Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі


Төрт санның арифметикалық ортасы 9 -ға тең. Олардың үшеуі 5, 9, 12 сандары болса, төртінші санды тап. A) 6 B) 8 C) 9 D) 10 Е) 36 9



жүктеу 4,59 Mb.
бет26/89
Дата07.11.2022
өлшемі4,59 Mb.
#40031
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89
Ботак з Лесбек ызы мен Мадина Тулкун ызы Сандар тізбегі

8. Төрт санның арифметикалық ортасы 9 -ға тең. Олардың үшеуі 5, 9, 12 сандары болса, төртінші санды тап.
A) 6 B) 8 C) 9 D) 10 Е) 36
9. Әсемге 12 пәннен жылдық бағалар қойылды. Онын орташа ұпайы 3,75 болды. Орташа ұпайы 4 болу үшін ол неше пәннен бағасын1 ұпайға көтеруге керек?
A) 7 B) 9 C) 6 D) 3 Е) 4
10. Нұргүлге 16 пәннен жылдық бағалар қойылды. Оның орташа ұпайы 4,25 болды. Орташа ұпайы 4,5 болуы үшін ол неше пәннен бағасын 1 ұпайға көтеру керек?
A) 9 B) 3 C) 6 D)7 Е) 4
11. Бір сынып оқушылары тест жазды. Егер әрбір ұл балалар тестті 3 ұпайға жақсырақ жазса, сыныптың орташа көрсеткіші 1,2 ұпайға жақсарады. Қыз балалар сыныптың қанша пайызын құрайды?
A) 50% B) 55% C) 60% D) 65% Е) 70%
12. Бір топтағы 9 адамның орта жасы 25 жас. Екінші топтағы 11 адамның орта жасы 45 жас. Егер екі топтағы адамдарды қосса, олардың орта жасы неше болады?
A) 70 B) 36 C) 35 D) 32 Е) 20
13. Қапта 48 кг қант бар. Тосапқа барлық қанттың 5/12 -і жұмсалды. Қапта неше килограмм қант қалды?
A) 8 кг B) 12 кг C) 20 кг D)24 кг Е) 28 кг
14. Себеттегі жұмыртқаның әуелі жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, ақыр соңында қалғанының жартысын алды. Егер себетте 10 жұмыртқа қалған болса, бастапқыда қанша жұмыртқа болған?
A) 160 B) 120 C) 210 D) 190 Е) 110
15. Сыныптағы 28 оқушының 4/7- і қыздар. Сыныпта неше қыз бар?
A) 10 B) 12 C) 16 D) 18 Е) 20
16. Хорға қатысқан ұлдардың ширегі, қыздардың 1/3 -і өлеңді айқайлап айтты, қалғандары ауыздарын жыбырлатып тұрды. Өлеңді айқайлап айтқан қыздар мен ұлдар саны 6. Өлеңді айқайлап айтқан қыздардың өлеңді айқайлап айтқан ұлдардан екеуі артық. Хорға неше қыз, неше ұл қатысты?
A) 12 қыз, 8 ұл B) 11 қыз, 10 ұл C) 15 қыз, 9 ұл D) 16 қыз, 11 ұл Е) 14 қыз, 7 ұл
17. Кәсіпорын өз өнімдерінің 3/4 -ін экспортқа жіберді, ал 1/5 -ін жұмысшыларына таратты. Кәсіпорын қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?
A) 80% B) 20% С) 25% D) 75% Е) 5%
18. Қораптан бірінші ретте 8 кәмпит, екінші рет қалғанының 1/4 -і алынды. Соңында қорапта барлық кәмпиттің 2/3 -і бөлігі қалды. Қорапта қанша кәмпит қалды?
A) 40 кәмпит B) 48 кәмпит C) 44 кәмпит D)35кәмпит Е) 24 кәмпит
19. Бөшкенің бестен бірі суға толып тұр. Осы судың жартысы қолданылғаннан кейін бөшкеге 16 л су құйса бөшкенің жартысы толады. Сонда бөшке канша литрлік?
A) 40 B) 36 С) 32 D) 28 Е) 24
20. Су мұз күйге айналғанда өзінің көлемінің 1/7 - дей ұлғайса, мұз су күйге айналғанда көлемінің қандай бөлігін жоғалтады?
A) B) С) D) Е) 1
21. Мұз су күйге айналғанда көлемінің 1/7 бөлігін жоғалтса, су мұз күйге айналғанда өзінің көлемінің қандай бөлігіне ұлғаяды?
A) 1/7 B) 1/6 С) 1/8 D) 2/7 Е) 5/1
22. Массасы 30 кг коспада 5/6 -і никель және бірдей мөлшерде әр түрлі бес метал бар. Олардың ішінде темір де бар. Қоспаның құрамында қанша темір бар?
A) 800г B) 1200 г C) 5 кг D) 1000 г Е) 2 кг
23. Динара үш ойыншық сатып алды. Бірінші ойыншыққа өзінде бар ақшаның жартысын және 100 тг төледі. Екінші ойыншыққа қалғанының жартысын және 200 тг төледі. Үшінші ойыншыққа қалғанының жартысын және 300 тг төледі. Сонымен ақшасы таусылды. Динарада бастапқыда қанша теңге балған?
A) 3600 тг B) 4500 тг С) 3400 тг D) 6500 т Е) 10000 тг
24. Мұғалім жаңадан келген оқушыдан былай сұрады: «Сен өз сыныбыңда неше оқушы болатынын айта аласың ба? Егер оқушылардың санына тағы сондай сан қосып, сол санның екіден бесіндей сан қосып, сол санның жартысын қосып, соның төрттен бірін және сені қосқанда 127 оқушы болатыны белгілі болса» деді. Сыныпта қанша оқушы бар?
A) 30 B) 35 C) 36 D) 40 Е) 24
25. Ұшып келе жатқан қарғалар теректерге қонды. Қарғалардың жартысы бірінші терекке, қапғанының жартысы екінші терекке, одан қалғанының жартысы үшінші терекке қонды. Төртінші терекке қалған 2 қарға қонды. Төрт терекке барлығы неше қарға қонды?
A)12 B) 16 C) 18 D) 24 Е) 32
26. Үстел үстінде бір қорап кәмпит жатыр. Саян кәмпиттің жартысын алды. Ал қалған кәмпиттердің жартысын кәусар алды. Арай қалған кәмпиттердің жартысын алды, сол кезде қорапта 3 кәмпит қалды. Қорапта басында қанша, кәмпит болғанын табыңыз.
A) 24 B) 30 C) 18 D) 60 Е) 32
27. Бір ит тамақтың сегізден бір бөлігін жеген кезде, оның жеген тамағы қалған тамақтан 480 грамм кем болды. Алғашында тамақ қанша грамм болады?
A) 800 B) 640 С) 480 D) 770 Е) 880
28. Кәсіпкер түскен пайдасының бестен үшін қарызына төледі, жиырмадан үш бөлігін жаратты. Сонда қолында пайданың неше пайызы қалды?
A) 30% B) 25% C) 20% D) 15% Е) 12,5 %
29. Құлыпталған 10 шабадан және олардын 10 кілті бар. Қай кілт қай шабадандікі cекені белгісіз. Шабадандарға сәйкес кілттерді іріктеу үшін көп дегенде неше рет тексеру керек?
A) 43 B) 45 C)50 D)55 Е) 58
30. Сөмкеде 1 - ден 17 -ге дейін нөмірленген 17 шар жатыр. Арасында екі шардың нөмірлерінің қосындысы 18 -ге тең болатындай сөмкеден қарамай ең кем дегенде неше шар алу керек?
A) 7 B) 8 C) 10 D)11 Е) 12
31. Цифрлар жазылған бес кеспе үстел үстінде мына ретпен жатыр: 9, 5, 8, 7, 6. Бір жүрісте кез келген екі кеспенің орнын ауыстыруға болады. Ең кем дегенде қанша жүріспен мына кеспелерді 5, 6, 7, 8, 9 ретіне келтіруге болады?
A) 4 B) 2 C) 1 D)3 Е) 5

жүктеу 4,59 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау