Сымды желіге қосылу
Жергілікті желіге (LAN) қосылу 8-істікшені, RJ-45 желілік кабелін (бөлек сатылады) талап етеді.
Егер желі кабелінде ТД жəне радио толқындарының бөгеуілдерін болдырмайтын құрал (1) бар
болса, кабельдің (2) бұл құрал орналасқан ұшын компьютерге қарай орналастырыңыз.
Желілік кабельді жалғау үшін
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен
аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
1.
Желі кабелін компьютердегі желі ұясына (1) жалғаңыз.
2.
Кабельдің басқа ұшын желі ұясына (2) жалғаңыз.
26
Бап 3 Интернет
Сымсыз желіге қосылу
Сымсыз құрылғыларды қолдану
Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Компьютер төмендегі сымсыз құрылғылардың бірімен жабдықталған болуы мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы - Корпоративті кеңселерде, үйіңізде жəне
əуежайлар, ресторандар, кофеханалар, қонақ үйлер жəне университеттер сияқты қоғамдық
орындарда компьютерді сымсыз жергілікті желіге (жалпы Wi-Fi, сымсыз LAN немесе WLAN
желілер болып табылады) қосады. WLAN желісінде əрбір мобильді сымсыз құрылғы сымсыз
жол жоспарлағышымен немесе сымсыз кіру нүктесімен байланысады.
●
Мобильді кең ауқымды НР модулі (таңдаулы модельдерде ғана) - сымсыз жаһандық желінің
(WWAN) құрылғысы арқылы ақпаратқа мобильді желі операторының қызметі қолданылатын
орындарда қатынас орнатылады. WWAN қосылымы пайдаланылған кезде əр мобильді
құрылғы мобильді желі операторының негізгі стансасына сигнал жібереді. Мобильді желі
операторлары негізгі стансалардың (ұялы телефон сигналдарын таратқыштарға ұқсас)
желілерін бүкіл облыстар, аудандар немесе елдерде қызмет көрсету үшін түрлі орындарда
орнатады.
●
Bluetooth® құрылғысы - компьютерлер, телефондар, принтерлер, құлақаспаптар,
үндеткіштер жəне камералар сияқты басқа Bluetooth қосылған құрылғылармен байланысу
үшін басқа жеке аймақтық желіні (PAN) жасайды. Дербес желі пайдаланылған кезде, əр
құрылғы басқа құрылғылармен тікелей байланысады жəне құрылғылар бір-біріне жақын
жерде - 10 метр (шамамен 33 фут) қашықтығында орналасуы тиіс.
Құрылғы мына IEEE өнеркəсіптік стандарттарын қолдайды:
●
802.11b, алғашқы танымал стандарт, секундына 11 мегапиксельден жоғары деректерді
тасымалдау жылдамдығын қолданады жəне 2.4 ГГц жиілігінде жұмыс істейді.
●
802.11g секундына 54 мегапиксельден жоғары деректерді тасымалдау жылдамдығын
қолданады жəне 2.4 ГГц жиілігінде жұмыс істейді. 802.11g WLAN құрылғысы 802.11b
құрылғыларына кері үйлесімді, сондықтан бірдей желіде жұмыс істей алады.
Сымсыз технология туралы қосымша ақпарат алу үшін, анықтама жəне қолдау орталығындағы
веб-тораптар сілтемелерін жəне мəліметтерді қараңыз.
Сымсыз жəне желі күйінің белгішелерін анықтау
Белгіше
Атауы
Сипаттама
Сымсыз (қосылған)
Сымсыз байланыс шамының орнын жəне компьютердегі
сымсыз байланыс қосқышын анықтайды. Сонымен қатар,
бір немесе бірнеше сымсыз құрылғының қосулы болуын
айқындайды.
Сымсыз (ажыратылған)
Барлық сымсыз құрылғылардың өшірулі болуын көрсетеді.
Сымсыз желінің қосылуы (қосылған)
Бір немесе бірнеше WLAN құрылғыларының желі
қосылғандығын көрсетеді.
Сымсыз желіге қосылу
27
Сымсыз желінің қосылуы ажыратылған)
Бір немесе бірнеше WLAN құрылғыларының желі
ажыратылғандығын көрсетеді.
Желі күйі (қосылған)
Бір немесе бірнеше LAN драйверлерінің орнатылғандығын
жəне бір немесе бірнеше LAN құрылғыларының желіге
қосылғандығын көрсетеді.
Желі күйі (ажыратылған)
Бір немесе бірнеше LAN драйверлерінің орнатылғандығын,
бірақ ешбір LAN құрылғыларының желіге қосылмағандығын
көрсетеді.
Сымсыз басқару элементтерін пайдалану
Осы мүмкіндіктерді қолдану арқылы компьютердегі сымсыз құрылғыларды басқаруға болады:
●
Сымсыз байланыс қосқышы
●
Амалдық жүйе басқару элементтері
Сымсыз байланыс қосқышын пайдалану
Компьютерде сымсыз байланыс қосқышы, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар жəне сымсыз
байланыс шамы болады. Компьютердегі барлық сымсыз құрылғылар зауытта қосылған,
сондықтан сымсыз байланыс шамы компьютерді қосқан кезде (көк) жанады.
Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін
анықтайды. Сымсыз байланыс шамы көк болса, кем дегенде бір сымсыз құрылғы қосылған. Егер
сымсыз байланыс шамы сары түсті болса, сымсыз құрылғылар өшірілген.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылғандықтан, бірден сымсыз құрылғылардың барлығын қосу
немесе ажырату үшін, сымсыз байланыс қосқышын қолдануға болады.
HP Connection Manager бағдарламалық құралын пайдалану (таңдаулы
модельдерде ғана)
HP Connection Manager құралын WWAN желісіне компьютердегі НР Мобильді кең ауқымды
құрылғысын (таңдаулы модельдерде ғана) пайдалану арқылы қосу үшін пайдалануға болады.
▲
Connection Manager құралын бастау үшін тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан
хабарландыру аймағындағы
Connection Manager белгішесін нұқыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау)
> Все программы (Барлық бағдарламалар)
> HP Connection Manager (НР
қосылуды реттеушісі)> HP Connection Manager (НР қосылуды реттеушісі) тармақтарын
таңдаңыз.
Қосылуды реттеушіні пайдалану туралы егжей-тегжейлі мəліметтер алу үшін Қосылымды
реттеушініңанықтамасын қараңыз.
28
Бап 3 Интернет