Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» ММ (Көкпекті ауылы, Ш.Фахрутдинова көшесі 44 А. № 5 каб. индекс 071000,
тел.8(72-348)-2-21-44, факс 8(72-348)-2-21-44, электронды мекенжай r.chultukova@akimvko.gov.kz.)
аудан бюджетінен қаржыландырылатын Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Көкпекті ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері, E-G-3 – 1 бірлік, код (№18-5-7), лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 90874 теңгеден 122392 теңгеге дейін;
Функционалдық міндеттер: Мүдделі ішкі және сыртқы пайдаланушылардың оның қаржы-шаруашылық қызметі мен қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпарат алуы мақсатында ауыл әкімдігін бухгалтерлік есепке алу және жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру. "Мемлекеттік сатып алу туралы"Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес веб-порталда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Синтетикалық және талдамалы шоттары бар Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын, ішкі бухгалтерлік есептілік нысандарын дайындау және бекіту бойынша; мүлік пен міндеттемелерді түгендеу және бағалау жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, олардың болуын құжаттамалық растау, жасау және бағалау бойынша жауапкершілік; ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру, шаруашылық операцияларды дұрыс ресімдеу, құжат айналымы тәртібін сақтау, есептік ақпаратты өңдеу технологиясы және оны рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау бойынша. Бухгалтерлік, салықтық, статистикалық және басқару есебінің талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептіліктің ақпараттық жүйесін қалыптастыруға басшылық ету, қаржы бөлімі мен қазынашылыққа қажетті бухгалтерлік ақпаратты ұсыну. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, есепке алу мен бақылаудың прогрессивті нысандары мен әдістерін қолдану негізінде бухгалтерлік есеп тіркелімдерін жүргізу, шығыстар сметасын орындау, мүлікті, міндеттемелерді, негізгі құралдарды есепке алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Бухгалтерлік есеп шоттарында шаруашылық операцияларды, активтердің қозғалысын, кірістер мен шығыстарды қалыптастыруды, міндеттемелерді орындауды уақтылы қамтамасыз ету және дәл көрсету. Қаржылық талдау жүргізуге және бухгалтерлік есеп пен есептілік деректерінің негізінде салық саясатын қалыптастыруға, ішкі аудитті ұйымдастыруға қатысу; қаржылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс, бухгалтерлік есеп шоттарынан жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектерді және басқа да шығындарды есептен шығару заңдылықтары. Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және оларды белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыру. Ауылдық округ әкімінің тапсырмаларын орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, есеп және аудит, қаржы) бөлімінің мамандықтары бойынша, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік (экономика, есеп және аудит, қаржы) білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;;
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына r.chultukova@akimvko.gov.kz. құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде «Көкпекті ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.
Көкпекті ауданы әкімінің аппараты
"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
|
|
|
Нысан
|
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_______________________________________________________________
___________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
___________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |