27 — сурет. Қарағайдың қылқан жапырағының көлденең кесіндісі. А - бөлшекті бейнесі: 1 - эпидерма; 2 — лептестік; 3 - гиподерма; 4 - қатпарлы паренхима; 5 — шайыр жолы; 6 — эндодерма; 7 — ксилема; 8 — флоэма; 7-8 - өткізгіш шоқ; 9 - склеренхима; 10 - паренхима.
Микроскоптың кіші объективімен қараған кезде қылқанның жарты шеңбер тәрізді пішіні айқын көрінеді. Морфологиялық тұрғыдан алғанда жапырақтың тегіс жағы үстіңгі, ал дөңес жағы астыңғы беті делінеді. Үлкен обьективпен қарағанда жапырақты сырт жағынан қалың кутикулалы эпидерма жауып тұратынын көреміз. Эпидерма клеткаларының пішіні - тік төрт бұрышты. Клетканың сыртқы, бүйір және ішкі қабырғалары қалыңдау оның бұрыштарында жіңішке саңылау тәрізді пора каналдары бар. Эпидермадан ішке қарай қабырғалары қалыңдаған сүректенген бір қабат, ал бұрыштарында екі-үш қабат клеткалардан тұратын гиподерма жатады.
Устьица жапырақ беттерінде бірыңғай таралған,оның жанаспалы клеткалары гиподерма деңгейінде, ауа қуысы мезофилде орналасқан.
Гиподермадан темен біріңғай қатпарланған клеткалардан тұратын мезофилл көрінеді. Мезофилде екі түрлі клетка қабатымен қоршалған шайыр жолдары жатады.
Жапырақтың ортасында коллатералды екі өткізгіш шоғы бар, олардың арасы склеренхимамен жалғасқан. Орталықтың қалған бөлігі қалың қабырғалы паренхималық клеткаларға толы, сыртын эндотерма қоршап, оны мезофилден бөліп түр.
Қайталау сұрақтары:
1 Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2 Сағақты, қондырмалы және қынапты жапырақтар арасында қандай айырмашылықтар бар?
Жапырақ тақтасының санына қарай жапырақтар қандай түрлерге бөлінеді?
Жапырақ жүйкелерінің қандай түрі бар?
Өсімдіктер сабағында жапырақ қандай тәртіппен орналасады?
Жапырақтың қандай метаморфозданған түрлері бар?
Өсімдіктердің жапырақ тақтасының анатомиялық құрылысында қандай бөлімдер болады?
Бағаналы ұлпамен борпылдақ ұлпаның арасында қандай айырмашылықтар бар?
Даражарнақты өсімдіктердің жапырағының анатомиялық қүрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
Қылқан жапырағының мезофилінің құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Қылқан жапырағының мезофилінде өткізгіш ұлпаның қандай элементтері кездеседі?
Сыртқы ортаның әсерінен өсімдіктер жапырағының анатомиясында қандай өзгерістер кездеседі?
тақырып Гүлдің құрылысы
Мақсаты:
гүлдің негізгі бөлімдерімен танысу. Аталық құрылысындағы тозаңқап ерекшеліктермен және тозаңның жетілу кезеңдерімен танысу
жемістердің жіктелу негізін мына белгілері арқылы ажыратуды меңгеру: гинецей түрлері, жемістің қалыптасуына жеміс серігімен, басқа да гүл құрамдарының қатысуы, тұқымның саны, олардың жұмсақ, қаттылығы, дәндеуі бойынша.
Жалпы түсінік
Жабық тұқымды өсімдіктер жер бетіндегі өсімдік дүнйесінің ішіндегі ең жетілген топтар. Басқа өсімдіктерден айырмасы бұларда көбеюге арналған гүлдері және жемістері бар. Жабық тұқымдылар деп аталатын себебі, ұрықтанғаннан кейін аналық түйіннен жеміс жасалады да тұқымы оның ішінде жабық жатады.
w
28 - сурет. Гүлдің құрылысы: 1 - гүл тұғыры; 2 - тостаған жапырақшасы; 3 — күлте жапырақшасы; 4 - аталық; 5 - аналық.
Жабық тұқымдылар- дара жарнақтылар және қос жарнақтылар деп ірі екі класқа бөлінеді. Дара жарнақтылар гүліне мысал ретінде қызғалдақты алсақ, оның күлте тәрізді гүл қоршауы 6 жеке жапырақшадан, үштен кіріккен 6 аталығы және үш жеміс жапырақшасынан тұратын аналығы бар. Дара жарнақтылар класына лала гүлділер, астық гүлділер, қияқтар, орхидейлер т.б. тұқымдастар жатады. Қос жарнақтыларда гүл қоршауы бес бөлімді, мысалы герань өсімдігінің 5 тостағанша жапырақшалары, бестен кіріккен 10 аталығы және 5 жеміс жапырақшасынан жасалған аналығы болады. Қос жарнақтылар класының көп тараған тұқымдастары; раушан гүлділер, бұршақ тұқымдастар, ерін гүлділер т.б.
Жабық тұқымдылар - өсімдіктер әлеміндегі ең жоғарғы деңгейде бейімделген өкілдері. Олар өздерінің өміршеңдігінің, өзгергіштігінің, ыңғайшылдығының нәтижесінде құрлық элемінде кеңінен таралған. Бұл өсімдіктер тобына тұңғыш рет, гүл және жеміс дүниеге келді /пайда болды/.
Гүл дегеніміз - жабық тұқымды өсімдіктердің денесіндегі қысқарған, бұтақтанбайтын, шектеле өсетін, тозаңдануға, ұрықтануға, яғни, барлық мүшелері көбею қызметіне бейімделген өркен.
Гүлдің негізгі бөліктеріне кіндігі /табаны/, серігі /тостағанша мен күлте/ және жыныс мүшелері - аталық пен аналықтар жатады.
Гүл кіндігі мен гүл шығатын буынға дейінгі сабақ бөлімін гүл сағағы дейді. Гүл сағағы барларын сағақты гүл, ал сағағы жоқтарын сағақсыз гүл дейді.
Гүл сағағының бойында дара жарнақтыларда бір - бірден, қосжарнақты-ларда екі - екіден ұсақ жапырақшалар орналасады; олар гүл жапырақша деп аталады.
Гүл толық және толық емес, күлтелері дұрыс /актиноморфты/, күлтелері бұрыс /зигоморфты/, күлтелері бір - біріне киіліскен /ассиметриялық/ болып бөлінеді.
Гүл серігінің болуы не болмауына және олардың құрылысына байланысты гүлдің 1) жалаңаш /ахламидті/ гүл серіктері жоқ; 2) толық /гетерохламидті/; қосарлы тостағаншасы, күлтесі бар; 3) жай /гомохламидті/ - гүл серіктерінің жапырақшалары спираль тәрізді орналасқан, күлтеше тектес боялған немесе тостағанша тектес /монохламидті/, жапырақшалары бір шеңберге ғана орналасқан түрлерін айтады.
Гүлдер - аталық /0/, аналық /0/ және қосжынысты /0/ болуы мүмкін. Гүлдің аталықтарын андроцей, ал аналықтарын гинецей деп атайды. Гинецей апокарпты және ценокарпты болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |