Борттық тамақты тиеуді жүзеге асыратын тасымалдаушы үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі


мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары



жүктеу 0,56 Mb.
бет2/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,56 Mb.
#13110
1   2   3

мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
      17. Жұмыстың басталуынан алдын және барлық жұмыс уақыты бойында жуушы арнайы киім мен арнайы аяқ киімде болуы тиіс.
      Жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      18. Сонымен қатар жұмысты орындау үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын даярлауы, соның ішінде қорғау кремдерін («биологиялық биялайларын») және олардың түзеулігін алдын ала тексеруі тиіс.


      Сақтандырғыш құрылғы мен басқа да жеке қорғау құралдарын (тұмылдырықтар, қорғау көзілдіріктер және басқалар) алу кезінде осы құрылғыларды пайдалану ережелері мен түзеулігін тексерудің қарапайым тәсілі бойынша нұсқаулаудан өтуі, оларды қолдану тәсілдерімен іс жүзінде оқыған болуы қажет.

      19. Жұмысты бастардан алдын жуушы әуе кемелерін тазалау, жуу мен газсыздандыру кезінде қолданылатын барлық саймандардың, құрылғылардың түзеулігін тексеруі қажет. Ақау сайман түзеу сайманмен ауыстырылуы тиіс.

      20. Әуе кемесінің сыртын жуу тек технологиялық немесе өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаларда көрсетілген жуу құрамдарымен жүргізілуі тиіс; жуу ерітінділерін даярлау рецептураға сәйкес және қауіпсіздік шараларын сақтау кезінде жүзеге асырылуы тиіс.

      21. Жуу үшін қолданылатын жуу ерітінділері, саймандар мен құрылғылар, әсіресе, егер олардың салмағы қолмен ауыстыруға жол берілетін ауырлық нормасынан асса, тәртіп ретінде әуе кемесіне механизация құралдарының көмегімен жеткізілуі тиіс.

      22. Тасымалдау уақытында жуу ерітінділерінің шашырауын болдырмау үшін оларды әуе кемесіне жеткізу герметикалық ыдыста жүргізілуі тиіс.

      23. Әуе кемелерін жуу осы жұмыстарды орындау үшін бөлінген әуе кемелерінің тұрақ орындарында жүргізілуі тиіс.

      24. Әуе айлақ бойынша әуе кемесіне қарай осыған арналған жаяу жүру маршрут бойынша қозғалған жөн.

      25. Жаяу жүру уақытында абайлылықты сақтау, сақ болу және айналадағы жағдайдың өзгеруіне бақылау қажет, әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайлар (жаңбыр, тұман, қар жауу, көк тайғақ және сол сияқтылар) мен тәуліктің қараңғы уақытында; авиациялық шу жағдайында көлік құралдарынан берілетін дыбыстық сигналдар және жақындап келе жатқан арнайы автокөліктің, өзі жүретін механизмдердің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы естілмеу мүмкіндігін еске ұстау жөн.

      26. Сыртқы жууды орындаудан алдын әуе кемесінің жууға даярланғанына және барлық есіктердің, люктердің, люкшелердің, сондай-ақ ұшқыш кабинасының желдеткішінің жабылғандығына көз жеткізіледі.

      27. Жабдықтардан табылған барлық ақаулықтар мен басқа да кемшіліктер туралы шеберге (бригадирге) хабарлайды және олар жойылғанға дейін жұмысқа кіріспейді.

      28. Өндірістік санитарияның талаптары сақталуы қажет.
3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі мен
еңбекті қорғау талаптары
      29. Әуе кемесінің жоғары орналасқан бөлігін жуу үшін тек арнайы қарастырылған баспалдақтар және әуе кемесінің осы үлгісіне арналған платформалар қолданылуы қажет.

      30. Баспалдақтар, платформалар, сатылар қардан, мұздан, майдан тазартылуы және тірегіштер олардағы жұмыс кезінде ауырлық орталығын жұмыс алаңынан шетке ауыстыру қажеттігі болмайтындай етіп берік орнатылуы тиіс. Әуе кемелерін жуу үшін пайдаланылатын баспалдақтар жұмыс алаңшасының қоршалған биіктігі 1 м кем болмауы тиіс.

      31. Әуе кемесін жуу үшін пайдаланылатын баспалдаққа, сатыға және басқа да құрылғылар көтерілуден алдын олардың түзеулігі мен беріктігін тексеру, сондай-ақ оларды сынаулардың кезекті мерзімінің өтпегендігіне көз жеткізу қажет.

      32. Жоғары абайлылық мынадай жағдайларда көрсетіледі:

      1) баспалдақтарда, платформаларда, сатыларды және сол сияқты құрылғылардағы жұмыс кезінде;

      2) трап, баспалдақ, саты бойынша көтерілу кезінде, әсіресе мұздану, ылғалды қар мен жаңбырлы жағдайда (тайғанау мен құлауды болдырмау үшін).


      Оқыс жағдайлардың жиі себептері биіктіктен құлау болып табылатынын ескерген жөн.

      33. Құрамына бензин, керосин және басқа да жеңіл тұтанатын заттар кіретін жуу құралдарын пайдалану кезінде өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары орындалады.

      34. Жұмыс аймағының жеткілікті жарықтануысыз әсіресе, басқыштарды, платформаларды, баспалдақтарды пайдаланумен тәуліктің қараңғы уақытында әуе кемелерінің сыртқы жууын орындамаған жөн.

      35. Әуе кемесінің жоғарыда орналасқан беттерінде жүру қажеттілігі болған жағдайда, сақтандырғыш белдіктерді пайдалану қажет, бұл ретте сырғанауды болдырмау үшін жуушы қозғалатын беті құрғақ болуы тиіс.

      36. Көтергіш тетіктерді (мысалы, А-96 типтегі арнайы машиналарды, СПО және т.б.) пайдалана отырып жұмыс істеу кезінде люлькада (себетте) болған кезінде биіктіктен құлау мүмкіндігін алдын алу үшін сақтандырғыш белдіктермен іліктіріледі.

      37. Әуе кемесінің үстінен жуғыш заттарды шайған уақытта шашыратуды болдырмау үшін шлангтың ұшын кеуде деңгейінен жоғары ұстауға тыйым салынады; ал желді ауа райында су ағысын желдің бағыты бойынша бағыттаған жөн.

      38. Әуе кемесінің сыртқы жууын желдің жылдамдығы 10 м/с астам болған кезде басқыштарда немесе платформада тұрып орындауға тыйым салынады.

      39. Ұшақтың салоны бойынша қозғалу кезінде құлауға байланысты оқыс жағдайларды болдырмау үшін едендегі барлық люктері жабылған, кілемшелер бекітілген және оларда қатпарлар және тегіс емес жерлер жоқтығына көз жеткізген жөн; әуе кемесінен шығу кезінде трап немесе басқыштың болуына көз жеткізіледі.

      40. Әуе кемесінің ішкі бөлмелерін жинау тек нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілген заттармен және жуғыш құрамдармен жасалуы тиіс.

      41. Қоқыстарды, қалдықтарды және сынған шыны ыдыстарды жинауды қорғау қолғаптар мен биялайлармен жасаған жөн.

      42. Әуе кемесінен қоқыстарды жинау уақытында, әдетте оларды одан әрі кәдеге жарату үшін кейіннен жиналып алынатын бір реттік пайдалану шелектерін немесе қаптарды пайдаланған жөн.

      43. Тұрмыстық шаңсорғыштың көмегімен әуе кемелерінің салондарын ішкі жинауын орындаған кезде осы үлгідегі шаңсорғышты пайдалану жөніндегі нұсқаулық басшылыққа алынады.

      44. Әуе кемелерін дезинфекциялау бойынша жұмыстарды жеке қорғанудың тиісті заттарын пайдалана отырып жүргізу қажет.

      45. Препараттарды өлшеп орауды, жұмыс ерітінділерін дайындауды осы мақсатқа арнайы бөлінген үй-жайда жасау керек.

      46. Жуғыш және дезинфекциялау заттарын арнайы бөлінген үй-жайда сақтаған жөн.

      47. Растайтын құжаты (сертификаты, паспорты және т.с.с.) жоқ жуғыш және дезинфекциялау заттарын пайдалануға тыйым салынады.

      48. Жұмысты орындау кезінде қызметкерлерді қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптарды сақталады.

      49. Әуе кемесінің санитарлық тораптарын тазалау үшін ассенизациялық машинасын пайдалану кезінде лас заттарының ағып кетуін, тұрақ орны мен жұмысшылардың былғануы болдырмайтын шараларды қабылдау қажет.

      50. Авиациялық-химиялық жұмыстарда пайдаланылатын әуе кемелерін санитарлық тазалауды әуе кемелерінің тұрақ орындарынан 100 м және тұрғын үй, тұрмыстық және әкімшілік ғимараттардан 200 м жақын емес орналасқан арнайы бөлінген және жабдықталған газсызданған алаңшаларда жасау қажет.

      51. Әуе кемелерінің ішкі бөлмелерін дезинфекциялық тазалау уақытында бортта бөтен тұлғалардың болуына тыйым салынады.

      52. Әуе кемесін жуу, дезинфекциялау және газсыздандыру бойынша жұмыстарды орындау кезінде темекі тартуға, ішімдік ішуге және ас қабылдауға тыйым салынады.

      53. Авиациялық-химиялық жұмыстарда пайдаланылатын әуе кемелерін тазалау, жуу және газсыздандыру нормативтік-техникалық актілерге сәйкес жүргізілуі тиіс.


4. Авариялық жағдайларда еңбек қауіпсіздігі
мен қорғау талаптары
      54. Авария, өрт туындаған кезде және өзге де қауіпті жағдайларда жақын маңайдағылар дабыл сигнал бойынша оқиға орнына дереу келуі және зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге немесе туындаған авариялық жағдайды жоюға қатысуы міндетті.

      55. Авариялық жағдайды жою кезінде бекітілген аварияны жою жоспарына сәйкес іс-қимыл жасау қажет.

      56. Оқыс жағдай, жұмысшы жарақат алған кезде зардап шеккенге дереу алғашқы жәрдем көрсету, ұйымның басшысын болған жағдай туралы хабардар ету және егер бұл айналаға қауіп тудырмаса оқиға жағдайын сақтауы қажет.
      Жабдықтың, құралдардың және аспаптардың ақаулығы жағдайында ұйым басшысы хабарландырылады.

      57. Өрт туындаған кезде өртке қарсы қызметке, жұмыс басшысына дереу хабарлау және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (от сөндіргіштің, өрт сөндірудің қондырғысымен және т.с.с көмегімен) тұтану ошағын сөндіруге кірісу қажет.

      58. Әуе кемесі жанған немесе өрт туындаған жағдайда:

      1) ұйымның шеберіне (бригадиріне), басшысына дереу хабарлау;

      2) айналадағыларға хабарлау және қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды шығару;

      3) өртті немесе жану белгілерін (түтіндеу, күйіктің иісі, температураның көтерілуі) анықтаған кезде нақты өрт туындаған жерді көрсете отырып 01 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау;

      4) алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып өртті жоюға кірісу;

      5) өрт сөндіру тобын қарсы алуды ұйымдастыру қажет.

      59. Байланыс желісінен 2 м кем қашықтықта орналасқан жанып жатқан заттарды тек қана көмірқышқылды, аэрозольдік немесе ұнтақты от сөндіргіштермен сөндіруге рұқсат етіледі.

      60. Зардап шеккенге алғашқы жәрдем дереу және жарақатты болдырған себепті жойғаннан кейін бірден тікелей оқиға орнында көрсетілуі тиіс.


      Зардап шеккенді емдеу мекемесіне жіберу қажет.
5. Жұмыстың аяқталуы бойынша еңбек
қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары
      61. Жұмысты аяқтағаннан кейін бұрылып жатқан әуе кемелерін, жұмыс істеп жатқан қозғалтқыштарды және әуе кемелері бұрандамаларының айналып жатқан күрекшелерін, қозғалып келе жатқан арнайы көлікті, әуе айлақ бойынша қозғалу кезіндегі қауіпсіздік талаптарына сәйкес перрондық механизация құралдарын ескере отырып қауіпсіз жолмен белгіленген жерлерде перрон бойынша жүрген жөн.

      62. Жұмысты аяқтағанда жұмыс орнын ретке келтірілуі және қажет болған жағдайда оның тапсырылуы қамтамасыз етілуі қажет.

      63. Әуе кемелерін жуу бойынша жұмыстарды аяқтағаннан кейін қолданылған материалдар, аспаптар, құралдар жуылу, ретке келтірілу және оларға арнайы бөлінген орынға жиналуы тиіс.

      64. Жинау жұмыстары аяқталғаннан кейін мүкәммал жуылуы, дезинфекциялануы және оған арнайы бөлінген орынға жиналуы тиіс.

      65. Өндіріс қалдықтары оларды кейін алып кетуді қамтамасыз ететін тиісті контейнерлерге салынуы тиіс.

      66. Арнайы киім, арнайы аяқ киім және жеке қорғанудың басқа да заттары кірден тазалануы, ретке келтірілуі және гардеробтың шкафына жиналуы немесе сақтауға қоймаға салынуы тиіс.

      67. Ластанған және жарамсыз арнайы киімді және аяқ киімді жууға, химиялық тазалауға немесе жөндеуге, не - қауіпті заттармен ластанған жағдайда зарарсыздандыруды жүргізу үшін тапсырылады.

      68. Тері ауруларының алдын алу мақсатында жұмысты аяқтағаннан кейін қолды сабынмен жуған, ал қажет болған кезде душ қабылдаған жөн.

      69. Жұмыс уақытында байқалған барлық ақаулар мен жеткіліксіздер, және оларды жою жөніндегі шаралар туралы шеберге (бригадирге) хабарлау және ұйымның басшысына хабарландыру қажет.

Қазақстан Республикасы     

Ивестициялар және

даму министрiнiң

2017 жылғы «___» ___________
бұйрығына 3-қосымша

Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық
1. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары
      1. Осы Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі үлгілік нұсқаулық (бұдан әрі - Үлгілік нұсқаулық) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер үшін азаматтық авиация ұйымдарындағы (бұдан әрі - ұйым) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі негізгі талаптардан тұрады және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек үдерісінде денсаулығы мен жұмыс қабілетінің сақталуына бағытталады

      2. Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу бойынша кезекшілер (бұдан әрі - кезекшілер) - бұл оқу, аттестациялау, дербес жұмысқа жіберілу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулау және кәсібі мен еңбек қауіпсіздігі жөніндегі білімін мерзімді тексеру бойынша өзіне арнайы талаптарды қосатын еңбек қауіпсіздігінің қосымша талаптары қойылатын кәсіп.

      3. Кезекшілік кәсібі бойынша жұмыстарды орындауға жұмысқа түсу кезінде алдын ала дәрігерлік қараудан өткен, денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздығы жоқ, қажетті теориялық және тәжірибелік даярлығы бар, тиісті еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаудан өткен 18 жастан жас емес тұлға жіберіледі.

      4. Біліктілігі мен жұмыс өтіліне қарамастан өз уақытында және толық көлемде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулаулардың барлық түрлері:

      1) тәжірибелі кезекшінің жетекшілігімен жұмыстың тәжірибелік дағдысын алу үшін жеке жұмысты бастардан алдын тағылымдамадан;

      2) үш айда бір реттен артық емес - еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөнінде қайта нұсқаулаудан;

      3) егер еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың талаптары бұзылған жағдайда, және 30 күнтізбелік күннен астам жұмыстың үзілісі кезінде жоспардан тыс нұсқаулаудан өтуі тиіс.

Нұсқаулаудан өту және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды оқу туралы тиісті жазба кезекші куәлігінде жасалынады.

      5. Жұмысты қауіпсіз орындауда қанағаттандырмайтын білім мен дағдыны көрсеткен тұлға жеке жұмысқа жіберілмейді. Білімін қайта тексеру бір айдың ішінде жүргізіледі.

      6. Кезекші тек белгіленген тәртіпте тапсырылған тапсырмаларды ғана орындайды, қауіпсіз қолданылуына оқу жүргізілмеген саймандарды, құрылғылар мен жабдықтарды пайдалануға тыйым салынады.

      7. Осы кәсіпке тән емес жұмысқа (мысалға, аумақты жинауға) жіберілген жағдайда алда тұрған жұмысты қауіпсіз орындау бойынша мақсатты нұсқаулаудан алдын ала өту қамтамасыз етіледі.

      8. Жеке жұмысқа мынадай: 

      1) жолаушылар үшін ұшақтың, траптың, перрондық автобустың орнатылуы мен пайдалану ережелерін;

      2) әуе кемелеріндегі жолаушыларды құрамдау туралы жалпы мәліметтерді;

      3) жолаушыларды отырғызу мен түсіру, және оларды алып жүру ережелерін білетін;

      4) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызуды қамтамасыз ететін (қатысты бөлігіне) қызметтердің өзара әрекеттесу технологиясын білетін;

      5) әуе кемелеріне коммерциялық қызмет көрсету кезінде арнайы машиналардың келу (кету) ережесін білетін;

      6) әуе кемелері мен перрондық автобустардың тұрақ орындарында жұмыс орнын ұйымдастыру ережелерін;

      7) алғашқы көмекті көрсете және дәрігерлік дәріханашықты пайдалана алуды білетін кезекші жіберіледі.

      9. Жұмыс уақытында кезекші куәлігі өзімен бірге болуы қажет.

      10. Жұмысты орындау кезінде еңбек және өндірістік тәртіпті, ішкі еңбек тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  еңбек туралы заңнамасына сәйкес белгіленген жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі міндетті сақталынады.

      11. Жұмысты орындау кезінде кезекшіге мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлар қолайсыз әсер етуі мүмкін:

      1) қозғалыстағы әуе кемелері, арнайы авто көлік, электрлік- және авто арбалар;

      2) ауаның жоғары шаңдануы мен газдануы;

      3) ауаның жоғары немесе төменгі температурасы;

      4) ауаның жоғары немесе төменгі ылғалдылығы;

      5) ауаның жоғары қозғалмалығы;

      6) тұрақта тұрған ұшақтар мен тік ұшақтардың айналудағы бұрандалары;

      7) шудың жоғары деңгейі;

      8) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасының жеткіліксіз жарықтануы;

      9) эстакададағы, жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасындағы мұздың, ылғалдың, майдың болуына байланысты жоғары тайғанақтық.

      12. Жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқада қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғау құралдары міндетті пайдаланылады.


      Қолданыстағы нормаларға сәйкес және ұйым орналасқан климаттық ауданды ескере отырып осы кәсіп қызметкерлеріне берілетін арнайы киімдердің, арнайы аяқ киімдердің және басқа да жеке қорғау құралдарының нақты түрлерінің тізбесі Үлгілік нұсқаулықтың негізінде ұйым әзірлейтін кезекші үшін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.

      13. Науқастану мүмкіндігін ескеру үшін жеке тазалық ережесі сақталуы тиіс, соның ішінде тамақты қабылдаудан, сондай-ақ темекі тартудан алдын қолын мұқият сабындап жууы қажет.

      14. Өрт пен жарылыстың туындау мүмкіндігін ескеру үшін өрт- және жарылыс қауіпсіздігі талаптары сақталуы тиіс; темекі тарту тек осыған арнайы бөлінген орында рұқсат етіледі.

      15. Науқастану, нашар көңіл-күй, жеткіліксіз демалу жағдайында өзінің хал-ахуалы туралы тікелей басшысына хабарлауға және медициналық көмекке көрінуі қажет.



2. Жұмыстың басталуынан алдыңғы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары
      16. Жұмыстың басталуынан алдын және барлық жұмыс уақыты бойында арнайы киімдерді, арнайы аяқ киімдерді және басқа да қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен жеке қорғау құралдары міндетті пайдаланылады.
      Жеке қорғау құралдары мөлшері, бойы бойынша таңдалуы және таза болуы тиіс.

      17. Әуеайлақ аумағы бойынша кезекшілер автокөліктермен орын алмастырады. Ерекше жағдайларда жаяу орын алмастыру кезінде сигналдық көкірекшені пайдалануы (жарқырағыш элементтері бар) және мынадай талаптарды сақтауы қажет:

      1) тек арнайы тағайындалған маршрут бойынша жүру;

      2) айналадағы жағдайдың өзгеруін бақылау, әсіресе күрделі метеорологиялық жағдайлардағы (жаңбыр, тұман, қар жауу, көк тайғақ және сол сияқты) және тәуліктің қараңғы уақытындағы;

      3) авиациялық шу жағдайында көлік құралдарынан берілетін дыбыстық сигналдар және жақындап келе жатқан автомобильдің, өзі жүретін механизмдердің жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы естілмеу мүмкіндігін еске ұстау;

      4) жоғары қауіптілік аумақтардың маңында (жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштар және ұшақтардың айналудағы әуе бұрандалары мен тік ұшақтардың көтергіш бұрандаларының аумақтарында, жердегі және борттық радиотехникалық құралдарының антеннасының сәулеленуі, әуе кемелерін рульдеу мен сүйреу, әуе кемесінде арнайы көлік пен механизация құралдарын маневрлеу, ұшаққа отын құю, тиеу-түсіру жұмыстары және басқалар), сондай-ақ жолдың жүру бөлігінде абайлылықты сақтау және сақ болу, әуеайлақ аумағындағы тегіс емес және тайғақ жерлерге көңіл бөлу;


      Қозғалтқыштан газдың шығу бағытынан 50 м кем; қозғалтқыштың ауа жинағышының алдында 10 м кем; тұрақта тұрған ұшақтардан олардың радиолокациондық станцияларының жұмысы кезінде 20 м кем; қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған тік ұшақтан 50 м кем қашықтықта болу қауіпті.

      18. Жұмысты бастардан алдын жұмысты орындау кезінде қолданылатын сөйлесу қондырғыларының мен басқа да саймандардың, құрылғылардың түзеулігін тексеруі қажет. Ақау сайман түзеу сайманмен ауыстырылуы тиіс.

      19. Жұмыстың басталуынан алдын жұмыс аумағы, соның ішінде жоғары тайғанақтықты тудыруы мүмкін немесе оқыс жағдайдың себебіне қызмет ететін мұздың, төгілген майдың және бөтен нәрселердің болуына қарау жүргізілуі тиіс.

      20. Жолаушыларды отырғызуды және түсіруді бастаудан алдын мыналарға:

      1) әуе кемесінің жолаушыларды қабылдауға даярлығына;

      2) жолаушыларды тұрақ орнына жеткізу үшін перрондық автобустың дер кезінде келуіне;

      3) траптың тазалығына, траптың үстіңгі алаңымен әуе кемесі есігінің табалдырығының арасындағы қашықтық белгіленген нормаларға сәйкестігіне, олардың деңгейінің тура келуіне;

      4) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасының тазалығына, ол үшін сынама көтеру мен трап бойынша түсіру жүргізу қажет;

      5) жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасының тиіс жарықтануына көз жеткізу қажет.

      21. Трапты келісілмеген айдау жағдайында ол туралы экипаж мүшелері мен тасымалдау қызметінің диспетчері ескертіледі.

      22. Ақаулығы табылған жағдайда ол туралы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің тікелей басшысына хабарланады және ақаулықтар жойылғанға дейін жұмысты тоқтатылады.

      23. Жолаушыларды қарсы алу мен отырғызу алаңшасында өндірістік санитарияның талаптары сақтау, қажет болған жағдайда жауапты тұлғадан оны жинауды талап ету қажет.



3. Жұмыс уақытындағы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау талаптары
      24. Жұмысты орындау кезінде қызметкерлердің қорғау құралдарын пайдалануға қойылатын талаптар сақталынады.

      25. Траптың әуе кемесіне және перрондық автобустың келуі кезінде оның аумағында жолаушылар мен бөтен тетіктердің жоқтығына көз жеткізіледі.

      26. Траптың соңғы орнатылуынан, оны айдап келу мен айдап әкетуге жауапты тұлғаның пәрмені бойынша және әуе кемесінің жолаушыларды қабылдауға немесе түсіруге даярлығы куәландырылғаннан кейін жолаушыларды отырғызу мен түсіру ұйымдастырылады.

      27. Жұмыс уақытында бөтен тұлғалармен байланысына жол жібермей отырып жолаушылардың жүру тәртібіне бақылауды жүзеге асырады.

      28. Әуеайлақ аумағы мен әуе кемесінде жолаушылардың жүріс-тұрыс ережелерін сақтауы бақыланады және талап етіледі және осы ережелерді бұзу бойынша мүмкіндік беретін әрекеттерден олар ескертіледі.

      29. Отырғызуға бірінші болып балалы жолаушылар, мүгедектер, қарттар шақырылады.

      30. Жұмыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында әуе кемесінің шектелген жолаушы сиымдылығынан асуға жол берілмейді.

      31. Кезекші барлық жолаушылардың әуе кемесінен түсірілуі мен әуе кемесіне отырғызылуын тексереді.

      32. Барлық жолаушылар отырғызылғаннан және түсірілгеннен кейін сөйлесу қондырғысы бойынша ақпарат береді.

      33. Жолаушылармен жұмыс істеу кезінде жоғары абайлықты сақтау қажет. Жеткіліксіз абайлық және сақтық кезінде бірнеше метр биіктіктен құлау мүмкіндігін әрқашан есте ұстаған жөн.

      34. Барлық жұмыс уақыты бойы арнайы киімде, арнайы аяқ киімде және басқа да жұмыс үшін қажетті қауіпті және зиянды өндірістік факторлар әсерінен қорғаудың жеке құралдарында болады.
4. Апаттық жағдайдағы еңбек қауіпсіздігі
мен еңбекті қорғау талаптары
      35. Авария, өрт туындаған кезде және өзге де қауіпті жағдайларда жақын жердегілер дабыл сигнал бойынша оқиға орнына дереу келуі және зардап шеккенге алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге немесе туындаған авариялық жағдайды жоюға қатысуы керек.

      36. Денсаулыққа немесе жеке қауіпсіздікке қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуларын тапқан жағдайда ұйым басшысына хабарланады және ақаулықтарды (бұзушылықтарды) жойғанға дейін жұмысты тоқтатуы және қауіпті аумақты тастап кеткені жөн.

      37. Оқыс жағдай, кенеттен науқастану кездерінде зардап шегушіге жедел алғашқы көмек көрсетуі, дәрігерді шақыруы немесе зардап шегушіні дәрігерге жеткізуге көмектесуі, ал кейін болған жағдай туралы ұйым басшысына хабарлауы.

      38. Зардап шеккенге алғашқы жәрдем дереу және жарақатты болдырған себепті жойғаннан кейін бірден тікелей оқиға орнында көрсетілуі тиіс.


      Зардап шеккенді денсаулық сақтау ұйымына жіберу қажет.

      39. Әуе кемесі жанған немесе өрт туындаған жағдайда:

      1) ұйымның шеберіне (бригадиріне), басшысына дереу хабарлау; 

      2) айналадағыларға хабарлау және қажет болған жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды шығару;

      3) өртті немесе жану белгілерін (түтіндеу, күйіктің иісі, температураның көтерілуі) анықтаған кезде нақты өрт туындаған жерді көрсете отырып 01 телефоны бойынша өртке қарсы қызметке хабарлау;

      4) алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып өртті жоюға кірісу;

      5) өрт сөндіру тобын қарсы алуды ұйымдастыру қажет.


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау