Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н. М. Темірбековтің



жүктеу 43,12 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі43,12 Kb.
#8535
түріКодекс


Бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Н.М.Темірбековтің

2015 жылғы 1 шілдеде облыстық мәслихаттың кезекті ХХІХ сессиясында сөйлеген сөзі

Құрметті депутаттар!
Тұрақты комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, Бюджет және Салық кодексіне, басқа да заңнамалық актілерге, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихат Регламентіне сәйкес жүзеге асырады.

Тұрақты комиссияның жұмысы комиссияның жұмыс жоспары, облыстық мәслихаттың жұмыс жоспары, сессия шешімдері негізінде жүргізіледі.

Есеп беріліп отырған кезеңде комиссия 4 жоспарлы отырыс өткізіп, онда 7 жоспардағы мәселе қаралды:


  • 2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

- Шығыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру барысы туралы.

- Тұрақты комиссияның 2015 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

- 2014 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

- Шығыс Қазақстан облысының аудан орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерін дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған жеке кешенді жоспарларын іске асыру барысы туралы.

- Шығыс Қазақстан облысының ауылдық округтері, ауылдары және кенттері орталықтарын дамыту жөніндегі 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын іске асыру барысы туралы.

- Моноқалаларды дамытудың 2013-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарларын іске асыру барысы туралы.

Облыстық мәслихат сессияларына енгізілген 76 шешім жобасы қаралды.

2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау бойынша депутаттық уақытша жұмыс тобының отырысы өткізілді.

«2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобаларын алдын ала талқылау бойынша облыстық мәслихат уақытша комиссиясының 3 отырысы өткізілді.

Тиісті жылға арналған облыстық бюджетті, оған өзгерістер мен толықтыруларды талқылаған кезде тұрақты комиссия депутаттары өз түзетулерін, ескертулері мен ұсыныстарын енгізеді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру және сумен қамту объектілерін салу, жөндеу және қайта құру, әлеуметтік-мәдени объектілерді материалдық-техникалық қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша. Ағымдағы жылы «2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша облыстық мәслихаттың 2 кезекті және 2 кезектен тыс сессиясы өткізілді. Бюджетті нақтылау тұрақты комиссиялардың отырыстарында алдын ала қаралады. Тұрақты комиссия ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді, дегенмен қажетті материалдардың депутаттарға кеш берілетінін атап өту қажет. Жобаны сапалы түрде қарап, ұсыныстар әзірлеу үшін депутаттар материалдарды комиссия отырысы өтетін күні емес, ертерек беруді тағы да жеткізеді. Материалдар жиі толық көлемде берілмейді, комиссия мүшелері жобаны қараған кезде қосымша құжаттарды сұратады.

Тұрақты комиссия сессиялар жұмысына белсене қатысады. Шешімдер жобасын талқылаған кезде әр депутат өз сайлау округінің мүддесін көрсете отырып, бүкіл өңірдің мүддесін ескереді. Бұл әсіресе тиісті жылға арналған облыстық бюджетті талқылаған кезде, сондай-ақ бюджетті нақтылау кезінде анық көрінеді.

Мәслихат регламентіне сәйкес, тұрақты комиссия бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі комиссияның бақылауына қойылған сессия шешімдеріне бақылауды жүзеге асырады. Комиссия отырыстарында тиісті басқармалар басшыларының есептері тыңдалады. Қаралған мәселелердің әрбірі бойынша комиссия қаулылар дайындап, оларда жағдайға шынайы баға беріліп, нақты ұсыныстар жасалады. Сонымен қатар комиссия мүшелері басқармалар мен департаменттер өкілдерінің комиссия отырыстарына қатысуы сапалы болғанын қалайды. Мәселен, комиссия отырыстарына облыстық басқармалар басшылары шақырылады, бірақ олар келмейді не олардың орнына депутаттардың сұрақтарына ақпарат бере алмайтын мамандар келеді.

Қазіргі уақытта комиссия бақылауында облыстық мәслихаттың 9 шешімі тұр. Осы шешімдер бойынша жарты жылда бір рет орындалу барысы туралы ақпарат түседі.

Комиссия мүшелерінің қызметінде сайлау округтеріндегі жұмыс маңызды орын алады. Онда тұрғындармен кездесулер өткізіліп, бекітілген кестеге сәйкес сайлаушыларды қабылдау жүргізіледі. Есеп беріліп отырған кезеңде сайлаушылармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен 210 кездесу мен жиналыс өткізілді. Жеке қабылданған сайлаушылардың саны 1251 құрады. Есеп беріліп отырған кезеңде тұрғындардан 732 өтініш келіп түсті. Депутаттар азаматтардың өтініштерін қарап, өз құзіреттері шегінде тұрғындардың мәселелерін шешуде көмек көрсетеді.

Тұрғындардан түскен мәселелерді шешу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, қалалық және облыстық атқарушы органдардың басшыларына 120 депутаттық сауал жолданды. Комиссия мүшелерінің депутаттық сауалдарда көтеретін мәселелері автомобиль жолдарының жағдайы мен жөндеуіне, медициналық қызмет көрсетуге, әлеуметтік сала объектілерін салу мен жөндеуге, елді мекендерді көркейтуге, тұрғын үй қорын, әлеуметтік мақсаттағы объектілерді қысқа дайындауға, сумен және жылумен қамтуға қатысты мәселелер.

Депутаттар өткен кезеңде 423,8 млн.теңгенің демеушілік және қайырымдылық көмегін көрсетті.

Депутаттардың өз сайлау округтеріндегі жұмыстары, тұрақты комиссияның жұмыстары туралы ақпарат Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының сайтында көрсетілген.

Комиссия депутаттарының қызметі де бұқаралық ақпарат құралдарына жария етіледі.



Сөз соңында айтарым, бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия өзіне жүктелген функцияларды және алдына қойылған міндеттерді шешу үшін өз жұмысын жалғастырады.

Назарларыңызға рахмет.
жүктеу 43,12 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау