2.Технологиялық бөлім
2.1 Басқару жүйесінің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етулері
2.2 Басқару және бақылаудың құрылымдық схемасы
Басқару және бақылау құрылымын адам мен технологиялық процестер мен өндірістерді автоматтандырудың құрастырылған технологиялық құралдары арасындағы байланыспен анықталады.
Сондықтан бұл арақатынастық оптималды формаларды ұйымдастыруды өңдеу және автоматтанырылған жүйелерді пайдаланудың басты бөлігі болып табылады.
Жоба жасалып жатқан автоматтандырылған жүйені жұмыс жасау үшін анықталған оперативті қызметкерлер керек, оларға; слесарь механик, слесарь КИП и А, микро ЭЕМ жөндеуші, технологиялық процестің операторы.
Оперативті қызметкерлер өнідріс технологиясын және технологиялық құралдарды жетік білуі керек [13].
Слесарь – механик, технологияны және технологиялық құралдарды білуден басқа, осы құралдардың жұмыс істеу тәртібін, оның типін және технологиялық сипаттамасын, регламенттік және әр құралдың жөндеу жұмыстарын, сонымен қатар технологиялық құралдардың ақаулары немесе олардың комбинациясы технологиялық процестің өтуіне қалай әсер етуін білуі керек.
Электрик – жөндеуші және кезекші элетрик әр электр қозғалтқыштың және орындаушы механизмнің орналасқан жерін, олардың технологиялық процестегі ролін және аталуын, типін және техникалық сипаттамасын, регламенттік және әр құралдың жөндеу жұмыстарын, басқару орнынан электр қозғалтқыштардың қосқыш аппараттаырна дейінгі кабельдердің орналасқан орнын білуі қажет.
Слесарь КИП и А – технологиялық өндірісті, олардың технологиялық параметрлерін және режимдерін, технологиялық құралдарды және олрадың жұмысын, жүйе құрамына кіретін орындаушы механизмдерді және датчиктерді, жұмыс істеу принципіне байланысты қосымша приборларды, конструкторлық безендірілуін, процесс ағымындағы ролін, тағайындалуын, типін, сипаттамасын, регламенттік, профилактикалық және жөндеу жұмыстарын, кабель жолдарының өтуін білуі қажет.
Микор ЭЕМ жөндеуші – құрылымдарды, функционалдық блоктарды, жұмыс процесі кезіндегі микро ЭЕМ мүмкіндігін, бөлек функционалдық блоктың статикалық және динамикалық сипаттамасын алуды, реттеу контурлары және бүкіл жүйені, құрылғының жұмысын, оның болктарын және барлық элементтерін, тағайындалуын, типін, сипаттамасын, регламенттік, профилактикалық және жөндеу жұмысын білуі кажет [14].
Технологиялық қондырғылардың операторы – бүкіл жүйені эксплуатация жасайды, сондықтан бүкіл жүйенің жұмыс істеу принципін, өндіру технологиясын, технологиялық құралдарды, процестің жүргізу режимін, олардың орындары берілген шектен шығып кетсе кері қайтаруды, технологиялық процесс туралы түсіп жатқан информацияны технологиялық процестің дұрыс, оптималды жүруіне қолдану керек.
Техникалық құралдар комплексі ТПАБЖ-нің ақпаратты-есептеу функциясын таратуға мүмкіндік береді:
Ақпаратты жинақтау, бастапқы өңдеу және сақтау,
Процесс параметрлері мен қондырғы күйін сигнализациялау,
Техника-экономикалық және эксплуатациялық көрсеткіштердің есебі,
Жоғарғы тұрған, жүйе және басқару деңгейлеріне ақпаратты дайындау;
Технологиялық процесс параметрлерін қондырғы күйін және есептеу нәтижесін тіркеу;
Берілген процесс параметрлерінің ауытқуларын бақылау және тіркеу;
Ақпараттың оперативті бейнеленуі және технологиялық қондырғымен технологялық процесті басқару
Жоғары тұрған және басқару жүйелерінің автоматты ақпарат алмасу процедурасын орындау
Түрлі функциялар орындалады:
процестің жеке параметрлерін реттеу;
бір тактілі логикалық басқару;
каскадты ретттеу;
көп байланысты реттеу;
процесс пен қондырғыны дискретті басқарудың программалық және логикалық операциялары;
өтпелі процесті оптималды басқару;
технологиялық объектіні оптималды басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |