C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет7/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

жобалау  қызметінде
  кӛптеген  нақты  зерттеулер  мен  білім 
беру  саласындағы  жобалауды,  адамның  ӛмір  бойы  алатын 
үздіксіз  білімнің  бағдарламалары  мен  технологияларын, 
бағалаудың  эксперттік  жүйесі  мен  оның  тиімділігін  бағалау 
құралдарын  қамтитын  бірнеше  күрделі  объектілердің 
синтезделуін талап етеді.  
Ғылымилықтың  дәстүрлі  түрімен  салыстырғандағы  
жаңа  түрінің  айырмашылығы–жобалауды  ұйымдастыру  мен 
одан  әрі  қарай  жүзеге  асыру  барысындағы 
ғалымдар  мен 
практиктердің  нақты  білім  беру  алаңында  жүргізетін 
бірлескен  әрекетінде,  сонымен  қатар,  осы  қызметті  қолға 
алуды бастаушылар

практик адамдар
 екенінде болып отыр. 
Тәжірибелік-бағдарлы ғылымның тағы бір ерекшелігі – 
кӛппәнділігінде  (полидисциплинарность),  ол  білімдік  және 
пәндік  салалардың  бірнеше  түрлерінің  ӛкілдерін  бірлесе 
отырып,  білім  беру  тәжірибесін  интегративтік  сипатта 
дамытуға 
қатысуын 
қажет 
етеді. 
Білім 
берудегі 
ғылымилықтың  жаңа    кӛппәнділік  тұрпатын  негізге  ала 
отырып,  зерттеушілер жобалаудың екі түрін атап кӛрсетеді.  
Олар:  психологиялық-педагогикалық  және    әлеуметтік-
педагогикалық. 
Біріншісі,  психологиялық–педагогикалық  түрі–білім 
беру үрдісін жобалауға тән, яғни оқыту–әрекеттің тәсілдерін 
меңгеру,  қалыптастыру–әрекеттің  жасалған  түрін  меңгеру, 
тәрбиелеу–есею  мен  әлеуметтену.  Екіншісі,  әлеуметтік-
педагогикалық  түрінің  объектілері  ретінде  білім  беру 
институттары  мен  білім  берудің  түрлі  орталары  алынып, 
олардың  әрқайсысында  атқаратын  қызметтеріне  сәйкес 
үрдістер жүргізіліп отырады. 
Егер таным бұған дейін ӛмір сүріп келген, зерттеушінің 
пікіріне  тәуелсіз    белгілі  бір  объект  туралы  шынайы  білім 
алуға  бағытталған  болса,  жобалау  дүниеге  бұдан  бұрын 
болмаған  жаңа  объект  әкеледі.  Осы  мағынада  олардың 
айырмашылығы  шығармашылық  пен  оның  айнадағы 
бейнесіне ұқсас болады.     
Ӛткен 
ғасырдың 
екінші 
жартысында 
кӛптеген 
зерттеушілер  «жобалау»  ұғымын  кеңінен  қолдана  отырып, 
оның  болашақты  кӛздейтін  мәніне  кӛңіл  аударғанымен, 
жобалау  қызметінің  ӛзіндік  мәні  мен  құрылымдық 


 
24 
компоненттерін терең  қарастырмайды. Солай бола  тұра, сол 
кездерден  бастап  жобалық  сана,  жобалық  тұрғыдан  ойлау, 
жобалау 
онтологиясы, 
жобалау 
тұрғысы, 
жобалау 
технологиясы,  жобалау  әдістері,  т.б.  осы  сияқты  кӛптеген 
жаңа  ұғымдардың  енгізілуі    арқылы  адам  танымында  жаңа 
бір саланың жүйесі пайда болып келеді. 
Жобалау  феномені  туралы  қалыптасқан  теория  мен 
тәжірибелерді  қарастыру  барысында,  оның  тӛмендегі  іргелі 
зерттеулер мен идеяларға негізделгені анықталды. Олар:   
жобалау  қызметін  бүгінгі  таңда  ӛзекті  болып  отырған 
ұйымдастырушылық  мәдениеттің  жобалық-технологиялық 
жаңа түрі тұрғысынан қарастыру идеясы; 
жобалауды  ой  -  әрекет  жүйесі  әдіснамасы  негізінде 
қалыптасатын басқару қызметі ретінде жүзеге асыру идеясы;  
әлеуметтік 
салаларды 
дамыту 
мақсатына 
сай   
жобалауды ресурстарды тиімді ұйымдастыру қызметі ретінде 
пайдалану идеясы, т.б.;  
Аталған
 
идеялардың  әрқайсысын  бӛлек  қарастырайық.   
Индустриалдықтан  кейінгі  деп  аталатын  әлеуметтік  
қоғамның 
күшті 
ықпалымен 
ұйымдастырушылық 
мәдениеттің  жобалық-технологиялық
  жаңа  түрі  пайда 
болуда. Оның негізінде ғылым мен ӛнер, адам психологиясы 
мен  оның  әлеуметтік  ортамен,  қоғаммен  қарым  -қатынасын 
жобалау  тұрғысында  қарастырылуы  белең  алып  келеді.  
Сӛйтіп,  жобалау  қазіргі  заманға  тән  ойлаудың  стильдік 
қасиетіне, 
бүгінгі 
күн 
мәдениетінде 
адамның 
шығармашылық  әрекеттерінің  барлық  қырларын  қамтитын 
басты типтік белгісіне айналып келеді. 
Бүгінде  әлеуметтік-қоғамдық  ғылымдар  саласында 
жобалау  кеңінен  зерттеле  бастады.  Ол  негізінен 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау