C. М. Бахишева Педагогикалық жобалау: теориясы мен технологиясы ОҚулық



жүктеу 2,09 Mb.
Pdf просмотр
бет113/172
Дата04.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#31738
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   172
bahisheva-ped-jobalau

Тапсырмалар 
 
1.
 
Ӛз  жұмысыңызға  байланысты  немесе  ӛзіңізді 
қызықтыратын  тақырыпты  зерттеуге  арналған 
жобалау  зертханасын  ұйымдастыру  мазмұнын 
құрастырыңыз. 
Оның 
қысқаша 
негіздемесі, 
мақсаты  мен  болжамы,  кезеңдері  және  сатылық 
қадамда  бойынша  жүргізу  алгоритмі  болуына 
кӛңіл аударыңыз. 
2.
 
Жобаны  жеке  немесе    топпен  ортақ  тақырыпта 
орындауға болады. 
3.
 
Жобаны  міндетті  түрде  ӛзіңіз  оқитын  немесе 
жұмыс  істейтін  білім  беру  ұйымы  жұмысын 
дамытуға байланысты болуы тиіс. 
 
 
 
3. 
Жобалау 
зертханасын 
ҧйымдастыру  
технологиясы 
Жобалау  зертханасын  ұйымдастыруда  зертханалық 
жұмыс мазмұны ғана емес, оны ұйымдастыру, аудиториялық 
және  ӛзіндік  практикалық  жұмыс  түрлерін  ұштастыра 
жүргізудің  кӛптеген  әдістемелері  талдануы  тиіс.    Жобалау 
технологиясын    меңгеруге  арналған  әрбір  тақырып 
қатысушылардың    теориялық  білімі  ғана  емес,  оны 


 
289 
тәжірибеде, 
ӛзінің 
рефлексиясымен, 
ӛзінің 
негізгі 
жұмысындағы 
мәселелермен 
байланыстыра 
меңгеруі 
маңызды міндет ретінде қойылуы тиіс. 
Сондықтан,  жобалау  зертханасы    нақты  бір  жүйедегі 
ұйымдастырушылық  ӛзгерістер  ретінде  құрастырылып, 
ондағы  берілетін  ақпараттар  мазмұны,  тақырыптарды 
меңгеру  үшін  американдық  ғалым  Давид  Колбтың 
ересектерді  оқытуға  арналған  тәжірибе  арқылы  оқыту 
әдістемесі    тиімді  болып    табылады.      Ӛйткені,  жобалау 
зертханасы  оған  қатысушылардың  негізгі  жұмысынан  қол 
үзбей,  жобалау  әрекетін  ӛзінің  қызмет  істейтін  білім  беру 
ұйымымен  тығыз  байланыста  жүргізу  қажет  болғандықтан 
аталған  әдістеме  бірден  бір  оқытудың  тиімді  әдісі  бола 
алады. 
 
Дэвид    Колбтың  «тәжірибе  арқылы  оқыту»
  –
 
(experiential learning, 1984),
 
  
атты
 
 моделі ересектерді қызмет 
орнындағы тәжірибе барысында оқытудың бірнеше түрлерін,  
соның ішінде, жобалау әдісін де қамтиды. Джон Дьюи, Карл 
Роджерс және Жан Пиаже идеяларына сүйене отырып, Колб 
оқытуды  кезеңдерге  бӛлуді  ұсынады.  Әр  кезең  тӛрт 
процестен  тұрады  және  оқыту  ӛз  мақсатына  жету  үшін  бұл 
талаптардың берілген ретпен  орындалуы міндетті.  Бұл әдіс 
бойынша 
оқыту кезеңдері
 тӛмендегідей: 
1.
 
Тәжірибе (ситуация); 
2.
 
Рефлексия (ұғыну, болған ситуацияны түсіну); 
3.
 
Түсініктерді  жинақтау  (тұжырымдар  құрастыру, 
кейбір қажетті шешімдер қабылдау); 
4.
 
