Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы


-уға бол :  Бәрі жеңіл. Тіпті ең үлкендерін де онша қиналмай қақпақылдай алуға болады  (С.Жүнісов)



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет77/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   361
file20200121044531 (1)

 
-уға бол

Бәрі жеңіл. Тіпті ең үлкендерін де онша қиналмай қақпақылдай алуға болады 
(С.Жүнісов).
 
-атын бол: Орыс тілін неғұрлым жақсы білсең, соғұрлым жақсы түсініп, жақсы оқитын боласың 
(С.Көбеев).
 
Көріп отырғанымыздай, 
бол 
көмекші етістігінің ішкі мағыналық құрылымында мүмкіндік, яғни 
болар іске қатысты сема болғандықтан, оны өрістің жақын аймағына (ближняя периферия) жатқызуға 
болады. Бол көмекші етістігінен басқа да көмекші етістіктер (
бер, біл, кет, көр) 
негізгі етістікпен 
тіркесіп, аналитикалық формант жасап, мүмкіндік мағынасын бере алады, оларды мүмкіндік 
модалдылығының шеткері аймағына (дальняя периферия) жатқызамыз. Мысалы:
 
-а бер: – Үйді сатсақ, өзімізбен бірге ала кетерміз... Сатпасақ, осында тұра берерсіз 
(Д.Исабеков).
 
-а біл: – Айша – сүйегі асыл арудың нақ өзі ғой. Еңбек ете де біледі, өмір сүре де біледі 
(Д.Досжанов).
 
-ып кет: Мейлі де, бұл тіршілікте қандай есім арқалап жүрсең де, 

тозбайтын көйлегің, я 
азаматтық арың емес, көзің жұмылған күні Қалданбай бол, Аспанбай бол ұмытыласың да қаласың, 
о дүниеге есіміңді арқалап кетпейсің ғой 
(Д.Досжанов).
 
Мүмкіндік/мүмкін еместік функционалды-семантикалық өрісінің осы семантикалық функцияны 
атқаратынлексикалық құралдары да бар. Ол ең алдымен модальдылықтың осы түрінің атауымен 
сәйкес лексемалардың қатысуымен жасалады. 
 
Олар: 
мүмкін, мүмкін емес
сөздері. Сонымен қатар осы модаль сөздермен қатар 
мүмкіндік, 
мүмкіншілік
сөздерінің көмекші етістіктермен тіркесіп келуі арқылы да беріледі. Мысалы: 
-у 
мүмкіндік, мүмкіншілік бер 
модальдық құрылымы: 
...баланың көп болғанына не жетсін. Біріншіден, 
ол – институт беделінің артқаны, екіншіден, білімді жастарды іріктеп, таңдап алуға мүмкіндік 
береді 
(Д.Исабеков);
 
Мүмкіндік модальдығы 
бар/жоқ 
модаль сөздері арқылы білдіріледі: 
Жазмыштың ісіне дауа жоқ 
(А.Шамкенов) – жазмыштың ісіне еш нәрсе істей алмайсың; 
Күйеуі бейіл көрсеткен азамат ағайынға 
Нұрғаным да жаттық етер жөні жоқ 
(М.Әуезов) – жаттық ете алмайды. Өріс перифериясындағы 
мұндай сөздердің мүмкіндік/мүмкін еместік мағыналарын өріс орталығының тілдік құралы 
-а/е/й ал


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
61
аналитикалық формантымен алмастырып қолданып айқындауға болады.
 
Мүмкіндік/мүмкін еместік модальдылық мағынаны беруде сұрау есімдіктерінің де өзіндік қызметі 
бар. Айталық, риторикалық сұрақты сөйленімдер мүмкін еместік модальдығын білдіреді. Мысалы: 
Еңсені жазып жүруге жағдай қайда 
(Д.Досжанов) – еңсені жазып жүре алмайсың; 
Сен жақсы 
көрген нәрсені менің жек көруге қалай дәтім бармақ 
(Д.Исабеков) – жек көре алмаймын.
 
Мүмкіндік модальдығы 
ашық райдың
ауыспалы осы, келер және өткен шақ тұлғалары арқылы 
білдіріледі: 
Еңлік үшін құрулы мылтық құрсаулы жауға кездессем де шыдадым 
(М.Әуезов) – шыдай 
алдым; – 
Есіңде болсын, бүкірді көр ғана түзейді 
(Қ.Жұмаділов) – түзей алады. 
 
Мүмкіндік модальдығының семантикалық құрылымын ғалымдар ішкі/сыртқы мүмкіндік; жүре 
біткен/туа біткен мүмкіндік; деонтикалық/бейдеонтикалық мүмкіндік; актуалды/узуалды мүмкіндік 
деп жіктейді [2].
 
Міндеттілік модальдығы. Модальдылықтың микроөрістерінің бірі болып табылатын міндеттілік 
модальдығының өзегін (ядросын) міндеттеу мағынасын білдіретін 
керек, қажет, міндет, тиіс, 
лазым, шарт 
және т.б. модаль сөздер құрайды:
 
а)
-у керек (қажет, міндет, тиіс, лазым, шарт)
:
 Кешке жоғарғы ауылдағы жиналысқа баруым 
керек 
(Қ.Жұмаділов); 
ә) 
-мақ, -мек керек (шарт, қажет)
:
 Мен айтсам, шабытты тек шаттықтан іздемей, елдің, ердің 
күйкі, жүдеу күйінен де таппақ шарт 
(М.Әуезов);
б) 
-ған, -ген керек (тиіс, ләзім)

Оларға өмір бойы қой бағып, қоңыраулы құл болып өткенім 
қажет 
(Д.Досжан);
в) 
керек, тиіс, қажет 
модаль сөздері зат есімдермен тіркесіп, сөйлемді аяқтауында: –
 Оу, ағайын,

 деді, 

 өкіл сендердің бет-бетіңмен сөйлейтін құдаларың емес. Тәртіп керек 
(С.Жүнісов); 
г)
жөн, парыз, қарыз

қажетті, орынсыз, абзал 
сөздері де қажеттілік мағынасында 
қолданылады: 
Бұл адамға жалған айту жол емес. Шын көңілмен айтар тілегі болса, шындықпен 
ғана жауап беру парыз 
(М.Әуезов) – жауап беру керек.
Жоғарыда аталған сөздерден басқа міндеттілік модальдылығы 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау