D-o-4 санаты санаты үшін



Дата15.01.2020
өлшемі68 Kb.
#26597
түріКонкурс


Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар

D-O-4 санаты санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; ғылыми дәрежесінің болуы.



Санаты

Еңбексiңiргенжылдарына байланысты




min

max

D-O-4

83 282

112 430

«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 122, анықтама телефоны: 261-67-33, e-mail: www.uzsp.almatykala.kz, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін Басқарма қызметкерлері арасында ішкі конкурс жариялайды:

  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасының мүгедектерді оңалтуды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Мүгедектердің протезді - ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші құралдармен, слухопротезбен, жетек арбамен, инватакси қызметімен, жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, ымдау тіл мамандармен, санаторлы-курорттық емдеумен қамтамасыз етуді және аудан бөлімдерінде есепке тұруын бақылау; аудан бөлімдерінде мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін бақылау. Нормативтік құқықтық актілерді мониторинг жасауға қатысу. Алматы қаласы мүгедектерінің мәліметтер қорын жүргізу. Аудандық бөлімдерге тәжірибелік, әдістемелік көмек көрсету. Тұрғындар және заңды тұлғалар арасында кездесулер, семинарлар, ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсететін бөлімшелердің, мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарында жұмыстарына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық жасау. Бағыттайтын бөлімдерде мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін үйлестіру және бақылау жасау. Үкіметтік емес сектормен көрсетілетін арнайы әлеуметтік қызметтерге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау. Мүгедектерге объектілердің және барлық тіршілік әрекеті аясындағы қызметтердің қол жетімді болуын қамтамасыз етуді паспорттандыру бойынша жұмыстарды үйлестіру. Жаңалық телехабарлардың сурдоаудармамен хабар жүргізуін қамтамасыз етілуін бақылау. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімшелерінің және Алмалы, Әуезов аудандарының мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталықтарының үйде әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерін мерзімінен бұрын аттестациядан өтуін ұйымдастыру үшін Басқармада тұрақты жұмыс істейтін аттестациялық комиссия құрылған. Бағыттайтын бөлімдерде мамандардың мемлекеттік қызметтерді көрсетуіне бақылау жасау. Бағыттайтын бөлімдерінде мемлекеттік стандарттарға сәйкес регламенттерді әзірлейді және бекітуге жібереді. Жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.Алматы.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек көші-қон бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Шет елдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алуға, рұқсат мерзімін ұзартуға, рұқсат мерзімі аяқталғанда кепілдік жарнаны қайтаруға байланысты, сұрақтар бойынша кеңес береді. Жұмыс берушілердің өтініштері бойынша кепілдік жарнаны қайтаруға анықтамаларды дайындайды. Алматы қаласына шет елдік жұмыс күшін тартуға тұқсат беру туралы Комиссия отырыстарының шешімін және құжаттар пакетінің қарастыру қорытындылары туралы жұмысберушілерге хабарлама дайындайды. Шет елдік жұмыс күшін тарту үшін жұмыс берушілермен ұсынылған аудандық бөлімдер жолдайтын, жұмыс берушілердің құжаттар пакетін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігіне тексереді. Құжаттар пакетіне қорытындыларды дайындайды. Бекітілген Ережеге сәйкес кепілдік жарна бойынша құжаттардың дұрыс рәсімделуін тексереді. Жұмысберушілерге рұқсатты береді. Жұмысберушілерге рұқсат беру және рұқсат беру бланктерін тіркеу бойынша журналды жүргізеді. Рұқсат беру бланктерін тіркейді. Шет елдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру, ұзарту және қайтарып алу бойынша Басқарма басшылығының шешімін дайындап, жұсыберушілерді уақытылы хабардар етеді. Квота мөлшері бойынша жинақтық өтінімдерді құру үшін, алдыңғы жылға шет елдік жұмыс күшін тарту мөлшері бойынша жұмысберушілердің өтінімдерін жинақтайды және аудандық бөлімдерден жиыстыруды ұйымдастырады. Аудандық бөлімдерден келіп түскен, жұмысберушілердің есебі негізінде рұқсат берудің ерекше шарттарының орындалуы жөнінде мәліметтерді жинақтайды және мониторинг жүргізеді. Шет елдік жұмыс күшін тарту бойынша ақпараттық дерекқорын қалыптастырады, оны Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпараттық-аналитикалық орталығына береді. Қызығушылық танытқан ұйымдардың сұрауы бойынша, шет елдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер туралы мәліметтерді береді. Айсайынғы статистикалық есептер мен мәліметтерді құрады. Басқарманың жалпы бөліміне акт бойынша құртылған бланктерді өткізеді, рұқсат беру бланктерін алады. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастыру. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

  1. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Жетісу аудандық бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік.

Қызметтік міндеттері: Мүгедектрді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерді, тыл еңбеккерлерін, көпбалалы отбасыларды, мүгедектерді, мүгедек-балаларды, жағдайы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстарды жүргізеді. Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасын жүзеге асырады. Мөлшері 5,5 АЕК, 7,5 АЕК, 100 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін тағайындау үшін құжаттарды қабылдап, тіркейді және есепке алады. Мөлшері 5,5 АЕК, 7,5 АЕК, 100 АЕК мөлшеріндегі әлеуметтік көмегін алу мақсатында, өтінім берушілердің құқығы туралы сұрақтарды шешу үшін, өтінімбрушілердің материалдық-тұрмыс жағдайын тексеру актілерін құрады. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне қалалық қоғамдық көлікте жүруі үшін жол жүру билеттерін тоқсан сайын береді. Тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға суық және ыстық сумен жабдықтаудың есептеуіш құралдарын орнату мақсатында, тізімдерді құрып, құжаттарды қабылдайды. Ардагерлер үйіне, Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедетерге арналған Интернат-үйіне, Әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды орналастыру барысында көмек көрсетеді. Үйде көмек көрсету жағдайында, арнайы әлеуметтік көмекті көрсетуге құжаттарды қабылдайды. Айрықша немесе мереке күндерінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және басқа санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін Стандарттар мен регламенттерге сәйкес, мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Арнайы қозғалыс құралдарына, протездік-ортопедиялық құралдарына, сурдо-тифло-техникалық жабдықтарына, санаторлық-курорттық еммен және көмектің басқа түрлерімен қамтамасыз етілуіне мұқтаж мүгедектердің, мүгедек-балалардың саны туралы мәліметті дайындап, береді. Жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарастырады. Басқарма басшылығы жүктеген басқа да өкілеттіктерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология, немесе қызмет саласындағы жоғары білім. Осы лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін білімдер. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 15.06.2016 жылдан бастап 21.06.2016 жылға дейін.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау