2.2 Негізгі құралдардың келіп түсуі мен есептен шығарылуы және олардың есебі
Субъектіні негізгі құралдар есебі бухгалтерлік 6 «Негізгі құралдар есебі стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл стандарт меншік шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығы мен субъектіге қарайтын негізгі құралдар есебінің әдістемесін айқындайды.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп түсуінің кәсіпорын ішіндегі ауыстыруының және шығуының дұрыс құжаттық рәсімдерін және бухгалтерлік есептеу уақтылы көрсетілуін, олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдалануын бақылайды. Негізгі құралдарың есептелген амортизациясы мен тозу сомасынның есепте дұрыс көрсетілуін сондай —ақ есеп және калькуляциялық шығындарының есебі; сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуі қамтамасыз етуге тиісті; [15.407 б]
«Облжылукоммунқуат» МКК — да негізгі құралдарды есепке алу бойынша 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің шоттары қолданылады:
122 — үйлер мен ғимараттар;
123 — машина және құрал — жабдықтар, табыстау қондырғылары;
124 - көлік құралдары;
125 - басқалар;
126 — аяқталмаған құрылыс.
Бұл шотта үйлер мен ғимараттарды салу және күрделі құрылысқа бағытталған есеп шығыстары бойынша шығындар саналады.
Негізгі құралдарды өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді; құрылғыларды салу; машиналар мен жабдықтар көлік құралдарын сатып балу; өз күші мен құрал - саймандар дайындау; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алу; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түседі. Негізгі құрал - жабдықтардың түсуі мынадай құжаттар мен рәсімделеді.
Негізгі құрал - жабдықтарды қабылдау - тапсыру (орын ауыстыру) актісі (үлгі № НҚ - 1) негізгі құралдар құрамына жеклеген объектілерді енгізу үшін, қолданып жүрген заңдарға сәйкес олардың енгізілуі ерекше тәртіппен рәсімделуге тиіс жағдайдан басқаларды, оларды пайдалануға беру ушін; негізгі құрал — жабдықтардың бір цехтан (бөлімнен, учаскеден) екіншісіне орын ауыстыруын рәсімдеу үшін, сондай — ақ басқа субъектіге топтастыру кезінде негізгі құралдар құрамынан шығару үшін қолданылады;
Негізгі құралдар келіп түскен кезде 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесі шоттарының дебеті және төмендегі шоттардың кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы анықталады;
12 - ші бөлімнің тиісті шоттары — негізгі құралдардың кәсіпорын ішінде цехтан цехқа және тағы сол сияқты орын ауыстыруы; толық төленіп ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдардың қабылдануы; 126 - ақыға салынған немесе сатып алынған негізгі құралдар кіріске алынған; жас төлдер негізгі құрамына есепке алынғанда; негізгі құралдар есепке алынғанда; негізгі құрал — жабдықтарға жататын уақытта салынған үйлер мен ғимараттар пайдалануға берілгенде;
511 - құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына негізгі құрал түрінде қосқан үлесін кіріске алғанда;
641 — 643 еншілік, тәуелді және бірлесіп бақылаған кәсіпорындардан негізгі құралдар алғанда;
727 — кәсіпорынға сый тараптылығынан негізгі құралдардың құнына тегін алынған негізгі қүралдардың құнына мүліктік түгендеу кезінде анықталған есепке кірмеген негізгі құрал - жабдықтардың құнына;
32 431 — 432, 441, 451, 453, 671, 687 — заңды және жеке тұлғалардан ақысына сатып алынған негізгі құралдар кіріске алынғанда.(16.54б)
Негізгі құралдар өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салу, машиналар мен жабдықтарды, көлік құралдарын сатып алу, өз күшімен құрал - саймандар дайындау, басқа тұлғалар мен субъектілерден ақысыз тегін алынған негізгі құралдардың, кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылар қосқан үлес нәтижесінде, малдардың төлдерін негізгі табынға ауыстыру, көп жылдық жас —өсімдерді негізгі құралдарға қосу нәтижесінде келіп түседі. Негізгі құралдар келіп түскен кезде арнайы құжаттар есепке алынғанда, негізгі құралдар сатып алынғанда, тегін түскенде, т.с.с. жағдайларда негізгі құралдарды қабылдау топтастыру актісі (үлгі № НҚ - 1) толтырылады. Негізгі құралдар тегін түскен жағдайда қабылдау коммисиясы әрбір жекелеген 1 — данадан акті жасайды. Қабылдау комиссиясы субъект жетекшісінің өкілімен тағайындалады. Олардың құрамына бас инженер, механик, цех немесе бөлім бастықтары, бухгалтерияның қызметкерлері кіреді. әр жеке объектіге акт жеке жасалынады. Егерде қабылданып отырған объектілер бір типті болса, құндары бірдей болып бір типті болса, құндары бірдей болып календарлық ай ішінде қабылданған болса, онда бірнеше объектісіне қабылдау актісін жасауға беріледі. Бұл актілерге комиссия мүшелері қол қояды. [19.107 б]
Бұл актілерге комиссия қол қойып техникалық құжаттарды тіркеп бухгалтерияға өткізеді. Негізгі құралдар кәсіпорын ішінде орын ауыстыруы мүмкін, мысалы, бір цехтан екінші цехқа беру. Ондай жағдайда актіні 2 - дана етіп толтырады, бір данасы бухгалтерияға өткізеді. Ал екіншісі тапсырушыға өткізіледі. Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде акт үш дана болып жарияланады. Әрбір объектіге мүліктік тізімде нөмір белгіленеді. Ол нөмір № НҚ — 1 үлгідегі мүліктік тізімге енгізіледі. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі бухгалтерияда әр мүліктік объектіге ашылған «мүліктік корточкада» жүргізіледі. Мүліктік корточка негізгі құралдардың барлық түрлеріне арналған бір тұтас үлгісі негізінде (үлгі № НҚ - 6) жүргізіледі.
Негізгі құралдарды пайдалану кезінде бірте - бірте тозып, ақырында пайдалану қасиеттері түгелімен ерекше рухани тозуының нәтижесінде экономикалық жағынан оларды әрі қарай пайдаланудың ешқандай мәні қашпайды. Мұндай негізгі құралдар пайдаланудан шығарылады, яғни жойылады. Негізгі құралдардың есептен шығарылуының басқада есептері болуы мүмкін. Мысалы, артық негізгі құралдарды сату, басқа мекемеге пайдалануға беру, үлес түрінде басқа шаруашылықтың жарғылық капиталына енгізу, түрлі апаттардың нәтижесінде және т.б.
Негізгі құралдарды есептен шығару қалдық құны мен жүргізіледі. Актілерде есептен шығарылған объектілердің сипаттамасын бере отырып, баланстан шығарылу есептері негізгі бөліктердің, тетіктердің, тораптардың, құрастырушы бөлшектердің техникалық хал - ахуалының сипаттамасын жазып, оларды жөндеу мүмкін еместігін негіздейді.
Объектіні жою нәтижесінде анықтайды. Табиғи зіл - залалар, апаттар салдарынан, сондай — ақ мерзімінен бұрын тозып не бөлшектеніп кеткен объектілерді есептен шығарғанда себептерін көрсету мен қатар кінәлілерге қолданылған шараларды, көрсететін құжаттары да болуы қажет.
Актілерді субъект басшысы бекітеді. Оларды бекіткеннен кейін ғана объектіні бөлшектеуге болады. Жоюдың нәтижесінде алынған қосалқы бөлшектер агрегаттар, металл сынықтары және басқада құндылықтардың бағасына қарай арнайы шоттарға кіріс ретінде пайдалану немесе сату мүмкіндігі қарастырылады.(17.28б)
Негізгі құрал - жабдықтарын есептен шығарудың қабылданған қабылданған тәртібін бұзған жағдайда, сондай - ақ жою нәтижесінде алынған материалдық құндылықтарға жауапсыздықпен қарау ( жойып немесе өртеп жіберу) анықталса оған кінәлі лауазымды адамдар жауапқа тартылады.
Басы артық пайдаланылатын құрал - жабдықтарды, көлік құралдарын приборларды, құрал — саймандарды, мүлікті жұмысқа пайдаланылатын және өнім алатын малды басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |