Сабақтың тақырыбы: «Ақша – уақыт тынысы »
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ақшаның мәні және негізгі қызметі туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру. Оларға бүгінгі таңда ақшаның алатын орны, оның пайдасы мен зиянын ұғындыру.
Сабақтың эпиграфы:
«Көп ақша табу – батырлық,
Оны сақтау – ақылдылық,
Ал үнемдеп жарата білу - өнер...»
Б. Авербах
Сабақтың түрі: жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: жұппен, топпен жұмыс, интербелсенді тақта, іскерлік ойын, сөзжұмбақ шешу, сұрақ – жауап.
Пәнаралық байланыс: экономика, АҚҚ, тіл -әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, үлестірме материалдары, постерлар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар екі топқа бөлініп отырғызылған. Топтық жұмыс оқушылардың ұжыммен жұмыс жасауына, ақылдасуына және бағалауға өте тиімді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Кім тез? Ойыны арқылы.
Анаграмманы шешу:
І топқа:
1.КЕІШНМ –
2. РИФМА –
3. БАРЖИ –
4. ЫЖҚАР –
5. ПӘКСІЕКР –
ІІ топқа:
1. ШАҚА –
2. КНБА –
3. ҚСЫАЛ –
4. АЭОКМИОКН –
5. ТРАУА –
1 – тапсырма (Оқулықпен жұмыс): Оқушылар»Ақша» және «Тауар» ұғымдарына түсінік беру. (10 мин)
І топ: Ақша (67- 68 бет).
ІІ топ: Тауар (68 бет).
2- тапсырма: «Теңге әдебиетте».
Әр топ өзіне берілген экономикалық терминдерге сай көбірек мақал – мәтел табу керек. (5 мин)
І топқа: Қарыз, Үнемдеу, Шығын, Несие.
ІІ топқа: Құн, Есептеу, Сауда, Демеуші (Спонсор).
3- тапсырма: «Іскерлік ойын». (10 мин)
Үйге берілген тақырыптар бойынша оқушылар қызықты әрі өмірден алынған шағын көрініс көрсету керек болатын.
І топ: «Бай бауырын танымас, сауда досқа қарамас».
ІІ топ: «Несиеге ет жесең, сүйегі ішегіңді жыртар».
4 - тапсырма: « Сәйкестендіру кестесі»
І топ
-
Сәйкестендіру кестесі
|
Елдер
|
Валюта аты
|
Қазақстан
|
Юань
|
Англия
|
Франк
|
Түркия
|
теңге
|
Франция
|
лат
|
Қытай
|
Сум
|
Өзбекстан
|
лир
|
Латвия
|
евро
|
ІІ топ
-
Сәйкестендіру кестесі
|
Елдер
|
Валюта аты
|
Ресей
|
песо
|
Мексика
|
доллар
|
АҚШ
|
иен
|
Польша
|
рупи
|
Жапония
|
манат
|
Үндістан
|
рубль
|
Әзірбайжан
|
злотый
|
Мұғалім: Қай халықта болсын ақшаға байланысты көптеген наным-сенім, ырымдар баршылық. Ендеше біздің оқушылардың ақыл - кеңесіне құлақ түрейік.
1-оқушы:Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен.Жоқ десең жоғала бересің.
2-оқушы:Жасыратыны жоқ, ақша жинайтын адам бізге сараң, қанағатсыз, қайырымы жоқ болып көрінеді. «Ар-намысы таза адамдардың ақшасы аз болады» деп те ойлаймыз. Біздің басымызда мұндай ой, пікір болмауы тиіс. Өйткені ақшаның аз немесе көп болуы тек адамның өзіне ғана байланысты.
3-оқушы. Ақша жинаңыз. Ақшаны тек тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинаңыз.
4-оқушы. Ақша үлкен қуат көзі болғандықтан, ұқыптылықты жақсы көретіндіктен әмиянға үлкен көңіл бөлу керек. әмияныңыз әдемі, жылтыр болуы керек. Сосын оған әр банкнотты дұрыстап, мыжымай, бүкпей салыңыз.Әмияныңызды сыртынап сипап оған жылы сөздер айтыңыз, ақша адам сияқты еркелеткенді жақсы көретінін естен шығармаңыз.
5-оқушы. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды.Себебі ақша да табиғаттың құрлым бөлшектері сияқты таңертең оянып,түнде ұйықтайды.
Мұғалім: Өмірде ақша қаншама құдіретті күшке ие болғанмен оның билігі жүрмейтін жерлер,ешкім де ақшаға сатып ала алмайтын нәрселер көп.
Оқушылар бүгін біз сіздермен «Ақша», «Тауар», ақшаны қалай үнемдеу керек, ақшаның пайдасы мен зияны жөнінде пікір алысқан болатынбыз. Ал енді сендер алдарыңдағы стикерлерге бүгін не білгендеріңді? Не түсінгендеріңді? Келесі сабаққа деген ұсыныстарыңды жазып, «Емен» ағашына іліңдер.
Үй тапсырмасы: & 12 оқу, терминдерді жаттау.
Абай орта мектебі
Сабақтың тақырыбы:
Өткізген: Кошкинова М.Е.
2017 - 2018 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |