17
Егер кәсіпорынның ішкі құны негізінен анықтағандағы акцияның нарықтық (курстық)
құны акцияның ішкі құнынан күтудегідей жоғары болса, ол акцияларды сату қажет.
Кәсіпорынның ішкі құны, кәсіпорынның тарихи терең талдау процессінде және
болашақта дамуымен анықталады, көбінесе бұл оның құнының ең шынайы және нақты
(табиғи) бағасы.
Аталған құнның түрлерінен басқа, істегі кәсіпорынның құны, реттелу немесе жедел
тарату кезіндегі таратудың құны, сонымен қатар кәсіпорынның баланстық және қалпына
келтіру құны анықталуы мүмкін.
Кәсіпорынның баланстық (бухгалтерлік) құны – кәсіпорынның баланстық есебі
бойынша, оның тозып жинақталған активтерінің сомасы ретінде шегергендігімен, және де
кәсіпорынның қысқа мерзімдегі немесе ұзақ мерзімдегі сомалық міндеттерімен
анықталады.
Кәсіпорынның
балан
стық анықтау кезінде негізгі қорлары тозып шығарылған және амортизацияланған соңғы
бағамен есептелгенімен бағаланады. Сонымен қоса, активтердің кейбір түрлері есептен
шығарылуы мүмкін. Міндеттері несиелік келісім шарттарына сәйкес номиналдық құны
бойынша бағаланады.
Кәсіпорындарды қалпына келтірудің (ағымдағы) құны – бұл бағалау құнының
күніне активтердің бағалау есебімен кәсіпорынның баланстық құны; құнның бұл түрі
сарапшы - бағалаушылармен кәсіпорынның құнын алдын – ала бағалау кезінде жиі
қолданылады.
Тапсырыс берушінің шектелген шарттарымен танысуы
Бағалаудың бұл кезеңінде тапсырыс беруші оның және сарапшы-бағалаушының
мүдделерін қорғау мақсатында құрылатын кәсіпорын құнын анықтау процесіне қатысты
негізгі шектелген шарттарымен танысады. Осы шарттардың кейбіреулері өте қажет
жағдайда тапсырыс беруші мен сарапшы-бағалаушының арасында дау-дамайлық жағдайлар
болашақта болмас үшін бағалау есебінде көрсетілуі қажет.
Іс- әрекеттегі кәсіпорынның құнын бағалаудың негізгі шектелген шарттары төменде
көрсетілген:
1. Есептеуде берілген кәсіпорынның құны туралы кез-келген есептеулер іс-әрекеттегі
кәсіпорын құнына толық мүлікті комплекске қатысты. Оны кез келген бөліктерге бөлу және
оның құнын анықтауға әкеледі. Қажет жағдайда есепке кәсіпорынның бөлек бөлшектерін
бағалаудың нақты негіздері қарастырылады.
2. Кәсіпорынның бағалау есебін дайындау кезінде болашақ пайда мен
амортизациялық төлемдердің болжамдық мәліметтері және кәсіпорынның әкімшілігінен
алынған басқа мәліметтері (болжанған мәліметтерді беруге жауапты тұлғаларды көрсете
отырып) қолданылады.
3. Кәсіпорынның бағалауда қолданылатын қаржылық және техника-экономикалық
сипаттамалары кәсіпорын мүлкін дәлелдейтін және түгендейтін арнайы оның аудиторлық
тексеруден өтпеген бухгалтерлік есеп негізінде алынады.
4. Бағалау процесінде бағаланып отырған кәсіпорын меншіктің құқықтарымен
байланысты құжаттауға арнайы заңдық экспертиза жүргізілмейді.
5. Есепте көрсетілген болжамдар ағымдағы нарықтық шарттағы және сұраныс пен
ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін қысқа мерзімді факторларға және болжамды кезеңде
тұрақты экономикалық жағдайлардың сақталуына негізделеді. Бұл болжамдар өзгерістерге
ұшырауға бейім және нарықта болатын жағдайларға байланысты болып табылады.
6. Берілген бұл бағалау тек берілген есепте көрсетілетін бағалау мерзімінде және сол
берілген есепте көрсетілген мақсаттар мен функциялар үшін қолданылады.
7. Тапсырыс беруші кез келген мәліметтерді, ақпараттарды эксперт-бағалаушының
аналитикалық талдамаларын және бұл есептің басқа да материалдары тек қана бағалау
тапсырмасында көрсетілген мақсаттар мен функцияларға қатысты қолданылатынына
кепілдік береді.
18
8. Эксперт-бағалаушы мен тапсырыс беруші кәсіпорын бағалау процесінде алған
ақпараттарды, Қазақстан заңнамасында қарастырылған жағдайлардан басқа, құпия сақтауға
кепілдік береді.
9. Бұл есеп эксперт-бағалаушының бағалау стандарттарында қарастырылған
бағалаудың барлық талаптарын ескермеген (ескерген) шекті (шығаруға бейім) зерттеу
ретінде қарастырылуы қажет.
10. Кәсіпорын бағалау есебі мен қорытындысы эксперт-бағалаушының мүлікті
өткізудегі шарттарға қатысты кепілдемесіз көзқарасын білдіреді.
11. Экспер-бағалаушы мүліктің сақталуы мен қолданудаға заңнаманы бұзбауына
ешқандай кепілдеме мен міндеттемелер бермейді.
12. Тапсырыс беруші экспер-бағалаушыға бағалау үшін барлық қажетті ақпартпен
баланстық есептерді және соңғы 3 жылдағы іс-әрекеттің нәтижесі туралы есептерді, 3-ші
тұлғалармен жасалған келісім шарттың жазылуы, түгендеу ведомосттарды, басты
құжаттарды, кәсіпорын мүлігінің меншік құқығын дәлелдейтін және басқа да құжаттарды
қоса алғанда қамтамасыз етеді. Эксперт-бағалаушы кәсіпорын туралы ақпараттарды
бағалау үшін мемлекеттік басқару органдарынан алуға құқылы. Егер бағалауға қажетті
ақпараттар мен құжаттарды 3-ші тұлғалар арқылы да толық көлемде ала алмаған жағдайда
оны өзінің есебінде көрсетуі қажет. Эксперт-бағалаушы дұрыс емес мәліметтер берілген
құжаттар мен ақпараттар негізінде жасалған шешімдерге жауап бермейді.
13. Тапсырыс беруші эксперт-бағалаушыны кәсіпорынмен жеке таныстырады және
әкімшілігіне сауалнама жүргізуге мүмкіндік беруін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынды алдын ала қарау және бағалауға келісімге келу.
Бағалаудың бұл кезеңі келесі қадамдардан тұрады:
2.1. Кәсіпорынды алдын ала қарау және оның әкімшілігімен танысу;
2.2. Бастапқы ақпараттың және оның қайнар көзін анықтау;
2.3. Бағалаушы - эксперттер топтарының құрамын анықтау;
2.4. Бағалауға тапсырманы құрастыру және күнтізбелік жоспарды құру;
2.5. Бағалауға келісімді дайындау және қол қою.
Кәсіпорынды алдын ала қарау және оның әкімшілігімен танысу
Кәсіпорынды алдын ала қарауды осы кәсіпорында көп жыл жұмыс істеген, өндірісті
және оның адамдарын жақсы білетін тәжірибелі басшылардың бірімен жүргізген жақсы.
Бұл өндірістің негізгі, көмекші және қызмет көрсететіндерді қарау кезінде кәсіпорынның
алдағы алдағы тарихын, шығарылатын өнім туралы, құрал-жабдықтардың техникалық
жағдайы туралы, кәсіпорынның жұмыскерлерінің және басшыларының мамандануы
туралы, ұжымдағы психологиялық ахуал туралы, кәсіпорынның даму әлеуеті туралы
немесе т.б. көбірек білуге көмектеседі.
Танысқаннан кейін бағалаушы – экспертке бағалауды жүргізу үшін алдағы деректерді
жинауда көмектесуі мүмкін. Кәсіпорынның барлық басшыларымен телефондармен алмасу
керек. Мұның бәрі кәсіпорынның даму әлеуеті туралы ақпаратты алу үшін экспресс-
сауалнамада қатыса алады.
Бастапқы ақпараттың және оның қайнар көзін анықтау
Берілген қадамда бағалау үшін қажетті деректер түрлері мен олардың көздері
анықталады, ол: кәсіпорын қызмет ететін нарық туралы мәліметтер; ұқсас, басқа
кәсіпорындар туралы деректер; кәсіпорынның әрекет етуінің қаржылық және техникалық –
экономикалық көрсеткіштері және болашақтағы оның даму әлеуеті; кәсіпорын құнына әсер
ететін әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және экологиялық факторлар туралы
деректер. Жалпы деректерді ұсынудың ең таралған әдісі – кәсіпорын қызмет ететін нарық
секторына қатысты бөлімшелерге бөлу, өнім түрі мен оған баға, кәсіпорынның орналасуы
яғни кәсіпорын орналасқан қала, аудан туралы деректер, бағаланатын кәсіпорынның
қаржылық және техникалық – экономикалық жағдайы және т.б. жиналған деректерді ұсыну
әдісінің ерекшелігі – ақпаратты бір рет жинап және жүйелендіріп, оны ары қарай басқа
кәсіпорындарды бағалауды өткізу үшін де қолдануға болады.