Тәжірибені жобалау
  
Автордың ойынша, бұл жерде 
білім алу кӛзі  тәжірибе
 
(ситуация,  болған  жағдай,  сабақ  тақырыбы,  ақпарат,  т.б.) 
ғана  емес,  негізінен  алғанда 
сол  тәжірибені  ойша  түсіну, 
ұғыну,  қорыту,  ӛздері  үшін  оның  маңызын  анықтау,  түйін 
жасау
.  Одан  соң,  яғни,  жаңағы  тәжірибе  (ситуация,  болған 
жағдай,  сабақ  тақырыбы,  ақпарат,  т.б.)    –  қатысушының  ӛз 
алдындағы жеке мақсатына,  міндеттеріне,  кәсіби қызметіне 
қатысты  ой  елегінен  ӛткізіліп,  ұғынылып,  тиісті  мағына 
берілгеннен  кейін  –    оның  әрі  қарай  жасалатын  қызметінің 
шартына  айналады.  Д.  Колбтың  түсіндіруінше,  тәжірибе 


 
290 
барысындағы  оқыту,  оны  дамыту  процесі  деуге  де  әбден 
болады, осылайша, жүзеге асырылады.  
Колб идеясын тәжірибеде пайдалануда берілген ақпарат 
немесе  оқиға  жеке  тәжірибеде  ұғынылып,  адамның  ӛз 
тәжірибесіне тұтастай енгенде ғана  оқыту мақсатына айнала 
алады.  Олай  болмаған  күнде,    индивид  үшін  ол  ӛзіне  мәлім 
кӛп ақпараттардың бірі  күйінде қалады деп есептейді.  
Әлемдік  тәжірибеде  Д.  Колб  моделінің  кӛптеген 
модификацияланған  түрлерін  кездестіруге  болады,  бірақ 
олардың  барлығы  да  автордың  негізгі  қойған  талабын  –  тек 
тәжірибе базасында оқыту, кезеңдерге бӛлу және әр кезеңде 
тӛрт процесті орындау қатаң сақталған (сурет 15). 
 
 
Логикалыќ  тўжырымдау 
На
ќты тј жірибеде 
ќолдану
 
Рефлексия 
Т
ј жірибе, ситуация
 
 
Сурет    15  -  Д.  Колбтың  «тәжірибе  арқылы  оқыту»  
моделі 
 
Жобалауды  басқарушылар  үшін  оқу  модельдерінің 
тӛмендегі нұсқаларын пайдалануға болады. Мысалы:   
Бірінші  кезең.  Тәжірибе. 
Қатысушылардың  жобалау 
тақырыбына  қатысты  нақты  тәжірибесі  алынады.  Оның 
аудиториялық бӛлігінде әр адам осы мәселе бойынша ӛзіндік 
тәжірибесін ӛз бетінше құрастырады. 
Екінші 
кезең. 
Рефлексия. 
Қатысушылар 
оның 
мағынасын  ұғыну  үшін  ӛз  тәжірибесіне  рефлексиялық 
бақылау  жасайды.  Яғни,  тақырыпқа  сай  ӛзінің  тәжірибесіне 
рефлексиялық  талдайды,  қандай  бағыттар  ол  үшін  жеңіл 
орындалады,  қажетті  білімдері  жеткілікті,  қай  жерде 
қиындықтар кездеседі, неліктен, ол неге байланысты болады, 
нені ӛзгерту керек, т.б.  


 
291 
Үшінші  кезең.  Логикалық  тұжырым. 
Қатысушылар 
абстракциялық 
тұжырымдар 
жасап, 
оны 
басқа 
әріптестерімен  сабақ  барысында  бӛліседі.  Оларды  әркім  ӛз 
бетімен  құрастырады,  сонымен  қатар,  басқалардың  пікірін 
тыңдау, олардың тұжырымдарын талдау да қажет, сонда ғана 
қатысушылардың 
ортақ 
және 
жеке 
кӛзқарастары 
анықталады.  
Тӛртінші 
кезең. 
Теориялық 
тұжырымдар. 
Қатысушылар  ӛздері  жасаған  тұжырымдарын  ӛзгелер 
пікірлерімен,    жаңа  теориялық  ақпаратпен  толықтыру, 
салыстыру  арқылы    ӛзінің  жаңа  теориялық  тұжырымын 
құрастырады,  маңызды  түйін  түйеді.  Аталған  тұжырымдама 
немесе  маңызды  түйін  аудиториядан  тыс  жұмыстар 
барысында  тәжірибеден  ӛткізіліп,  жаңа  тәжірибе  құрылады.  
Бұл  тұтастық  тұрғысындағы  оқыту  әдісі  әрбір  тақырып 
байынша жобалаудың негізі болады.  
Осылайша, жаңа нақты тәжірибе келесі деңгейдегі жаңа    
ізденістік  жұмыстың  бастамасы  болып,  аталған  цикл 
дамудың келесі деңгейінде қайталанады. 
Бұл 
модельдің 
ӛзіндік 
ерекшеліктері 
 
жоба 
жетекшілерін  ӛз  тәжірибелері  барысында  ӛзіндік  дамытуға 
мүмкіндік береді. Олар: 
1.
 
Оқыту  тәжірибеден  басталып,  аяғына  дейін  одан 
ажыратылмайды, 
ол 
ӛзара 
байланысты 
кезеңдерден  тұратын  циклдық  үдеріс  ретінде 
ұйымдастырылды. 
2.
 
Оқыту  абстрактілі  «оқу  сабақтарынан»  ӛзгеше, 
қатысушылардың  күнделікті  атқаратын  жұмысы 
контекстіне енгізілген күйде жүргізіледі. 
3.
 
Колб  әдістемесі  оқыту  оқыту  мазмұнына  алған 
ұйымы  сатылы  дамыту  моделіне  сәйкес  келеді, 
осы  сәйкестік  оқытудың  нәтижелі  болуына 
мүмкіндік берді. 
4.
 
Модельдің 
түрлі 
жағдайларға 
сай 
модификациялауға 
келетін 
сипаты 
жоба 
жетекшілерін 
оқытуда 
ғана 
емес, 
басқа 
категорияларды  оқытуға  да  бейімдеуге  мүмкіндік 
берді. 


 
292 
Осы  әдістемеге  сай  жоспарланған  аудиториялық  және 
практикалық    сабақтарды  үйлестірудің  тӛмендегі  нұсқалары 
да пайдалауға болады: 
Практикалық  сабақтан  бастап,  тақырып  бойынша  ӛз 
тәжірибесімен 
әріптестерімен 
бӛлісуден 
тұратын 
дискуссиядан  бастауға  болады    (нақты  тәжірибе  және 
рефлексиялық бақылау). 
Келесі  кезеңде  тақырып  бойынша  аудиториядағы  жаңа 
теориялар  және  практикалық    ақпараттармен  танысу,  ӛз 
тәжірибесін  тұжырымдамалық  схемалармен  байланыстыру 
(абстрактілік тұжырымдау). 
Практикалық  жұмыста  меңгерген  жаңа  теорияларын 
бірлескен 
топтық 
жобалау 
қызметінде 
пайдалану 
(тәжірибеде белсенді пайдалану). 
Зертхана  бағдарламасының    модульдік  мазмұны. 
 
Модульдің  мақсаты  -  жобалау  тәжірибесін  басқарудың 
педагогикалық жүйелерді және оның барлық компоненттерін 
дамыту  және  оған  ӛзгерістер  ендіру  құралы  ретінде 
пайдалануға жоба жетекшілерін дайындау. 
Жобалау  қызметін  әлеуметтік  тұрғыдан  қарастыру  аса 
қажет,  оның  мәні  -  жүзеге  асырылатын  әрбір  жобаның 
білімдік  мазмұнын  ғана  емес,  оның  әлеуметтік  рӛлін,  яғни, 
жобалау 
нәтижесінің 
оған 
қатысушылар 
мен 
ұйымдастырушылардың,  жалпы  ортаның    дамуы  мен 
ӛзгерістеріне    ықпал  ететін  ұғыну,  бағалау  деген  сӛз. 
Жобалау  қызметінің  әдіснамасын  ұғыну  оның  барлық 
кезеңдерін рет-ретімен меңгеруден–тұжырымдамасы, мақсат 
мен міндеттерін құрастыру, ресурстарын анықтаудан бастап, 
оның  іс-әрекеттік  жоспарын  жасап,  әкімшілік  -  ақпараттық  
қолдау құрылымын жасауға дейінгі әрекеттерді қамтиды. 
       Модуль  мазмұнында  басқару  тәжірибесіне  тән  талдау, 
зерттеу,  ұйымдастыру  сияқты  элементтер  мен  олардың 
байланыстары да қарастырылады (Кесте – 13).   
 Қатысушылар  жобалар  негізінде  ӛзіндік  талдау  және 
зерттеу  бағыттарын  құрастырады.  Сонымен  қатар,  олардың 
жеке жобалары ӛздерінің мамандығы бойынша пәндік таңдау 
курстарын  құрастыруға  немесе  педагогикалық  ізденіс 
тақырыптарын белгілеуге негіз бола алады. 
Кесте – 13   


 
293 
Жобаның  компоненттеріне  сай  зертханалық  жұмыс 
мазмұны 
 
Жобаның 
компоненттері 
Кӛпсатылы 
ӛзгерістер 
алгоритмі 
Зертханалық жұмыс мазмұны 



Жағдайды 
талдау  
 
Жаңа 
ӛзгерістерге 
қажеттік  пайда 
болуы 
 
Жобаны орындауға қажеттік 
неліктен пайда болды? 
Жобалау  алдындағы талдау 
Жоба тұжырымдамасын жасау 
Мәселені 
анықтау 
Мәселені 
анықтау
 
Неліктен бұл мәселені шешу 
маңызды болып отыр? 
 
Мақсат қою  
 
Бірлесіп  бір  
шешімге келу
 
 Мақсат қою
 
Жобалаудағы іс  әрекеттер 
қандай мақсатты орындауға 
бағытталады? Ол  берілген 
проблеманы шешуге 
қаншалықты байланысты? 
Жобалауда орындалатын 
әрекеттер қалыптасқан 
жағдайды қалай ӛзгертеді? 
                                                    Кестенің жалғасы 



Күтілетін 
нәтижелерді 
анықтау 
 
Стратегияларды 
кӛре білу 
 
 
Жобаны орындау барысында 
қандай нақты нәтиже алынуы 
тиіс? Жоба аяқталған соң 
педагогикалық жүйеде қандай 
оң ӛзгерістер болады деп 
күтіледі? 
Белгіленген міндеттердің 
орындалуы мақсатқа жетуді 
қалай қамтамасыз етеді?   
Берілген міндеттерді орындау 
үшін қандай нәтижелер 
(олардың сандық және 
сапалық сипаттамасы) алынуы 
тиіс? 
Жобаны жүзеге 
асыру, орындау 
Ұжымға 
ӛзгерістер  мәнін 
түсіндіру 
Жобалау 
топтарын құру, 
Жобалар 
 құрастыру
: оның 
тиімділік кӛрсеткіштерін 
белгілеу, Варианттарын 
қарастыру арқылы тиімді 
жобаны бекіту 


 
294 
ынталандыру 
 
Жобалуды орындаушылар 
күтілетін нәтижелерге қол 
жеткізу үшін қандай шаралар  
орындалуы тиіс? 
Ресурстарды 
тиімді 
пайдалану 
 
Қандай ресурстар: адамдар, 
материалдық құралдар,  
қызметтер – жобалау 
барысындағы  шараларды  
орындау үшін  қажет болады? 
Бұл ресурстар қандай 
кӛздерден түседі  
(орындаушылардан,  тапсырыс 
берушілерден, 
қатысушылардан,  ұйымдар,  
мемлекет, жеке қорлар, т.б.)? 
Бақылау,  
нәтижені 
бағалау 
Жетістіктерді 
байқау 
 
мен 
кемшіліктер 
 
Жасалған жобаларды талдау, 
тиімділеріне баға беру, 
күтілетін нәтижеге 
сәйкессіздерін анықтау, 
себебін талдау, түзетуге ұсыну 
Кері байланыс 
Жетістіктердің 
ұйым   бекітілуі 
 
Тиімді жобаларды  тәжірибеге 
енгізу, кӛпшілікке тарату, 
әдістемелік технологияларын, 
құралдарын жасау 
туралы ұсыныстар қабылдау 
Қорытынды 
 
Жобаларды презентациялау, 
бағалау 
 
Оқу  зертханалық  жұмысы  соңында  жоба  жетекшілері 
жасалған жобаларды қорғау үшін топ ішінде талдап,  талдау 
карталары  үлгісінде  ӛз  жобаларының  тиімділігі  туралы  
сараптамалық  талдаулар  жасалады.  Үздік  деп  танылған 
жобалар ашық қорғауға ұсынылып, оған қалаулары бойынша 
педагогикалық 
ұйымдар 
ӛкілдері 
қатыстырылады. 
Жобаларды  қорғау  үшін  тӛмендегі    құжаттар  жиынтығы 
дайындалады: 
1.
 
Ұйымды 
дамытудың 
мақсатты 
бағдарлы 
жобасының тұжырымдамасы;  
2.
 
Ұжымда 
талданып, 
рәсімделген 
жобаның 
мазмұны;  
3.
 
Жобаның тиімділігіне  жасалған сараптама.    
Қорыта  келе,  жобалау  зертханасы  негізінде  жоба 
жетекшілерін  ғана  емес,  ойлау  деңгейі  жоғары,  ӛз  бетімен 


 
295 
аса  жауапты  мәселелерді  шеше  алатын  құзыреттілігі  бар 
педагогтарды,  лидерлерді  дайындау,  сонымен  қатар, 
ӛміршең,  ӛзекті  жобалар  құрастыру  да  мүмкін  екені 
дәлелденді.     
 
 

жүктеу 2,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   172




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау