БірыңҒай экономикалық кеңістіктегі қазақстан шағын және орта бизнесінің БӘсекелік қабілеттілігі



жүктеу 50,69 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі50,69 Kb.
#12897

БІРЫҢҒАЙ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚСТАН ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСІНІҢ БӘСЕКЕЛІК ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
Сейдахметова З.К., Усбанова Г.Ш., Хамзина А.С.

(М.Козыбаев атындағы СҚМУ)

Шағын кәсіпкерлік өркениетті нарықтық экономикалы елдің қозғаушы күші болып табылады. Дамыған елдерде кәсіпкерлік әлдеқашан қоғамдық прогресті өзінің үлесімен анықтайтын жетекші орынды және рөлді алып қойған. Кәсіпкерліктің дамуы экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге, тұрғындардың жұмысбастылық мәселелеріне және жұмыссыздықты азайтуға ықпал етеді. Еліміздегі экономикалық дағдарыс пен өндірістің құлдырауын тоқтатудың бір жолы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту болып табылады. Себебі Қазақстанның экономикасының терең дағдарысы жағдайында болуының себептерінің бірі – жоспарлы әкімшіл жүйе кезінде республиканың дамуында шикізат өндіруге ыңғайлы ірі кәсіпорындар саны басым болып, ел экономикасы түрлі кәсіпкерлік аядан алшақтап, шағын және орта кәсіпкерлік артта қалғаны белгілі. Осыдан, Қазақстанда кәсіпкерлікті әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытудың терең әлеуметтік-экономикалық тамырлары мен ерекшеліктері бар. Қазір нарықтық экономика талабына сай меншіктің алуан түріне негізделген шартты жүргізудің нысандарын қалыптастыру жүйесінде мемлекеттік деңгейде шұғыл шаралар арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау кезегін күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында да шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының белсенділік мәселелері маңызды орын алып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік-саяси тұрақтылықтың және елдің экономикалық өсуінің маңызды факторы болып табылады және көптеген мемлекеттің экономикалық негізін құрайды, оның үлесі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) елеулі бөлігін құрайды және онда жұмыспен қамтылған жұмысшы саны аз емес.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау экономиканың мүддесінде оның ары қарай дамуына әсерін тигізеді. Кәсіпкерлік өз кезегінде барлық қазақстандық қоғамның игілігі үшін үлкен әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді шешеді.

Кәсіпкерлік өзінің тиімділігі мен икемділігінің арқасында бәсекелі ортада экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Соңғы он жылда көптеген мемлекеттер кәсіпкерлікті орталықтандырылған қолдаудың жеке объектісі ретінде сыртқы экономикалық қызметті анықтады. Көптеген өнеркәсібі дамыған елдердің кәсіпкерлігі нарықта өздерін жақсы көрсетті.

Кәсіпкерлік жер, еңбек, капитал сияқты факторлардың қызмет етуін қамтамасыз ететін қозғаушы күш болып саналады. Сондықтан соңғы кездері кәсіпкерлік өндірістің негізгі факторларының қатарына қосылды.

Кәсіпкерлік көп жақты және күрделі экономикалық құбылыс. Дамыған кәсіпкерлік елдің экономикалық тұрақтылығының қуатты факторы болып отыр.

Қазақстанның нарыққа өтуінің алғашқы қадамымен бірге кәсіпкерліктің дамуы мемлекеттің экономикалық саясатының маңызды бағыттырының біріне айналды. Кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту саласында маңызды әлеуетке иелік етуде.

Дамыған елдерде кәсіпкерлік мемлекеттің де, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың да тарапынан қолдау табуда. Оның нәтижесі арқылы елдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешіледі. Қазақстанда кәсіпкерлік 90-жылдардың бас кезінде дами бастады.

Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына көп көңіл бөлінуде. Мемлекеттік саясатқа сәйкес белгілі бір жұмыстар жүргізілуде, яғни тиісті заңнамалық базалар құрылуда.

Кәсіпкерліктің дамуын жеделдететін және бюджетпен қарым-қатынасын реттейтін негізгі фактор – салық салу жүйесін максималды жеңілдету. Шағын кәсіпкерліктің әрбір субъектілері ресми салықтар мен алымдардың орта есеппен 6-8 түрін төлейді және де олардың әрбірі бойынша есептеудің өзіндік әдісі, салық салу базасы, төлем мерзімі мен тәртібі, есеп берудің түрі мен реквизиті болады.

Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің дамуын тежейтін негізгі мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

- шағын кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы;

- жергілікті деңгейде күші бар заңдардың орындалуы тәртібінің әлсіздігі;

- салық салу мен салықтық тексерістер жүйесінің төтенше күрделілігі;

- негізгі және айналым құралдарын игеру мен толықтыру үшін несие алудың шектеулілігі;

- коммуналдың меншігіндегі іске қосылмаған өндірістік тұрғын үйлерге иелік ету процедурасының күрделілігі;

- шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдау және кадрларды дайындаудың жалпы мақсатты жүйесінің болмауы;

- шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік құрылымдармен өзара байланысының ұйымдастырылу мәселелері;

- шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы әкімшілік кедергілері.

Мемлекеттің стратегиялық мақсаттары тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың жаңа кезеңіне өту қажет. Кәсіпкерлік мәселелерінде мемлекеттік саясатты, өндірістік қызметті қолдауға, қазақстандық шағын экономиканың жаңа бәсекеге қабілетті мүмкіндіктерін іздестіруге қайта бағдарлау қажет. Жаңа кезеңде өндірістік шағын кәсіпкерлік субъектілерінің кооперациясын өзара да, неғұрлым ірі кәсіпорындар арасында да белсенді түрде қолдау, сондай-ақ салалық және салааралық негізде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерін құруды көтермелеу талап етіледі.

Ірі кәсіпкерлік үшін тығыз ынтымақтастық пен әріптестік те өзекті мәселе. Соңғы он жылдықта экономикалық дамудың инновациялық сипаты дамыған елдерде өнеркәсіптік фирмалар, банктер, ақпараттық және зерттеу орталықтары бірлестіктерін қалыптастыруды ынталандырады. Біздің ірі кәсіпорындарымыз өзара кооперация мен әріптестік – шаруашылық желілерін қалпына келтіру және өзара төлемдер мәселелерін жеңілдету үшін қажетті жол. Қаржы институттары мен өнеркәсіптік фирмалар арасындағы тікелей байланыстарды қалпына келтіру өмірлік маңызды мәнге ие болуда.

Қоғамның барлық сындарлы күштерін жандандыру және біріктіру – экономиканы өркендетуге, ең соңғы технологиялар негізінде өндірісті құрылымдық қайта құруға, Қазақстанды әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы әріптесі ретінде сақтауға апарар жол.

Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған күрделі мәселелердің бірі көптеген субъектілердің өзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз ету үшін жеткілікті қаржы ресурстарының жоқтығы болып отыр.

Шағын кәсіпкерлік үшін инженер-техника және жұмысшы мамандықтар саласындағы білікті кадрлардың үлкен тапшылығы байқалады.

Кәсіпкерлік арқылы қосымша жұмыс орындары ашылады, әлеуметтік мәселелер шешіледі, жұмыссыздықты төмендетуге болады. Ал осындай шаралардың жүзеге асырылуын басқа елдердің тәжірибесінен байқауға болады. Барлық дамыған елдерде кәсіпкерлікті несиелеу белгілі бір ағымға қойылған.

Кәсіпкерлік қызметті кең дамытпайынша еңбек нарығының қалыптасуы және халықтың жұмыспен оңтайлы қамтылуын шешу мүмкін емес. Тек кәсіпкерлік қана өндірісті жан-жақты интенсивтендіруді және экономикалық жүйеге қажетті динамизмді қамтамасыз етуді іске қосушы тетік болып табылады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырудың түрлі формаларында ықпалды салық, несиелік жеңілдіктер жүйесінен, жаңа бастаушы кәсіпкерлерді оқыту, олардың біліктілігін көтеру, қажетті ақпараттық қызметтер ұсыну жүйесінен тұратын кәсіпкерлікті қолдау саясаты неғұрлым маңызды саналады.




Әдебиет:

  1. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы.» — Алматы, 2005. 25-31 бет.

  2. Назарбаев Н. Ә. «Елдегі жағдай, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Жаңа ғасырда қоғамды демократияландыру, экономикалық және саяси реформа. ҚР Президентінің қазақстан халқына жолдауы.» — Алматы, 1998. 17-28 бет.

  3. www.zhastar.biz/index

  4. www.stat.kz

  5. www.damu.kz

жүктеу 50,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау