52
материалының сәйкес келмеуімен шарттасады. Экрандарды дайындау үшін не
жіңішке темір (шойын, алюминий) парақ, не темір торлар қолданылады, себебі
темір жақсы өткізгіш бола отырып, экрандау кезінде пайдаланылатын екі
көріністі іске асырады.
Электромагниттік өріс жағдайында жұмыс істейтін, адамдарда кәсіби
ауруды алдын-алу үшін алдын-ала (жұмысқа түсетіндер үшін) және кезеңдіе
(жылына бір рет) медициналық бақылау жүргізіледі және бірқатар адам
ағзасының электромагниттік өріс әсеріне тұрақтылығын күшейту іс-шаралары
жүргізіледі.
Медициналық бақылау мұндай жағдайда электромагниттік өріс сәулелену
жағдайында жұмыс істеуге болмайтын, ағзадағы потологиялық өзгерістері бар
адамдарды байқауға немесе емдеу қажеттігін анықтауға мүмкіндік береді.
Электромагниттік өріс адам ағзасының резистенттілігінің жоғарылауына
ықпал ететін, іс-шараларға дене жаттығулары, еңбек және дем алу уақытын
дұрыстау, сонымен бірге бірқатар дәрі-дәрмектер мен кешенді дәрумендер
пайдалануды жатқызуға болады.
Электромагниттік өрісінің жасанды көздері табиғи көздеріне қарағанда
интенсивтілігі жоғары өрістерді тудырады. Осыған байланысты оператордың
компьютерде үзіліссіз отырып жұмыс істеуі екі сағаттан аспау керек.
Компьютер мониторында толық қорғаныс класының қорғаныш экрандарын
орнату арқылы электрондық түтікшенің жарқындалуын төмендету арқылы
символарының оқылуын арттыруға болады.
Оператордың электромагниттік сәулеленуден қорғаныс шаралары
төменде келтірілген:
электрон сәулелену түтікшесі негізіндегі мониторларына қарағанда
сәулеленуі төмен болатын сұйықкристалды мониторды мүмкіндігінше орнату
қажет;
мониторды сатып алу кезінде сертификатының бар болуына назар аудару
керек;
компьютердің
жүйелі
блогы
мен
мониторы
тұтынушысынан
мүмкіндігінше қашық орналастырылуы тиіс;
компьютер ұзақ қолданылмаса оны қосылу күйінде қалдыруға болмайды;
компьютер мониторының бүйір жағынан келіп түсетін электромагниттік
сәулелену жоғары болғандықтан оны жұту қабілеті жоғары қабырғаға қаратып,
бөлменің бұрышына орналастыруға тырысу керек;
компьютердің қорғаныс экраны бар болатын болса, ол жерге тұйықталу
керек.
Радиациялық сәулелену – электронды сәулелену экрандары алдында
отыратын операторлары үшін ең зиянды әсер болып табылады. Монитордың
сәулелену деңгейі табиғи фон деңгейіне жақын болған сайын, соғұрлым ол
тұтынушыға зиянсыз болып келеді. ТСО-99 радиациялық қауіпсіздік ережелері
бойынша сағатына радиациялық сәулелену мөлшері 5000 нанорентгеннен аспау
керек.
Электр потенциалы электронды сәулелену экрандарының катоды мен
53
қоршаған орта арасында экран бетінде пайда болады. Берілген электр
потенциалының рұқсат етілген шамасы 0,5 Вольттан аспау керек.
Байланыс орындарындағы электромагниттік сәулелену көздерінің
алтыншы тобы электромагниттік сәулеленудің деңгейі бойынша бірінші
орында тұрса да қызметкердің жұмыс орнындағы электромагниттік сәулелену
қауіпсіздігін бағалаған кезде аса қауіпті болмайтыны туралы айтуға болады.
Дегенмен, электромагниттік сәулелену көздерінің әсер ету деңгейінің
жоғарлығы бойынша бесінші топтың электромагниттік өрісінің көздері жатады.
Осыған байланысты Поволжье мемлекеттік телекоммуникациялар мен
информатика академиясының электромагниттік өрісінің әсерін зерттеу
зертханасында берілген бағыт, яғни компьютердің адам денсаулығына әсерін
бағалау басты зерттеу мәселелерінің бірі болып қойылды.
Электронды есептеуіш машинасының толқындық өрістерінің құрылымы
күрделі және кездейсоқ кеңістіктік-уақыттық сипаттамаға ие. Жиіліктің әр
түрлі аралығында және уақыттың әр түрлі периодында электромагниттік
өрісінің сәулелендіру көздері ретінде электронды есептеуіш машинасының әр
түрлі элементтері болып табылады: олардың электромагниттік өрістері
қоршаған ортаның кез келген нүктесінде өзгеріп, біресе пайда болып, біресе
жоғалып кетуі мүмкін. Бірақ электромагниттік сәулеленудің әсер ету қаупінің
жоғарлығымен сипатталатын 50 Гц-400 кГц жиілік аралығында
электромагниттік өрісінің құрылымы, ең біріншіден, локальды (берілген өріс
көрсеткіштерінің шамасы видеотерминалдан орналасу қашықтығының үшінші
дәрежесіне тура пропорционал тәуелділікте азаяды), ал, екіншіден,
компьютердің барлық жұмыс істеу режимінде стабильды, яғни тұрақты
(берілген электромагниттік өріс үзіліссіз түрде жұмыс істейтін кадрлық және
жол бойынша кескін жаймасы кезінде пайда болады) болып келеді.
Видеотерминалдан жақын жерде электростатикалық өріс пайда болады
(дисплей экранында беттік электростатикалық потенциалдың пайда болуы).
Электронды есептеуіш машинаның жеке блоктары 5-50 Гц жиілік аралығында
электромагниттік сәулеленуді туғызады.
Сонымен қатар, видеотерминалының экраны рентген сәулеленуінің көзі
болып табылатыны есептелінген. Осыған байланысты компьютерлік жұмыс
орындарын
аттестаттау
мен
паспорттау
мақсатында
жүргізілетін
«Видеодисплейлі терминалдар, дербес электронды есептеуіш машиналар мен
жұмыс ұйымдастырылуына қойылатын гигиеналық талаптар» нормативті
құжатына сай арнайы сараптамалық жұмыстар жүргізіледі.
Тәжірибе жүзінде электромагниттік өрісінің жалпы әсер ету фонының
деңгейі (өндірістік жиілігі 50 Гц болатын электромагниттік өрісіне байланысты)
табиғи фонының деңгейі мен шекті рұқсат етілген көрсеткіштерінен де асып
кетеді. Осыған орай электромагниттік өрісін тудыратын жұмыс орындарының
сараптамасын өткізуге болатын жалпы фонының шекті рұқсат етілген
көрсеткіштерінің шамалары бекітілген: