Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2,74 Mb.
Pdf просмотр
бет56/251
Дата06.01.2022
өлшемі2,74 Mb.
#36690
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   251
Бухгалтерлік есеп (5)

 
Қайталау үшін сұрақтар:
1. Есеп айырысу чектері деген не?
2.  Есеп  айырысу  чектерін  қолданғанда  есеп  айырысу  неге 
тездетіледі?
3. Лимиттік кітапшалардың чектері көмегімен қандай есеп айы-
рысу жасалады?
4. Лимитсіз кітапшалардың чектері көмегімен қандай есеп айы-
рысу жасалады?
5. Банктен есеп айырысу чектердің кітапшасын алу үшін нелерді 
толтыру қажет?
6. Чектер кітапшасымен бірге кәсіпорынның қызметкеріне қандай 
құжат беріледі?
24. Вексельдер арқылы есеп айырысу
Вексель,  бұл  —  қатаң  белгіленген,  жазбаша  үлгіде  көрсетілген 
ақшалай борышты міндеттеме. Вексель өзінің иесіне төлеу мерзімі 
келуі бойынша онда айтылған ақшалай соманы талап етудің сөзсіз 
құқығын  береді.  Вексель  бойынша  оны  берген  немесе  төлеуге 
келісім берген (акцепттелген) тұлға төлеуге борышты.
Вексель заңмен ұйғарылған үлгіде жазылуға тиісті, тек сонда ғана ол 
өзінің заңды күшіне енеді. Дұрыс жазылған вексель бойынша төлеуден 
бас тарту сотқа шағымдануға және борышкердің мүлкі есебінен онда 
көрсетілген соманы мәжбүрлі түрде өндіруге негіз береді. 
Коммерциялық  вексельдер,  мысалы,  сауда  операцияларын 
несиелендіруде  қолданылады.  Егер  сіз  тауарды  сатушы  ретінде 
100 % алдын ала төлемді ала білсеңіз, онда бұл, әрине, жақсы бо-
лады.  Алайда,  нашар  сұраныс  пен  өсіп  бара  жатқан  бәсекелестік 
жағдайларында есеп айырысудың мұндай түрі сирек қолданылады. 
Сатушыларға  тауарларды  жеткізіп  бергеннен  соң,  төлемге  немесе 
несиеге беру жағдайына көнуге тура келеді.  
Мұндай несиенің бір әдісі болып төлемін белгілі кезеңнен кейін 
жасау міндеттемесімен вексельді жазып беру саналады.
Вексельді  жазып  беруші  кәсіпорын  (тұлға)  борышкер  болып 
саналады.  Сатылған  тауарлардың  төлемақысы  есебінен  вексельді 
қабылдаушы кәсіпорын (тұлға) кредитор (қарыз беруші) болып са-
налады.
Вексельдер  жай  және  аударма  түрде  болады.  Жай  вексель  кре-
дитордың  (вексель  ұстаушының)  пайдасына  борышкерге  (вексель 
берушіге) төлеу міндеттемелерін мойындатады.


58
Аударма вексель (тратта) үшінші тұлғаға (ремитентке) көрсетілген 
соманы төлеу туралы борышкерге (қарыздарға) бұйрықты мойында-
тады.
Борышкер  акцепт,  яғни  төлеуге  келісім  бергеннен  соң,  қолма-
қол ақшаның қызметін орындай отырып, ол жазумен тұлғалардың 
шексіз  шеңберінде  айналып  жүре  алатын  аудару  жазуы  (индосса-
мент) траттаға қойылады.
Вексель  жеткілікті  дәрежеде  сенімді  бағалы  қағаз  болғанымен, 
ол  ақшаны  қайтарып  алуға  толық  кепіл  бола  алмайды.  Борышкер 
кәсіпорын (вексель беруші) банкроттық жағдайға түсіп және оның 
мүлкі  барлық  вексельдер  бойынша  төлемдер  үшін  жетпей  қалуы 
мүмкін.
Жоғары сыныпты (классты) банкілер кепілдік беретін вексельдер 
сенімдірек болады.
Аударма  вексельдермен  коммерциялық  қызметтің  бірқатар  ва-
рианттары бар. Сатушы траттаны несиенің мерзімі біткенше ұстап 
тұрып, одан соң олардың төлеуін талап етуі мүмкін. Бірақ, ол вексельді 
банкіге белгілі мөлшерде кемітумен сатып, оны кепілдікке қойып, 
банкіден ссуда алып немесе оны бағалы қағаздар нарығында сатып, 
дереу ақшасын алуды артық көреді. Қазіргі уақытта жеткізушілер 
мен алушылардың арасында есептесу түрлерін таңдауда шектеулер 
жойылған.  Кәсіпорындар  несиеге  өнім  жіберу,  жұмыстар  орындау 
және қызметтер атқаруы мүмкін.   
Мұндай  жағдайда  алушылар  мен  тапсырысшылар  кәсіпорынға 
тек  қана  өнімнің  (жұмыстардың,  қызметтердің)  құнын  емес,  оған 
қоса төлемдердің мерзімін ұзартқаны үшін өсім — коммерциялық 
несие  үшін  процентін  аударады.  Дәл  осындай  мәмілелерді  жасау 
үшін вексельді пайдалану өте қолайлы.
Мысалды  қарайық:  біздің  кәсіпорынның  жіберілген  өнімі 
есебінен вексель алдық (ұстадық). Вексельді төлеу және оның жабы-
лу мерзімі келгенше № 2020 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді 
инвестициялар»  шотында  дебиторлық  қарыз  есептеліп  тұрады. 
Бұл жағдайда № 2020 шотқа әрбір вексель бойынша қарызды төлеу 
мерзімдерге  негізделіп,  есеп  айырысулардың  ерекше  карточкасын 
жүргізу ұсынылады. Атап айтқанда, қамтамасыз етілген дебиторлық 
қарызды төмендегіше белгілеу қажет:  
1. Төлеу мерзімі әлі келмеген вексельдермен;
2. Дисконтталған (банкіде есепке алынған) вексельдермен;
3. Төлеу мерзімі өтіп кеткен вексельдермен.


59
Ақша  қаражаттың  келу  барысы  бойынша  бухгалтерлік  есепте 
мынадай жазу жазылады:     Дт 1040 (1010) — Кт 2020.

жүктеу 2,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   251




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау