Бұл бітіру жұмысында тапсырмаға сәйкес мекеменің Web-сайтын құру жүзеге



жүктеу 0,88 Mb.
Pdf просмотр
бет18/26
Дата19.02.2018
өлшемі0,88 Mb.
#10095
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

60 

 

-  Сапалық  –  сайтқа  қызығушылық  (сайт  бойынша  іздеу,  жаңалықтарға 



жазылу,  комментарийлер  қалдыру)  немесе  тауарға  қызығушылық  таныту 

(тапсырыс беру бетін қарау, компания адресі мен жолы көрсетілген бетке кіру, 

прайс бетті сақтау). 

 

Стандартты  өлшеулермен  жұмыс  істегенде  төмендегілерді  есте  сақтау 



керек: 

1)  «Орташа»  сайттар  болмайды.  Сондықтан  Интернеттің  барлық 

сайттарының  динамикасын  қадағаламай,  өз  сайтыңыздың  статистикасын 

бақылау керек; 

2)  мәліметтерді  дөңгелектемеу.  Кіру  саны  өсіп,  алайда  сату  көлемі 

төмендеуі мүмкін. Айталық, сайттың 3 пайдаланушысы 100 бетті қарады делік, 

ал  97-сі  тек  бір  бетті,  яғни  орта  есеппен  әр  кіруші  4  беттен  қарады. 

Аудиторяның  3%  ғана  тауар  туралы  ақпаратқа  қызығушылық  танытып  отыр. 

Бұл  дегеніміз,  аудиторияның  активті  және  пассивті  бөлігін  жеке-жеке  зерттеу 

қажет.  Тұрақты  аудитория  санының  өсуі  сату  көлемін  көтереді,  ауытқып 

тұратын  кірушілер бөлігі  сайтқа  деген қызығушылықтың қобалмалы екендігін 

көрсетеді; 

3)  электронды  дүкен  иесі  тауар  туралы  ақпаратты  толық  ұсынып,  басқа 

өнімдермен салыстырып, байқап көруге мүмкіндік беру керек; 

4)  сайт  бойынша  өту  сілтемелерін  өзгерту  кері  септігін  тигізуі  мүмкін. 

Айталық, мәзірдің өзгеруі пайдаланушыларға қажетті ақпаратты жылдам табуға 

көмектесті. Сайттың ыңғайлығы мен құндылығы арта түсті, дегенмен, көрілетін 

беттер саны төмендеді. Яғни сайттың жұмыс істеу тиімділігін бағалауда барлық 

факторларды ескере жасауға болады. 

 

Сайтқа кіру динамикасы аудиторияны дұрыс сипаттамау да мүмкін. Іздеу 



жүйесі  арқылы  тауар  туралы  қызығушы  адам  кіруі  мүмкін,  бірақ  өтетін 

сілтемені  таппай  қордан  шығып  кетеді.  Сондықтан  тауардың  сатылуы 

жүрмейтін барлық кемшіліктерді есепке алу керек. 

 

Әрине  стандартты  өлшеулер  қажетті  сайт  тиімділігінің  көрсеткіштерін 



бермеуі  де  мүмкін.  Көбіне  индивидті  өлшеулерге  стандартты  өлшеулермен 

бірге  тәулік  уақытысы  және  маусым  сияқты  бейстандартты  критерийлер  де 

жатқызылады.  Табылған  нәтижелер,  интернетте  жүргізілетін  жарнамалық 

компанияларды  дұрыс  пайдалануға  көмектеседі.  Кірушілерді  қызықтыру  үшін 

сайт  белгілі  бір  ережелер  мен  қағидаларға  сүйене  жасалуы  міндетті.  Web-

сайттың негізгі құраушыларына келесілер жатады: 

- қосымша (қиылысушы) гиперсілтемелер; 

- сайттың негізгі кірушілерін ескере бөлімдерді құрылымдау; 

-  онлайн  тапсырыс,  сұрақ  қою  сілтемесін  әр  бетте  активті  етіп  отна-

ластыру; 

- басты ақпарат экранның жоғары жағында; 

- оқуға ыңғайлы мәтін қарпі; 

- ақпарат бөлім атауына сай болуы; 

- үлкен графикалық құраушылардың болмауы. 




61 

 

 



Google  Analytics  web-аналитика  құралы  web-сайт  трафигі  мен  түрлі 

маркетингтік  әрекеттер  тиімділігін  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Сондай-  ақ, 

сайтқа  пайдаланушылар  қалай  келетіні  және  қандай  әрекеттер  жүргізеді,  көп 

қаралатын контентті анықтау, оңтайландыру нәтижелерін көрсетеді  

 

Google Analytics ұсынған құралдарында көрсетілетін мәліметтер: 



- кірушілердің жалпы саны; 

- уникалды және қайтып келген кірушілер; 

- кіру нүктелерін  картада көрсету; 

- белгілі –бір мемлекетке тиісті деректерді көрсету; 

- браузер және операциондық жүйелер туралы мағлұматтар; 

- трафик көздері; 

- іздеу жүйелері; 

- сайт құрылымының анализі [23]. 

 

 

 



2.7 Сайттың жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуі 

 

 

Интернеттің  маңыздылығы  күннен-күнге  артып  барады.  Сондықтан, 



сайттың сапалылығы өзінің дамуынан қалмау керек. Жоғары сапалы сайттарды 

жасау  мен  қолдау  алдыңғы  жылдарға  қарағанда  маңызды  істердің  біріне 

айналуда. Сапасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайдасы көбірек түседі. 

 

7 к е с т е    - Сайттың жұмыс істеу тиімділігін төмендететін қателар 



Қате 

Түсініктеме  

Анимация 

Flash  анимацияларды  сайтқа  «Кірспе»  ретінде 

жасау,  әр  бетке  *.gif  анимацияларды  немесе 

өшіп 


–жанатын 

сөздер 


сайттың 

негізгі 


құрамынан  алаңдатады.  Ойын-сауық  сайты 

болмаса,  қосымша  эффектілерді  қолданбаған 

жөн. Егер өнім немесе қызмет Flash, Quick Time 

немесе  т.б.  мультимедиялық  технологиялар 

арқылы 

көркемдірек 



ұсынылатын 

болса, 


кірушіге  көру  типін  таңдау  мүмкіндігін  беру 

керек. 


Скролингтің көп болуы 

Экранды  бірнеше  рет  төменге  айналдырғаннан 

кейін  көз  шаршап,  түсініспейшілік  сезімі 

туындап,  сайтқа  деген  қызығушылық  жоғалады. 

Көптеген  сайттардың  көлемі соншалықты  үлкен 

болғаны,  кірушіге  нақты  бағытты  жоғалтпау 

күйін  қамтамасыз  ету  қажет.  Егер  де  бет  қос 

айналдыру  жолағын  талап  етсе,  онда  бір  беттің 

орнына  екеу  жасап,  қосымша  сілтемені  қойған 

дұрыс. 



62 

 

7 к е с т е    - Жалғасы 



Көлемді, ауыр мәтіндер мен 

блок-параграфтардың 

қосарлануы 

Мониторда  ауқымды  мәтіндерді  оқыған  қиынға 

түседі.  Сонымен  қатар,  web  қолданушылар 

шыдамсыз  болып  кетеді.  Осыған  байланысты, 

оқуға  жеңіл  болатындай  етіп  жасау  керек. 

Атауларды, 

бөлімдерді, 

кішігірім 

параграфтарды,  маркерлерді  және  нөмірлеуді 

қолдану қажет. 

Компанияның нақты 

байланысу ақпаратының 

болмауы 

Егер  сайтта  компаниямен  байланысу  тәсілі 

ретінде  тек  e-mail  адресі  ғана  көрестілсе,  бұл 

клиентке  күдік  тудыруы  мүмкін.  Потенциалды 

клиенттерге  компания  туралы  мәліметтерді 

мүмкіндігінше толық беру қажет. 

Сайт құрамының 

жаңармауы мен өзгермеуі 

Сайт  бетін  оқу  барысында,  кіруші,  мәтіннің  үш 

жыл  бұрын  жазылғанын  байқаса,  оның  қандай 

реакциясы  болатыны  анық.  Жиі  жаңартылып 

отыратын 

сайт 

құрамы, 


кірушілерді 

қызықтырады,  өз  кезегінде  ол  сатып  алу 

ынтасын арттырады. 

Сайттың ұзақ жүктелуі 

Бұл  мәселенің  осы  күнге  дейін  болуы  қызық. 

Сайтқа  сілтемені  басқаннан  соң,  оның  толық 

жүктелуін 

күттіріп 

қойса, 

кірушіде 



алаңдаушылық,  басқа  іспен  айналыса  бастайды, 

соңында  компьютерді  лақтырып  тастағысы 

келетін  ниет  пайда  болады.  Әрине,  бәрі 

шыдамсыз  болып  келе  бермейді,  дегенмен,  сол 

ақпараты бар басқа да сайттар көп болғандықтан 

күтудің қажеті қаншалықты? 

«Сізге, сізге, сізге» деудің 

орнына «Біз, біз, біз» 

Шыны керек, ешкімнің компанияның шаруасына 

еш  қызығушылық  жоқ.  Кірушіні  тек,  компания 

не  ұсына  алатындығы,  оған  қандай  қызмет 

атқара алатындығы ғана қызықтырады. Ал өзінің 

кеңселерінің,  ғимараттарының  суреттері  мен 

бөлімшелер 

арасында 

ақысыз 


турлардың 

өткізілуі ешкімнің көңіліне жаға қоймас. Екінші 

жағынан,  потенциалды  клиентке  нақты  ақпарат 

беріп,  көмектесе  алатын  сайттың  приоритеті 

жоғары болып келеді. 

Түсініксіз батырмалар мен 

сілтемелер 

Сайтта 


қолданылатын 

батырмалар 

мен 

сілтемелер  қайда  өтетінін  нақты  айтуы  керек. 



Осы  ақпаратты  кірушіге  максималды  түрде 

қарапайым етіп түсіндіруі қажет. 

 



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау