20
коммуналдық қызметтер, қоғамдық тамақтану қызметтері, тасымалдау
қызметтері және т. б. жатады.;
2) Материалдық емес (әлеуметтік-мәдени) қызметтер - жеке тұлғаның
денсаулығын қалпына келтіруді, рухани
және физикалық дамуын
қамтамасыз ететін қызметтер.
Әлеуметтік-мәдени қызметтерге медициналық қызметтер, мәдениет,
туризм, білім және т. б. қызметтер жатқызылуы мүмкін.
ISIC халықаралық стандартты салалық жіктеме шеңберінде 600-ге
жуық қызметті сәйкестендіруге болады.
Сертификаттау объектілері ретінде қызметтердің ерекшеліктері:
♦ қызмет кӛрсету кезінде орындаушы мен тұтынушының тікелей ӛзара
іс-қимылы;
♦ тұтынушыға қызмет кӛрсету шарттарының әсері;
♦ кейбір қызметтерді ӛндіру (орындау) және тұтыну уақытының
сәйкес келуі;
♦ тұтынушылардың қызметінің сапасын бағалау және т. б.
ҚР СТ 3.5 қызметтерді сертификаттаудың бес сызбасы орнатылған.
1-Схема
қызмет атқарушысының шеберлігін бағалауды қарастырады,
ол жұмыс шарттарын, технологиялық
және нормативтік құжаттарды
білуін, жұмыс тәжірибесін, біліктілігін арттыру туралы мәліметтерді
тексеруді және қызмет нәтижелерін іріктеп тексеруді қамтиды. Жеке
тұлғалар мен шағын кәсіпорындар кӛрсететін қызметтерді сертификаттау
үшін қолдану ұсынылады.
2-Схема
қызмет кӛрсету процесін бағалауды қарастырады, ол
технологиялық
процесті, Орындаушының шеберлігін, қызмет кӛрсету
шарттарын тексеруді және қызмет сапасын бағалауды қамтиды.
3-Схема
қызметтің барлық операцияларын толық тексеруді және
оның соңғы нәтижесін қарастырады. Материалдық қызметтерді
сертификаттау үшін қолданылады (мысалы, жеке тапсырыстар бойынша
бұйымдарды жӛндеу және дайындау).
4-Схема
оған сынып (санат) бере отырып, кәсіпорынды аттестаттауды
кӛздейді.
Қонақ
үйлердің,
мейрамханалардың,
шаштараздардың,
кинотеатрлардың және т. б. қызметтерін сертификаттау
кезінде қолдану
ұсынылады.
5-Схема
сапа жүйесін сертификаттауды кӛздейді. Барлық қызмет
түрлерін сертификаттау кезінде қолданылуы мүмкін.
Қызметтерді сертификаттау мынадай ретпен жүзеге асырылады:
♦ сертификаттауға ӛтінім беру;
♦ ӛтінім бойынша шешім қабылдау;
♦ сертификаттау схемасын таңдау;
21
♦ сертификаттау жӛніндегі орган мен ӛтініш беруші арасындағы
сертификаттау жӛніндегі жұмыстарды жүргізуге келісім-шарт ресімдеу;
♦ қызметті сынау немесе қызмет кӛрсету
процесін бағалау,
орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа жүйесін
сертификаттау;
♦ алынған нәтижелерді талдау және сәйкестік сертификатын беру
мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
♦ сәйкестік сертификатын беру
және оны ҚР МСЖ мемлекеттік
тізіліміне енгізу;
♦ сертификатталған қызметті сәйкестік белгісімен таңбалау
♦ сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: