Сату (өткізу) құны – бірін бірі жақсы білетін және мәмліге келуге дайын тәуелсіз жақтардың (тараптардың) негізгі құралдарды өз ара айырбастауына мүмкіндік беретін құн.
Жою құны - тиімді қызмет ету мерзімі біткен негізгі құралдарды жою кезінде пайдалану мүмкіндігі бар бағасы бойынша бғаланған бөлшектердің, металл сынықтарының және басқа да материалдық құндылықтардың құны.
Амортизацияланған құны – негізгі құралдардың бастапқы және болжамған жою құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің шығысы ретінде таратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |