Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу



жүктеу 65,96 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі65,96 Kb.
#5621

Бухгалтерлік есепті реформалау және Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшу
Қазақстан Республикасының қаржы секторында бухгалтерлік есепті реформалау бойынша жұмыс Қазақстан Республикасы Президентінің «Бухгалтерлік есеп туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 Заң күші бар Жарлығы қабылданғаннан басталды. Осы Жарлық бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасауды дайындау процесінде барлық ұйымдардың сақтауы үшін қажетті есеп берудің негізгі принциптері мен ережелерін белгіледі. Оның қабылдануымен 1995-1996 жылдары жасалатын операциялардың бухгалтерлік есебін кірісті және шығысты тануды есепке алу әдісіне көшіру жүзеге асырылды, соған сәйкес ақша қаражаты алынған немесе төленген кезде емес, табыс кіргізгенде кіріс, зиян шеккенде шығыс бойынша танылды. Осы әдіс Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының (бұдан әрі - ХҚЕС) басты принциптерінің бірі болып табылады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша негізгі нормативтік құқықтық актілер базасында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) банк секторындағы бухгалтерлік есепті реформалау бойынша жұмыс басталды. Бастапқы кезеңде Ұлттық Банктің мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі өзегі ретінде екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) бухгалтерлік есеп жүйесіне баса назар аударғанын атап өту керек.

Бухгалтерлік есепті реформалау кезінде қаржы ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп әдіснамасын әзірлеуде Нәйлия Құрманбекқызы Абдулинаның жіті басшылығымен құрамына Рахметова С., Чеусов П., Жаукенов Б., Мұсаев Р., Құрманбаева Э., Сүлейманова Г. кірген Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының ұжымы елеулі үлес қосты. Бұл ұжым – Ұлттық Банктің және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуде және қаржылық есептілік жасауда Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына көшуі – өмірлік ісінің басты мәніне айналған бірінші ұжым болды.

Қазақстан Республикасының қаржы секторында бухгалтерлік есеп реформасын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады:



  1. дайындық кезеңі – басқа елдер жүзеге асырған реформаларды зерделеу және солардың негізінде банк жүйесі бухгалтерлік есебінің халықаралық стандарттарға көшуінің оңтайлы нұсқасын әзірлеу;

  2. негізгі кезең – есептің нормативтік және әдіснамалық базасын жасау, ХҚЕС талаптарына және банк ісінің әлемдік практикасына сәйкес келетін жаңа принциптерді іс жүзіне енгізуді жүзеге асырудың басталуы;

  3. халықаралық талаптарға сәйкес қолданыстағы нормативтік және әдіснамалық базаны жетілдіру және жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, коммерциялық банктердің бухгалтер қызметкерлерін бухгалтерлік есепті және халықаралық стандарттар бойынша қаржылық есептілік жасауға оқыту.

Бастапқы кезеңде 1994 жылы Ұлттық Банк халықаралық қаржы ұйымдарымен Ұлттық Банкте және екінші деңгейдегі банктерде Бухгалтерлік есептің жаңа есепшоттар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізді. Ұлттық Банктің және ХВҚ өкілдерінің бірлескен жұмыс қорытындысы 1995 жылы желтоқсанда қабылданып және бекітілген Жаңа есепшоттар жоспарының ең бірінші жобасы болды. Банктердің және Ұлттық Банктің ХҚЕС-на көшуі және бухгалтерлік есептің жаңа есепшоттар жоспарын әзірлеу қаржы институттары орындаған операциялардың ерекшеліктері есепке алына отырып жүзеге асырылды. Жаңа есепшоттар жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс Рахметова Сәуле Кәрімқызының тікелей басшылығымен іске асырылды.

Банк есебін реформалау саласындағы жетістіктер 1997 жылдың соңында бекітілген № 21 «Банктердің қаржылық есептілігі» және


№ 22 «Банктердің кірістері және шығыстары» бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарында бекітілді. 1997 жылға дейін Ұлттық Банкте және екінші деңгейдегі банктерде бухгалтерлік есептің бірыңғай есепшоттар жоспары қолданылғандығын тиісінше атап өту керек.
1997 жылдан бастап бухгалтерлік есептің жеке есепшоттар жоспарын есепке ала отырып, Ұлттық Банктің бухгалтерлік есеп жүйесі қайта құрылды және оның негізіне бас және қосалқы бухгалтериялардың іс-әрекет ету принциптері қаланды. Сондай-ақ банктерде жаңа есепшоттар жоспарын есепке ала отырып және Ұлттық Банктің өзінде жүргізілген жұмыс нәтижелерінің негізінде бухгалтерлік есеп жүйесі қайта құрылды.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін бұдан әрі жетілдіру мақсатында Халықаралық валюта қорының әдістемелік ұсыныстарына сәйкес Екінші деңгейдегі банктердің Бас бухгалтерлік кітабын жасауға арналған Бухгалтерлік есептің есепшоттары толық көрсетілген жоспары әзірленді, ол банктер ұсынатын ақпараттың сапасын арттыруға, есептілік санын қысқартуға (шамамен 79-дан 43-ке дейін) мүмкіндік берді, өйткені қосымша ақпарат сұрату қажеттігі болмағандықтан – экономика секторы, валюта түрлері, қаржы секторында ақша-кредит статистикасын жасау үшін резиденттік белгілері бойынша жақсы және дұрыс талдамалық деректер алуға мүмкіндік берді, сондай-ақ банктердің талдамалық есебін және қаржылық есептілігін салыстырып тексеруге мүмкіндік берді.

ХҚЕС-на көшу жөніндегі жұмыста ең үлкен және негізгі қадам Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ұлттық Банктің белсенді қатысуымен 2002 жылдың бірінші жартыжылдығында «Бухгалтерлік есеп туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуі болды, соған сәйкес қаржылық есеп беруді жасауды Қазақстан Республикасының барлық ұйымдары мемлекеттік және орыс тілдеріне ресми аударылған, тек қана ХҚЕС-на сәйкес жүзеге асырулары тиіс.

Жұмыс басталғаннан бастап халықаралық стандарттарды енгізу және қосалқы есепті толық көрсету бойынша Ұлттық Банктің Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры – Шалғымбаева Нұртай Тұяққызы белсене қатысуда.

Қаржы ұйымдарынң ХҚЕС-на көшуі жөніндегі мерзімдер кейінірек Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілді, соған сәйкес қызметтерін реттеуді және қадағалауды заңнамаға сай Ұлттық Банк жүзеге асыратын ұйымдар ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікті 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап жасайды. Экономиканың нақты секторының кәсіпорындары 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап (акционерлік қоғамдар) және 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап (қалған ұйымдар) ХҚЕС-на көшуді бастады.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы № 329-II Заңында көрсетілгенмен бір мезгілде, қаржы ұйымдарында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу құқығы Ұлттық Банкке заңды түрде бекітілген болатын. Бұл Ұлттық Банкке уәкілетті орган ретінде қаржы жүйесіне қатысушыларға арналған нормативтік құқықтық актілерді және оларға әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар үшін қаржылық есептілік нысандары; банктерден, кредиттік серіктестіктерден және ипотекалық компаниялардан басқа барлық қаржы институттары жататын қаржы нарығының жекелеген субъектілері үшін бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгі жоспары; ХҚЕС-на сәйкес шетел валютасын қайта бағалауда іске асырылған бағамдық айырмашылықты есепке алу бойынша ұсынымдар; зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың Есеп саясатын жасауы бойынша ұсынымдар; жинақтаушы зейнетақы қорының Есеп саясатын жасауы бойынша ұсынымдар; жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін кастодиан-банктердің есепке алуы және оларды қаржы құралдарына орналастыру және басқалар бойынша ұсынымдар әзірленді және бекітілді.

ХҚЕС-на көшуде келесі басты бағыт қаржылық есептіліктің дұрыстығына қол жеткізу және оны уақтылы беру жұмысы болды. Көптеген банктердің үлкен филиалдық тораптарының бар екендігін және есептілік 2-3 күн кідіріспен түсетіндігін ескере отырып, негізгі операцияларды есепке алуды орталықтандыру қажеттігі пісіп жетті. Орталықтандыруды бас банк деңгейінде ақпарат өңдеуге мүмкіндік беретін бірыңғай автоматтандырылған жүйелер болғанда, сондай-ақ жоғары жылдамдықтағы жақсы байланыс болғанда жүзеге асыру мүмкін болады.

Осыған байланысты адам факторы ықпалын айтпағанда, бухгалтерлік есептің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында банктерде Бас бухгалтерлік кітаптың және бухгалтерлік есептің қосалқы кітаптарының модульдері бар, автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйелерді (бұдан әрі - АБАЖ) енгізу міндеті қойылды. Аталған міндетті іске асыру үшін Ұлттық Банк 2000 жылы әрбір банкті автоматтандыру бөлігінде, соған сәйкес банктердің Бас бухгалтерлік кітапты енгізуі және қосалқы есепті айырбастауды жүзеге асыруы қажет болған бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына көшу бойынша жеке тоқсан сайынғы бақылау іс-шараларын (бұдан әрі - ЖТБІ) бекітті.

Банктерде АБАЖ-ға қойылатын талаптарға ұқсас Ұлттық Банк жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің автоматтандырылған жүйелеріне енгізілген Бас бухгалтерлік кітапты және қосалқы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарының тізбесін бекітті. Аталған талаптар ұйымдарға бухгалтерлік құжаттарда және одан кейін қаржылық есептілікте жасалған, талданатын ақпараттардың шынайылығын, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен бір мезгілде, Ұлттық Банк тұрақты негізде ХҚЕС қолданудың әлемдік тәжірибесін, сондай-ақ қаржы ұйымдары үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік мәселелері бойынша нормативтік базаны уақтылы жетілдіруге мүмкіндік беретін әлемнің түрлі елдеріндегі бухгалтерлік есептің өзге стандарттарын зерделеу бойынша жұмыс жүргізеді.

Осылайша, бүгінгі күні қаржы жүйесінде бухгалтерлік есепті реформалау қаржылық есептілікте жасалған, талданатын ақпараттың шынайылығын, дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, бухгалтерлік есептегі жаңалық экономиканың айқындығына және ашықтығына жеткізіп, қазірдің өзінде уақыт талабына айналды. Экономиканың ашықтығы туралы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі немесе басқа статистикалық қатынастар бойынша сөз етіп қана қоймайды, сол сияқты осы экономиканың деректері барлығына қаншалықты қолжетімді, оны кімдердің қажетсінетіндері және осы деректердің сапасының соншалықты жоғары екендігі бойынша да сөз етеді. ХҚЕС-на барынша көп жақындау Қазақстан банктеріне халықаралық аренада шетелдік банктермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Осының бәрі елдің экономикалық гүлденуіне, Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің жоғарылауына және нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілуіне және әл-ауқатының артуына жағдай жасайды.





жүктеу 65,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау