Бухгалтерлік есеп



жүктеу 2,74 Mb.
Pdf просмотр
бет100/251
Дата06.01.2022
өлшемі2,74 Mb.
#36690
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   251
Бухгалтерлік есеп (5)

Қайталау үшін сұрақтар:
1. Айырбастауға арналған тауарлардың келуі қалай бейнеленеді?
2. Айырбастау кезінде кәсіпорында жасалған өнімнің шоттарда 
жазылу тәртібі қандай?
3.  Бартерлік  операциялардың  мәселелері  бойынша  мемлекеттік 
салық қызметі мәлімдеуінің ерекшелігі неде?
50. Бірлескен қызметтің бухгалтерлік есебі
 
Азаматтық заңдарға сәйкес, бірлескен қызмет мақсат үшін заңды 
тұлға  құрмастан,  олардың  қатысушылары  арасындағы  келісім 
шарт  негізінде  жүргізіледі.  Бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шарт 
бойынша  (қатысушылар)  Қазақстан  Республикасының  заңды  акті-
леріне қарама-қарсы келмейтін, жалпы шаруашылық немесе басқа 
мақсатқа жету үшін мүлік және нығаюды біріктіру жолымен бірлесіп 
әрекет жасауға міндеттеледі.
Келісім  шарт  қатысушыларының  ақшалай  немесе  басқа  да  мү-
ліктік жарналары, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі нәтижесінде 
құралған  немесе  сатып  алынған  мүлік  те  олардың  жалпы  үлестік 
меншігі болып саналады.
Бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шарт  қатысушысының  сол 
қызметтен түскен өнім мен табыстардың, әрбір қатысушының өзінің 
билігіне кіретін бөлігінен басқа, келісімнің қалған қатысушыларының 
келісімінсіз  ортақ  мүліктегі  үлесін  билеуге  құқығы  жоқ.  Жалпы 
істердің жүргізілуі тапсырылған қатысушы келісім шарттың басқа 
қатысушыларымен берілген сенімхат негізінде әрекет жасайды.
Жеке  (оңаша)  баланстың  мәліметтері  жалпы  істерді  жүргізетін 
қатысушы кәсіпорынның балансына енгізілмейді. Бірлескен қызмет 
туралы келісім қатысушылары арасында табыс, залал және бірлескен 
қызметтің  басқа  нәтижелерінің  үлестірілуі  келісім  шарттармен 
қарастырылған тәртіпте жасалады.


97
Бірлескен қызмет нәтижесінде алынған табыстағы өз үлесін әрбір 
қатысушы  қаржылық  нәтижелерді  қалыптастыру  кезінде  негізгі 
емес қызметтен түскен табыстардың құрамына енгізеді.
Табыстар, залалдар және бірлескен қызметтің басқа нәтижелерін 
үлестіру мен келісім шарт қатысушыларының ақшалай және мүліктік 
жарналары  бойынша  есептер  №  6410,  6420  «Қауымдастырылған 
және  бірлескен  ұйымдардағы  пайданың  үлесі»  және  №  7610,  7620 
«Қауымдастырылған  және  бірлескен  ұйымдардың  залалындағы 
үлес» шоттары арқылы жүргізіледі.
Қатысушыларға  берілген  мүліктің  құны  олардың  дербес 
балансынан  шығыс  етілмейді,  бірлескен  қызмет  туралы  келісім 
шарт  жасалған  мерзімге  байланысты  қысқа  немесе  ұзақ  мерзімді 
қаржылық  салымдар  ретінде  баланстың  №  1110    «Қысқа  мерзімді 
ұсынылған  қарыздар»,  №  2010  «Ұзақ  мерзімді  берілген  қарыздар» 
шоттарында бейнеленеу керек.
Бірлескен  қызметті  тоқтату  кезінде  қалған  мүлік  пен  ақша 
қаражаттары  бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шарттарға  сәйкес, 
қатысушылар  арасында  үлестіріледі  және  олармен  бірінші  кезекте 
№  1110  «Қысқа  мерзімді  ұсынылған  қарыздар»,  №  2010  «Ұзақ 
мерзімді  берілген  қарыздар»  шоттарын  жабуға  пайдаланылады. 
Егер  алынған  қаражаттардың  сомасы  №  1110  «Қысқа  мерзімді 
ұсынылған  қарыздар»,  №  2010  «Ұзақ  мерзімді  берілген  қарыздар» 
шоттары  бойынша  бұрын  есептелген  сомадан  артық  болса,  онда  
алынған  нәтиже  №  5430  «Өткен  жылдардағы  пайда  (залал)» 
шотының  кредитіне  апарылады.  Ал  егер  алынған  қаражаттардың 
сомасы № 1110 «Қысқа мерзімді ұсынылған қарыздар», № 2010 «Ұзақ 
мерзімді берілген қарыздар» шоттары бойынша есептелген сомадан 
кем болса, онда алынған нәтиже № 5430 «Өткен жылдардағы пайда 
(залал)» шотының дебеті бойынша бейнеленеді.
Бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шарттың  мерзімі  аяқталған 
соң  қалған  мүлік  пен  ақша  қаражаттары  қатысушылар  арасында 
келісімнің шарттарына сәйкес үлестіріледі.
Бірлескен  қызмет  туралы  келісім  шартқа  сәйкес,  қатысушылар 
арасында табыс, залал және бірлескен қызметтің басқа нәтижелерін 
үлестіру бухгалтерлік есепте төмендегіше бейнеленеді:
—  табыс — № 5430 «Өткен жылдардағы пайда (залал)» шотының 
дебеті бойынша № 6410, 6420 «Қауымдастырылған және бірлескен 
ұйымдардағы  пайданың  үлесі»  шоттарының  кредиті  бойынша 
корреспонденция  жағдайында  көрсетіледі.  Келісім  шарттарға 
сәйкес, тиесілі сомаларды қатысушыларға аудару кезінде, қарыздар 


98
№  6410,  6420  «Қауымдастырылған  және  бірлескен  ұйымдардағы 
пайданың  үлесі»  шоттарынан  ақша  қаражаттары  шоттарының 
кредиті корреспонденциясы бойынша шығыс етіледі;
—  залал  —  №  7610,  7620  «Қауымдастырылған  және  бірлескен 
ұйымдардың  залалындағы  үлес»  шоттарының  дебеті  бойынша 
және № 5430 «Өткен  жылдардағы пайда (залал)» шотының кредиті 
бойынша,  шеккен  залалды  қатысушылардың  жабу  барысында  — 
ақша қаражаттары есебі шоттарының дебеті бойынша № 7610, 7620 
«Қауымдастырылған  және  бірлескен  ұйымдардың  залалындағы 
үлес» шоттары корреспонденциясы бейнеленеді.
Бастапқы  және  қосымша  жарналар  ретінде  қатысушылардың 
салынған  ақша  қаражаттарын  қайтару  №  1110  «Қысқа  мерзімді 
ұсынылған  қарыздар»,  №  2010  «Ұзақ  мерзімді  берілген  қарыздар» 
шотының  дебеті  бойынша,  ақша  қаражаттар  есебі  шоттардың 
кредиті корреспонденциясыда көрсетіледі.

жүктеу 2,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   251




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау