2. Мағыныны тану.
Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.
І топ тапсырмасы
-
Сіз, күйлі - қуаттысыз ба?
-
Энергия – қандай ұғым?
-
Механикалық күй дегеніміз не?
ІІ топ тапсырмасы
-
Механикалық энергия дегеніміз не?
-
Механикалық энергияның қандай түрлері бар?
ІІІ топ тапсырмасы
-
Толық механикалық энергия деп нені айтамыз?
-
Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?
Топты құрастыру
Жұптаса отырып шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне айтып беруі, дайындығы.
Әлеуметтендіру (социология) кезеңі.
-
Оқушылардың алған тапсырмасы бойынша араласып отыруы.
-
әр топтан келген оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық әңгіме құрастыру.
Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны
2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.
Механикалық энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады.
Энергияның өлшем бірлігі – (Е) Джоуль(Дж)
Потенциялық энергия
Ep=m*g*h;
кинетикалық энергия
Еk=m*v2/2;
Потенциялық энергия
Ep=k*x2/2;
-
Қозғалыстағы дененің энергиясы-кинетикалық энергия деп аталады.
-
Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшктерінің өз ара орналасуына байланысты энергия-потенциялық энергия деп аталады.
Бір – бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әр кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС-Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың жоғары-төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады( сурет бойынша).
Жүйенің толық энергиясы тұрақты болады.
Етолық= Еk+ Ep=const
Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.
Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс- ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет.
-
Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар?
-
Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында кинетикалық энергия туралы сөз болады: иілген серіппеде; соққан желде; сарқырамадан құлап аққан суда; сығылған ауада;үй шатырының шетінде жатқан таста?
3.Ой толғаныс. а) Венн диаграммасын толтыру
Еn ортақ қасиет Еk

1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.
2. Е = mqh
3. Масса мен көтерілу биіктігіне тәуелді
1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия
2. Е= mv2 ,
2
3. Дене массасы мен жылдамдыққа тәуелді
1.Өлшем бірлігі
2. Жер бетіндегі тіршілік көзі
.
Білімді бекітуге арналған тапсырмалар:
-
Дененің толық механикалық энергиясы дегеніміз не ?
-
Толық механикалық энергияның сақталу заңы қалай
тұжырымдалады?
Анықтама кестесі.
р.с
|
физикалық шаманың атауы
|
белгіленуі
|
Формуласы
|
өлшем бірлігі
|
1
|
Дене импульсі
|
|
|
|
2
|
Күш импульсі
|
|
|
|
3
|
Күш жұмысы
|
|
|
|
4
|
Ауырлық күші
|
|
|
|
5
|
Серпімділік күші
|
|
|
|
6
|
Кинетикалық энергия
|
|
|
|
7
|
Потенциалдық энергия
|
|
|
|
Деңгейлік есептер.
1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с
2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте
I-деңгей
1. Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
2. 9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең ?
II-деңгей
1. Қатаңдығы 10 4 Н/м серіппе 3 см-ге сығылғанда оның потенциалдық энергиясы қалай өзгереді ?
2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен 7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
III-деңгей
-
Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с – қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.
Есептер шығармас бұрын: алгоритм «Формула» оқушыларды формулаларды түрлендіруді еске түсірейік.
1.Формуланы пропорция түрінде жаз.
2. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, жол түрінде жаз.
3. Белгісіз көбейткішті тап.
БҮҮ кестесін толтыру.
білетінім
|
үйренгенім
|
үйренгім келетіні
|
|
|
|
8.Үй тапсырмасы:§22,23 19, 20 жаттығу
Қараөзен мектеп-лицейінің физика және информатика пәндерінің
мұғалімі: Хайруллина Әлия Бақытқызы
Қараөзен ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Достарыңызбен бөлісу: |