Қ.Х.Р-нан қазақтардың репатриациялануы.
Әлемдік ассоциация мәліметтері бойынша Қытайда қазіргі таңда шамамен 1млн 500 мың қазақтар өмір сүріп жатыр. Мұнда өмір сүріп жатқан барлық халықтың туу денгейін бақылау саясатын өткізгенде, қазақтар санының өсуі байқалды. Соңғы 10 жылда жағдай біртіндеп жақсы жағына қарай өзгерді. Бұл төменде берілген статистикадан көруге болады.
1945-1946жж 438575
1946ж 444 мың
1953ж 509000
1967ж 643000
1979ж 848000
1982ж 907582
1984ж 964500
1987ж 1 млн 033315
1989ж 1 млн 100мың
1992ж 1 млн 300мың
1995ж 1 млн 500мың
Бұл статистикадан қазақтар санының өсуі 1940жылдың ортасынан 1990 жылдың ортасына дейін болды. Бірақ үш жыл ішінде (1946-1949) қазақтар саны тек 6 мыңға өсті. Төрт жылдан кейін қазақтардың саны 60 мыңға көбейді. Содан кейін Қытай тарихында ұзақ жылдар бойы қайғылы кезеңдер болады.Бұл кезеңде Қытайда қандай да бір санақ жүргізуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан да 14жыл аралығында (1953-1967) санаққа тек 139мың қазақтар тіркеледі. Бірақ 1962жылы қазақ қашқындарының Қытайдан Қазақстанға қашқандарын және «мәдениет революциясы» мен «жергілікті ұлт өкілдерімен күрес» жылдары кезінде репрессияға ұшыраған қазақтардың саның естен шығармау керек.
Қ.Х.Р-ғы этникалық жағынан азшылықты құрайтын қазақтардың «туу деңгейін бақылау» саясаты 1960 жылы басталды. Жиырма жыл ішінде (1967-1979) Қытайдағы қазақтар саны 205 мың адамға өсті. Бірақ ХХ ғ соңғы 10 жылдығында Синьцзяндағы қазақ халқы тұрғындар саны 200 мыңға өсті. Бұл өсім тек 3 жыл ішінде орындалды.
К.Л. Сыроежкиннің «Қ.Х.Р-ғы қазақтар: әлеуметтік экономикалық және мәдени даму очерктері» монографиясында Қытайдағы қазақтардың жұмыс істеп отырғанын келесі көрсеткіштен көруге болады: ауыл шаруашылығында (жер өндеу, мал шаруашылығы, балық аулау кәсібі) – 82,5%, өндірісте – 2,52%, құрылыста 0,68%, транспортта – 0,75%, саудада – 3,1%, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыздандыруда – 5,44%, мемлекеттік және партиялық органдарда – 3,94%.
Қ.Х.Р-нан қазақтардың репатриациясы келесі жағдайларға байланысты болды.
Біріншіден, Қ.Х.Р-дағы қазақтар біртұтас қазақ этносының бөлігі болып табылады.
Екіншіден, жоғарда көрсетілген қазақтардың жұмыспен қамтамасыз етілуінің пайыздық көрсеткіштерінен репатриацияланған Қытайлық қазақтар Қазақстанның ауыл шаруашылығының дамуына байланысты дауласушылар бола алады.
Үшіншіден, Қытайдағы қазақтарға тән негізгі белгісі болып, жақсы дисциплинасы бар, енбекқор, жұмыскерлер болып табылады.
Төртіншіден, Қазақстанда қазақтар саны көбейіп жатыр. Автохтоттық тұрғындар тек жалпы тұрғындар санының 51% құрап, бұл демографиялқ дисбалансты ығыстырды.
Бесіншіден, бұлар Қазақстанға қазақ тілінін дамуына маңызды, тіл тасушылар болып табылады.
Алтыншыдан, Қ.Х.Р-дағы сонғы кезде этникалық азшылықты құрайтындарға саясаттың қатаң болуы және олардың материалдық, психологиялық жағдайларының нашрлауына байланысты қазақтар Қытайдан репатриациялануға мәжбүр болды.
Жетіншіден, ұзақ уақыт бойы қытайлықтармен тұрған қазақтар, олардың ұлттық спецификалық жағдайын, психологиясын, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас барысында олардың қолданатын әдіс-тәсілдерін жақсы мегеріп алды.
Қ.Х.Р-дан қазақтардың репатриациялануының негізгі себептері барлығына белгілі. Ең алдымен бұл Қазақстндағы жұмыссыздықтың өсуі, ауыр экономикалық жағдай тағы басқалары болды. Осыған байланысты Қытайлық қазақтарды ауылдардаорналастыру керек болды. Мұнда олар Қазақстанның дамуына өз үлестерін қоса алады. Екіншіден, Қазақстанда әлі де репотрианттар мен қашқындардың статусын анықтайтын заңды актілер қабылданбады. Алматыда 1996 жылы 12 мамырында өткен жиналыста, 3 жыл бойы Жамбыл облысында орналасқан репатрианттар Қазақстан азаматтылығын ала алмай жүргеннін айтады және ешбір жеңілдіктер жасалмағанын айтады. Қазір тек бұл женілдіктерді Ираннан келген қашқындар алып отыр. Үшіншіден, Қытайлық қазақтардың репатриациясында дұрыс шешімдерді қабылдаудағы әскери саяси мәселелерге байланыстысы бұл- Қытаймен қарым –қатынасы еді. Яғни мәселе осында: Қытайдағы қазақтар көбі Синьцзянда, Ұйғыр автономды аймағында мекен етті. Мұнда Урум әскери аймағы орналасқан еді. Бұл Қ.Х.Р-дың солттүстік-батыс жағын қорғап қамтамасыз етіп отырды. Сондықтанда Қытай үшін Синьцзянмен әскери–саяси стратегиялық жағынан байланыс орнатуға қолайлы былды.
Қазақ диаспорасындағы тайваньдардың орны мен ролі.
Тайваньдардың қазақ диаспорасындағы орыны мен рөлі әлі күнге дейін құпияға толы. Қазақстандық және батыстық тарихнамада тек 1970 жылдары Түркиядан Тайваньға бір топ қазақ жастарының осы елдің университетінде білім алу үшін аттанғаны туралы деректер бар. Қазақстандық деректерде бұл мәлімет көбінесе Мұстафа Өзтүріктің есімімен байланысты. Осы уақыттарда білім алғандықтан. Іс жүзінде басқа мәліметтерді біздер кездестірмедік. Сондықтан Тайваньдағы қазақ балаларының оқу жүйесін ұйымдастырған тағдыры қызық жан Делилхан Жаналтаймен кездесуді жөн көрдік. Делилхан Жаналтай 1922 жылы Алтайда, Синьцзяндағы қазақтардың арасындағы белгілі Жанымхан Тілеубайұлы ходжаның, (кейін Максуд Сабридің басшылығы кезінде қаржы министрі болған) жанұясында дүниеге келді. 1941 жылы Алтай аймағында қазақ-қырғыз тұрғындарының арасында сайлау өтті. Онда Делилхан Жаналтай екі халықтың қалауымен де басшы атанды. 1942 жылы Алтай аймағында 75 қазақ мектептері ашылды. Ал сол жылдың сәуірінде Үрімшідегі Шэн Шицаядан, бес қазақ өкілі әскери мектепке оқуға келе алады деген жеделхат келді. Делилхан Жанымханұлы, Тұрысбек Шығайұлы, Жақыпбек Қылышұлы және Тұрхан Мамиұлы 1942 жылы Үрімшідегі Шэн Шицаяның кіші інісі Шэн басқарып отырған офицерлік колледжге түсті. Делилхан Жаналтай бұл колледжді бітіргенде, 1944 жылы қазақтармен ұйғырлардың Илискідегі көтерілісі тұтанған кезеңмен тұспа-тұс келді. Делилханды көтерілісті ретке келтірушілердің тобына қосты, бірақ ол Құлжаға жетпеді, өйткені бұл топты екіге бөліп тастады: біріншісін Құлжаға, екіншісін Алтайға. Делилханды Алтайға жіберді, онда ол үнемі Делилхан Сүгүрбаевпен және Осман Батырмен кездесіп тұратын. 1945 жылы оған майор шенін тағайындады. 1946 жылы коалициялық басқару құрылған кезде Делилхан оған қарсы болды, өйткені оның ойынша Шығыс-Түркістан респупбликасын басқара отырып, қытайлардың қоластына қайтадан кіруге ешқандай қажеттілік жоқ деді. Бұл көзқарасты Илиск көтерілісі кезінде 700 сарбазы бар қатарды бастаған Осман Батыр да құптады. 1946 жылы Осман Батыр коалициялық басқаруда сайланса да, ол онда жұмыс жасамады. Синьцзянға билік басына Максуд Сабридің келуіне байланысты 1947 жылы Делилхан Жаналтайға Гоминьдан әскерінің полковник шені тағайындалды. 1948 жылы Нанкинде Қытайдағы Ұлттық Ассамблеяның сайлауы өтіп, онда Делилхан Жаналтай депутаттардың бірі болып сайланды. Бірақ Синьцзянға Максуд Сабридің орнына билікке Бурхан Шахидидің келуімен байланысты қазақтар коалициялық басқарудан кетіп, өздерінің наразылықтарын оның қоластында жұмыс жасаудан бас тартты. Солардың бірі Жанымхан ходжа еді. 1949 жылдың 15 маусымында Әлібек Хакім және Делилхан Жаналтай Осман Батырдың үйіне Жанымхан ходжамен және басқа да қазақ зиялыларымен, жақындап қалған НОАК қатарларына қарсылысу туралы мәселені талқылауға жиналды. Делилхан ағаның айтуынша 1949 жылы күзде қытай коммунистерінің келуімен Синьцзянда неханьск тұрғын жерлерінде үлкен адам шығындары болды. Әсіресе қазақтарды қырып-жоюда НОАК әскерлерінің шабуылдары сәтті өтті. Бірақ бұған қарамастан олар, соңында жеңіліс тапты. 1950 жылдың 1 шілдесінде қытай коммунистері Делилхан Жаналтайдың әкесі Жанымханды жанұясымен қоса тұтқындап, ал 1951 жылдың қаңтарында Үрімшіде Жанымхан Тілеубайұлын сотсыз, тергеусіз үнемі қайталанып отырған қорлау барысында түрмеде атылды. Делилхан Жаналтай және оның ағасы Мәжитпен бірге Нұрғожа Батырмен, Сұлтаншәріп Тайджи басқарып отырған қазақ қатарына қосылды. Сұлтаншәріп Тайджимен бірге ол Газкөлдегі Хусаин Тайджидің ауылына келіп, сол жерден Пәкістанға аттанды. Онда Делилхан Жаналтайға әскери шені өз пайдасын тигізді. Өзімен Пәкістанға келген қазақтар Түркияға көшіп кетті. Ал Делилхан Жаналтай және тағы басқа бірнеше жанұя Кашмирде қалып, оның өз сөзіне қарағанда, онда ол саяси мәселелермен айналысқан. Полковник ретінде ішкі істер Министрлігінде қызмет атқарып, барлық күш-жігерін қытай коммунистерімен күресуге жұмсады. Өйткені өз Отаны-Шығыс Түркістанды жоғалтқанына көнгісі келмеді. Коммунистермен күресу жолдары оның өміріндегі негізгі мақсатқа айналды. (Делилхан Жаналтай өте білімді жан. Ол қазақ,түрік, қытай, ұйғыр, урду, ағылшын, орыс, тибет, дұнған және араб тілдерін өте шебер меңгерген.) Бірақ өз балаларына білім беру мақсатында 1969 жылы Делилхан Жаналтай және т.б онымен бірге 95 адамның Кашмирдан Түркияға тұрғылықты өмір сүруге қоныс аударуға негіз болды. Ол 1973 жылдан қазіргі таңға дейін Стамбул қаласының Казкхкент районының, қазіргі Гунешли-кейінде тұрып жатыр. Делилхан аға қазақ балаларының Тайваньға аттануымен және түрік қазақтарының өмір жағдайларын жақсарту мәселелерімен айналысты. Ол қазақ жастарының түркіленіп кеткеніне назар аударып, қазақ салт-дәстүрі өз ғасырын тек үлкен ұрпақтар арасында өткізетінін айтып өтті. Стамбулдың төңірегінде өмір сүретін қазақтардың тұрмысы санитарлық талаптарға сай келмеді. Сондықтан «Қазақкент» тұрғызу идеясы туды. (казахский город) яғни, ата-бабамыздың Синьцзяндағы жартыарал Индостанда қолына қару алып, өз жанұясын қауіп-қатерден қорғау үшін жанталаса күрескенін есте мәңгі сақтау үшін өте қажет болды. Артында қалған ұрпақтары өз мәдениетін, тарихи түп-тамырын ұмыт қылатын «мәңгүрттерге» айналмас үшін қасық қаны мен ақтық демі шыққанша күресіп, ерлікпен қаза тапты. Делилхан Жаналтайдың қазақ жастарының Тайваньдағы жоғарғы білім алу жолындағы негізгі мақсаты «түріктену» процесін тоқтатып, қазақтарды өз ұлтының салт-дәстурін сақтап, сонымен қатар оларды әлемдік деңгейдегі білімді игеруіне жол көрсету болып табылады. Бірақ Тайваньдағы оқуды ұйымдастыру мәселесіне оралайық. Алғаш рет Делилхан Жаналтай Тайваньға 1960 жылы Үндістаннан сапар шекті. Коммунистердің жеңісінен соң Гоминьдан басшылары Чан Кайши бастап Тайваньға қашқаны белгілі, онда мемлекеттің бұрынғы мүшелері мысалы, Йолбарс Хан сияқтылар келе бастады. Чан Шайши Гоминьданның Ұлттық Ассамблеясына оларды өмірлікке біріктірді. Делилхан Жаналтай айтылған құрамға енді, ол 1991 жылдың қыркүйегіне дейін өмір сүрді. Ол визасыз Чан Кайши шақырған қонақ ретінде Тайваньда тоғыз ай өмір сүрді. Делилхан Жанымханұлы Гоминьдан басшысымен жеке әңгіме-дүкен құратын. Осындай кездердің бірінде Синьцзяннан қашқан қазақтардың мәселесі көтерілді. Делилхан Жаналтайдың ықпалымен Чан Кайши қазақ және шығыстүркістандық балаларды оқытуға қаражат бөлуге келісімін берді. И. Сванбергтің айтуынша бұл мәселе ұлттық Қытаймен және айдаудағы шығыстүркістандықтардың арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік туғызды. Бірнәрсе айқын: айтылған акцияның қандай да болмасын жасырын саяси мақсаты болса да, 26 қазақ ұл-қыздары өте жақсы жоғарғы білім алды. Олардың көбі мысалы (Мұстафа Өзтүрік және Бешир Жаналтай), бұларды қазақ халқына қызмет етуге тағайындады. 1971 жылдың қаңтарында Тайваньға қазақ және ұйғыр балаларының алғашқы тобы аттандырылды. Қазақ салты бойынша жолы болсын деп, құрбан қойы сойылып балаларға «ақ жол» тілеп аттандырылды. Оқу, жол, тұрмыстық т.б шығындар тайвань жағынан қаржыландырылды. Оқу жүйесі үш университетте жүзеге асырылды: Тайваньдық(Тай Даашэ), Джинда(саяси ғылымдар) және Мәдениеттік(Вынха Даашэ).
Делилхан Жаналтайдың мәлімдеуінше 1-ші топқа 10 қазақ баласы, 1 өзбек және ұйғыр қызы Дениз Байкозу, Максуд Сабридің немересі енді. Осы топтың құрамында: Алихан Делилханұлы Жаналтай, ол Тайвань университетін бітірген соң Мюнхендегі «Свобода» радиостанциясында жұмыс жасады; Махмуд Филиз, ол да түрік радиосындағы қытай редакциясында қызмет атқарады; Мұстафа Өзтүрік- әлемге әйгілі таэквондо шебері, «Джинда» университетінен соң Кореяда білім алады, қазақ қызы Абатай , қазіргі таңда Анкарадағы МВД-да қызмет атқарады, Фатих Учар, Хафиз Джан және өзбек Мұстафа Будак. 1972 жылы қазақтардың жалпы жиналысында Делилхан Жаналтай Тайваньдағы жастардың өмірі мен жағдайы жөнінде есеп берді. Тайваньға қазақ жастарының келесі тобы 1974 жылы аттанды. Ол топқа 16 адам енді. Сол кезде Түркиядан адам басына 15 доллардан артық ақша алып шығуға болмайтын еді, Делилхан Жаналтай банкке барып жағдайды түсіндіріп Тайваньға барар жолдағы күнделікті шығындарды өтеуге жұмсалатын сумманы алуға рұқсат алды. Тайваньға оқуға келген екінші топта: Бешир Хамитұлы Жаналтай, араб әдебиеті мен тілінің мамандығын алып, оқу біткен соң Лондонда және Рединге (Ұлыбритания) дегі Би-Би-Си редакциясында шамамен 20 жылдай жұмыс жасайды; Есімхан Кочйигит Тайвань университетінің Халықаралық қатынастар факультетін аяқтап, қазір АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында қызмет атқаруда; Абдулхак Малкош, түрік радиосының жапон редакциясын басқарды, қазіргі кезде Анкара университетінің жапон тілі кафедрасының меңгерушісі; Расим Софу, орыс тілі мен әдебиетін оқып, Түркияда журналист қызметін атқарып, сосын Анкара университетінде дәріс беріп, 1995 жылдан бері Қазақстанда жұмыс атқаруда; Рахметулла Гогче, қазір кәсіпкер, Сингапурде қызмет атқарады және Кореяда, Стамбулда; Кая Эрол, Стамбулда жеке фабрикасы және Тайваньда кәсіпкерлікпен айналысады; Максут Кочйигит, АҚШ-та жұмыс жасайды, қазір Стамбулда тұрады; Хаджима Арыстанқызы Жаналтай, Бешир Жаналтайдың әйелі, жолдасымен бірге Редингеде (Ұлыбритания); сонымен қатар Нихат, Байрам Юксел, Ерол Софу, Латиф Калкан, Хамит Куртулуш.
Осы екі топтың құрамындағы 26 қазақ бірнеше жылдың ішінде Тайваньда жоғарғы білім алып, қазақ диаспорасының екінші ұрпақтарының әлеуметтік және жалпыбілімберетін деңгейінде сөздің түйіні бола алады. И. Сванбергтің мәлімдеуінше Тайваньда Түркістандық Ассоциация құрылып жұмыс жасаған (Turkistan Cemiyeti), онда қазақ жастары да атсалысқан. Чан Кайшидің өлімінен соң Тайваньдағы қазақ жастарын қаржыландыру тоқтатылды, сондықтан Түркиядағы қазақтар балаларын онда білім алуға жіберуді тоқтатқан. Чан Кайшидің өлімінен 16 жыл өткен соң, Тайваньдағы жас саясатшылар Парламенттегі өмірбақилық мүшелік еткен адамдарды әсіресе бұрынғы шығыстүркістандық лидерлердің, сонымен қатар осыған байланысты жеңілдіктермен қаржылай көмек көрсету шараларын тоқтатты.
Келесі қазақтардың әлемдегі қадам басуы олардың еңбек иммиграциясының Батыс Европа және Солтүстік Америка, сонымен қатар мұнайлы араб елдерінің аудандарына қатысуы болып табылады.
1720-40ж. ж . Қазақстан және Цин-жоңғарлық қарым-қатынас.
1715-1722 жылдары 2-ші жоңғарлық циндік соғыстар созылды, Қытай тарапынан 2 бағыт анықталды:Цэван Рабданға қысым көрсету және оның иеліктерін ситратегиялық аудандарын басып алу. Осылай Қытай империсы Канси Цеван Рабданнан тәуелсіздік алудан бас тартып Цин империясының егемендігін мойындап Қытайға жоңғар хандығының көп бөлігі мен халқын беруді талап етті, әрине бұған Цеван Рабдан көнбеді. Соғыс 1722 жылға дейін созылды. 1722 жылы Қытайда император Канси қайтыс болады, оның мұрагері Юнчжэн ел мен әскер ауыр жағдайда тұрғанын сезініп, Цеван Рабданға бейбіт келісімге келуді ұсынады. Кансидің өліміне байланысты Цин үкіметінен қауіп баяулап, 1722 ж кейін Цеван Рабдан шығыстан қазақтарға ірі жорыққа дайындалды. 1723 жылы ақпан- наурыз айларында ойраттар Ұлы және Орта жүз қазақтарының ауылына басып кірді. Қарсыласқа дайын болмағандықтың бірнеше себебі бар: 1. Қазақтар қыстақтан жайлауға көшуге дайындықтан босамады. 2. Қазақтардың феодалдары ойраттар жорыққа дайындалып жатқанын сезбеді. 3. Ішкі тартыстар ошағы жанып, Тәуке ханның өлімінен кейін оны сөндіре алмады. Осы себептерге байланысты қазақтар қарсы тұрмай өздерінің малын, жерін, дүниесін тастап қашуға мәжбүр болды.
Ойрат феодалдарының шапқыншылықтары Орта Азия халықтары мен тайпаның араласуымен тарихи қалыптасып қалған этникалық шекараның бұзылмауына алып келді. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған ұлы апат жылдары Орта жүз бен Ұлы жүздің кейібр тайпалары мен бүкіл ауылдарын қырып-жойып, ойраттар Орта Азиялық кейбір қалаларын басып алды. Физикалық түрде жойылып кетпес үшін қазақтар миграция бастайды, бұл «цептік реакция» түрінде Орта Азиялық хандықтарда өмір сүріп жатқан, Орта Азияның басқа халқына таралып, ариалдық өзгеруіне алып келді. Кіші жүз қазақтары қарақалпақтармен бірге Батысқа Арал теңізіне қарай көшіп ембіден өтіп, оннан қалмақтарды қуып, башқұрттарды солтүстікке ығыстырып, Жайық, Илек өзендерінің маңызды даланы басып алды, онымен қоса Кіші жүздің кейбір рулары Бұқар мен Хиуаға кетті. Орта жүз солтүстікке ығысты. Тобыл, Ом өзенінің жоғарғы жағына онда олар башқұрттарды және оңтүстік –сібір түріктерінің халқын ығыстырды. Сонымен қатар, Орта жүз руларының кейбіреуі Самарқандқа, Бұқарға, Ташкентке қашты. Ұлы жүз қазақтарының бір бөлігі Орта Азияға, Самарқандқа, Ходжент, Ферғана, Памирге дейінгі аудандарға көшіп кетті.
Орта Азиялық тарихшы Мұхамед Алидің деректері бойынша Самарқандттық хан Раджаб Бұқар ханы абдул Фейзден соғысқа өздерінің жерлерінен ойраттар қуған «Маверенахрға басып кіріп, Зарохман далаларынан Бұқарға дейінгі құнарлы жерлерді басып алған» қазақтарды пайдаланғандығы туралы айтылады. Ойраттардан қашқан қазақтар қырғыздардың қарақалпақтардың Орталық Азияға келуін ірі катализмге алып келді. Аштыққа,экономикалық күйреуіне алып келді.
1723 жылдың екінші жартысы мен 1740 жылдың басында қазақтар мен ойраттардың арасында құнарлы табаға тайлық жерлер мен жайылымдар үшін соғыс жүреді. Сонымен қатар, ХҮІІІ ғасырдың басындағыдай белсенді болмаса да, Жоңғария шекаралас жатқан жер мен Жетісу даласы үшін соғысады. Орта және Кіші жүз қазақтарына ойраттардың шапқыншылығының бәсеңдеуі 1729 жылы Циндық қытаймен жоңғария арасындағы тағы бір соғыстың басталуымен сипатталады.
Осы оқиғаға дейінгі болған тарихи құбылыстар қазақтардың ирреденттерінің пайда болып зерттеуге өте маңызды болып табылады. Өйткені жоңғария мен қытай арасында алғаш рет тереториялық шекаралық мәселе шешілді, осыған байланысты кейінірек жоңғар хандығы қирағаннан кейін қытай мемлекеті ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда соғыстарда ойраттар қазақтардан тартып алынған қазақ жерлерін мұрагерлікке алды.
1723 жылы Цеван Рабдан Пекинге қайтадан елшілік жібереді, онда ол екі ел арасы\нда достық көршілік өарым-қатынас орнатумен екі елдің шекарасын анықтау мәселесін ұсынады. Қытай императоры Юнгжэн ойраттарға шекараны моңғол Алтай тауы арқылы бөлісуді ұсынды. Яғни дәл қай жерден өтетіндігін дәл анықтамай ұсынды. Бұл жағдай шекараның жоқ екенін анық көрсетті. Нәтижесінде шекара анықталмады. Сондықтанда 1725 жылғы оқиғадан кейін елшілік келгенде циндер шекараның дәл жоспары ұсынды, ол Батыс таулары моңғол Алтайы Улунгу өзені, содан кейін оңтүстікте Булаган, Хабутас, Байтаг, Лабиор көліне дейін және оңтүстікке қарай Газиаль көліне дейінгі аймақты қамтыды.
1720-1770 жж болған ойраттардың Қытайға қарсы болған соғыстары ,ойраттардың Қытайға тұра алмайтынан көрсетеді.
Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан
Жаналтайдың Пәкістанға келуі.
1951ж қыркүйекте Пәкістан шекарасына Хусайн Тайджи, Сұлтаншарип Тайджи және Делилхан Жаналтай топтары келді.
Осылайша қазақтар Тибет арқылы, Индостан жағалауымен Шыңжанға оралған жоқ. Қазіргі деректерге сай Қытайлық эмиссарлар қазақтарды Шыңжанға кетуге итермеледі бірақ Сұлтаншарип Тайджи, Хусаин Тайджи, Әлібек Хакім бастаған аздаған қазақ тпотары елге оралды.
Тибеттік тау жоталарынан кейін Тибеттің және Қытайдың шабуылы аштықтан, суықтан күн кешкен қазақ топтары Пәкістан шекарасына жетті.
1951жылы қыркүйек-тамыз айларында қазақ топтарының Тибет арқылы Пәкістан шекарасына келуі үлкен қайғылы жағдайға ұласып әлемдік резананс болып батыста жаппай жаңалық ашты, ал содан кейін зерттеушілердің айтуынша ең бірінші дәл осы резонанс адамзаттың қайғысы ол отанынан айырылу, материалдық және моральдық жапа шегуі болып есептеледі. Бір жаңалығы қазақтардың саяси қашқындары Қытай коммунистеріне қарсы шығып батыс үшін «суық соғысқа» қатысты.
Пәкістанға өтпегендіктен Кашмир шекарасында қазақтардың саяси қашқындары Шыңжан лагерінде коп апта болған, шекаралық билеушілер шекараларға орналасуға рұқсат етті. Коп аптадан кейін олардың территориясына Қытайлықтар келді. Сөйтіп Қазақтарға Шыңжанды қайтаруды ұсынды, ал қазақтар бұдан бас тартты. Сол күні түнде қытайлықтар қазақтардың лагеріне шабуыл жасады, соғыс Пәкістандық шекарашылардың көз алдында өтті. Сондықтан қазақтарды Пәкістан территориясына өткібейтінін жариялады.
1951жылы 10 қазанда қазақтар бәрібір Пәкістан шекарасына орналасты. Негізінен шешімді олар 52 күн күтті. Мұхаммед Эмил Бура осы кезде Шринагерде тұратын. Ол қазақтардың Пәкістан шекарасында тұратынын естігенде жылдамдатып Делиге қайтып оралды.Джавахарлану Неруден саяси қашқындарды Шыңжан елдеріне қайтаруды өтінді. Вилайеттегі Ладак шекарасындағы қазақтарды Сарай Сафакадил лагеріне орналастырды. Дж. Милтон Кларктің айтуы бойынша 1 жылда Шринагердегі қазақтардың саны 350 адамға жеткен. Өкініштісі қазіргі авторлар өздерінің документтік деректемелерінде сол кездегі қазақтардың санының қанша екенін көрсете алмағандықтарында. Сонымен қатар Милтон Дж. Кларк өзінің дессертациялық құжаттарын жинап, қазақ балаларын және жас адамдарды ағылшын тілінде тегін оқытып көпшілігін өздерінің өміріне қажет еткізді. Мысалы; оның бір оқушысы Хасен Оралтай өзінің көп өмірін « Свобода» деген радиостанцияға арнаған. Мюнхендегі Делилхан Жаналтайдың айтуынша қазақтардың Милтон Дж. Кларкпен және оның әйелімен қарым-қатнастар жақсы болған.
1954 жылы сәуірде Хусайн Тайджи мен сұхбатында Годфри Лиас былайша сұрақ қойған « сіз неге өз отаныңыздан кетіп қалдыңыз?» ол не деп жауап қайтарды « мал болып өмір сүргенше өлгенім артық» ойлап қарасақ бұл сөзден Шыңжандағы қазақтардың істерін түсіндіреді Қытай билеушісінің берген бөлшегін алғысы келмеді. Бұл проблемалры көптеген аспектілерді таң қалдырады. Қытай билеушілерінің қатнасы қазақтардың өздерін далалардан көшпелілер сияқты қуып, сонымен қоймай жандарын күйдіртіп Тибеттің қарлы ызғарынан бастап Пәкістан шекарасына дейін жетті. Бірақ қытайлықтар бұған да қанағаттанбады.
Осылайша өздерінің жүректерінен Шыңжанды тастауға мәжбур болды, негізінен қазақтар бұл жерлерді Үндістан мен Пәкістан шекарасын Шығыс Түркістан деп атаған екен. Ксенофонттың жазуынша грек жалдамашылдар б.з.д. 4 ғ басында өз отанына әрен дегенде жеткен болатын ал қазақ «Анабасиас» аштыққа, жоқшылыққа ұшырап діни және материалдық жағынан айырылды малдарының тең жартысы қалды. Мұның барлығы тәкәпарлықтың арқасында өздерінің тәуелсіздік және еркіндік алу үшін болды. Сондықтанда бұл жол 2 мың милге жасақталды.
Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы және азаматтық соғыс.
Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы және азаматтық соғыс қазақтардың Отанынан тыс жерлерге миграциясы үшін жаңа түрткі болды. Кеңес тарихнамасында бұл мәселеге байланысты оқулықтар мен монографияларда былай деп берілді: феодал байлардың арбауына берілген сауатсыздар мен түсінбегендер өз жерлерін тастап, малдарын шекарадан өткізді. Негізінен қазақтар шығысқа-Қытайға қашты, оңтүстікке-Өзбекстанға қашты, әрі қарай-Иран мен Ауғанстанға.
Көп ұзамай Ұлы Қазан Социалистік ревалюциясы басталғаннан кейін қазақтар онша үлкен емес топтармен Қытай шекарасын кесіп өтті. Олар өз малдарын негізінен Тарбағатай тауы мен Қара Ертіс алқабы арқылы шекаралық Құлжа ауданына айдады. Бұлардың көбі Шыңжандық Алтай мен Іле аймағында қалып отырды. Годфри Лиас кеңес билігін орнату және азамат соғысы жылдарындағы Қазақстаннан Қытайға кеткен бірнеше жүз мыңдаған қашқындар туралы айтады. Бұл санмен тек оған ақ гвардиялықтар мен басқа ұлттағы қашқындар қосылғанда ғана келісуге болады деп есептелінеді.
1920 жылы көктемде Орал майданының жойылуымен ақ гвардияшылардың қалдықтары мен Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі Иранға қашты. Жетісу майданының жойылуымен ақ гвардияшылардың ыдыраған бір бөлігі және қазақ, қырғыз, ұйғыр қоғамының бай өкілдері Қытайдағы хандық емес халықтардың санын толықтыра отырып, Шыңжанға қашты.
Қазақтар және Жоңғар хандығын Циндіктердің күйретуі.
Келесі кезең – қазақ ирреденттерінің Қытайда пайда болуына арналады. 1757 ж. Циндіктер Жоңғар хандығын талқандайдайды. Үзінше қазақтардын жерлері Циндік Қытайдін пайдасына шешілді. Өз іштерінен қырықысып әлсіреген Жоңғарияны, жоңғарлардын, орта және ұлы жүздін көші – қон жерлерін өздеріне қаратып алды. Қазақтар ойраттар шабуылы нәтижесінде қаңырап қалған Жоңғариянын құрамындағы өз жерлерін қайтаруға мүдделі болды.
Мына жайтты атап өтү керек, Қытайда Маньчжурлық Цин династиясы кезінде Қытай тауелділігіне сирек түскен, бостандық сүйгіш халқы бар екі маңызды облыс болды. Біріншісі, бұл Циндіктер 1720 жылдары басып алған Тибет. Екіншісі өзіне Орталық Азиядағы халықтардың жерліңн қосып алған жоңғар хандығы орналасқан Қытайдың солтүстік-батыс бөлігі еді. жарты ғасырғы жуық уақыттан кейін бұл аймақтарды Қытай билеушілері «Синьцзян» деп атай бастады, яғни ол Қытай тіліне аударғанда «жаңа шекара» немесе «жаңа территория» деген мағынаны береді. Бұл екі облыс әрқашан қытай билеушілеріне қиыншылықтар туғызып отырды. Бұл жерде стратегиялық, экономикалық, саяси перспективалар жайында айтпа-ақ қоюға болады, дегенмен де бұл аймақты қауіпсіз аялдамаға айналдыру қажет болды. Тарих көрсеткендей, бұл алдын алу шаралары артық болмағанын біліп отырмыз, оның жемістерін қазіргі заманғы ҚХР үкімет басшылары жинап отыр.
Император Цяньлун әскери Қеңеске 1755 жылы мамырда қазақтарға елші аттандыру туралы жарғысында жоңғар хандығын қирату жайындағы Қытай үкіметінің пиғылынан тыундаса керек. Император былай деп жазды: «... Жоңғарияда бірнеше жыл өзара қақтығыс, адам өлімі, кедейшілік болуына байланысты, біздер (император) Аспан астында билік жүргізе отырып, халықтын тыныштығын сақтау үшін Жоңғарияны тыныштандыру үшін Ұлы армияны жөнелттік. Біздің ойлаумызша, бұл халыққа демалуға, күшін қайта қалпына келтіруге және көбеюне жақсы әсер ету қажет. Біздер бейшаралық пен соғыс жүргізуге емес, халыққа бақыт жеткізу үшін, шексіз Аспан тыныштығын беру үшін ниеттендік.»
Бейбітшілік орнатуды әскери күш арқылы орнату «тамаша саясат». Шындығына, көптеген жоңғарлар Цин әскерінің қолдарынан өліп, «шексіз Аспан тыныштығын» алды. 600 мың ойраттардың 80% жуығы соғыс пен аурудан өлді. Тарих ғылымының докторы Зардыхан Қинаят ұлы өзінің «Летопись слезных лет» атты монографиясында Тайвань тарихшысы Лю Итанның Қытайлықтар күйреткен жоңғарлардың тағдыры жайындағы сөзін келтіреді.
«...200 мың жанұядан, 600 мыңы жоңғар халқының 4/10 бөлігі аурудан өлді, 3/10 соғыста өлді, 2/10 босқындар ретінде өз жерлерін тастап кетті, 1/10 бөлігі Жоңғария жерлерінде тіршіліктерін жалғастырды».
Бұл кеңістіктер тұрақтылық орнатуға арналған Циндік саясат – күйреген жоңғар хандығының қаңырап қалған жерлеріне әртүрлі этниқалық топтарды иммиграциялауды ынталандыру болды. Циндіктер нығая бастады, әскери қоныстанушылардың көлемі кеңейтілді, онда көбінесе негізінде Қытай шаруаларынан – Ханьнан шыққан солдаттар жөнелтілді. Осылайша, бірті-бірте қытайлық – ханьдарды Қытайдың орталық аудандарынан солтүстік-батыс шекараға көшіру басталды. Шекарада қазақтармен бірге Сибо, Солон, Чахар, Таранчей, содан кейін ойраттардың гарнизондары орналастырылды. Бұлардын бәрі соғыс кезінде Циндердің жағына өтіп, Қытай бодандығын қабылдағандар болатын.
Циндіктер жүргізген әр түрлі этникалық топтарды қоныстандыру, көшіру саясатына байланысты бұрын жоңғарлар жаулап алған қазақтар мен басқада автохтонды халықтардың жері еш есепсіз өзгерді, аталған ауданда демографиялық картина өзгере түсті, Орталық Азияда қалыптасқан халықаралық қатынастар жүйесі бұзылды, ал қытай өзінің әскери – саяси және сауда позициясын батыстағы жақсы нығайтты, алғаш рет Қазақстанмен өз шекарасын белгілесті.
Енді Цин үкіметінін алдында осы кезеңдегі Орталық Азиядағы түрік және монғол халықтарының бостаңдық үшін болып жатқан қозғалыстарына қолдау көрсетіп отырған қазақ хандарымен қатынас жасау мәселесі тұрді. Цин ауласы мен Орта жүздін қазақтарының басшыларымен арада саяси контакттар Циндіктер жоңғар хандығына соққы беруге дайындық жасап жатқанда-ақ орнады. Өйткені Пекин қазақтармен қарым-қатынасын айқындауға мүдделі болды, себебі оларды өздеріне одақтас етуге де мүмкіндік бар екенін білді. Император Цяньлунның пікірі бойынша «Қазақтар мәселесі 1755 жылы сәуірде екі бірдей әдіс арқылы шешілуі мүмкін еді: біріншісі егер қазақтар біздің жағымызға шықса, олардың «Үлкен көсемдеріне, астанасына аудиенцияны аттандырып титулмен марапаттау»; екіншісі, егер біздің жағымызға шықпаса, онда бас салып басқыншылық жасау (әскери күшпен)».
1755 жылы жазда Орта жүздін сұлтаны Абылайдың сарайына Қытай императорынын манифестін жеткізуші алғашқы Циндік елшілік аттандырылды. Онда мына жайлар айтылды: «Бұрында сіздер жоңғарлармен жауластыңыздар.Бұл кезеңде, Аспан династиясы әскерлерін жылжытқанда (Жоңғарияға) сіздер Даваци мен соғыстыңыздар. Даваци сіздерге қарсы шыққан әскерлерін тоқтатуға мәжбүр болды.
Қазір жоңғарлар бағындырылды, олар енді біздің қызметшілерімізге айналды. сіздерге қайғы әкелген олардын іс-әрекеттері тоқтайтын болады. Егер де сіздер, қазақтар бізге бағынуды қаласаңыздар молынан қамқорлыққа бөленетін боласыздар. Егер тәуелсіз иелік ретінде қалғыларыныз келсе, сіздерге шекара қарауылдап, тынышсыздануларыңызға тура келеді.» Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің «XVIII ғғ. Қазақстан тарихынан» деген монографиясында Абылайдың көздеген мақсаты қазақтардың ойраттармен тартып алынған жерлерін қайтару болды.
1755 ж. бастап Цин империясы ойраттардын көшіп қонатын аймақтарының қазақтармен және қырғыздармен шектесетін шекараларын айқындауға күш сала бастайды. Қытайлықтар қырғыздармен қазақтардың өз жерлерін қайтару туралы өтініштеріне қарамастан, жалғыз өзі жоңғар мұрагері болғысы келді.
Достарыңызбен бөлісу: |