Bulletin «Филология ғылымдары» сериясы



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет25/361
Дата05.11.2022
өлшемі6,12 Mb.
#38524
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   361
file20200121044531 (1)

 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ЖҰМСАЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ ЖАЙЫНДА 
 
Аңдатпа 
Белгілі ұлттық ұжымда қалыптасқан тілді тұтынушының санасындағы грамматикалық құрылымнан әр 
тілдің өзіндік ерекшелігі, ұлттық дүниетанымы көрінеді, сондықтан әлемнің тілдік бейнесін жасауда 
грамматикалық категориялар маңызды болады. Осындай ерекшелігі мол категория қатарына септік 
категориясы жатқызылады.
Мақалада қазақ тілі грамматикасындағы осы өзекті мәселе қозғалады. Қазақ тілі агглютинативті тілдер 
қатарына жататыны белгілі, сондықтан сөздердің арасын байланыстыру қызметінде аналитикалық тәсілге 
қарағанда, синтетикалық тәсіл басымдылық танытады. Бұл септік жалғауларының қызметіне байланысты, сол 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы №4(62) 2017 ж. 
17
себепті қазақ тілінің қазіргі даму кезеңінде септік категориясының табиғатын саралап жете зерттеп білу аса 
маңызды болып отыр. Мақалада қазақ тіліндегі жеті септіктің қызметі мен семантикалық өрісіне қарай: 
грамматикалық

көлемдік
және 
құралдық
болып бөлінетіні жайлы ғылыми тұжырымдарға шолу жасалып, 
олардың өзіндік белгілері анықталып ашыла түсті. 
Түйін сөздер: 
септік категориясы, грамматикалық, көлемдік, құралдық, функционалды грамматика, 
синтетикалық тәсіл, әлемнің тілдік бейнесі, дүниетаным 
 
Қазіргі таңдағы қоғамдық-экономикалық өзгерістерге байланысты тіл ғылымы да дамудың жаңа 
бағытына бет бұрды. Тіл оның иесі адаммен өзектестіріле зерттеледі, яғни тілдің коммуникативтік 
қызметімен қатар, сол ұлттың қоршаған ортаны, жалпы әлемді танып-білудің көрсеткіші ретіндегі 
қызметі маңызды роль атқарады. Бұл қызмет ұлттың ішкі мазмұнын құрайтын рухани байлық, ұлттық 
рух, ұлттық мәдениет ұғымдарымен ұштасып жатады. Ұлттық санадағы жан-жақты да терең білім, 
рухани жаңғырулар тіл иесі қауым өзін қоршаған даму үстіндегі ақиқат өмірмен тығық байланыста, 
қарым-қатынаста болады да, алдымен, тілдің лексикалық [1] және фразеологиялық [2] құрамынан 
көрініс табады. «Қазіргі тіл ғылымындағы антропоөзекті бағыт тілдің адамның ойлау жүйесі мен іс-
әрекетіне ықпалы, ондағы шындық әлемді көріп-танудағы ұлттық ерекшелік мәселесіне айрықша мән 
береді, сонымен қатар басты назар адамның тілге әсері, тілдегі әлем бейнесі және әлем бейнесін 
жасаудағы жеке ұлттық факторларға аударылады. Өйткені тіл – халықтың ұлттық бейнесі, этнос 
болмысын танытудың аса маңызды құралы» [3, 3]. Тілдің бұл қасиеті халықтың мәдени өмірін,салт-
дәстүрін, тіршілік көзін, ұлттық дүниетанымы мен мінез-құлқы т.б. белгілері туралы ақпарат 
жинақтаған тілдік таңба-деректер арқылы көрініс табады. Тіл адамға таным құралы, қарым-қатынас 
құралы ретінде қызмет етеді. Бұл орайда тіл бірліктерінің қатысым әрекетіндегі қызметі, 
жұмсалымдық қызметі маңызды рөл атқарады. 
Ахмет Байтұрсынұлы адам баласын қоршаған ортаны «жаратынды» және «жасалынды» нәрсе деп 
топтайды, табиғатқа тән дүниенің бәрі – «жаратынды», ал адам қолымен жасалғанның бәрі 
«жасалынды», өйткені оның қалыптасуына адамның ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші 
кіріскен. Тіршілік үшін жұмсалатын өнер – «тірнек өнері» де, көркемшілік үшін жасалатын өнер –
«көрнек өнері». «...нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері 
болады. Өнердің ең алды – сөз өнері саналады». «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 
ақылға, қиялға, көңілге. Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, 
қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, 
суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау» [4, 137-138]. 
«Сөз өнері деп асылында нені айтамыз?» деген сұраққа «Сөз өнерінің ғылымы» еңбегінде жауап 
береді, сөз өнері – іштегі ойды «... тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп» сөз арқылы 
өрнектеу. Сөз өнерінің ғылымы – тіл ғылымы, тіл ғылымы «дыбыстардың, сөздердің, сөйлемдердің 

жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   361




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау