Јбу Насыр Јл-Фараби шыєыстандыќ, педагогы, психологы, философы


Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық



бет4/5
Дата15.04.2022
өлшемі71 Kb.
#38160
1   2   3   4   5
stud.kz-428 2

2.3. Әл-Фарабидің әлеуметтік этикалық көзқарастарын білдіретін зерттеулері де баршылық.

Олар “Бақыт жолын іздеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”, “бақытқа жету жолында” деп аталатын ғылыми еңбектері. Әл-Фараби өз зерттеулерінде этика, мораль аударып отырған. Этитканың зерттеу объектісі-мораль, мінез-құлық, әдептілік нормалары екенін жан-жақты дәлелдеген. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, этиканың ең жоғарғы категориясы-бақыт болып табылады. Сондай-ақ ол адам бойындағы ақыл-парасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды дегендей пікір айтады. Ақыл мен адамгершілік, қайрымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үміт, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби “қандай шебер әдістің жәрдемімен жеке жақсы мінез-құлыққа жеткінімізді қарастыруымыз керек” дей келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық –этикалық тұрғыдан баға береді. Қоғамдағы әр бір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы пікірін түйіндей келіп, Фараби: “әзілқойлық-әзілді шектен тыс қолданудан болады. Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерлікке немесе орта мөлшерге ауысуды, жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу” деп жазады. Әл-Фарабидің осы моральдық-этикалық тұжырымын Абай өзінің “Төртінші сөзінде” жалғастыра түседі:Күлкіге салынған кісі не шаруадан не ақылдан, не бір ұят келелерік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Әл-Фараби мен Абай арасындағы даналық ой-пікір сабақтастығы жайында бұлардан басқа да көптеген нақты деректер келтіруге болады. Фарабидің өлеңнің логикалық арақауы мен көркемдік өрнегінің өзара сайма-сай келіп, қиюын тауып жатуы

туралы бұл қағидаларымың жыл өтіп барып, Абайдың поэзия туралы принциптерінен бой көрсетеді. Осыған байланысты ойға оралатын бір пікір-ол Абай өзінен бұрын өткен және замандас би-шешендерді, жырауларды сынап бағалауда осындай логикалық-эстетикалық алғышарттарды басшылыққа алғаны байқалады. Ұлы ойшыл ақын аьалған ақын-билерді кейбіреулер дәлелдеп жүргендей, әлеуметтік қоғамдық көзқарастары үшін емес, таза логикалық, поэтика-риторикалық ережелерді сақталғаны үшін сынап отыр. Фараби шын ақын талантын терең ашып, құлашын кең сермеу үшін оған лайықты жағдай, ең бастысы еркіндік қажет деген тамаша қағиданы тұжырымдайды: “Сондай-ақ өнерді зерттеп, белгілі поэзия түрін меңгеріп, басқаларға немқұрайды қарамайтын жанды ерекше білмейтін түрде жазуға сыртқы, не ішкі жағдай итермелейді. Дегенмен, ғажап поэзия еркіндікте тумақ”. Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген адам. Оның ең алдымен грек ғылымын, оның фәлсафасын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халликаттың айтуына қарағанда Әбу Насыр Аристотельдің “Метофизикасын” қырық рет, “Жан туралы” еңбегін жүз, ал “Риторикасын” екі жүз рет оқып шыққан дейді. Осындай ыждахаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдң ғылыми мұрасын еркін игерген. Орта ғасырлық тарихшылар оның қарапайым, аса қанағатшыл, жұпыны ғана киініп, той-думан, ырду-дырдудан бойын барынша аулақ ұстаған адам болғанын тәптіштей жазған. Күндіз ол көбіне қаладағы бақта күзетшілік қызмет атқарып, тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түні бойы кітап оқумен шұғылданған.

Біз Әл-Фарабидің алғашында фәлсафаны ретінде танылғанын айттық. Оның фәлсафалық еңбектерінің басым көпшілігі грек ғалымдарының, әсіресе, Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналаған Әл Насыр Аристотелдің категория, Бірінші және екінші Аналитика сияқты фәлсафалық және логикалық шығармаларына түсіндірмелер жазған.

Сондай-ақ өзі де “Кемеңгерлік меруерті”, “ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғылымдардың шығуы”, “бақытқа

жету” сияқты т.б. көптеген трактаттар туындатқан. Бұл еңбектерінде ол дүние, қоғам, ммелекет және адамдардың өзара қарым-қатынасы туралы өз заманы үшін соны ой-пікірлер айтады. Орта ғасырлардың өзінде де Әбу-Насыр қанаусыз, зорлықсыз бақытты қоғам орнату жөніндегі батыл болжам жасаған. Мұндай қоғамның тууын ол мемлекет басшысының ақылымен, білімімен, адамгершілігімен, байланыстырған. Әбу Насыр Әл-Фараби ғылымының фәлсафа, логика сияқты салаларының іргетасын қайта қалаған, әр ғылым саласын жеке пән ретінде игеру жағын көтере отырып, олардың мәнін айқындап, мазмұнын ажыратуға тырысқан. әуез жайлы да күрделі зерттеулер жүргізген математика саласында үлкен жаңалықтар ашқын. Ғұламада лирикалық сарында жазылған сырлы, мұңлы өлеңдер де баршылық.

Қайтейін мен көкжиек өңілімді,

Келер күнге үмітпен жол ашамын

Қос шөлмектен өткіздім өмірімді

Соны медеу етеді болашағым.

Бір шөлмекте көк сия толып тұрса

Екіншіде шарап бар жайлы мәлім

Даналықты сиямен молықтырсам

Шарабымен шерімнен айығамын.

Әбу Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс қайтыс болған. Фараби қазасы туралы екі дерек бар –дейді ғалымдар. Біріншісін-ғалымдар оны Шамда қайтыс болған десе, екіншісінде-Әбу Насыр Әл-Фараби қасына бір неше адам ертіп Асқалан қаласына бара жатқанда жол торыған қарақшылардың қолынан қаза тапқан. Сайф ад-Даула қарақшыларды тауып, дарға асқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау