C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет16/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

 
 
4. Әлеуметтік жобалау 
Бүгінде    әлеуметтік  басқару,  әлеуметтік  жоспарлау, 
әлеуметтік  және  ұйымдастырушылық  үдерістер  мен 
құрылымдарды  құрастыру  және  жобалау,  дизайнерлік  және 
архитектуралық  жобалаулар  топтарының  тәжірибелері 
қалыптасып,  жедел  дамуда.  Олардың  басты  ерекшелігі-бір 
жағынан, 
ондағы 
объектілер 
әлеуметтік 
тұрғыдан 
сипатталғанымен,  екінші  жағынан,  әрекеттердің  орындалу 
стратегиялары  жүйелік-техникалық,  квазиинженерлік  және 
жобалық сипатта орындалады. 
Осындай  ғылыми  ізденістерде  пайда  болған    жаңа 
бағыттарды 
әлеуметтік  құрастырулар
  деп  атау  шартты 
түрде  болады,  ӛйткені,  әлеуметтік  зерттеулер  кӛмегімен  біз 
әлеуметтік объект туралы біле аламыз, әлеуметтік құрастыру 
(модельдеу)  оның  даму  бағыттарын  айқындап  береді,  ал 
әлеуметтік  жобалау
  оны  жүйелік  тұрғыда  тиімді  түрде 
қайта  құру  жолдарын  кӛрсетеді.  Олар  әлеуметтік 
құрастырудың  бірнеше  принциптерін  белгілейді.  Олар, 
жоғарыда  айтылған-
алдын-ала  талдау  жасау,  объектіге 
жүйелі  сипаттама  беру,  мақсат  қою  және  оған  жету 


 
40 
жолдарын  анықтау,  жүзеге  асыру  әрекеттері.
    Бұл  жерде 
құрастыру идеясын кӛздейтін түйінді сӛздер де анықталған - 
әлеуметтік зерттеулер, болжау, тиімді түрде қайта құру, 
жүйелік  тұрғы.
  Осылайша,  әлеуметтік  инженерия  саласын 
құрайтын жаңа әрекет негізделіп, ол жалпы түрде әлеуметтік 
жобалау  деп  кӛрсетіліп  жүрсе    де  жаңа  әрекеттің  нақты 
атауы болған жоқ.  
    Жаңа  атаудың  қажеттігі  сол  кездегі  қоғамдық  санада 
пайда  болған  жаңа  құбылысты  –  ұйымдастыру  әрекетіндегі 
инженерлік  парадигманың  орнына  келіп  жатқан 
жобалау 
парадигмасын-әлеуметтік 
құрастыру
 
терминімен 
түсіндірудің  жеткіліксіз  болуынан  еді.  Сӛйтіп,  70  -  80– 
жылдары  бұл  әрекеттің  жаңа  атауы  - 
әлеуметтік  жобалау
 
ретінде қалыптасты.  
Әлеуметтік  жобалау  бір-біріне  теориялық  қағидалары 
бойынша  тығыз  байланысты  екі  бағытта  дамуда.  Бірі, 
философияға  негізделсе,  екіншісі,  әлеуметтану  ғылымына 
сүйенеді.  Олардың  екеуіне  де  ортақ    болып  отырған 
тұжырым  -  әлеуметтік  жобалау,  әлеуметтік  инженерияның 
бір  түрі  ретінде  ӛзекті  әлеуметтік  проблемаларды  шешудің 
тиімді құралы ретінде қызмет етуі қажет деп есептелуі. 
Осылайша  қарастыру  арқылы  әлеуметтік  жобалаудың 
мәнін  ӛз  қайшылықтары,  проблемалары  мен  дағдарыстары 
бар қалыптасқан қоғамдық тәжірибе емес, алға мақсат қылып 
қойылған, таңдап алынған идеалды деп есептелетін тәжірибе 
деп  түсіндіреді. 
Т.М.Дридзенің  айтуынша,     
болжаулық  немесе 
проблемалық-мақсаттық 
жобалау
 
әлеуметтік-
экономикалық  даму  мақсаттарына  сай  болашақтағы 
әлеуметтік  проблемаларды  қолда  бар  ресурстарды  ескере 
отырып  шешу  жолдарын  жасауға  бағытталған 
әлеуметтік 
технологияға
  жатады.  Жобалаудың  мақсаты-басқарушылық 
шешімді  алдын  ала  ғылыми  негіздеу.  Автор  сонымен  қатар, 
аталған  технологияның  ғылым  мен  тәжірибеде  сол  кезде 
терең  қарастырылмағанын  үш  бӛліктен  тұратын  -  болжау  -  
жобалау  –  бағдарлама  немесе  жоспарлау  басқару  жүйесінде 
ортаңғы  бӛліктің,  яғни  әлеуметтік  жобалау  бӛлігінің 
болмауынан-деп  түсіндіреді,  ӛйткені,  дәл  сол  бӛлікте 
әлеуметтік  үдерістерді    басқарудың  тиімділігін  арттыратын 


 
41 
ғылыми  негіздемелердің  үлкен  резерві  жатыр  –  дейді. 
Жобалаудың  осы  сипаттары  әлеуметтік  басқаруды  ғылыми 
негіздеумен  тығыз  байланысты   

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау