42
келуі дұрыс болады. Температура Δt ауытқуы бөлменің биіктігіне , оған
берілетін ауаның тәсіліне және таралуына байланысты таңдалады. Егер
бөлмеге берілетін ауа температурасы бөлме ішіндегі ауадан төмен болса,
онда Δt температуралардың үлкен айырымында желдеткіштен суық ауа
соққаны білінеді. Сондықтан тәжірибеде қоғамдық мекемелер үшін Δt
температураларының айырымы шектеледі. Егер желдеткіш жолдары еденнен
3м биіктікте болса, онда Δt= 2ºС, егер 3м жоғары болса, онда температура
айырымы есебі 1-1,5ºС болады. Ауаны жұмыс зонасына беруде өндірістік
бөлмелер үшін Δt- 3ºС шегінде қабылданады, ал ауаны төбесі биік бөлмеде 4м
жоғары ауа беруде сәйкесті Δt температурасы арттылуы мүмкін. Егер бөлмеде
жергілікті сорғылар болса, онда ауа алмасу есебінде шығарылатын ауа санын
ескереді. Егер қоршаулардың ішкі беттерінде ауа шықтануы мүмкін
болатындықтан , алынған ауа параметрлері жол бергісіз болса, онда оларды
келетін ауа көлемін арттыру жолымен, оның басқа параметрлерін алумен
немесе бөлменің жоғарғы зонасын жылыту жүйесін жобалаумен өзгертуге
болады.Өндірістік шаңмен күресу үшін ауаны жергілікті сорғылармен
ұйымдастыру тиімдірек болады.Бұл жағдайда қажетті ауа алмасу біруақытта
жұмыс істейтін барлық сорғылардан шығарылатын ауа санымен және сырттан
келетін таза ауамен есептеледі. Осылайша есептелген ауаның жеткіліктігі осы
бөлмеде бөлінетін басқа зияндыларды, мысалы, зиянды бу, газ жұтылуымен
тексерілуі қажет. Өндірістік бөлмелерде технологиялық процеске байланысты
барлық бөлме бойынша өндірістік шаң бөлінеді және оның көлемі елеусіз
болады. Бұл жағдайда ауа алмасу ең аз нормалық еселікпен алынады. Барлық
өндірістік зияндылықтарды - жылу бөлулерді, ылғал бөлулерді, өндірістік
шаңды және т.б.басу үшін үлкен ауа алмасу есебі бойынша бөлме үшін
қажетті ауа алмасу есебін жасау керек. Осы әдіспен санитарлық нормалар
белгіленбеген өнеркәсіптік бөлмелер, ауа алмасу еселікті бөлмелер үшін ауа
алмасуды анықтайды.
4.3 Кеңсе бөлмелерін желдету процесі
Желдету (лат.Ventilati - желдету) тұрғынжай, қоғамдық және өндірістік
ғимараттарды гигиеналық талаптарға сай келетін ауамен қамтамасыз ету.
Жалпы түрде желдету процесі бөлмеден ластанған ауаны шығару және оны
таза ауамен ауыстыру болып табылады.Бөлмелердегі ауа алмасу
қоршаулардың тығыз емес жерлерінен ғимараттардың ішкі және сыртқы
қысымдарының айырымына байланысты табиғи желдету нәтижесінде ауа
алмасу жүреді. Табиғи ауа алмасу екі процестен тұрады: ауаның бөлмеге өтуі,
бұл инфильтрация деп аталады, ал ауаның сыртқа шығуы , бұл эксфильтрация
деп аталады. Табиғи ауа алмасу әдетте көлемі бойынша үлкен емес және
кездейсоқ факторларға байланысты (ішкі және сыртқы температура айырымы,
жел
бағыты).
Сондықтан
ол
ұйымдастырылмаған
деп
аталады.
43
Ұйымдастырылған ауа алмасу арнаулы желдеткішпен орындалады.
Желдеткіш жүйесіндегі ауаның жел және тарту күштерінің әсерінен орын
ауыстыруы табиғи желдету есебінде белгіленеді, бұл жағдай ашық терезе,
желкөз арқылы жүреді.Бұл орайда бөлмеге ауа ішкі және сыртқы қысым
айырымы есебінен келеді (сыртқы ауа көлемі үлкен, іштегі-аз). Ауа
қозғалысын тудырушы болып табылатын желдету жүйесі механикалық
(жасанды желдеткіш) деп аталады.Желдеткіштер былай бөлінеді: сыртқы
ауаны бөлмеге айдайтын және ішкі ауаны бөлмеден сыртқа тарататын және
айдайтын-тарататын жүйелер,бұлар бөлмеге ауаны беруді және шығаруды
ұйымдастырады. Ауаның берілу және шығарылуы орнына байланысты желдету
келесідей бөлінеді: жергілікті- ластанған ауа ластанған жерден тікелей
шығарылады және жалпы алмасу-ауаның ластанған орнына қарамай бар ауа
желдетіледі;аралас желдету – жергілікті және жалпы алмасу бірдей
қолданылады. Барлық жасанды жүйелерде ауаның қозғалысын арнаулы ауа
үрлегіш машина-желдеткіштер атқарады, олар жүйеде статикалық және
жылдамдық қысымын жасайды. Желдеткіштер айналу бағытына қарай оң
айналу (желдеткіш доңғалағы жетегі жағынан қарағанда сағат тілі бағытында
айналады) немесе сол айналу (сағат тіліне қарсы бағытта айналады).Әрекет ету
ұстанымына орай желдеткіштер центртепкіш және осьтік болып жіктеледі.
Орталықтепкіштерге желдеткіштерде роторға қатысы бойынша ауа радиалды
ағады, ал осьтіктерде –ауа ротордың осі бойымен ағады. Осьтік желдеткіштің
бір түрі электрлі-пропеллерлік желдеткіш, бұл көбіне тұрмыста қолданылады,
үлкен кедергісіз ауаны алмастырады. Бөлмедегі ауаның сапасы жылуылғал
күйімен, газ құрамымен , иондық режімімен және ластанумен анықталады.
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда ауаның ластану көздері негізінен
адамдар , тұрмыстық аспаптар, артық жылу, шаң, тұрмыстық газдың толық
жанбаған бөліктері болып табылады.Ауаның химиялық құрамы адамдар ұзақ
уақыт бөлмеде болғанда өзгереді. Демалғанда ауада 21℅ жуық оттегі және
0,03℅ көмірқышқыл газы, ал өкпеден ауа шығарғанда оттегі 16℅ дейн азаяды,
ал көмірқышқыл газы 4,5℅ дейін артады. Соның нәтижесінде желдетілмеген
бөлмеде оттгегі азайып , көмірқышқыл біршама артады.Осымен қатар бір
уақытта антроптоксиндер (аммиак, күкірттісутегі, ұшпа майлы қышқылдар)
бөлінеді және температура мен ауа ылғалдылығы артады. Бөлменің қажетті
ауа алмасуын анықтауда әдетте бір адамның қанша көмірқышқыл газын
бөлетіні есепке алынады. Ересек адам қалыпты жағдайда 22,6л/саг, 12 жасқа
дейінгі бала -12 л/саг көмірқышқыл газын бөледі. Өнеркәсібі аз тұрғылықты
жерлерде ауадағы көмірқышқылының мөлшері 0,04℅,ал ірі қалаларда 0,05℅
құрайды.Тұрғын үйлер мен қоғамдық бөлмелердегі ауада көмірқышқыл
газының шоғырлануы 0,1℅ аспауы керек. Келетін ауа ағынының көлемі
қолданыстағы нормалар бойынша 20-40м
3
/саг шегінде болуы
керек,физиологиялық –гигиениялық зерттеулер жабық бөлмелерге жасанды
желдету арқылы берілетін ауаның бір адамға шаққандағы нормасы 80-
100м
3
/саг болу керектігін анықтады. Сонымен қатар бөлмедегі ауаның
жеткіліктілігі сырттан келтірілетін ауаның көлемімен ғана емес ауа