46. Бір жылқыны бес қойға, ал екі қойды үш ешкіге айырбастайды. Төрт жылқыны неше ешкіге айырбастайды?
А) 16. В) 20. С) 30. D) 14. Е) 15.
47. Сиыр қойдан 4 есе қымбат, ал жылқы сиырдан 2 есе қымбат.3 қой, 2 сиыр, 1 жылқының бағасы бірге 570 000 теңге болса, төменгі тұжырымдардың қайсысы дұрыс (мұндағы М -жылқының бағасы, Қ-қойдың бағасы):
А) К=25000 тгжәне М=8 К. В) К=30000 тг және М=180000 тг. С) 8 К < М. D) К=30000 тг және М=8 К Е)8 К>М.
48. Токарь 540 тетікті белгілі бір мерзім ішінде дайындау керек. Жаңа әдіс қолданған токарь күніне 30 тетік артық жасап жұмысты мерзімінен 3 күн бұрын бітірді. Жоспар бойынша ол бір күнде қанша тетік жасау керек екенін анықтаңыз.
А) 70. В) 60. С) 40. D) 50. Е) 30.
49. Үш үйдің көлемдері 3615 м3, 2685 м3, 1575 м3. Бұл үйлерді жылытуға жұмсалған 1575 мың теңгені олардың көлемдеріне пропорционал етіп бөліңіз.
А) 410 мың тг, 790 мың тг, 150 мың тг. В) 750 мың тг, 570 мың тг,350 мың тг.
С) 723 мың тг, 537 мың тг, 315 мың тг. D) 420 мыңтг, 780 мыңтг, 320 мыңтг.
Е) 221 мыңтг, 890 мыңтг, 135 мыңтг.
50.200 метрлік канализацияны іске қосу үшін ұзындықтары 800 мм және1200 мм болатын 190 керамикалық құбырлар пайдаланылды. Осылардың әрқайсысынан неше құбырдан алыну керек?
А) 55; 135. В) 70; 120. С) 60; 130. D) 65; 125. Е) 65; 115.
51. Шипажайда демалатын адамдардың жастары:50; 25; 51; 42;30; 30;58; 50. Осы адамдар-дың жастарына сәйкес келетін сандар қатарының медианасын табыңыз.
А) 45. В) 50. С) 36 .D) 46. Е) 42.
52. Әдия 150 беті бар кітапты 4 күнде оқып бітірді. Ол бірінші күні кітаптың – бөлігін, екінші күні бірінші күнгіден 5 бет артық, үшінші күні кітаптың бөлігін оқыды. Қалғанын төртінші күні оқыды. Әдияның 4 күнде оқыған беттер сандарының медианасын табыңыз.
А) 45. В) 40. С) 25. D) 35. Е) 30.
53. Астана қаласынан Павлодар қаласына жолға шыққан машина 1 сағатта жолдың бөлігін жүрді. Егер оның жылдамдығы бірқалыпты болса, онда барлық жолға қанша уақыт жұмсайтынын анықтаңыз.
А) 5 сағ 50 мин. В) 5 сағ 40 мин. С) 6 сағ. D) 5 сағ 20 мин. Е) 5 сағ 30 мин.
54. Пойыз 4 сағат ішінде 336 км жүрді, ал автобус 3 сағат ішінде 126 км жүрді. Автобустың жылдамдығы пойыздың жылдамдығынан неше есе кем екенін табыңыз.
А) 4 есе. В) 1,5 есе. С) 3 есе. D) 2 есе. Е) 2,5 есе.
55. Еркін құлаған дене құлаудың алғашқы секундында 5 м, ал әрбір келесі секундында 10 м артық жол жүреді. Дененің 80 м биіктікті жүру уақытын табыңыз.
А) 6 сек. В) 5 сек. С) 7 сек. D) 4 сек . Е) 3 сек.
56. Ойын алаңындағы 5 балаға бір-бірден келіп қосылған 6 бала алаңдағы әр баламен қол алысып амандасты. Қанша қол алысып амандасу болғанын анықтаңыз.
А) 35. В) 30 С) 45. D) 25. Е) 15.
57. Картада екі қаланы қосатын кесіндінің ұзындығы 3 см. Картаның масштабы 1 : 1000000. Екі қаланың арақашықтығын табыңыз.
А) 300 км. В) 30 км. С) 300 м. D) 30 м. Е) 3 км.
58. Қыс мезгіліне отын дайындау үшін ұзындығы 2 метрге тең 15 бөрене алынды. Әрбір бөренені 25 см-ге тең бөліктерге бөлу керек. Отын дайындау үшін барлық бөренені неше рет кесу керек ?
А) 110. В) 100. С) 120. D) 115. Е)105.
Достарыңызбен бөлісу: |