6 9
« А Ш Ы Қ Қ О Ғ А М » Қ О Р Ы Н Ы Ң Е С Е П Т Е М Е С І 2 0 1 3
Қазақстанда кез келген сын материалы тəуекелдікті қажет етеді. «Менің журналистік зерттеулердің
жай-күйіне беретін бағам – жанр нашар дамып жатыр. Бұл əбден мүмкін, себебі журналистер бұл
жанрда жұмыс істеуден қорқады: зерттеуді талап етпейтін əлдебір жаңалықтар материалдарын
жазу анағұрлым оңай»,
143
– дейді жаңалықтардың онлайн-редакторы Айжан Түгелбаева.
Журналистік зерттеулердің құқықтық негіздемесіне «Қазақстан Республикасының ақпарат
жəне коммуникациялық желілер мəселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгертулер
мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы ықпал етті. Ол интернет-ресурстарды БАҚ-тарға
теңдестіріп, оларды реттеу механизмін қатайтты
144
(бұл туралы егжей-тегжейлі 7.1.2.1-тармақтан
оқуыңызға болады). 2012 жылдың шілдесінде қабылданған «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі
туралы» Заң ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген желеумен шенеуніктер тарапынан БАҚ-
тарға тікелей бақылау жасау мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр.
145
«Əділ сөз» қоғамдық қорының заң қызметтерін басқарушы Ганна Красильникованың пікірі
бойынша, зерттеулермен айналысатын журналистер заң тұрғысынан айтарлықтай қауіп-қатерлерге
тап болады. БАҚ-тардың жұмысын реттейтін заңнама да, бұқаралық ақпарат құралдарының
меншік иелері де журналистердің қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайды. Əшкерелеудің кез келген
түрі «жала жабу əрекеті» деп айыпталуға ұрындырады. Халықаралық стандарттар бұл жерде
қолданылмайды».
146
Прашкевич ханым да, нарықтың қысымын Қазақстандағы журналистік зерттеулер үшін кедергі
ретінде ерекше атап өтті: «Ондай зерттеулер жүргізу – БАҚ-тар мен баспа үйлері үшін арзан
нəрсе емес. Зерттеуші журналистиканың ілесе жүретін қауіп-қатерлеріне өзге, ол көп уақытты
сарп етуді талап етеді».
147
Жаңа технологиялар зерттеулер жүргізу үшін қосымша мүмкіндіктер
ашқанмен, оны пайдаланатындар аз.
4.2.1. Мүмкіндіктер
Қазақстанда дəстүрлі БАҚ-тар журналистік зерттеулерді аз жүргізетін болса да, цифрлау ол үшін
бұл жанрдың дамуына септігін тигізе алатын жаңа құралдар берді. Технологиялар ақпараттың
саны көп көздеріне жəне билік органдары тарапынан аз дəрежеде бақыланатын мультимедиа
қызметтерінің көмегімен оқырмандармен қарым-қатынас жасаудың жаңа тəсілдеріне жол ашты
(бұл туралы 4.2.3-тармақтан оқи аласыз).
143
Tengrinews
редакторы жəне тілшісі Айжан Түгелбаевамен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың 5-і.
144 Comport.region.kz/,
«Қазақстанда интернетті реттеу туралы Заң», 2009 жылғы қаңтардың 22-сі, http://comport.region.kz/forum/
viewtopic.php?p=19960 (қолжетімді күн: 2013 жылғы 17 сəуір).
145 Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтардың 6-ындағы № 527-IV «Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңы,
http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=31106860 (қолжетімді күн: 2013 жылғы сəуірдің 17-сі).
146 «Əділ сөз» қоғамдық қорының заң қызметтерін басқарушы Г.Красильниковамен сұхбат, Алматы қ., 2012 жылғы қарашаның 4-і.
147 «GOOD»
жарнама агенттігінің PR-маманы, Nur.kz-тің редакторы Жанна Прашкевичпен сұхбат, Алматы, 2011 жылғы наурыздың
14-і.