19 - сурет. Қара бидай сабағының көлденең кесіндісі (А) және көлденең кесіндісінің схемасы (Б): 1- эпидерма, 2 - склеренхима, 3 - хлоренхима, 4-жабық коллатералды шоқ, 5 - негізгі паренхима, 6 — қуыс.
Қос жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы ашық шоқты болып кетеді де, негізінен бүйірлік меристемалар-прокамбий мен камбийдің қызметіне тікелей байланысты өзгеріп отырады.
Ағаш тектестердің сабағының құрылысы шоқсыз болады. Сүректі ағаш тектестердің ұзақ жасауына байланысты сабағы жуандап, өсу де ұзаққа созылады. Сүректі өсімдіктердің анатомиялық құрылысындағы негізгі ерекшеліктері: біріншіден, алғашқы қабық-эпидерманың орнына соңғы жабындық ткань-тоз немесе қыртыс пайда болады. Екіншіден, сүрек бөлімінде бір-бірінен жақсы ажыратылатын жылдық сақиналар пайда болады. Мысал ретінде жөке ағашының сабағын алуға болады.
Дара жарнақты өсімдіктердің сабағының анатомиялық құрылысы қос жарнақтылардан біршама өзгеше. Олардың өткізгіш элементтерінің арасында камбий қабаты болмайды, сондықтан тұйық сосуд талшық шоқты деп аталады. Дара жарнақты өсімдіктердің сабағы камбийдің болмауына байланысты жуандамайды.
20 — сурет. Жүгері сабағының көлденең кесіндісі (А) және көлденең кесіндісінін схемасы (Б):1— эпидерма, 2 - склеренхима, 3 - негізгі паренхима,4 –жабық коллатералъды шоқ.
Кәдімгі жасыл жапырақтың түрлері жазық пішінді, екі жақты, шекті өсетін және оның әр түрлі жапырақ тақтасының болуымен сипатталады. Жапырақтың төменгі сабақпен тұтасқан бөлігін оның негізі деп атайды. Жапырақ сағағы (petiolus) су мен минералды заттарды жапырақ тақтасына және ондағы жіктелген пластикалық заттарды (ассимиляттарды) кері остік мүшелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді.
Көп жағдайда жапырақ негізінде (түбінде) екі бүйірлік өскін-төбе жапырақтар (Stipulae) қалыптасады.
Жапырақтың басты ассимиляциялық бөлімі оның тақтасы. Күрделі жапырақтың қалыптасуы, өркеннің бірінші, екінші, үшінші дәрежелі тарамдалғаны сияқты екі, үш рет қауырсынданған күрделі немесе көп рет - үш жапырақшалы болып қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |