Барлық мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) В-5, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында кіші офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;* 7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 8) ғылыми дәрежесінің болуы.*
* Ескертуге: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
-
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
| С-4 |
138248
|
186551
|
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, 010000, Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі 8, Министрліктер үйі, 2 кіреберіс, анықтама үшін телефоны: +7 (7172) 74-99-20, 74-99-21, электрондық адрес konkurs.moap@mdai.gov.kz:
1. Адами ресурстарды басқару департаменті Кадр жұмыстары басқармасының бас сарапшысы C-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеуді үйлестіру. Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға арналған конкурс өткiзу туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастыру; бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзуді ұйымдастыру. Қызметкерлердің құжаттарын арнайы тексеру жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жіберу; мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру, жұмыс уақытын есепке алу табелінің жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе табиғи ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе қызмет көрсету немесе әскери іс және қауіпсіздік.
2. Заң департаменті Нормативтік құқықтық актілер басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.
Функционалды міндеттері: Министрліктің құзыреті шеңберінде қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге және сараптама жүргізуге қатысу, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде, Үкіметінде, басқа мемлекеттік органдарында құрылатын жұмыс топтарына қатысу. Заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстарына материалдарды әзірлеу. Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалуына талдау жүргізу. Министрлік әзірлеген нормативтік құқықтық актілер жобаларын жылжыту туралы апта сайынғы ақпаратты даярлау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын жүргізу. Басшылық жүктеген өзге де құзіретті жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі: құқықтық.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.
Достарыңызбен бөлісу: |