Бітіруші дипломдық жобасына (жұмысына) Пікір Жоба тақырыбы: «Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері»



жүктеу 2,92 Mb.
бет5/8
Дата30.05.2018
өлшемі2,92 Mb.
#18456
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8

3.3 ІІ-ші сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеті негізінде білімді бағалау жолдары

ІІ-ші сынып бойынша қазақ тілі пәнінен танымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың білімін бағалаудың нұсқасы.

Қазақ тілі. I тоқсан. (36 сағат).

Тақырыбы: Бірінші сыныпта өткенді қайталау. Сөйлем және сөз.

Сөз бен сөйлем туралы теориялык білім толық еске түсіріп, Қайталанған соң танымдық жаттығулар көмегімен білім бағаланады.

1. Біріккен диалогты іс-әрекет негізінде "Мен не жасадым?" тренингісін өткізу. Яғни, шеңбер ортасына екі бала шығады. Бір оқушы: бірнеше іс-әрекеттің бірқатар үзінділерін сөзсіз, ым-ишарат арқылы көрсетеді. Ал екінші оқушы сол қимылдарды бақылап, сөйлем етіп құрастырып айтуы тиіс.

Мысалы: Мен сабақ жазып отырмын.

Сабақты жазып әбден шаршадым.

Алаңда доп тепкен қандай жақсы.

Мен тамақ ішіп отырмын.



10 - кесте. ІІ-ші сынып бойынша оқушылардың танымдық іс-әрекет негізінде білімдерін бағалаудың күнтізбелік (календарлық)жоспары


Үш негізгі бағыт

Тақырыптар

Өтілу

бойынша бағалау




мерзімі

1

2

3




I тоқсан, (36 сағат)

1 .Біріккен диалогты

1.Сөйлем және сөз




танымдық іс-әрекетті

2.Заттың атын білдіретін сөздер




бағалау.

3. Заттың қимылын білдіретін







Сөздер







4. Заттың сынын білдіретін




2.Белсенді оқыту

сөздер




әдістері арқылы

5. Заттың санын білдіретін




бағалау.

сөздер







6.Дыбыс және оның түрлері







7.У әрпінің жазылуы







8.Сөйлеу мәдениеті




3. Оқушылардың

9.Тіл және сөйлеу




оқытуға жағымды

10.Жуан және жіңішке




мотивациясын тудыра

дауыстылар

отырып бағалау.

11.И әрпінің жазылуы.







12.Дауыссыз б мен п.







13. Дауыссыз қ мен ғ.







14. Дауыссыз к мен г.







15. Дауыссыз л мен р.




II тоқсан (28 сағат)

1. Біріккен-диалогты

1.Мәтін, оның түрлері.




танымдық іс-әрекетті

2.Сұраулы сөйлем.




бағалау

3.Дауыссыз н мен ң




2.Белсенді оқыту

4.Сөйлем.




әдістері арқылы

5.Сөйлемдегі сөздің байланысы.




бағалау.

6.Лепті сөйлем.




3. Оқушылардың

7.Сөйлеу мәдениеті.




оқытуға жағымды







Мотивациясын тудыра







отырып бағалау.










III тоқсан (40 сағат)

1 -Біріккен диалогты

І.Сөз туралы түсінік




танымдық іс-әрекетті

2.3ат есім. 3 сағ




бағалау

З.Сөз таптары туралы түсінік




2.Белсеңді

4.Етістік. 4 сағ




әдістері

5. Жалқы есім мен жалпы есім




бағалау.

б.Зат есімнің жекеше және




3 .Оқушылардың

көпше түрі.




оқытуға жағымды

7.Дара, күрделі етістіктер. 5 сағ




мотивациясын тудыра

8.Сөз және оның мағынасы. 4 сағ




отырып багалау.

9.Түбір мен қосымша. 5 сағ







Ю.Жұрнақ пен жалғау. 8 сағ




IV тоқсан (32сағат)

1. Біріккен-диалогты

1.Сан есім. 6 сағ

1

танымдық іс-әрекетті

2.Шығарма.




бағалау

3.Сын есім. 8 сағ




2.Белсенді оқыту

4.Жыл бойы өткенді




әдістері арқылы

қайталау. 14 сағ




бағалау.

5.Сөйлеу мәдениеті.




3. Оқушылардың







оқытуға жағымды







мотивациясын тудыра




I і

отырып бағалау.






Бүкіл сабақта көрсеткен білімді және белсенділіктері ескеріліп, білімді қорыту мақсатындағы соңғы тапсырма тренинг арқылы бағалары профессор С.М.Жақыповтың білімнің меңгерілу нәтижесінің және белсенділік бағасы шкалалары көмегімен бағаланады.

Мысалы, ең үздік баға - "Ұ" - өте тамаша білім

"4" - қанағаттанарлық білім.

"6"- жақсы білімге қойылады.

"1"- пәндік білімі жоқ.

"5"- жеткіліксіз жақсы білім.

Белсенділікке қатысты бағалар:

2 - әлсіз

4 - орташа

6 - күшті

7 - өте күшті.

Тақырып: 51 әрпінің жазылуы.

"Я" әріпінің ерекшелігі таныстырылып, түрлі оқу жаттығулары орындалып болған соң, білімді бекіту мақсатымен біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін шеңбер бойына оқушыларды отырғызып, "Кім жылдам, ұшқыр?" тренингісі өткізіледі. Яғни, балалар қолдарына қағаз алып, үшке бөліп, я әрпін сөздің басы, ортасы, аяғына келтіріп сөздер жазулары тиіс.

Кімде-кім көп сөз жазса, ол еңбегі ескеріліп бағаланады.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде жұмбақтар шешуді ұсыну. 1) Кемпірауыз - қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп?

(Я).


2)Аязда бар, Боранда жоқ Таязда бар Теренде жоқ.

(Я).


3) Қоянда бар Түйеде жоқ Шаянда бар Биеде жоқ.

(Я).


Өтірік өлең оқып беру:

Ямайкада алыста

Яша соғым қуырды

Январьда марста

Ягуар ши суырды.

Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілікті ояту әрі арттыру мақсатында тәрбие сағатын өткізу.

Тақырыбы: "Қазақ тіліндегі буын".

Оқушылармен бірге қазақ тілінде сөздерді буынға қалай бөлуге болатындығын еске түсіру, яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болатындығын еске түсіру.

Енді осы буын туралы білімнің бекітілуін көздеу мақсатында Сөзді аяқта!" тренингісі өткізіледі. Ойынның мақсаты: "Зейін қойыңдар! Оқушылар басталған сөздің бір буынын естіген бойда аяқтаулары тиіс. Жүргізуші допты әр балаға бір сөздің буынын атай отырып лақтырады. Мысалы, "ша" - осы "ша" буынымен барлық бала бір-бірін қайталамай сөздер құраулары тиіс. Ойынның бойында белсенділік танытқан балалар еңбектері ерекше марапатталып, бағаланады. Тақырып: Дауыссыз "л" мен "р" Дауыссыз "л" мен "р" толық өтіліп болған соң, оны толық мақсатында түрлі танымдық жаттығулар өткізу қажет.

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру мақсатымен, "Ұқсастығын тап!" логикалық жаттығуы жүргізіледі, яғни, балалар ненің қай затқа ұқсайтындығын естеріне түсірулері қажет. Мысалы, инелік-вертолет, бұлттар - аюлар, түйелер, аттар.

Раушан гүл - қоңырау;

қолшатыр - саңырауқұлақ;

бор - ақ қант

қанқызы - самолет.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде ойын өткізу. Мысалы, балаларға сөздердегі әріптері ауысқан күйінде беріп, ретке келтіріп, дұрыс сөз құрастыруларын талап ету.

(қасық) қысақ, (тарақ) рақга, (мал) лам, (күріш) рүшкі, (алма) мала, (кереге) гекере, (қияр) яриқ, (алша) шала, молда (далмо), (піл) ліп, (білгіш) гібшіл, (орындық) дырынқо.

Тақырып: Дауыссыз "б" мен "п".

1. Біріккен-диалогты танымдық әрекет орнату үшін, осы әріптерді жақсы есте сақтау әрі жазып, оқи білу үшін, бау (жіппен) ойын өткізу. Тапсырма мынандай болып берілуі: мына бауды "б" мен "п" әріптері шығатындай етіп, орналастыр.

1. Ақ квадратта орналастырып ойнауға болады

2. Әріппен ойын өткізу (белсенді әдіс ретінде).

1) "б" мен "п" әріптері бар 5-5-тен сөздер жаз.

2) тек "п"-ға аяқталатын 5 сөз жаз.

3) "б" әрпі ортада кездесетін 5 сөз жаз.

Қазақ тіліндегі әріптерді толығымен теңгерту және пәнге деген оқушылардың ынтасын арттыру мақсатын тәрбиелік сағат ретінде "Алфавит әріптері" ойынын өткізу. Балалар шеңбер жасай түрады да, жүргізуші барлық балаларға әріпті бөліп беруі тиіс.

Кейін, жүргізуші кез-келген әріпті атағанда (з, қ, ә, м, с т.б.) сол бала қолымен бір шапаттап, кейін сол әріпті сөздің басында, ортасында, аяғында келтіріп үш сөз айтуы тиіс.

Ойын екі рет, яғни бүкіл алфавит әріптерін қамти отырып, жүргізіледі.

Тақырып: "Лепті сөйлем"

1. Осы тақырып жөнінде білімді бекіту мақсатында біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін сынып оқушыларымен ойын жүргізіледі. Яғни, оларға түрлі адам эмоциясын білдіретін (таң қалу, қуану, қызығу, қайғыру, жек көру, қорқу, ұялу кінә секілді қалыптарды сөзбен келтіру қажет болады.

Оқушыларға қойылар талап: міндетті түрде әр кейіпті ө нормасына лайықтап, дауысты көтеріп айту және жазылуда леп белгі қойылатындығын ескерте кету артық болмайды.

2. Белсенді оқыту әдісі ретінде тақтада "Қатесін тап!" ойынын жүргізу. Яғни тақтаға бірнеше сөйлемдер жазу: "Сен сабаққа дайындалдың ба!"

Сенің досың кім!

Бүгін жаңбыр жауып тұр!

Ертең күн ашық болады!

Саябаққа барасың ба!

Осы сөйлемдердегі қателерді табу қажет.

Тақырып: Жұрнақ пен жалғау.

Жұрнақ пен жалғау туралы білім берілген соң, біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет ұйымдастыру мақсатымен әрі сабақтағы берілгер білімді бекіту үшін, сыныптағы оқушыларды екі топқа ("жұрнақ" "жалғау" топтары) бөлеміз.

Әр топ оқушылары өздерінің тобының аттарының мәнін түсіндіру керек, мысалдар келтірулері қажет.



түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын жалғау жұрнақтан соң жалғанады.

Мысалы: оқу-лық-та

Жыр-шы-лар

Күріш-ші-ге

Жұрнақ сөз мағынасын өзгертетін, ал жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша болып табылады.

Тақырып: Зат есім. Етістік.

1. Біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет орнату үшін, осы екі тақырыптан алған білімдерін тексеру мақсатында "Көлеңке" тренингісі өткізіледі. Яғни, шеңбер ортасына бір бала "жолаушы, екінші бала оның "көлеңкесі" болып шығады. Жолаушының артынан 2-3 қадам кейінірек оның көлеңкесі жүріп отырады. Соңғысы, яғни көлеңке жолаушының бүкіл қимылдарын (гүл теру, отыру, аяғын бүгу тб.) айна-қатесіз қайталауы қажет.

Қалған балалар не қимылдар екенін жазып отырады да, зат есім, етістіктерді сызып белгілейді.

2. Белсенді оқу әдісі ретінде "Сурет жұмбақтар" ойыны өткізіледі. Яғни балаларға түрлі заттар бейнеленген суреттер таратылады (алма, гүл, саңырауқұлақ, бала, құс, шөп т.б.).

Олардың негізгі міндеті: осы зат есімді білдіретін сөздерге етістікті дұрыс тауып, сөз тіркестерін жасау.

Мысалы: шөп өсті, доп ұшады, алма теремін, саңырауқұлақ жұлу.

Қазақ тілі пәніне деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатының тәрбие сағаты ретіңде "Зат есімнің жекеше және көпше түрі тақырыбын меңгерту үшін "Кім дегеніміз кім", "Не дегеніміз не? ойынын өткізу.

Балалармен бірге зат есім туралы ережелерді еске түсіру және мысалдар келтіру. Және кейбір сөздерді белгілі бір нақгы белгі сипаттарына қарай топтарға, кластарға жинақтап, бөлуге болатындығын еске түсіру.

Балалардьщ қандай топтарды (жабайы және үй жануарлары. кемістер, көкөністер, ағаштар т.б.) білетіндігін анықтау.

Оқушылар барлығы шеңбер жасай тұрады. Ойынды жүргізуші ортаға шығып, ойын шартын түсіндіреді. Яғни, жүргізуші кез-келген балаға допты лақтырады. Ол бала ағаштар тобына жататын немесе ойыншықтар тобына кіретін заттарды, жануарларды допты кері лақтыра отырып атауы тиіс. Кім көп сөз атаса сол баланың жауабы жоғары, ал түк атамаған бала жауабы төмен бағалармен бағаланады.

Алдыңғы сабақтың рефлексиясы: өткен қазақ тілі сабағында нендей тақырып өткендігін еске түсіру "Етістік" тақырыбы. Келесі тәрбиелік сағатының тақырыбы - "Дара және күрделі етістіктер". Бұл тақырыпты бекіту үшін алдымен етістіктің өзін еске түсіру. Етістіктің дара, күрделі болып бөлінетіндігін айта кету, мысалдар келтіру. Балалардың өздері мысалдар келтіргені жөн. Енді осы дара, күрделі етістіктер түрлерін меңгеру мақсатында "Суретті жұмбақтар" ойыны өткізіледі.

Ойын мақсаты: балалардың ойлауының, тілінің, қимылдарының ептілігінің қалыптасуы.

Мұғалім столында үлкен қорапта көптеген кішкентай түрлі жайттар бейнеленген суреттер жатады. Балалар кезекпен шығып, тақта алдында сол алған суреттерін қимылмен көрсетеді. Қалған балалар Ошыдды, затты атаулары тиіс. Дұрыс атаған бала тақтаға ойынды жүргізуші ретінде шығады. Аса белсенділік танытқан балалар еңбегі ескеріліп, мадақталып бағаланады.

Келесі календарлық жоспар бойынша өтілетін сабақ тақырыбы Сын есім. Оған сабақ ретінде 8 сағат берілген. Сол сағаттардан кейін сын есім туралы білімді бекіту мақсатында қосымша тәрбиелік өткізіледі.

Тренинг "Сиядағы". Аддын-ала балаларға таратылатын таза сурет қағаздары, бояу (гуашь) дайындалады.

Балалардың қолдарына қылқалам беріледі де, өздері ұнатқан бояуларына матырып, дақты қағаз бетіне түсіріп, ол қағазды екінші қағаз бетіне түсетіндей етіп бүктеулері тиіс болады.

Нұсқау: егер кейбір балалар салған дақтарының не нәрсеге ұқсайтындығын айтуға қиналса, топтық талқыға салуға болады.

Міндетті түрде дақтың не нәрсеге ұқсайтындығын, түсін атап отырып, яғни зат есім мен сын есім сөздерін дұрыс сөз тіркесі етіп тұруды талап ету қажет.

Мысалы: көк-ала бұлт; қызыл көбелек; қара күшік; түрлі-түсті гүлдер; қызыл жауқазын; қоңыр түйе; қызыл помидор; сары бақ-бақ т.б.

Сын есімі өте күрделі тақырып болғандықтан тағы да осындай білімді бекіту жаттығуы ретінде "түстер" ойыны өткізіледі.

Ол үшін жүргізуші ортаға шығып, барлық оқушыларға кезекпен түстерді атап (қызыл, сары, көк, жасыл, ақ, қара, қоңыр т.б.), әр түске бес түрлі затты атаулары тиіс. Өр түске, бес зат атауын 1 минут ішінде айтуы қажет. Бес затты қайталап айтуға болмайды. Дұрыс атап, белсенді болған балалар еңбегі түрліше дәрежеде бағаланады. Келесі қазақ тілінен жоспар бойынша өтілетін тақырып: "Сын есім" (6 сағат).

Сабақтың соңына таман, белгілі бір уақыт ішіңде "Рет бойынша қатарға тұр!". ойыны жүргізіледі. Оқушылар ойыңды жүргізушінің бұйрығы бойынша келесі ретпен қатарға тұрулары тиіс:

- бойлары бойынша;

- аттарының алфавиттегі реті бойынша;

- фамилияларының реті бойынша;

- шаштарының түсі бойынша;

балаларды осылай бір-бір рет жүргізуші тұрғызады да, есте сақтауларын сұрайды. Әр түрлі сипат жөнінен нешінші екендіктерін әр қайсысы біліп, есте сақтаулары тиіс.

Кейін балалар отырады да, жүргізуші бұйрығымен әр түрлі сипат жөнінен қатарға тұрады.

Келесі календарь жоспары бойынша сабақ тақырыбы "Сөйлеу мәдениеті". Балалармен мәдени орындарда, көлікте т.б. телефонмен қалай дұрыс сөйлесуге болатындығын үйретіп, олардың қаншалықты сөйлей алатындығын тексеру мақсатында тәрбиелік-сауықтық кеш жеткізуге болады.

Тақырыбы: "Мен қандаймын?" тренинг сабағы.

Мақсаты: оқушылардың мәдени - сауатты сөйлей білу шеберліктерін шыңдау, жағымды мінез сипаттарын тәрбиелеу; ұлттық ана тілінде оқушыларды еркін, анық сөйлеуге тәрбиелеу, олардың пәнге деген, жалпы оқуға деген ынта-ниеттерін түрлі танымдық психологиялық жаттығулар арқылы жетілдіру. Сабақ ерекше дәстүрлі емес амандасулардан басталады.

1. Оқушыларға өз бойларыңдағы кемістіктерді байқау, түзет мақсатында анкеталық сұрақ беру, яғни бойларындағы жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазу.

2. ІІ-ші сынып оқушысына тән қадір-қасиеттерді әр оқушы өзін тұрғыда ретке келтіру тапсырмасы. Ол қадір-қасиеттер:

1. ақша көп болу

2. денсаулық

3. батырлық

4. білімділік

5. көпшілдік

6. Мәдениеттілік, сыпайылық

7. Адалдық

8. Еңбекқорлық

9. Мақтаншақтық

10. Өркөкірек, тәкаппарлық

3. Телефонменен рөлдік ойын.

Оқушылар екі оқушыны және мамасының рөлдерін бөліп алады.

Ал, қалған тыңдаушы оқушылар екі топқа бөлініп ойнаған балалардың қайсысының сөйлесу мәнерлерінің дүрьтс, қайсысыныр бұрыс екендігін анықтайды.

4. Соңғы тренинг "Ашығын айтқанда". Барлық оқушылар бір-бір қағазға келесі сауалдарға жауап береді:

1. Осы сабақга мен келесі жайларды білдім..........

2. Осы сабақга ең пайдалысы маған.......................

3. Сабақта жіберген қателерім, мыналар...............

4. Маған ұнамағаны.................................................

5. Ең қатты ұнағаны, кім қалай сабақта жұмыс жасады?

6. Келесі сабақтарда мен басқаша жасар едім.............

Сабақта үлкен білімділік, асқан белсенділік танытқан оқушылар мадақталып, бағаланады.

Ал, жыл бойы өткенді қайталау кезінде осы жылда жүргізілген бүкіл жаттығуларды оқушылармен бірге еске түсіріп, есінде қатты қалғандарын қайталап өткізуге болады.

Осындай түрлі танымдық психологиялық жаттығулар көмегімен оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін шындап, бекітуге болады. Және осындай тәрбиелік мәні зор психологиялық танымдық ойындар, жаттығулар, тренингтер сөзсіз олардың бойында білімге, ана тіліне деген құштарлықты, пәнге деген қызығушылықгарын оятып, жетілдіре түсері сөзсіз.


жүктеу 2,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау