеуметтік жағдай тұрғысынан қарау 

керек.  Кемтар  баланың  әлеуметтік  тәрбиесінің  негізі  оның  табиғи  жетіспеушілігін  – 

әлеуметтік  жолмен  толықтыру  әдісі  -бірден-бір  ең  дұрыс  жол.  Арнаулы  тәрбие  әлеуметтік 

талапқа  бағынуы  керек.  Сөйтіп  біртұтас  мәселенің  белгілі  құрамды  бөлігі  ретінде  қаралуға 

тиіс.  Кемтар  балалаларға  ерекше  тәрбие  беріп  оқыту  қажеттілік  біз  бекерлей  алмаймыз, 

керісінше  соқырды  оқьш  үйренуге,  саңырауды  ауызша  сөйлеуге  үйренуге  үшін  арнаулы 

педагогикалық техника, ерекше әдіс керек.  

Ерте ме, кеш пе  адамзат  соқырлықты да,  саныраулықты да, кемақылдықты да женуге 

тиіс  деген  сенімдеміз.  Бұл  мәселеде  медицина  мен  биологияға  қарағанда,  әлеуметтік  және 

педагогикалық жағынан жеңіске бұрынырақ жетуі мүмкін. «Кемістігі бар бала» деген ұғымнан 

келешекте  педагогика  айтуға  ұялатын  шығар.  Сөйлейтін  саңырау,  жұмыс  істейтін  соқыр  – 

өмірге тең араласқандар өздерін кемтармыз деп айтуға және олай деп айтқызуға жол бермейді. 

Соқыр, саңырау, кемақыл, кемтар болмаудың сыры ет қолымызда. Келешекте кемтар деген 

ұғымды  біржолата  ұмытатын  боламыз.  Адам  нәсілінің  жетілуіне  сәйкес,  әлеуметтік 

құрылыстың  өзгеруіне  сәйкес  адамзаттың  өмір  сүру  ортасы  жақсарады.  Сокырлық 

саңыраудың  саны  азаяды.  Мүмкін  олар  тіптен  болмас.  Бірақ  олардан  да  бұрын  әлеуметтік 

жеңіске жететіні ақиқат. Соқырлық пен саңыраулық дене кемшілігі ретінде жер бетінде көпке 

дейін  сақталуы  мүмкін.  Бірақ  олар  кемтар  болмайды,  себебі,  кемтарлық  әлеуметтік  ұғым, 

«қеміс»  деген  соқырға,  саңырауға,  кемақылға    жабысқан  қаспақ  сияқты.  Ол  адам  қатты 

сілкінсе, бойынан түсіп қалады. Соқырлық өздігінен баланы кемтар жасамайды, оның кемтар 

болуы өмір сүрген әлеуметтік ортасына байланысты /4, с. 167/.  

Әлеуметтік тәрбие баланың кемтарлығын толықтырады. Бір кезде соқыр баланы кемтар 

десек, біздің жанымыздағылар бұл ойымызды қостай қоймайтын сәтке жетеміз. Бірақ соқыр 

деп,  саңырауды  саңырау  деп  атау  ғана  қалуы  мүмкін.  Қазіргі  таңда  еліміздегі  мүмкіндігі 

шектеулі балалар өзінің қадір-қасиетін қамтамасыз ететін, өзіне деген сенімділігін арттырып 

және  қоғамдық  өмірге  белсене  араласуына  жәрдемдесетін  толыққанды  жағдайларда  өмір 

сүруде.  



472 

 

 



 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.  Агафанов  А.Н.,  Мендибаев  К.Н.,  Туганбекова  К.М.  Социальная  работа:  теория  и 

технологии. – Астана, 2005. – С.325.  

2. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңы. – 2005.  

3.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы. – А., 2010.  

4.  Коррекционно-образовательные  программы  воспитания  и  обучения  детей  с  тяжелой 

умственной отсталостью. –Алматы, 2004. – С.258. 

 

 

 



«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚИСЫНДЫ ОЙЛАУ 

ҚАБІЛЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ» 

 

 

А. Е. Мұратова тәрбиеші 

«№82 ЖББОМ» жанындағы шағын-орталықтың 

 

 



Мектепке  алғаш  бару  –  бала  өміріне  үлкен  жаналық,  өзеріс  енгізеді,  қоғамдағы  жаңа 

орыңға  көшуі  мен  өсіп  –жетілуінің  бір  бастамасы.  Баланы  мектепке  дайындау  дегенде 

көптеген  ата  –  аналар  балаға  әріптерді  және  санауды  үйретумен  ғана  шектеледі.  Әрине 

баланың  оқуға  дайындығын  ақыл-ойының  даярлығымен  ғана  шектеліп  қоймай,  оның  оқуға 

псиологиялықжағынан  даярлауды  қарастыру  қажет.  Яғни,  бұл  баланың  мотивациялық  – 

қажеттілік  жәнепсихикалық  үрдәстерінің  дамуы  оқуда,  қарым-қатынаста  қиындыққа 

кезікпеуіне  мүмкіндік   береді.  Бұл    қауырт  кезеңде  мектеп  бірінші  күннен бастап  оқушыға 

бірнеше талаптар қойып және баланың ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан 

да балалар оқу ісіне машықтануға,қимыл- әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-

ой еңбегің, мақсаткерлігін,дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді. 

Бүгінгі  күнде  «мектептегі  оқуға  дайындық»  ұғымы  комплексті  және  баланың  барлық 

өмірінің сферасы  қамтиды. Мектепке дейінгі баланың  өмірінде әлеуметтік,психологиялдық 

жағынан  және  физиологиялық  жағынан  да  қиын  кезең.  Бұл    кезеңде  мектеп  өмірімен 

танысады,  әлеуметтік  ортасы  өзгеріс  және  оқушының  жаңа  әлеуметтік  рөлін  меңгере 

бастайды. 

Кез-келген  бала  жазып  және  санаумен    ғана  шектеліп  қана  қоймай,  ең  маңыздысы 

салыстыра  білуді,  талдауды,  ойлай  білуді,  өздігінен  қорытынды  жасай  білуі  тиіс.Көрнекі-

әрекеттік ойлау қабілеттілгі жоғары бала көрнекі үлгі жұмыс істегенде, заттардың кейпімен, 

мөлшерін  ұйқастырғанда,  қойылған  міндеттерді  шешуі  тиімді  әрекеттердің  барлық  түрін 

орындап шығады. 

Сонымен бірге баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы және өзіне сөйлеген сөздін 

мағынасын түсініп, өзінің ойын жеткізе алуы қажет.Бала өзбетімен сөйлем құрастырыпғ ұқсас 

дыбыс тіркестерін анық айта алуы маңызды.Әрбір бала әңгімені құрастырумен қатар әрі бала 

заттарды,  суреттерді,  әрекеттерді  бейнелеп  және  оның  мазмұнын  айтып  беруі  қажет.  Яғни, 

баланың сөздік қорқының мөлшері, таным үрдестерінің даму деңгейі,баланың оқуда білімді 

табысты  меңгеруінің  негізі  болып  табылады.М.М.  Кольцова  өзінің  еңбектерінде  «Бала 

мектепке  барар  алдында  көру-  моторлы  координациясы  біршама  дамыған  болуы  тиіс  және 

қолдың саусақтары мидың сөйлеу аймағы болып табылады» деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп 

допты лақтырып жіне ұстап алу әреекеттерін еркін орындап, қайшымен, қарындашпен, қыл-

қаламмен  жұмыс  істеу  біліктілігі  дамыған  болуы  керек.  Балаға  сурет  салғызу,  әртүрлі 

заттардан  құрастыру,  пластилинді  илеу  баланың  саусақтарын  дамытып  қана  қоймай,  ойлау 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау