Қайталау үшін сұрақтар:
1. Демалыстың ақшасын есептеу үшін қандай көрсеткіштер негіз
болады?
2. Демалыстың еңбекақысы үшін минималды мөлшер бола ма?
3. Демалыстың еңбекақысын есептеудің тәртібі қандай?
4. Жұмыстан босаған кезде пайдаланбаған демалыс үшін орнын
толтыру қалай есептеледі?
5. Демалыстың еңбекақысын есептеу кезінде қандай құжатты
пайдалану керек?
6. Қызметтен босарда алатын жәрдемақыны қалай есептеу
керек?
74
36. Еңбекақы бойынша есеп айырысудың синтетикалық есебі.
Депонирленген еңбекақының есебін ұйымдастыру
Еңбекақы № 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді
берешек» пассивті баланстық шотында есепке алынады. Бұл шоттың
кредиті бойынша есептелген еңбекақы мен әртүрлі жәрдемақылар,
ал дебеті бойынша — ұсталымдар бейнеленеді. Кредиттік және
дебеттік жақтар арасындағы айырма кәсіпорын қызметкерлеріне
берілуге тиіс сомаға сәйкес келеді. Оны кассадан берген соң, шот
жабылады.
Уақытында алынбаған еңбекақы депонирленеді. Бұл процедура
төмендегіше орындалады. Еңбекақы беру үшін белгіленген 3 күн
өткен соң, кассир есептеу-төлем ведомосында ақша алу жөнінде
қолтаңбаларын тексеріп алынған еңбекақыны қосып шығады.
Еңбекақысын алмағандардың фамилияларының қарсысына «Алыну
туралы қолтаңба қою» бағанасында таңба қойылады немесе қолмен
«депонирленді» деп жазылады. Бұл жағдайда есептеу-төлем ведомо-
сы екі сома — қолма-қол ақша берілді және депонирленді бойынша
жабылады.
Депонирленген еңбекақының аналитикалық есебі берілмеген
еңбекақының реестрінде, берілмеген еңбекақының арнайы кітабын-
да немесе депоненттік карточкаларда әрбір сұралмаған сома бойын-
ша ұйымдастырылады.
№ 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотын
жабу кезінде депонирленген сомаға бұл шоттың дебеті бойынша
және сол мақсаттар үшін «Депоненттер» субшоты ашылған № 3540
«Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» шотының кредиті бойынша
жазу жазылады. Ал, ақшаның қалдығын біз есеп айырысу шотына
өткізуге тиістіміз, өйткені банкіден алынған қолма-қол ақша қатаң
түрде мақсатты тағайындалумен жұмсалады.
Депонентті беру кезінде біз қайтадан есеп айырысу шотынан кассаға
талап етілетін соманы («Кассадағы қолма-қол ақша» шотының дебеті
және «Басқа кредиторлық қарыздар» — «Депоненттер» субшотының
кредиті бойынша) алып, айтылған депонентті жабамыз.
Сұралмаған депонирленген еңбекақыны кәсіпорын үш жыл бойы
сақтайды, одан соң бюджетке аударады.
|