15
Кіріспе
Экономиканың өсуі уақыт өтуіне байланысты оңтайландыруды және
қауіпсіздігті талап етеді. Пластикалық карталарды қолдану біздің экономикаға
қатты әсерін тигізді, себебі пластикалық карталар банкоматтардың
қауіпсіздігін және пайдалануын оңтайландырды.
Қазіргі
заманғы компьютерлік жүйелер мен технологияларды
пайдалана отырып жұмыстарының оңтайландырылуын және сақтығын жүзеге
асыратын организациялар үшін деректер қоры маңызды рөл атқарады.
Деректер қоры ақпараттық жүйе кәсіпорындардың негізі болды және де
көптеген ұйымдардың жұмысты сапалы, нақты істеуіне әкеліп соқтырды.
Соңғы жылдары деректер қоры жүйесінің дамуы, өз кезегінде, кең ауқымды
жене ыңғайлы қолданылуына алып келді.
Деректер қорын қолданатын адам санын ескере отырсақ ,санкциянарлық
емес қолданысты көңілсіз қалдыруға болмайды. Егер жүйе қорғанысында бір
қателер болса, онда ақпараттарға қатер төнуі мүмкін, мысалы, ақпараттардың
тұтастығы, маңызды құжаттардың жоғалуы мен ұрлануы және де осындай
кішкентай кедергілердің арқасында бүкіл жүйенің бұзылуына әкелуі мүмкін.
Бұл дипломдық жұмысымның басты мақсаты банк жабдықтарының
деректер қорын қорғау және әзірлеу.
16
1 Пластикалық карталар
Пластикалық карта – басылық ақшасыз есеп айырысу нысандарының
бірі, алдыңғы қатарлы елдер қолма-қол ақша айналысынан бас тартып,
ақшасыз нысандарға, атап айтатын болсақ пластикалық карталарды қолдануға
бірте-бірте көшуде.Пластикалық карталар қоғам және өзара қаржы
қатынастарының құрылымын елеулі түрде дамытты. Алайда пластикалық
карталар төлем айналыманың сенімділігін толық өзгежеде қамтамасыз
етпейді.
1993 жылдың соңына таман Әлембанк бірінші болып Қазақстанда Виза
карталырымен қызмет көрсетті , ал 1994 жылдан бастап – Мастер Карт
карталары қолданыла бастады. Карталармен қызмет көрсету тәжірибусі
кеңейген соң , Әлембанк 1994 жылдың қараша айында жеке Әлем карт
дебеттік карталарын шығарды. Әлем карт иелері болып корпоративтік
карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін. Қазіргі уақытта
барлық елдерде шығарылған карталардың саны 2.5 миллиардқа жетіп қалды.
Статистикаға сүйене келсек дамығын елдерде әр тұрғынға 2-3 картадан келеді.
Қазақстанда да көбінің , зейнеткерлер, бизнесмендер, щахтерлер мен
студенттердің карталары бар. Карталардың саны күннен-күнге өсіп келеді
және біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда. Пластикалық карталар
банк ісіндегі «технологиялық» революцияның маңызды элементтерінің бірі
болып табылады.
Қазақстандағы төлем карталарын шығаруға байланысты қызметті
лицензиялайтын, оларды шығаруға және пайдалауға қойылатын талаптарды
белгілейтін
жалғыз
орган
Қазақстан
Республикасының
Ұлттық
Банкімемлекеттік мекемесі болып табылады.
Қазақстандағы төлем карталарының нарығы 1994 жылдан бастап дами
бастады. Олардың ең алғыш шығарылымын Иртыш -карт бірінші жүйесін іске
қоса отырып, «Қазақстан халық банкі» АҚ жүзеге асырды. Қазіргі уақытта
республикада ел аумағында қолданылатын жергілікті және сол сияқты ел
аумағында және де одан тыс қолданылатын төлем карталыры қолданылады.
Шығыстар :
ғимаратты жалдау – 45000-50000 теңге;
компьютер – 70000 теңге;
принтер – 25000 теңге;
картаны біріктіріп,ламинаттайтын пресс-ламинатор -270000-300000
теңге;
карта кескіш-25000 теңге;
эмбоссер-150000 теңге;
қарқынды баспа үшін пластикалық әзірлеу -10теңге/данасы,*5000 =
50000 теңге;
Барлық сомасы : 635000 теңгені құрайды.
17
Табыс. Жоғарыда жазылған технология бойынша карта жасаудың
өзіндік құны, яғни материлдарға кететін шығыстар,шамамен,» карта үшін 20
теңгені құрайды.
Пластикалық карта жасаудың бағасы , орташа есеппен алғанда 100-150
теңгені құрайды, онда да тиражына байланысты. Есеппен көрелік, 100 теңге-1
дана бойынша 1000 карта жасау үшін сіз 100000 теңге аласыз. Бұл сомадан
шығыстарды алып тастасақ -20000 теңгң, сонда таза табыс сомасы 80 000
теңгені құрайды. Бірақ , есіңізде болсын , бұл тек негізгі негізгі шығыстар,
бұдан бөлек қосымша шығыстар , мәселен электр энергиясына, ғимаратты
жалға алуға қатысты шығыстар да бар және т.б. Уақыт бойынша 1 000 дана
карта жасау үшін ең көр дегенде екі күн уақыт жұмсайсыз.
Қалыптасқан жағдай бойынша , ең аз тапсырыс 500 дананы құрайды.
Пластикалық карта мен жеткізі жөнінде, ең кұрығында, айына төрт
компаниямен келісім жасасаңыз , 2000 карта *100=200 000 теңге болады. Бұл
шыққан сомадан өзіндік құнын алып тастаймыз, сонда табыс 160 000 теңгені
құрайды. Яғни , сіздің бастапқы шығыныңыз әрі кетсе жарты жыл ішінде өз
өзі ақтап шығады.
1.1 Дебеттік карта
Дебеттік карталар – банктық төлем картасы, тауарларды төлеу мен
қызметтер, және де банкоматтардан қолма-қол ақшаны алу үшін үшін
қолданылатын карталар.
Бұл картаны сіз тек ол тігіліп отырған дербес шоттың
(номиналды ағымдағы шот) қолжетімді теңгерме шегіндегі қаражатпен
басқаруға мүмкіндік береді. Дебеттік карта функциясы, негізінен қолма-қол
жасалмайтын төлемдерді өңдеу, қағаз ақшаға ауыстыру және тапсырысты
берушінің меншікті қаражатын жүзеге асыру болып табылады.
Рұқсат етілген
овердрафты (овердрафт) бар кредиттік карталардан айырмашылығы, дебеттік
карталар ақша кредит банкі бола алмайды.
Дебеттік карталардың түрлері:
1. Asia Prestige Diamond.
2. Visa Platinum.
3. Visa Gold payWave/MasterCard Gold/Altyn UnionPay Gold.
4. Visa Classic.
5. Altyn UnionPay plus.
6. Visa Electron Instant.
Осы түрлері ең көп тараған болып келеді , осы түрлеріне жеке жеке
тоқталып, артықшылықтарын айтып кетсек.
1. Asia Prestige Diamond картасы-UnionPay International халықаралық
төлем жүйесінің эксклюзивті премиумдық картасы сізге талем жүйесінің
серіктес кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктерге ие болу
мүмкіндігін береді. Осыған қоса бұл карталарын қолданушылары үшін
әуежайларда бүкіл әлемде 900-дан асатын, оның ішінде Астана және
Қарағынды қалаларындағы, «Dragon Pass» VIP-күту залдарына тегін және