4.1. емШек еміЗу
Емшектегі бала үшін ең жақсы тамақ емшек сүті болып табылады, ол баланы алғашқы алты
айда қажет болатын барлық тағамдық заттармен қамтамасыз етеді. Бұған қоса, онда кішкентай
адамның бірден-бір қажеттіліктерін өтейтін кейбір ешнәрсемен ауыстыруға келмейтін көп
қаныққан май қышқылдары, кейбір сүт ақуыздары жеңіл сіңірілетін темір бар. Емшек сүтінде
сондай-ақ, нәрестенің ішектерінің бейімделуі мен дамуына мүмкіндік туғызатын микробтар
мен жұқпалы инфекциялардан қорғайтын, өнеркәсіп өндірісінің балаларға арналған тағам
қоспаларында жоқ иммундық және биологиялық белсенді заттар бар.
|