67
ерекшеліктерін жəне еңбек нарығындағы нақты жағдайды ескере отырып
кəсіби кеңес беру.
3. Еңбек қызметі, еңбек нарығының жағдайы, бар мамандық бойынша
жұмысқа орналасу мүмкіндіктері немесе кəсіби дайындық туралы кəсіби
ақпарат беру.
4. «Еңбек нарығы» ақпараттық жүйесі бойынша қатысушыны жұмыспен
қамту үшін оның таңдаған мамандығы бойынша вакансиялардың бар
болуын жəне ол мамандық бойынша қаншалықты кадрлар қажет
екендігін анықтау.
5. Аймақтағы еңбек нарығының жағдайы туралы кəсіби ақпарат алу үшін
тобтық консультациялар жүргізу, семинарлар, тренингтер, дөңгелек
үстелдер ұйымдастыру жəне ЖҚО-да əртүрлі маман иелерімен
кездесулер ұйымдастыру; жұмыс орындарында кəсіби экскурсиялар
ұйымдастыру.
6. Кəсіптік бағдарлау материалдарын əзірлеуге қатысу.
7. Профессиограммды жəне басқа да ақпаратты жəне анықтамалық
материалдарды пайдалана отырып, алғашқы бақылау əдістеріне
психологиялық жəне кəсіби диагностика əдістерін қолдана отырып,
алғашқы психодиагностика мен жеке ерекшеліктерді ескере отырып,
кəсіби маңызды қасиеттер диагностикасын қолдана отырып кəсіби кеңес
беруді жүргізу.
8. Жұмысты тиімді іздеу дағдыларына, мансапты жоспарлауға үйрету
жəне кеңес беру.
9. Клиенттерге көмек көрсету үшін іс-шараларды жоспарлау (қаржылық,
заңдық, медициналық көмек көрсететін ұйымдарға жолданады).
10. Оқуға өтініш бергендердің қажеттіліктерін анықтау.
Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарындағы
оқүшылар, студенттер арасында кəсіптік бағдар беру
1. Студенттерге, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып
оқушыларына
еңбек
нарығының
жағдайы,
экономиканың
білікті
мамандарға болжамды қажеттілігі жайлы ақпарат беру жəне кеңес беру.
2. Жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сынып оқушылары мен
студенттеріне «Атамекен» ӨКП ұсынған тізімдегі ұйымдар мен
кəсіпорындардың
экономикасының
əртүрлі
салаларындағы
қызметтермен таныстыру бойынша кəсіби бағдарлау жүргізу
3. Жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары
бойынша студенттер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын
жүргізу.
68
2-қосымша.
Жұмыс іздеуші үшін электронды «Еңбек биржасын» пайдалану
бойынша нұсқаулық
ҚҰРМЕТТІ КЛИЕНТ!
Жұмыспен қамту орталығы сізге лайықты жұмыс табу үшін
WWW.ENBEK.KZ
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫН
пайдалануды ұсынады
ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫ
деген не?
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫ – бұл
бос жұмыс орындарын беру жəне
азаматтарды
жұмысқа
орналастыру
бойынша цифрлық алаң.
ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫ
WWW.ENBEK.KZ
интернет-ресурсы
негізінде жұмыс істейді.
Сонымен бірге сізге ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫНЫҢ
мобилдік
нұсқасы қол жетімді.
Жұмыспен қамту орталығына бармай-ақ,
қашықтан биржада өз түйіндемеңізді
орналастыра
аласыз
жəне
Қазақстандағы ең үлкен бос жұмыс
орындарының деректер базасына қол
жеткізе аласыз.
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНЫҢ
барлық қызметтері тегін.
ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫН
қолдануды қалай бастау керек?
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
тіркеліңіз. Тіркеу формасын толтырып,
электронды адресті растаңыз. Сіз үшін
«Жеке кабинет» құрылады.
Тіркелген кезде көрсеткен ЛОГИНІҢІЗ
бен ҚҰПИЯ СӨЗДІ жаттап алыңыз. Ол
сізге биржаға алдағы уақытта кіру жəне
түйіндемеңізді
басқару
үшін
қажет
болады.
«Жеке кабинет» деген не?
«Жеке кабинет» – бұл сіздің жеке
парақшаңыз.
Онда
сіздің
жеке
деректеріңіз
туралы
ақпарат
пен
түйіндемеңіз сақталады.
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНА
түйіндемені
қалай
орналастыруға
болады?
Сіздің
«Жеке
кабинетіңіздегі»
«Түйіндеме» бөліміне өтіңіз. «Жаңа
түйіндемені қосу» батырмасын басыңыз.
Қажетті
деректерді
енгізіңіз
жəне
мəліметтерді сақтаңыз.
Сіздің түйіндемеңіз жұмыс берушіге сіз
оны сақтағаннан кейін бірден қол
жетімді болады.
Сіздің
түйіндемеңіз
үнемі
«Жеке
кабинетіңізде» сақталады. Қажет болған
жағдайда оған түзетулер енгізуге жəне
қайтадан
биржада
орналастыруға
болады.
Сіз өз түйіндемеңізді қағазға шығарып
ала аласыз.
Әртүрлі
мамандықтармен
жаңа
түйіндемелерді сансыз рет қоса беруге
болады.
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
түйіндеме тіркеген жағдайда Жұмыспен
қамту орталығы сізге лайықты жұмыс
іздеуге жəрдемдеседі!
Жұмыс берушіге түйіндемені қалай
жіберуге болады?
Жұмыс
берушілер
ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫНА
бос
жұмыс
орындарын береді.
ҚАЗІРГІ ТАҢДА БИРЖАДА 30000 АСА
БОС ОРЫНДАР ОРНАЛАСТЫРЫЛҒАН!
Сізге
өзіңізге
неғұрлым
лайықты
ұсыныстар таңдау үшін бос орындар
базасында кеңейтілген іздеу жүргізу
мүмкіндігі
бар.
Сіз
компаниялар
арасынан іздеуді жүзеге асыра аласыз.
69
Өзіңіз үшін қолайлы бос орын тапқаннан
кейін
түйіндемеңізді
«Түйіндемені
жіберу»
батырмасын
басу
арқылы
жұмыс берушіге жібере аласыз. Жұмыс
беруші түйіндемеңізді бірден алады.
Сіздің түйіндемеңізді жұмыс беруші
таңдап алған-алмағанын қалай білуге
болады?
Егер жұмыс беруші сіздің түйіндемеңізге
қызығушылық танытса, ол сұхбаттасуға
шақыру жібереді.
Жұмыс
берушілерден
барлық
шақыруларды «Жеке кабинетіңізден»
көресіз. Сіз шақыруды қабыл алуыңызға
немесе
қабылдамауыңызға
болады.
Жұмыс
беруші
қандай
шешім
қабылдағаныңызды бірден көреді.
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
түйіндемені
құрастыру
жəне
орналастыру
бойынша
көмекті
қайдан алуға болады?
Жұмыспен
қамту
орталығының
кеңесшілеріне
барыңыз,
олар
сізге
қажет ақпаратты береді жəне, қажет
болған жағдайда, сізге ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА түйіндеме
жасауға жəне орналастыруға көмек
көрсетеді.
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
қандай ҚОСЫМША ҚЫЗМЕТТЕР алуға
болады?
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
кəсіптік бағдарлау бойынша тестілеуден
өтуге болады.
Тестілеу нəтижелері сізге қандай кəсіпте
өзіңізді
көрсету
жеңіл
болатынын
анықтап, жəне одан əрі мансап жолында
саналы таңдау жасауға көмектеседі.
ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫ
туралы қосымша ақпарат қайдан
алуға болады?
ЭЛЕКТРОНДЫ
ЕҢБЕК
БИРЖАСЫ
туралы қосымша ақпарат алу үшін:
-
Жұмыспен
қамту
орталығының
кеңесшілеріне өтініш бере аласыз;
- ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
(www.enbek.kz) «Көмек» бөлімін қолдана
аласыз.
ЭЛЕКТРОНДЫ ЕҢБЕК БИРЖАСЫНДА
жұмыс іздеу
– бұл ыңғайлы, жылдам жəне тегін!
Достарыңызбен бөлісу: |