Цель курса


Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)



жүктеу 1,08 Mb.
бет2/4
Дата10.12.2017
өлшемі1,08 Mb.
#3765
1   2   3   4


5. Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі).

(Бұл пән бойынша дәріс сағаттары жоспарланбаған)

6. Практикалық жұмыстардың жоспары.




Тақырыбы

Практикалық жұмыс мазмұны

Апта

Әдебиеттер

1

Бүтін сандарды түрлендірудің функциялары мен процедуралары

Бүтін сандарды түрлендіру командаларын қолданып программалау.

1

Абрамов 36-37 беттер


2

Символдық айнымалылар-ды түрлендіру функциялары мен процедуралары

Символдық айнымалыларды түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді шешу

2

Марченко 34-40 беттер, Попов 45-47 беттер

3

Ішкі программалар-ды қолданып, қиынырақ есептердің программасын құру.

1.Функцияны қолданып программалау

2.Процедураны қолданып программалау

3. Рекурсия


3

Попов 45-47 беттер

Масанов 60-64 ,74-76 беттер



4

Массивті, матрицаны түрлендіру.

1. Массивті, матрицаны түрлендіру.

2. Массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау



4

Попов 186-188 беттер,

Масанов 68-70 беттер



5

Жазба құрылымдық типі.

1.Жазба құрылымдық типі.

2. Жазбаны қолданып қиынырақ есептерді программалау



5

Марченко 48-49,35-36 беттер

6

Файлмен жұмыс. Программалау-да файлды қолдану

1. Файлмен жұмыс командалары.

2. Программалауда файлды қолдану

6

Попов 235-251, 269 беттер

7

Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген олимпиадалық есептер

Құрылымдық типтерді түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау

7

Абрамов 51 беттер

8

Модуль. Модуль құрылымы

1.Стандарт модульдер.

2.Модуль құрылымы



8

Марченко 236 беттер

9

Модуль жасау. Жасалған модульді программада қолдану.

Модуль жасау. Жасалған модульді программада қолдану.

9

Марченко 351-358 беттер

10

Объектілер. ОБП- ның негізгі принциптері. Объект жасау

1.Объектілер.

2. ОБП- ның негізгі принциптері.

3. Объект жасау


10

Марченко 247-248 беттер

11

Динамикалық жады. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары

1. Динамикалық жады.

2. Динамикалық жадыны қолдану функциялары мен процедуралары




11

Абрамов 238-241 беттер, Марченко 272-273 беттер

12

Көрсеткіштер. Көрсеткіштер-ді қолдану.

1. Адрес және көрсеткіш.

2.Көрсеткішті қолдану.



12

[3] 140-154 бет, [9] 135-145 бет, [5] 241-256 бет.

13

Комбинаторика элементтерін қолданып программамалау.

Комбинаторика элементтеріне берілген еолимпиада есептерін шешу.

13

Марченко 359-360 беттер

14

Криптография есептерін программалау.

Криптография есептерін программалау.

14

Марченко 363-376, 320-323 беттер

15

Информатика пәнінен қалалық, облыстық олимпиада есептерін шешу.

1. Информатика пәнінен қалалық, олимпиада есептерін шешу.

2. Облыстық олимпиада есептерін шешу.

15

Газет,журналдар



7. Пәнді оқыту жөнінде әдістемелік нұсқаулар.

Пәнді оқыту негізінен практикалық жұмыс, СОБӨЖ және өзіндік жұмыстар түрінде жүргізіледі. Оқу материалының мазмұны студенттерден сұралып, қайталанды. «Қиын есептерді шешу» курсын оқу нәтижесінде студенттер Turbo (Borland) Pascal және Borland Delphi ортасында қиынырақ есептерді программалауға үйренеді. Пәнді оқытуда студенттердің алгоритмдеу білімін жетілдіре отырып, төменгі курста оқылған Паскаль программалау тілі тереңдетіледі. Пәнді оқыту барысында аталған программалау тілінің негізгі операторларын қолдана отырып, күрделі математикалық есептердің программасын құру дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру, программалау технологиясының құрылымдық, модульдік, объектілі-бағдарлы түрлерінің ерекшеліктерін білуге үйрету жүзеге асырылады. Бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінік қалыптастыру және машықтандыру іскерлігі қалыптастыру жүзеге асырылады.



Негізгі қолданылатын әдістер: программалап оқыту, салыстыра оқыту.
Өздік жұмыста Паскаль программалау ортасында студенттер тақырып бойынша берілген есептің программасын құру оны орындату, түзету, нәтижесін талдауды жүзеге асырады. Оқытушы басшылығымен өткізілетін өзіндік жұмыста оқу материалының теориялық қосымша сұрақтары талданады, қосымша берілген есеп программалары құрылады, тексеріледі және талқыланады. Бақылау сұрақтарының жауаптары тексеріледі. Студенттің үй жұмысында бұрын алған білімдерін бекітуге арналған тапсырмалар беріледі.

Студенттердің білімін тексеру өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындауы, шығармашылық жұмыс, коллоквиум, тестілеу түрінде ұйымдастырылады. Шығармашылық жұмыста студенттер Паскаль программалау тілінің құралдарын қолданып тестілеу, оқыту, жаттығу программаларын өздігімен жасап, оларды презентациялайды. Шығармашылық жұмыс студенттің алған білімін қорытындылау, шығармашылық белсенділігін арттыру, өз бетімен жұмысын жоспарлай алу, пән бойынша алған білімін өз бетінше қолдана алу сияқты қасиеттерін дамытады.




8. Практикалық жұмыстар орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар.

Практикалық жұмыста студенттер Turbo Pascal ортасында программалауды тереңдетіп үйренеді. Төменгі курста оқыған Турбо-Паскаль программалау тілінің операторларын қолдана отырып, оның қосымша мүмкіндіктерін жүзеге асыра отырып, күрделі математикалық есептердің программасын құру дағдысы мен іскерлігі қалыптастырылады. Паскальда модуль жасау, объект жасауды жүзеге асыра отырып, оның графиктік мүмкіндіктерін қолдана отырып, түрлі модельдер жасауға үйренеді. Көрсеткіш, динамикалық жады ұғымдары беріледі. Паскаль тілінде информатиканың олимпиадалық есептерінің программасы құрылады.

Практикалық жұмыстарды орындау барысында студенттер

символдық айнымалыларды түрлендіру функцияларын жетілдіріп, символдық айнымалыларға берілген олимпиадалық есептерді шешу;

ішкі программа: функция, процедураны қолдана отырып, қиынырақ есептерді шешу, массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді шешу, жазбаны түрлендіруге берілген қиынырақ есептерді шешу

қолданушы модулін жасау, компиляциялау және оны басқа модуль жасауда қолдану; объект жасау; графиктік мүмкіндіктерді қолданып, түрлі модульдер жасау, көрсеткіш, динамикалық жады ұғымдарын білімі мен іскерлігін дамыту жүзеге асырылады.


Практикалық жұмыс соңында студент берілген есептің Паскаль тіліндегі программасын көрсетіп, оны орындатып, тестілеуді жүзеге асырады. Тақырыпқа сәйкес бақылау сұрақтарына жауап береді.


1- апта

1 кредит сағат.

Практикалық сабақ 1.

Тақырыбы: Бүтін санды арифметика. Бүтін сандарды түрлендіру командалары.

Мазмұны:

Бүтін сандарды түрлендірудің функциялары мен процедуралары

Сандық есептеулер бүтін және нақты сандар жиынында жүзеге асырылады. Математикалық жағынан қарағанда бүтін сандар нақты сандардың ішкі жиыны болып табылады. Бүтін санды арифметиканың ЭЕМ- де нақты санды арифметикаға қарағанда 3 негізгі артықшылығы бар:



  • бүтін сандар өзінің дәл мәні арқылы беріледі

  • бүтін санды арифметиканың операциялары дәл нәтиже береді

  • бүтін санды арифметиканың операциялары нақты санды арифметика операцияларына қарағанда тез орындалады

Бүтін типтің кемшілігі болып мүмкін болатын қабылдайтын мәндер аралығының диапазонының аздығы саналады. Программаның орындалуы барысында бүтін сан шекарасынан асп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қате нәтиже шығады. Мұндай қауіп болуы мүмкін болса, программалаушы бүтін санның толып қалуын қадағалауы керек.

Көбінесе бүтін тип санауыш, индекс т.б. бүтін санды шаманы өрнектеу үшін қолданылады. Бүтін тип реттік тип болып табылатыны белгілі.

Бүтін типке қолданылатын стандарт функциялар:

mod, div,ord(x), pred(x), succ(x).

Бүтін санды арифметика тақырыбы бойынша қиынырақ есептердің программасын құруды қарастыру.

Есеп1.

Бірнеше әр түрлі сомадағы ақшалар берілген. Берілген натурал санды берілген ақшалар сомалары арқылы қалай өрнектеуге болады?



Мысалы: Кіріс файлы 514 {берілген сан- s}

2 {ақша саны- n1}

3 {өсу ретімен берілген ақша сомасы

а-массиві}

5

(514 санын 3 және 5 сом 2 түрлі ақша сомасымен қалайша өрнектеуге болады?)

Шығыс файлы 3



101

(Жауабы:3 сомдықтан үшеу және 5 сомдықтан 101, яғни 514=3*3+5*101)

Әдебиеттер: [9] 68-70 бет, 327-332 бет.
Практикалық жұмыс №2.

Тақырыбы: Бүтін сандарды түрлендірудің функциялары мен процедуралары .

Тапсырма: Бүтін сандарды түрлендіру командаларын қолданып программалау.

  1. n натурал саны берілген. Санның жазылымында үш бірдей цифр бар ма екенін тексеріңіз.

  2. n және k натурал сандары берілген, nk санының жазылуында m цифрі бар ма екенін тексеріңіз.

  3. n натурал санының барлық бөлгіштерін табыңыз.

  4. Егер a,b,c натурал сандары a2+b2=c2 шартын орындаса Пифагор сандары деп аталады. N-нен кіші барлық Пифагор сандарын экран бетіне шығарыңыз.



2- апта

1 кредит сағат.

Практикалық сабақ 3.

Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендіру функциялары мен процедуралары.

Мазмұны:

1. Символдық айнымалыларды түрлендіру функциялары мен процедуралары

2. Олимпиадалық есептерді программалау

Символдық айнымалыларды түрлендірудің стандарт функциялары.

Length (a) – функциясы а символдық айнымалының ұзындығын табады. Функция нәтижесінде бүтін типті сан шығады.

Concat (a1, a2)- функциясы а1 және а2 жолдық айнымалыларды біріктіреді. (concat- конкатенация- біріктіру). Функция нәтижесінде жолдық айнымалы шығады.

Copy (a, n, k)- функциясы а жолының n-ші символынан бастап к символ көшіріп (немесе қиып) алады.

Pos (a1, a2)- функциясы а2 жолындағы а1 ішкі жолының басталу позициясын көрсетеді, егер а2 жолында а1 жолы жоқ болса, онда функция мәні 0-ге тең болады.

Әрбір символға компьютерде 0 мен 255 аралығындағы бүтін санды код сәйкес келеді. Символдар кодының кең тараған түрі ASCII коды. (American Standard Code for Information Interchange- ақпарат алмасу үшін арналған Америкалық кодтар стандарты ). ASCII- де символдардың коды 32-ден басталады. 0-ден 32-ге дейінгі компьютердің ақпаратпен түрлі жұмыс істеуіне арналған басқарушы кодтар.

Паскаль тілінде символдың ASCII кодтар кестесіне сәйкес кодын анықтайтын және оған керісінше, 0-ден 255-ке дейінгі бүтін санды кодқа сәйкес символды беретін 2 қарама-қарсы стандарт функциялар бар.

Ord функциясы символдың сәйкес кодын табады. (Ordinal value- реттік мәні)

Chr функциясы кодқа сәйкес символды береді. (character-cимвол)

Символдық айнымалылырды түрлендірудің стандарт процедуралары.

Delete (a, m, n) процедурасы a жолдың m-ші символынан бастап n символ жоюды жүзеге асырады.

Insert (a1, a2, n) процедурасы a1 ішкі жолын a2 жолының n нөмірлі символынан бастап а2 жолының арасына апарып қояды, а2 жолының қалған символдары соңына қарай ығысады.

Str (x, a)- x бүтін немесе нақты санды а символдық тұрақтыға түрлендіретін процедура.

Val (a, x, c) процедурасы Str-ға кері процедура. Ол а символдық тұрақтыны х санға айналдыруды жүзеге асырады. Мұндағы с- бүтін айнымалы. Егер а-ны х-ке түрлендіру мүмкін болса, яғни а-ның барлық символы сан болса, с айнымалысының мәні 0-ге тең. Керісінше жағдайда, с- ның мәні 1- символдың нөміріне тең.

Олимпиадалық есептерді программалауға түрлі есептер беріледі.

Есеп 1. 01 тізбегі.
a1, a2, a3...тізбегі нөл және бір цифрларынан құрастырылады. 0110100110010110... тізбегі былайша құрастырылады: алдымен нөл жазылады. Сонан соң келесі әрекет қайталанады: жазылған бөліктің оң жағына 0-ді 1-ге, 1-ді 0-ге алмастырып цифр жазылады, яғни келесі тізбекті аламыз: 0 - > 01 - > 0110 - > 01101001 - >...

Берілген N бойынша (N < = 100000) aN- ді табу керек.


Енгізу мысалы:
13
Шығару мысалы:
0


Әдебиеттер: [1] 158-175бет, [2] 69-72 бет, [3]112-115 бет, қ[1] 23-28 бет.

Практикалық жұмыс №4.

Тақырыбы: Символдық айнымалыларды түрлендіру функциялары мен процедуралары

Тапсырма: Символдық айнымалыларды түрлендіруге берілген есептерді шешіңдер

  1. Нүктемен аяқталатын жол берілген. Осы жолда неше сөз бар екенін санаңыздар.

  2. Жол берілген. Осы жолда abc әріптер тобы неше рет кездесетінін анықта.

  3. Хаттағы әр сөз керісінше жазылу арқылы шифрланған, хатты кері шифрлау арқылы оқыңыз.



3- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 5.

Тақырыбы: Ішкі программаларды қолданып, қиынырақ есептердің программасын құру.

Мазмұны:

1.Функцияны қолданып программалау

2.Процедураны қолданып программалау

3. Рекурсия

Паскаль тілінде ішкі (көмекші) программаның 2 түрі бар: процедура және функция.

Процедураның стандарт түрлерімен Read, Readln, Write,Writeln енгізу-шығару процедураларымен, символдық айнымалыларды түрлендірудің Delete, Str,Insert,Val процедураларымен т.с.с біз бұрыннан таныспыз. Программалаушыға сонымен қатар, өзінің процедура және функция жасауына болады.
Процедура деп қандай да бір есепті шешуге арналған атауы бар программа бөлігін атайды.

Процедура программаның процедураны сипаттау бөлімінде көрсетіледі.

Процедураның жазылуының жалпы түрі:

PROCEDURE процедура аты (типтері сипатталған формальды параметрлер тізімі);

<сипаттау бөлімдері>

Begin

операторлар бөлімі



End;

Формальды параметрлер деп процедура ішінде қолданылатын және процедураны әр шақырғанда әртүрлі бастапқы және соңғы мәнге ие болатын айнымалыларды атайды.

Программаның процедура бөліміндегі негізгі программаға қатысы жоқ айнымалы жергілікті айнымалы деп аталады. Олар процедурадан шығу кезінде жойылып кетеді. Жергілікті айнымалылар процедураның VAR бөлімінде сипатталуы тиіс.

Негізгі программаның қажетті жерінде процедураны шақыру операторы орналасады.

Процедураны шақыру операторының жазылу үлгісі:



Процедура аты (нақты параметрлер тізімі);

Процедураны қолдана отырып бірнеше нәтиже алуға болады. Бір ғана функция мәнін есептейтін ішкі программаны Паскальда функция деп атайды.

Функцияның жазылуының жалпы түрі:
FUNCTION функция аты (формальды параметрлер аты:типі):нәтиженің типі;

begin

функция денесінің операторлары



end;

Функция нәтижесі функция атымен бірдей болуы керек.

Функцияны шақыру операторының жазылу үлгісі:

Нәтиже:=функция аты (нақты параметрлер);

Рекурсия деп процедураның орындалу барысында өзіне-өзі сілтеу жасауды жүзеге асыратын есептеу процесін ұйымдастыруды айтады.

Мұндай сілтеу шексіз қайталанбауы үшін ішкі программа мәтінінде ол орындалғанда сілтеуді болдырмайтын қандай да бір шарт орналасуы керек.



Рекурсивті процедура мен функцияны қолдану мысалдары:

1. Берілген санның цифрларының қосындысын табу процедурасын қолданып, барлық үш таңбалы сандардың ішінен цифрларының қосындысы берілген N- ге тең сандарды шығарыңдар.



Мыс: N=5

Жауабы:104, 212,113,203, 410, 401,500.

2. Екі натурал санның ЕҮОБ табу процедурасын қолданып, берілген N санның ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

Ішкі программаны қолдану мысалына олимпиада есебін қарастырайық: Бірнеше әр түрлі сомадағы ақшалар берілген. Берілген натурал санды берілген ақшалар сомалары арқылы қалай өрнектеуге болады?

Мысалы: Кіріс файлы 514 {берілген сан- s}

2 {ақша саны- n1}

3 {өсу ретімен берілген ақша сомасы

а-массиві}

5

(514 санын 3 және 5 сом 2 түрлі ақша сомасымен қалайша өрнектеуге болады?)

Шығыс файлы 3



101

(Жауабы:3 сомдықтан үшеу және 5 сомдықтан 101, яғни 514=3*3+5*101)

Есептің Turbo Pascal тіліндегі программасы:



Program Moneta;

Var s,I,n,n1,k,l,l1:integer; a:array[1..100] of integer; label 10;

Procedure NOD (q,v:integer;var h:integer);

Begin while q<>v do

If q>v then q:=q-v elsr v:=v=q;h:=q;end; {ең үлкен ортақ бөлгішті

табу процедурасы}

begin readln(s);readln(n1); for i:=1 to n1 do readln(a[i]); NOD(a[1],a[2],l1); for i:=1 to n1-1 do NOD(a[i],l1,l); n:=s div a[n1];

Repeat

if n<=0 then begin write(‘no’);Goto 10; end; k:=s-n*a[n1]-l1;

if k mod l=0 then begin i:=i-1;l:= k div a[i]; l1:=a[i]; writeln)(l); end else n:=n-1;end;

Untili<=1

Writeln(n)

10: end.

Әдебиеттер: [1] 130-140б, [2] 90-104 б, 105-106 б, [3]47-53 б, 161-180 б, қ[1] 28-30 бет.

Практикалық жұмыс №6.

Тақырыбы: Ішкі программаларды қолданып, қиынырақ есептердің программасын құру.

Тапсырма: Ішкі программаларды қолданып, қиынырақ есептердің программасын құру

  1. Қабырғасы а-ға тең дұрыс алтыбұрыштың ауданын үшбұрыштың ауданын табатын ішкі программаны қолдану арқылы табыңыз.

  2. А массиві берілген. А[1]+A[2]+A[3], А[3]+A[4]+A[5], А[4]+A[5]+A[6] қосындыларын табыңыз.

  3. қосындысын табу программасын құрыңыз, n белгілі деп алыңыз. Нәтижесін p/q қысқартылмаған бөлшек түрінде беріңіз. (p, q – натурал сандар).

  4. 1!+2!+3!+...+n! (n≤15) қосындысын табу программасын құрыңыз. Ескерту: функция нәтижесінің типі – LongInt болуы керек.


4- апта

1 кредит сағат.

Практикалық жұмыс 7.

Тақырыбы: Массивті, матрицаны түрлендіру.

Мазмұны:

1. Массивті, матрицаны түрлендіру.

2. Массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау

Массив деп 1 атпен аталатын, саны алдын-ала анықталған бір типті элементтер жиынын атайды.

Массивті 2 түрде сипаттауға болады:



1. Айнымалылар бөлімінде сипаттау үлгісі:

Var массив аты: array [массив индексінің аралығы] of элемент типі;

(array- массив). Квадрат жақшада массивтің бірінші және соңғы элементтерінің индексі жазылады.



2. Типтер бөлімінде сиппаттау үлгісі:

Type тип аты = array [массив индексінің аралығы] of элемент типі;

Var массив аты: типтің аты;

Массивті типтер бөлімінде анықтау программаны оқуды көп жеңілдетеді және ол программалаудың жақсы тәсілі болып табылады.

Массив бір өлшемді (сызықтық), екі өлшемді (матрица), жалпы алғанда n өлшемді болады. n жолдан, m бағаннан тұратын екі өлшемді массив былайша сипаттайды:

Var массив аты: array [1..n, 1..m] of элемент типі;

Матрица элементтерін енгізу циклінің жалпы түрі:

for i:=1 to n do begin

for j:=1 to m do

read (a [i, j]); readln;end;

Матрица элементтерінің қалпын сақтап экранға шығару циклінің жазуының үлгісі:

for i:=1 to n do

begin

for j:=1 to m do



write (a [i, j]); writeln;

end;


Массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау.

Есеп 1.

А[1..5] массиві және N саны 2 қатарға берілген. N санын А массивінің элементтерінің қосындысына жіктеп, осы элементтердің нөмірін табыңдар. (барлық тәсілді қарастырып, егер жоқ болған жағдайда сәйкес хабарлама шығарыңдар.)



Енгізу мысалы:
1 3 2 1 4


6

Шығару мысалы:
1 2 3


1 4 5

2 3 4

3 5

2-есеп.

hp2.in кіріс файлында A[n,n] квадрат матрица берілген.Оның бірінші және соңғы, екінші және (n -1)-ші т.с.с. жолдарының орнын ортаңғы жолға дейін алмастырыңдар. n-нің жұп және тақ болатын жағдайларын қарастырыңдар.Нәтижені hp2. out шығыс файлына шығарыңдар.

1) Кіріс файлы hp2.in.

4

1 2 3 4


5 4 3 6

5 8 7 9


8 9 7 0

Шығыс файлы hp2.out.

8 9 7 0

5 8 7 9


5 4 3 6

1 2 3 4


Әдебиеттер: [1] 176-185 б, [2] 64-69 б, [3] 45-47, 64-69 б, қ[1] 32-34- бет.

Практикалық жұмыс №8.

Тақырыбы: Массивті, матрицаны түрлендіру.

Тапсырма: Массивті түрлендіруге берілген олимпиадалық есептерді программалау

  1. a1, a2, a3, … ,an сандар тізбегі нолдер және бірлерден тұрады, Осы тізбектің басына нолдерді және соңына бірліктерді қойыңыз.

  2. «Коллективті тестілеу». nm өлшемді бүтін санды матрица құрамында n студенті бар топ туралы ақпараттан тұрсын делік. Бірінші баған салмағын, екіншісінде – бойы, үшіншісінде – үлгерімі(орташа балл) және т.б. (өзіңізден қосыңыз) еңгізіңіз.

а) Студент k- параметрі бойынша орташа статистикалық деп аталады, егер осы студенттің k- бағанындағы сан мен k-шы параметрінің мәнінің орташа арифметикалық айырмасы минимумға жетсе;

б) Студент ең әмбебаб деп аталады, егер оның барлық параметрлерінің саны ең үлкен болса.

Ең әмбебап және орташа статистикалық студенттерді табыңыз.


жүктеу 1,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау