Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет281/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   361
file20200121044531 (1)

1. Қызығушылықты ояту. 
Үйрену үдерісі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан 
тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толық-
тырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, 
не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітір-
кенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін 
«Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», 
«Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау»
т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) 
жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
2. Мағынаны тану
(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып 
бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік 


Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Филологические науки», №4(62) 2017 г. 
252
көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту 
стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын 
білдіруге үйрететін ұтымды құрал.
Адамның психологиялық көңіл-күйі өзіңен-өзі құбылып өзгермейді. Көңіл-күйдің, шаттық 
сезімнің, қуаныштың, мысқыл кекесін, ашу-ызаның, адам бойын билеген ой-арманның пайда болуы 
өмірдің оралуан көрінісіне, жағдайға, табиғатқа, әлеуметтік ортаға байланысты туады. Мәселен, 
«Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны» хан-сұлтандарға деген кекті ашу-ызадан туған сөздер. Өлеңді 
оқығанда ақынның қандай көңіл-күйінен туындаған не сол сөзді айту үстінде оның жанын тербеген 
сезімнің көрінісі байқалғандай болады. 
Өзекті жанға бір өлім, 
Орданды талқан қылып шабармын... 
Күндердің күні болғанда, 
Бас кесермін, жасырман...
деген жолдарынан Баймағамбет сұлтанның алдында тұтқын дәрежесінде тұрып-ақ қаймықпай, 
көтеріліс бағдарламасьша сай халықтың қайнаған кегі мен өшпеңділігін білдіретін ерлікті айқын 
аңғаруға болады. Сол дәуірде бұл мәселеге Махамбетпен ешкім таласа алмайды. Академик 
З.Қабдолов лириканы: «Нұрлы ой, ішкі сырлы дүние жанры. Бір өленде бірнеше сөз болуы мүмкін. 
Лирикадағы бас қаһарман -ақынның өзі. Лирикалық кейіпкер, әдетте ұнамды кейіпкер. Лирикада 
тартыс та болады. Лирикада негізінен мінез болады» [3, 70] – деп бағалайды. 
3. Тақырып туралы
ой-толғаныс
– бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту үдеріснде 
оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. 
Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда 
оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіруге үйренеді 

5

.
Зерттеуші-ғалым С.Мақпырұлының «Әдебиеттің тектері мен түрлері» атты әдістемелік талдау 
еңбегінде лирикалық шығармалардың түрлерін (жанрларын) ақынның қоршаған орта, қоғамдық 
шындық туралы толғаныс сезімдерін, оны танып, бағалауын, жалпы көңіл-күйін таныту тәсілдерінің 
сипатына қарай талдап көрсетеді: 
ән өлеңі, ода, элегия, сонет, сатира, арнау, эпиграмма 
[4]. 
 
Адамзаттың тіршілік әрекеттерінің негізгі тұғырнамасы – білім. Қазіргі заман педагогі білім 
беруде тек өткен тарих пен бүгінгі күннің проблемаларын емес, болашақтың жайын ойлауға, 
болжауға, алдың алуға, тиісті шешімдер қабылдап, оған өзінің оң үлесін қосуға қалыптастыруда үлесі 
зор болса керек. 
Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік бітіміне, өлең сырына 
бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы 
адамдық сезім биігін ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық, эстетикалық ләззат, әсер беру 
жолдарын қарастыру.
Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты – ақынға рухани жақындау, оны сезіну, 
ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, 
көркем сөздік құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын 
оятып, құмарлығын арттыру арқылы олардың жан дүниесін байыта отырып, эстетикалық, 
адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру. 
Лирикалық шығармалардың әрқайсысы жеке құрылымдық жүйе екендігін белгілі. Оларды оқыту-
да қолданатын әдістерді жинақтап айту күрделі. Солай бола тұра біздің тарапымыздан, лирикалық 
шығармаларды талдауда, оқытуда жүйеленген жұмыс түрін ұсынамыз: 1. Шығарманың басты және 
қосалқы тақырыптарын табу. 2. Шығармадағы күрделі сөздер мен күрделі ұғымдарды анықтау, сөздік 
жұмысын жүргізу. 3. Өлеңнің құрылысын талдау. 4. Өлеңдегі көркем сөз айшықтарын (троп, 
фигураның түрлері) табу, мәтіндегі қызметін айқындау. 5. Шығарманың композициялық құрылымын 
анықтау, жоспар құру. 6. Шығарманың синтаксистік құрылым жүйесіндегі ой ағынын, тірек ұғымдар 
арқылы айқындау. 7. Шығарма идеясын тану. 8. Авторлық ұстанымды аңғарту. 
Я.А. Коменский оқу үдерісіндегі оқушыға білім мен тәрбие беру жұмысын мынадай төрт кезеңге 
бөледі: 1. Сыртқы сезімді тәрбиелейтін жаттығулар. Бұл мақсаттағы жаттығулар арқылы бала өзін 
қоршаған ортаны, өмірді танып, олармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді. 2. Ішкі сезімді ой-
қиял арқылы елестету мен есту, қол мен тілді тәрбиелейтін жаттығулар. 3. Нақты зат пен нәрселердің 
көлемі мен барлық заттық нәрселерді, құбылыстарды сезіну, осы сезіну арқылы жиналған 
материалдар негізінде ой-пікір мен түйсікті дамыту. 4. Ерікке қатысты; ұстамдылық, еңбек құмарлық, 
қабілетті дамытуға бағытталған жұмыстар. Осы бағыттағы жаттығулардың барлығын да лирикалық 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
253
шығармаларды оқытқанда қолану маңызды. М.Мақатаевтың «Мен таулықпын» өлең мәтініндегі ойды 
айқындау, жинақтау, жүйелеу, қорыту үшін төмендегідей тапсырмалар ұсындық: 1. Өлеңдегі тауды 
сипаттайтын сөздерді белгіле, сол сөздерді теріп жазып жүйеле. 2. «Асқар шыңдар желпиді бесігімді, 
Бір орамын ағытып сәлдесінің», деген тармақтарды қайталап оқы, көз алдарыңа қандай бейне 
елестейді? «Сәлде» сөзі қай заттық ұғымның орнына жұмсалып тұр? Асқар шыңның түсі қандай? Сөз 
образын, көріністі, бейнені сипаттап айтып көр. 3. «Күн алғашқы сәулесін маған шашып, Маған келіп 
түнейді қара тұман» – деу арқылы ақын нені меңзейді? Осы тармақтарда уақытқа қатысты сөз 
қолданыстары бар ма? Тауып белгіле, өз түсінігіңді айт. 4. Мәтіндегі Ана сөзінің қолданысына назар 
аудар. Өлеңде ақын Ана сөзін қандай ұғымда қолданған деп ойлайсыңдар? 5. Өлеңде табиғаттың тағы 
қандай перзенттері аталады. 6. Өлеңді тұтас қайталап оқи отырып, тауға деген ақынның қарым-
қатынасы мен сезімін түсінуге күш сал. 7. Таудың қай қасиетін ақын ерекше қастарлейді? 8. «Тау 
ұлы» тақырыбына ой толғау жаз. Мектеп оқулығында осы өлең мәтініне қатысты мынадай тапсырма 
берілген екен: «Өлеңді мәнерлеп оқы, жаттап ал», «Ақынның ой-арманын әсірелеп, ақын қиялын 
қалықтататын бейнелі сөдерді дәптерлеріңе жазып алып, есіңе сақтауға тырыс», «Өлеңнен тау 
ұлында болуға тиіс қандай қасиеттерді аңғаруға болады» [4]. Бұл тапсырмалар дәстүрлі талдауларда 
мақсат етіліп жүрген мәтіннің тақырыбы мен өзекті ойын танытуға да жетімсіздік етеді. Оның үстіне 
ақын тау ұлының қасиеттерін сипаттауда басты мақсат етпейді. Тау ұлыны қатысты сындық 
ұғымдағы сөздер, эпитеттер мәтінде жоқтың қасы. Бұндай дидактикалық жағынан кемшін сұрақ-
тапсырмалар оқушыны мейлінше тығырыққа тіреп, ой-қиялын шектейді [5].
Құзырлы тұлғаны дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру 
технологиялары ұсынылуда. Соның бірі – Сын тұрғысынан ойлау («СТО») технологиясы. 
«СТО» технологиясын тәрбиеге енгізген американдық ғалымдар Женни Стил, Куртис Мередит, 
Чарльз Темпл. Бұл технологияның философиясы мен теориясы ресейлік ғылым Л.С. Выготский мен 
американдық ғалым Джон Дьюидің еңбектеріне сүйеніп жасалынған. Бұл озық педагогикалық 
технология қазіргі әлемнің 52 мемлекетінде жүзеге асуда. 
Сын тұрғысынан ойлау сабақтары және кез келген осы бағдарлама негізіндегі жасалатын шаралар 
білім алушылардың өз бетінше тұжырым жасау, қорытындыға келу, құбылыстар арасынан тиімдісін 
таңдай білу, мәселені шеше білу, пікірталас жүргізе білу, басқалармен қандай деңгейде болса да 
қарым-қатынас жасай білу, қажет жерде өз көзқарасын өзгерту, топ алдында өз тұжырымын айта 
білу, ойын қорғай білу қабілетін дамытады. Осының бәрі әрбір білім алушының өздігімен білім ала 
білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, зерттеу жұмыстарын жасауға мүмкіндік ашады. Білім 
алушы мен оқытушы арасындағы ынтымақтастық орнайды. 
Оқытушы:
1) Оқушының дербес таным іс-әрекетін кіргізуші. 2) Коррекция жасайды. 3) Ықпал 
етуші, көмекші, ақылшы. 4) Психологиялық жағымды ахуал. 5) Эмоция тудырушы. 6) Мадақтаушы. 
Білім алушы: 
1) Ізденуші, зерттеуші. 2) Табушы, жаңа өнім жасаушы. 3) Білімді өз бетімен алушы. 
4) Өзін-өзі, достарын тексеруші. 5) Бағалаушы, сараптаушы. 
Қызығушылықты ояту кезеңінде қолданылатын әдістер білім алушылардың тақырыпқа 
байланысты бұрынға алған білімдерін қолданып, қайта жаңғыртып, естеріне түсіруін қажет етеді. Бұл 
кезеңде ассоциациялар жүйесін құрастыру – 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау